Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»


Өрмекші тәрізділер мен көп аяқтылар кластары



бет74/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану
69fadd66-b8cf-11e4-bd4b-f6d299da70eeІ руб бақ
Өрмекші тәрізділер мен көп аяқтылар кластары
Өрмекші тәрізділерде буын аяқтылар типінің барлық белгілері болуымен бірге төрт жұп аяқтары, екі жұп жақтары бар бас-көкірек болады. Жақтарының екінші жұбында бунақты қармалауыштары бар.
Өрмекші тәрізділерге өрмекшілер, кенелер және қыр шаяндар жатады.
Өрмекшінің денесі баскөкірек пен буылтық тапбаған шар тәрізді құрсақтан құралған. Үстіңгі жақтарының ұштары иіліп келген үшкір болады да, оларға улы бездерден у ағатын жол ашылады. Құрсағының артқы жақ ұшында өрмек сүйелдері болады, ал олардың астыңғы жағында өрмекші денесінен шығысымен қатайып, өте жіңішке құрғақ жіпке — өрмек жібіне айналатын қоймалжың сұйық зат бөліп шығарушы бездері болады. Өрмекшілер арасындағы дене тұрқы 1,5 см, шағын ғана, арқасында
крест тәрізді дағы болатын крест өрмекші ерекше назар аударады. Өрмекші әзірлеген өрмек жібінің сәулелене керілген құрғақ жіптерден және соларды спиральша орай байланыстыратын, кеппейтін жабысқақ тамшылармен қапталған жіптерден тұратындығы әркімге-ақ белгілі.
Бөлменің бұрыштары мен төбесіне сұр түсті өрмек перделерін тоқып тастайтын кішкепе қара үй өрмекшісі де өрмекшілерге жатады. Украина мен Кавказда ұзындығы 3—4 см-ге жуық, денесі ірі бүйі мекендейді. Ол өзі қазып, кірер аузына өрмек тоқып тастаған інде тіршілік етеді. Бүйі шаққанда қатты ауыртады. Орта Азиялық республикаларда ұзындығы 2 см мөлшерінде болатын қара өрмекші — қарақұрт мекендейді. Ол өте қауіпті: оның шаққанынан адамның өліп кетуі де мүмкін.
Кенелерді жиі-жиі кездестіруге болады. Жазда ит кенесі де оңай табылады, ол адам денесінде де паразиттік етеді. Бұл біздегі кенелер ішіндегі ең ірісі, алайда қан сорып, тойғанға дейінгі денесінің ұзындығы 2 миллиметрдей ғана. Денесі алмұрт пішінді төрт жұп аяқтары бар қара тақта тәрізді болады. Денесінің үшкір жағынан алға қарай ет тұмсықшасы шығып тұрады, ол жоғарғы жақтар жұбынан құралған. Бұл тақта баскөкірек болып табылады, оның астында жұмсақ құрсақ тасаланып жатады.
Жоғары жақтарының қысқаша тақталары ұшы үшкірленген екі араға ұқсайды, кене теріні сол аралар көмегімен кескілейді де, тілінген жердің жиегін аралар аралығындағы тістерімен қысып алады. Кененің теріге мықты жабысатындығы соншалық тіпті оны ажыратып алудың өзі қиын.
Әсіресе тайга кенесі өте қауіпті, ол энцефалит (мидың қабынуы) ауруын таратушы.
Қотыр түсіретін қышыма кене микроскоппен ғана көрінетін өте ұсақ болады. Ол адам терісіне, көбінесе көл саусақтарының арасына кіріп алады да, терінің мүйізді қабатынан жол салып, төзуге болмайтындай қышытады. Ауру өте жұқпалы: қол беріп амандасқанда, кішкене кенелер бір қолдан екінші қолга жорғалап өтеді.
Кенелердің басқа түрі құстарда паразиттік етеді. Жаңбырсыз күндері құстар қышымаға қарсы зая күрес жасап, жолдың шаңына көміледі.
Қыр шаяндары бір қарағанда шаяндарға көбірек ұксайды : олардың құрсағы бунақты, денесі қалың хитинмен қапталған, ең бастысы баскөкірегіндегі қыс-қыштары шаянның қысқыштарына өте ұқсас. Бірақ біз зер сала қарасақ, баскөкіректен төрт буылтық аяқтардың шығатындығын, ал қысқыштардың түрін өзгерткен жақтарының екінші жұбындағы қармалағыштар екендігін
байқаймыз.
Қыр шаяндары Кавказда, Орта Азияда кездеседі; олардың мөлшері 6—8 см, денесі құмның түсіне сай, сары болады. Қыр шаяндары өте улы, олардың уы құрсағының жіңішке жағындағы соңғы буылтығында («құйрығында») орналасқан. Бұл буылтықтың пішіні өте үшкір, ұшы біз тәрізді созылып шыққан көпіршікке ұқсайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет