Жеткіншектердің достығы. Жеткіншектің жеке басының әлеуметтік-моральдік ересектігінің жас ерекшелігінде қарым-қатынастың ерекше түрі –жақын жолдастарымен және досымен қарым-қатынас-маңызды роль атқарады.
Жыл өткен сайын олар неғұрлым қажет бола түседі. Жеткіншектер сыйлы, беделді, қайсыбір салада озық сыныптастарымен қарым-қатынас жасауға ұмтылады.
Жақын жолдастардың қарым-қатынасында әңгімелесуүлкен орын алады. Әр түрлі істе де, серуен кезінде де әңгіме үзілмейді, шындап келгенде оларды осы әңгімелесу ғана байланыстырады.
Маңызды әрі жеке адамға қатысты деп ұғынылатын мазмұнның ұлғайып, тереңдеуі ақылдасуға, қолдау мен көмек алуға болатын досқа зәрулік туғызады. Сондықтан, достық қарым-қатынастарға - өзара сыр жасырмау және түсіністік, сергектік пен сезімталдық, бірлесе талғану, сыр сақтай білу сияқты ерекше талаптар қойылады. Нағыз дос тауып, оған өзі де жалғыз досы болу-әрбір жеткіншектің арманы.
Достарыңызбен бөлісу: |