2.Қазақстанның негізгіөсімдік бірлестігі Қазіргі кезде өсімдік жамылғысын фратрияларға – ірі комплексті, бірақ фитоценогенетикалық туыстас өсімдік формацияларына бөледі.Осыған байланысты Қазақстанда тоғыз фратрия кездеседі .
- бореальді- орал- сібірлік ( жазық жерлердің қылқан жапырақты ормандары ) ;
- моральды емес орта азиялық , Қазақстанда сирек фрагментті (шағынды ормандар) ;
- саванноидты Иран- Афғандық ( ксерофильді сирек ормандар немесе олардың орнына кездесетін эфемероидты далалы өсімдік);
- бұталы –далалы қазақ – алтай;
- қазақ даласы;
- тұрандық шөлейттер;
- арал- каспий құмды шөлейттер;
- бореальды- тянь- шаньдық (шалғындық орман ) ;
- алтай- памирлік биік таулар.
Қазақстанның таулы және түрлі аймақтарындағы өсімдік жамылғысында түрлі экобиоморфты өсімдіктер басым. Сондықтан өсімдік жамылғысының сырт көрінісі әр қилы және бірнеше типті өсімдік түріне бөлінеді. Олардың өздерінің таралуы әртүрлі, кейбіреуі басым, кейбіреуі сирек кездесетін.
Сондықтан төмендегідей өсімдік типтері ажыратылады:
1.Тақыр жерлердің балдырлары ( Phragmidiosa)
2.Тұзды және тұщы су қоймаларының харалы балдырлары (Charosa )
3.Тасты жерлердің қыналары ( Lichenosa )
4.Батпақты жерлердің мүктері ( Bryosa)
5.Су жайылымды шалғындықтар ( Potomoherbosa)
6.Су қоймаларының нимфалы өсімдіктері ( Nymphoherbosa)
7.Батпақ жерлер өсімдігі ( Paludoherbosa)
8.Шалғындық жерлер өсімдігі ( Pratoherbosa)
9.Далалы аймақ өсімдігі ( Steppoherbos)
10.Саванналық өсімдіктер ( Sabanoherbosa)
11. Қылқан жапырақты ормандар ( Aciculilignosa)
12. Қылқан жапырақты ксерофитті ормандар( Aciculihypodendrosa)
13.Жапырақты ормандар ( Aestilignosa)
14. Жалпақ жапырақты ксерофитті сирек ормандар ( Sabanolignosa)
15. Қылқанды слтланниктер( Pumilodendrosa)
16. Қылқан жапырақты бұта өсімдіктер ( Ephedrotruticosa)
17. Кәдімгі бұталар ( Fruticosa)
18. Саванналық бұталар( Sabanofruticosa)
19. Фриганалар ( Friganosa)
20. Жартылай бұталы ( Suffruticosa)