7 - сурет. Мүйізді ірі қараның (I), қойдың (II), ешкінің (III), жылқының (IV), шошқаның (V), иттің (VI) атланты ( ауыз омыртқасы)
1 - дорсалды доға; 2 - вентралды доға; 3 - атланттың қанаты; 4 - қанаттың тесігі; 41 - қанаттың ойығы; 5 - омыртқа аралық тесік; 6 - қанатаралық тесік; 7 - тіс тәрізді өсіндінің буын беті; 8 - каудалды буын шұңқыры.
8 - сурет. Мүйізді ірі қараның (I), қойдың (II), ешкінің (III), жылқының (IV), шошқаның (V), иттің (VI) білік омыртқасы – екінші мойын омыртқасы (эфистрофей)
1 – тіс тәрізді өскін; 2 – краниалды буын өскіні; 3 - қанатаралық тесік; 4 – вентралды жота қыры; 5 – көлденең өскін; 6 - каудалды буын өскіні; 7 - эфистрофейдің қыры; 8 – омырқааралық тесік.
9 - сурет. Сиырдың (I), жылқының (II), шошқаның (III), иттің (IV) ортан жілігі.
1-ортан жілік сүйегінің басы; 2- ортан жілік басының ойығы; 3- мойыны; 4- кіші ұршық; 5-үлкен ұршық; 6- ұршық шұңқыры; 7- ұршық жотасының арасы; 8- үшінші ұршық; 9-ортаңғы ұршық; 10- айдаршық үстінің ойығы (кедір-бұдырлы, дөңес); 11- тіректің бүйірлік және 11! ортаңғы айдаршығы; 12- айдаршық аралық ойық.
10 - сурет. Сиырдың (I), жылқының (II), қабырғалары.
а - бірінші қабырға; б- бесінші қабырға; 1- қабырғаның басы; 2- қабырғаның мойыны; 3- қабырғаның төмпешігі; 4- қабырғаның бұрышы; 5- қабырғаның денесі.
11 - сурет. Қоянның сүйегінің мысық сүйегінен айырмашылығы.
а - қоянның оң жақ жауырыны; б- мысықтың оң жақ жауырыны; в- қоянның оң жақ шынтақ сүйегі; г- мысықтың оң жақ шынтақ сүйегі; д- мысықтың оң жақ тоқпан жілігі; е- қоянның оң жақ тоқпан жілігі; ж- қоянның оң жақ ортан жілігІ; з- мысықтың оң жақ ортан жілігі; и- мысықтың оң жақ жіліншік сүйегі; к- қоянның оң жақ жіліншік сүйегі.
Жылқының көк бауыры үш бұрыш сияқты, ал мүйізді ірі қара көк бауыры сопақша болып келеді. Жылқы, бұғы бауырында өт қабы болмайды, ал басқа малдардың бәрінде өт болады т.б. бұл әдістер бойынша еттің қай түлікке жататындығына ең дұрыс тұжырым жасауға болады. Етті шапқан кезде неғұрлым сүйегі аз бүлінсе, соғұрлым дұрыс қорытынды жасауға болады.
Кесте 3. Әртүрлі малдардың етін сүйектері мен ағзаларының құрылымы
Көрсеткіштер
|
Жылқы
|
Сиыр
|
Ауыз
омыртқасы
|
Қанатында көлденең
тесік бар
|
Қанатында көлденең
тесік болмайды
|
Білікті толғау омыртқа (эпистрофей)
|
Тісше өсіндісі сүргі тәріздес. Қыры жақсы дамыған, артқы тұсы екіге бөлінген
|
Тісше өсіндісі жартылай цилиндр тәріздес, қыры нашар дамыған, артқы тұсы екіге бөлінбейді, көтеріңкі
|
Арқа (көкірек) омыртқалары
|
Омыртқа денесі қысқа, омыртқа қыры бітетін жерінде жуандау. Омыртқалар саны 18 (17-19). Омыртқа арасында қиық бар.
|
Омыртқа денесі ұзын, жоталық өсіндісі жұқа, жалпақ, омыртқалар
Саны 13, барлық омыртқаларының бүйірінде тесік бар.
|
Төс сүйегі
|
Екі бүйірі қысыңқы, шеміршек төс сүйегінің
вентральды беті қыр жасай орналасқан. Шеміршек қабырғасы үшін 8 буын орны бар.
|
Дорсальды вентральды жағынан қысыңқы, қыры жоқ. Төстің екі жағында 6-дан буын орны бар.
|
Жауырын
|
Жауырын қырында акромион болмайды.
|
Жауырын қыры мойнына дейін созылады. Акромион өсіндісі бар.
|
Тоқпақ жілік
|
Жоғарғы шетінде үш сүйек төмпешігі және екі төмпешік аралық сайы болады.
|
Жоғарғы шетінде екі сүйек төмпешігі және бір төмпешік аралық сайы болады.
|
Кәрі жілік және шынтақ сүйек
|
Кәрі жілікпен, шынтақ сүйекпен арада бір ғана сүйек аралық саңылау болады
|
Кәрі жілікпен шынтақ сүйек ұзындығы бірдей, екі сүйек аралық саңылау болады.
|
Қабырғалар
|
Жіңішке, жалпақтығы біркелкі. Саны 18.
|
Жалпақ, төменгі жағына қарай жалпақтана түседі. Саны 13.
|
Ортан жілік
|
Ұршық қыры болмайды, айдаршық үсті шүңқыр, терең.
|
Ортан жілік қысқалау, шұңқыры таяз.
|
Сирақ
|
Асықты жілік жеке сүйек ретінде дамыған шыбық сүйегінің басынын қалдығы ретінде сақталған.
|
Асықты жіліктен (шыбық сүйегі жетілмеген) тұрады.
|
Қуыс сүйектердің шабындысы
|
Жота өсінділері бірікпеген.
|
Жота өсінділерін бір-бірімен тұтас байланысқан, қыр құрайды.
|
Мойын
|
Жіңішке, ұзын, жоғарғы жағында май болуы мүмкін (жал).
|
Жалпақ, қысқа, жоғарғы жағында май болмайды.
|
Еттің түсі
|
қызыл-қоңыр, түсті
|
Ашық қызылдан, қою қызылға дейін
|
Майдың түсі
|
Ашық сарғыш
|
Ашық-сарыдан сарыға дейін
|
200С - тағы майдың күйі
|
Жүмсақ, саусақ арасында ериді
|
Тығыз, саусақ арасында үгіледі.
|
Бүйрегі
|
Тегіс тұтас бір бөлік
|
Бірнеше бөліктен тұрады. (16 – 18 бөліктер)
|
Өкпесі
|
Сол өкпе 2, оң өкпе 3 бөліктен тұрады.
|
Сол өкпе-3, оң өкпе 4-5
бөліктен тұрады, бөлік арасы жақсы білінеді.
|
Бауыры
|
Жақсы көрінетін 3 бөліктен тұрады, өт болмайды.
|
3 бөлікке бөлінуі нашар білінеді, өті болады
|
Көкбауыр
|
Тегіс, ұшбүрышты, иілген (орақ тәріздес)
|
Тегіс, созылған, сопақ.
|
Тілі
|
Дәнекер шеміршегі болады.
|
Арқа бетінде тіл- жастығы болады.
|
Кесте 4. Үй қояны мен мысық етінің ерекшеліктері
Көрсеткіштер
|
Үй қояны
|
Мысық
|
Арқа омыртқа
|
Қанат тесігі ауыз омыртқа қанатының астында орналасқан.
|
Қанат тесігі омыртқа қанатының үстінде орналасқан.
|
Арқа (көкірек) омыртқасы.
|
Жота өсіндісі биік.
|
Жота өсіндісі аласа.
|
Көкірек сүйегі
|
6-7 бөлікті, тұтқасы доғалданған
|
9 бөлікті, тұтқасы сүйрік болып бітеді
|
Жауырын
|
ұзындығы енінен 2 есе үлкен, өсінді екі бөлікке бөлінген.
|
Ені ұзындығынан екі есе үлкен, акриомиальды
өсінді созылған, түзу, бөлінбеген.
|
Тоқпан жілік
|
Атырауша бұдыр проксимальды жағында
жақсы білінеді.
|
Атырауша бұдыр жоқ
|
Бел омыртқалары
|
Жота өсіндісі алға қарай шығыңқы.
|
Жота өсіндісі үшкір болып бітеді.
|
Құйымшақ сүйегі
|
Ұзын, жота өсіндісі биік.
|
Қысқа, жота өсіндісі
төмен, бұрышталған.
|
Ортан жілік
|
Үлкен және кіші шығыршығы болады.
|
Тек қана үлкен шығыршық болады.
|
Шыбықты сүйек
|
Төменгі жағында бос, әрі әрі қарай асықты жілікпен қосылып жатады.
|
Ұзына бойына бос.
|
Майының еру температурасы, С0
Тері асты майы
Іш майы
|
+22,0
+25,0
+ 22,0
|
39,0
-
|
200С-тағы майдың сыну коэффициенті
|
-
|
1,4563
|
Құйымшақ сүйегі
|
ұзын, біріккен 4 омыртқадан тұрады.
|
қысқа, біріккен 3 омыртқадан тұрады.
|
Сирақ сүйегі
|
Бір сүйектен тұрады.
|
Екі сүйектен тұрады.
|
Мойын
|
Жіңішке, ұзын
|
Жуан
|
Еттің түсі
|
Ашық қызылдан қою қызылға дейін
|
қызыл, қара-қоңыр
|
Майдың түсі
|
Ақ
|
Сұрғылт, ақ
|
Майдың консистенциясы
|
Жұмсақ, саусақ арасында ериді
|
Тығыз, саусақ арасында бөлінеді
|
Кесте 5. Қой және ит еттерінің ерекшеліктері
Көрсеткіштер
|
Қой
|
Ит
|
Ауыз омыртқа
|
Қанатықалың, көлденеңтесігіболмайды
|
Қанатыжұқа, қанаттесігініңорнындаойықболады
|
Білікті толғау омыртқа
(эпистрофей)
|
тіс тәріздес, өсіндісі сүргі тәріздес
|
Тіс тәріздес, өсіндісі
цилиндр тәріздес
|
Арқа (көкірек омыртқалары)
|
Омыртқа денесі ұзын, саны 13. Біріншіден оныншыға дейінгі сабақтары артқа қарай, ал қалғандары- жоғары бағытталған.
|
Омыртқа денесі қысқа, саны –13, омыртқа кесіндісі жақсы білінеді, вентралды қыр болмайды.
|
Жауырын
|
ұшбұрышты, акромион өсіндісі бар.
|
Қыры буын ойысына дейін созылған акромион айқын білінеді.
|
Қабырғалары
|
Иіліңкіреп келеді.
|
Қабырға төмпешігі дөңес келеді.
|
Бел омыртқалары
|
Саны-6, көлденең қабырға өсіндісі, горизонталды бағытталған.
|
Саны -7 көлденең өсінділері краниевентралды бағытта жантайған.
|
Тоқпан жілік
|
Латералды төмпешігі медиальды төмпешікке қарағанда биіктеу, ішке қарай иіліп тұрады
|
Жіңішке, проксималды бөлігі иіліңкіреп тұрады, дисталды жағында дорсо-вентралды тесік бар.
|
Бақылау сұрақтары:
Әр түрлі малдың етің ажыратудың маңызы
Гликоген реакциясының нәтижесі
Майдың еру температурасын анықтау
Ішкі мүшелердің анатомиялық құрылысы бойынша мүйізді ірі қара және жылқы ұшасын ажырату
Фальсификация дегеніміз не?
Преципитация реакциясының негізі
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі :
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.517-523.
2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.1.
3. Сенченко Б. С. «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения». Ростов на Дону, 2001 г.с. 356-366.
Қосымша:
4.Макаров В. А. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства». Москва, 1991 г.с. 463.
5.Макаров В.А. «Практикум по ветсанэкспертизе» М.-1987г.с. 42-49.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ 4--5.
АУРУ ЖӘНЕ САУ МАЛДЫҢ ЕТІН АНЫҚТАУ.
Сабақтың мақсаты: еттің ауру не сау жануарлардан алынғандығын анықтау
Жұмыс жоспары:
ет үлгісін органолептикалық талдау (ішкі мүшелер мен лимфа түйіндері);
еттің терең қабатынан жұғын - таңба дайындап, Грам әдісімен бояп, микроскопииялау;
ет сүзіндісіндегі рН анықтау;
пероксидаза реакциясын қою;
формалын реакциясын қою;
органолептикалық және зертханалық зерттеулер қорытындысы бойынша етке санитарлық баға беру.
Құрал - жабдықтар: екі кесек ет (біріншісі - сау малдан, екіншісі - ауру не амалсыз сойылған малдан алынған) әрқайсысынан 200-400 гр; пинцет; скальпель және қайшы; микроскоп; құм сағаты; иілген кішкене қайшы; электроплитка; Рн калориметриялық жинағы; технохимиялық таразы; цилиндр; колба; тығынмен бітелген колба; сүзгіш; фарфорлы езгіш; өлшеуіш пипеткалар - 10, 2 ,0,5 м; сүзгіштер; химиялық пробиркалар - 10; Грам әдісі бойынша реактивтердің жинағы; 2 % 10 мл сутегі асқын тотығы; бензидин 0,2 %; 1 % -10 мл сутегі асқын тотығы; 0,1 н күкіртті натрий (бюреткадағы); 100 мл дистилденген су; 1%- 20 мл фенолфталеин; 5 % сілті ертіндісі; физиологиялық ертінді.
Методикалық нұсқаулар
Ветеринариялық тәжірибеде ауруына байланысты сойылған мал еріксіз, не амалсыз сойылған мал болып есептелінеді. Әртүрлі індетті және инвазиялық ауруларда немесе жарақаттанып, уланып қалған малдардың өміріне қауіп төніп, одан ары емдеу ешқандай нәтиже бермейтін және экономикалық тұрғыдан тиімсіз болған жағдайда оларды амалсыз сояды. Еттің ауру немесе сау малдан алынғанын білу үшін сезімдік (органолептикалық), патологоанатомиялық (нашар қансыздану, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, гиперемиясы, гипостаздар, бауыздау сызығының күйі) және лабораториялық зерттеу әдістері қолданылады.
Органолептикалық зерттеу. Ол үшін малдың бауыздауына (бауыздау сызығы), ұшаның қансыздану дәрежесіне, гипостаз пайда болуына және лимфа түйініндегі өзгерістерге қөңіл аударады.
Бауыздауының күйін зерттеу. Сау малды сойған кезде, оныңбауыздауытегіс емес, бұдыр болады және қан ол тұста көбірек жиналады, ал ауырып немесе арам өлген малдың бауыздауы керісінше тегіс болып келеді. Бауыздауының түсі айналасындағы ағзалармен бірдей. Бірақ та, бауыздалған жерді тегіс етіп шауып, тазалап қойған жағдайда, тек қана осы көрсеткіштер бойынша органолептикалық тұрғыдан тұжырым айту қиынға түседі.
Ұшаның қансыздану дәрежесін анықтау. Бұл көптеген факторларға байланысты болады (сою әдісі, қан тамырларының дұрыс кесілуі т.б.). Асып қойып сойған малдың қаны жатқызып сойғанға қарағанда жақсы ағады, жақсы қансызданады. Қансыздану дәрежесін: жақсы, қанағаттанарлық, нашар, өте нашар дәрежелері бойынша анықтайды. Қаннан жақсылап тазарған ұшаның еттерінде, қантамырларында қан болмайды.
Арам өлген және өлгелі жатқан кезінде сойылған немесе ауырған малдың ұшасы қаннан өте нашар тазарады. Ұсақ және ірі қан тамырлары қарайған қанға толып болады. Бұлшық етті тілген кезде қара қошқыл қан шығып тұрады.
Гипостаздар - қанның ұшаның әр жерінде іркіліп қалуы көбінесе өлген немесе жанталасып өлген, қөп жатқан малдарда жиі кездеседі. Ауру малдардың қан тамырларында қан тұрып қалып, қан тамырларының сыртына шыға бастайды да айналасындағы ұлпаларды көкшіл қызыл түске бояйды. Гипостаздар малдың көп жатқан жағында жиі ұшырасады. Сондықтан да, ұшаны тексергенде міндетті түрде аудару қажет.
Лимфа (бездер) түйіндеріндегі өзгерістер – сау малдарда сұрғылт-ақшыл түсті, тығыз, қанталауы жоқ, ауру малдарда көлемі ұлғаяды, түсі өзгереді, қанталайды, қабынады, консистенциясы жұмсақ. Оған ұсақ қан тамырларындағы қанның жиналуы, ауру мал денесіндегі тотығу үрдістерінің тоқтауы көмірқышқылдарының жиналыплифа түйндері ұлпаларының көкшілденуіне себеп болады. Лимфа түйіндеріндегі патологиялық әр түрлі сипатта болады ( атрофияы, гипертрофия, қанталау, ісіну, гиперемия және т.б.).
Қышқылдық ортаны анықтау (РН)
РН-тың шамасы малды сояр кездегі бұлшық еттегі гликогеннің мөлшеріне, сонымен қатар, ондағы ферменттердің белсенділігіне байланысты болады. Сау малдың еті жетілуі үрдісі кезінде гликоген ферменттердің әсерінен сүт қышқылына дейін ыдырайды. Соның себебінен сутегі иондарының концентрациясы көбейеді де, ал РН -тың шамасы 7,1 - 7,2 ден 5,6 - 5,8 - ге дейін азаяды.
ЕТТІҢ БИОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Еттен қарапайым сүзінді жасау. Қарапайым ет сүзіндісін, эксгаутирования әдісі бойынша 1 бөлік ет және 4 бөлімі суық дистильденген (тазартылған) су қоспасынан алады. Ол үшін 25 г ет алып, ұсақтап, форфор келісінде езеді, жақсы езілуі үшін 100 г дистелденген судан аздап су қосады. Сонан соң, қоймалжың сұйықты колбаға аударып, қалған сумен араластырады. Колбаны 3 мин араластырып, 2 минут тұндырып қояды, сонан соң қайтадан араластырады да (2 мин), үш қабат дәке арқылы сүзіп, сүзіндіні қағаз сүзгіш арқылы тағы бір сүзеді. Осы үрдістерден соң қарапайым ет сүзіндісі дайын деп есептеледі.
Ауырған немесе күйзелген малдың етінде гликогеннің мөлшері мен ферменттердің белсенділігі азаюына байланысты, РН - тың өзгеруінде көп ауытқу болмайды.
РН-ты анықтау үшін еттің сөлін дайындау керек (1:4). Ол үшін 20 гр. етті ұсақтап турап, езгілеп, оның үстіне 80 мл су құйып, жақсылап араластырады да біраздан соң (15 мин) сүзіп алады. Сүзілген еттің сөлі (фильтрат) тұнық болуы керек. Дайын болған еттің сөлін РН - ты және перосидаза ферментін анықтауға қолданады. РН - ты Михаэлс компораторы арқылы анықтайды:
№ 1 пробиркаға 6 мл еттің сөлі және 1 мл. паранитрофенол индикаторын құйып жақсылап араластырады. № 1 – пробирканы компоратордың бірінші қатарындағы ортаңғы қуысына қояды. Оның екі жақ шетіндегі қуысқа стандартты ертіндісі бар пробиркалар қойылады.
№ 2 пробиркаға 3 мл еттің сөлі құйылады, басқа ештеңе қосылмайды. № 2 пробирканы екінші қатарға стандартты ертіндінің артына қояды. Олардың түрін салыстыру арқылы РН-тың шамасын анықтайды. Сау малдың етінің РН шамасы 5,6 - 6,2 болуы керек, ауру мал етінің көрсеткіші 6,3 және одан да жоғары болады.
Пероксидазаны анықтау
Пероксидаза – фермент. Сау малдың етінде пероксидазаның белсенділігі жоғары болады, ал ауру малдың етінде оның қабілеті едәуір төмендеп кетеді. Реакцияның мәні: Пероксидазаның әсерінен сутегінің асқын тотығы ыдырап, оттегі пайда болады да, ол бензидинді тотықтырып оның түсін көкшіл-жасыл түстен қоңыр түске дейін өзгертеді.
Пероксидазаны анықтау үшін пробиркаға 2 мл еттің сөлін (1:4) 5 тамшы 0,2 % - тік бензидин ертіндісін және 2 тамшы 1% - тік сутегінің асқын тотығын құяды.
Сау малдың етінің сөлінің түсі көкшіл – жасыл түске енеді де, біртіндеп қоңыр түске айналады. Ауру, шаршап-күйзелген немесе жанталасып өлерде сойылған еті сөлінің түсі өзгермейді, бірақ кейбір жағдайда көкшіл-жасыл түс көп кешігіп барып пайда болады да, тез қоңыр түске айналып кетеді.
Формалин реакциясы
Өлер алдында (агональді) жағдайында, немесе ауыр патологиялық үрдістер жүріп жатқан кезінде сойылған мал етінде белоктар пептондар, полипептидтерге ыдырайды және т.б. улы заттар түзіледі. Реакция формальдегидтің осы заттарды тұнбаға түсіру қасиетінде негізделген. Бұл реакция үшін арнайы еттің сөлін жасайды. 10 гр. етті ұсақтап турап, форфор келісіне салады да, оған 10 мл физиологиялық ерітінді және 10 тамшы 0,1 Н-ді натрий сілтісін құяды. Етті үккішпен езгеннен кейін, колбаға ауыстырып құйып су ваннасында қайнатады. Колбаны суытқаннан кейін, оған 5 тамшы қымыздық қышқылын (5 % -ті ертінді) қосып, қағаз сүзгіш арқылы пробиркаға сүзіп алады. Алынған еттің сөлі тұнық болуы керек. Пробиркаға 2 мл еттің сөлін құйып, оған 1 мл формалин қосады. Қатты ауырып немесе өлер алдында сойылған мал етінің сөлі қойылып, ұйып қалған тәріздес болады.
Ауру малдың етінің сөлінде үлпектер, қауыздар пайда болады. Сау мал етінің сөлі сұйық, тұнық қалпын сақтайды немесе сәл ғана бұлыңғырлануы мүмкін
Лимфа (бездер) түйініндегі өзгерістер. Сау және уақытында сойылған мал ұшасының лимфа түйіндерінің түсі ақшыл- сұрғылт немесе сарғыш, ал ауырып немесе арам өлген малдың лимфа түйіндерін кескен кезде түсі көкшіл- қызғылт болып тұрады.
Лажсыз сойылған малдан алынған еттің органолептикалық зерттеуі еттің иісін анықтаумен аяқталады. Ол үшін шыны ыдысқа 20-30 г. майсыз ет түйіршігін салып, үстіне су құяды. Ыдысты жауып, 80˚С-қа дейін қыздырады да, иісін анықтайды. Қайнатып, сорпа тұнықтығын анықтайды. Егер де ет өлгелі жатқан малдан алынса, сорпа бұлыңғыр, көпіршіктенеді, жағымсыз бөгде иіс пайда болады.
Зертханалық әдістер
Родер әдісі: Пробиркаға 3 г ұсақталған ет үстіне 5 мл арнайы ерітінді құяды. Жақсылап араластырып, 5 минутқа қояды. Уақыт өткен соң реакция нәтижесін анықтайды. Жақсы және қанағаттанарлық деңгейінде қансызданса - ерітінді өзгермейді (көк түс) нашар қансызданса - көкшіл-қоңыр түске, өте нашар қансызданса - бұлыңғыр қоңыр түске айналады.
Бактериоскопия
Кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын табу үшін (топалаң, қарасан т.б.) бұлшық еттің ішкі қабатынан, ішкі ағзалардан және лимфа түйіндерінен жұғынды жасалады. Препараттарды ауада кептіреді, жалынға ұстап бекітеді. Содан соң оларды Грам әдісі бойыша бояп, дайын болғаннан кейін микроскоп арқылы зерттейді.
Бақылау сұрақтары:
Бактериологиялық зерттеу қандай жағдайларда жүргізіледі?
Бактериологиялық зерттеу үшін сынама алу
Аэроб микробтарды анықтау әдістері
Анаэроб микробтарды анықтау әдістері
Етті бактериологиялықзерттеудің мақсаты
Сау мал етінің рН мәні
Пероксидаза реакциясының мәні
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі :
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.517-523.
2.Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.1.
3.Сенченко Б. С. «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения». Ростов на Дону, 2001 г.с. 356-366.
Қосымша:
4.Макаров В.А. «Практикум по ветсанэкспертизе» М.-1987г.с. 42-49.
2 модуль. Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық тексеру әдістері және оны ұйымдастыру.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ 6.
ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІНІҢ ТОПОГРАФИЯСЫ
Сабақтың мақсаты: ауылшаруашылық малдарының лимфа түйіндерінің топографиясын оқып - меңгеру
Жұмыс жоспары:
Лимфа жүйесі және оның етті сараптаудағы маңызы
Мүйізді ірі қара, ұсақ мал, жылқы және шошқаның лимфа түйіндерінің топографиясы
Құрал - жабдықтар: ауылшаруашылық малдарының лимфа түйіндерінің орналасуы туралы кестелер, сызбалар.
Методикалық нұсқаулар
Әр түрлі сойыс малдарының көптеген лимфа түйіндерінің орналасуы көбіне бірдей болып келеді.
Ірі қара малында және қойларда лимфа түйіндерінің орналасуы бірдей. Олар бұршақ тәрізді, сопақ-ұзынша және домалақ пішінді, әдетте май ұлпасымен қоршалған және тіліп қарағанда сұр немесе сарғыш сұр түсті (май ақ немесе сары).
Ешкілерде олардың орналасуы бірдей, бірақ көбінің пішіні жарты ай тәрізді.
Шошқалардың ірі лимфа түйіндерінің беткейлері айқын бөлшектелген немесе бұдырлы болып келеді. Жеке лимфа түйіндері май ұлпасында орналасқан әр түрлі мөлшердегі ұсақ түйіндерден тұратын қап түрінде болады (әсіресе бас және мойын аймақтарында). Тілгенде лимфа түйіндерінің түсі ақшыл қызыл немесе ақ (олар майға ұқсайды, бірақ консистенциясы тығыз болады).
Жылқылардың лимфа түйіндері басқа жануарлардікі тәрізді орналасқан, бірақ кейбір ерекшеліктері бар. Олар қаптарды құрайтын түйіндер тобынан тұрады (20-40 және одан да көп). Олардың түсі бозғылт сұр.
Зертханалық сабақты қорғауға және өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар
Ауылшаруашылық малдарының басы мен ұшасындағы лимфа түйіндері
Ауылшаруашылық малдарының кеуде, құрсақ мүшелеріндегі және жамбас қуысындағы лимфа түйіндері
Ауылшаруашылық малдарының бауырындағы лимфа түйіндері
Ауылшаруашылық малдарының тоқ ішегіндегі лимфа түйіндері
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі :
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.517-523.
2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.1.
Қосымша:
3.Макаров В. А. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства». Москва, 1991 г.с. 463.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ 7.
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЗЕРТХАНАСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ СОЙЫС ӨНІМДЕРІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТЕХНИКАСЫ
Сабақтың мақсаты: Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасы жағдайындағы сойыс өнімдерін зерттеу әдістері мен техникасын меңгеру
Жұмыс жоспары:
Ветсансараптау зертханасындағы жобалау және ондағы құрал - жабдықтармен танысу;
Ет және ет өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау реті, әдістері мен ерекшеліктері;
Балықты ветеринариялық санитариялық сараптау;
Сүт және сүт өнімдерін ветсансараптау әдістері мен реті
Құрал-жабдықтар: Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасы жағдайындағы сойыс өнімдерін зерттеу схемасы
Методикалық нұсқаулар
Базардағы тағам өнімдерінің сапасын бақылау мақсатында ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасы ұйымдастырылады. Бұндай зертханалар адамға және малға ортақ індетті аурулардың адамдарға жұқпауын, тарап кетпеуін және сату орындарына санитариялық ережелердің орындалуын қадағалайды. Зертхана базардың ішінде орналасады, зертхананың барлық бөлімдері орналасу үшін 0,01 ға бөліну керек.
Базар зертханасында : ет ұшаларын және балық өнімдерін тексеретін бөлме, ет және ет өнімдерін, жануарлар майын зерттейтін, ара балы, сүт және өсімдік өнімдерін зерттейтін зертхана, ыдыстарды жуу бөлмесі, залалсыздандырғыш химикаттар сақтайтын бөлме, зертхана меңгерушісінің бөлмесі болуға тиісті.
Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасы қызметкерлерінің:
-жарамсыз өнімдерді сатуға рұқсат бермеуге, оларды залалсыздандыруға жіберуге, жойыа жіберуге, денатурация жасауға;
- базардағы өнімдер сақталатын қоймаларды, тоңазтқыштарды және сату орындарын тексеруге;
- ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өтпеген не болмаса сапасы өте төмен және ветеринариялық куәлігі (анықтамасы ) жоқ, санитариялық ережелерге сәйкес сақталмаған өнімдерді сатқызбауға;
- базар қоймасына өнім қабылдап, өнім шығаруға қатысуға және сатуға рұқсат беуге құқы бар.
зертхана меңгерушісі жеке адамдарға қызметтегі адамдарға ауыл шаруашылығ өнімдерін сатқандағы ережелерді бұзіп, ветеринариялық-санитариялық - гигиеналық талаптарды орындамағаны үшін айп салуға құқы бар. Айып мөлшері істеген қателік деңгейіне байланысты олады.
Базарда мына өнімдер ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткізуге тиісті: барлық ауыл шаруашылығы және жабайы малдардың еті; қосымша өнімдер (суб өнімдері); жануарлар майы; балық; сүт және сүт өнімдері(қаймық, сүзбе, сары май т.б); тауық пен күрке тауық жұмыртқасы: ара бал; әртүрлі өсімдік өнімдері(тамырлы жеміс, көкөніс, жеміс, жидек, саңырауқұлақтар т.б); ұн, жарма, крохмал;басқаша өнімдердің ұрығы; өсімдік майлары.
Базарда қолдан, үй жағдайында жасалған жартылай фобрикатттар, дайын ет және өсімдік өнімдері, қаз және үйрек жұмыртқалары, дәрілер, шай, бекіре (осетр, лосось) тұқымына жататын балықтарды сақтауға болмайды.
Ет және ет өнімдері
Базарда сатуға әкелінген еттің иесі ветеринариялық куәлік, не анықтама тапсырады.
Ветеринариялық құжатта еттің індетті аурулар жоқ жерден, сау малдан алынғаны жөнінде және мал дәрігерлік байқаудан өткені жөнінде мәліметтер болуға тиіс. Егер ет бір ауданның әкімшілігінде сатылса, онда анықтама беріледі, ал егер әкімшілігі басқа ауданда сатылса онда малдәрігерлік куәлік берілуге тиіс.
Егер бұндай құжаттар жоқ болса, ет күмәнді деп есептелініп, бактериологиялық зерттеуден өткізеді.
Қазіргі қабылданған ережелерге сәйкес ет ұшасы келесі тәртіппен зерттеледі: еттің сыртын және етті тіліп тексереді (түсі, консистенциясы, иісі) қоңдылығын, қансыздануын және жалпы патологиялық өзгерістерді анықтайды (бұлшық етті зақымдануы, қанталауы, ісіктер т.б.) лимфа түйіндерін жарып тексереді, базарда сойыс өнімдерін зерттеудегі қажетті және ыңғайлы лимфа түйіндерді жарып тексереді. Шошқа және ірі қара ұшасын цистицеркозға зерттейді (тіл, жүрек, шайнау, мойын, қол, арқа, бел, сан бұлшық еттері).
Шошқа ұшасын міндетті түрде трихинеллезге зерттеп, ұша буындарына, құрсақ шандырына ерекше назар аударады.Бас, жұтқыншақ, көмей лимфа түйіндерінде аздаған ғана патология лық өзгерістердің болуы (қанталауы, некроз) топалаңға күмәндандырады. Бұндай жағдайда, лимфа түйіндерін, ішкі ағзаларды, ұша сынамасын бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулерге жібереді.
Ұсақ малдардың ұшасын тексергенде өкпе пневмониясының (өкпенің қабынуы) және плевритінің (плевраның қабынуы) бар жоқтығы еске алынады.
Өйткені, бұл аурулар екінші қатардағы салмонеллез тудыруы мүмкін. Сондықтан да, бұндай ұшалар бактериологиялық зерттеулерден өткізіледі. Бұндай зерттеулер, егерде малдәрігерлік құжаты жоқ еттер сатылуға әкелінгенде, не болмаса індетті ауруларға күмәнданғанда және ет еріксіз сойылған малдан алынғанда да жүргізіледі. Бактериологиялық зерттеулерге ұлпалы мүшелердің бөлегі, ұшаның алдыңғы және артқы бөлігінен бір-бірден лимфа түйіндерін, екі кесек ет және жілік жіберіледі.
Сүт және сүт өнімдерін ветеринарлық – санитарлық сараптау
Сауда ережелерін сақтай отырып, сиыр, қой, бие, түйе сүті және сүт өнімдеріне ветеринарлық – санитарлық тұрғыда беріледі. Бұл өнімдерді ветеринарлық- санитарлық сараптау лабораториясының рұқсат қағазы болған жағдайды ғана рұқсат беріледі. Базарға сатуға тек жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтардан алынған сүт қана жіберіледі. Ветеринарлық құжат бір ай көлеміне беріледі.
Сиыр сүті біркелкі консистенциялы, ақ немесе сарғыш түсті, үлпексіз, өзіне тән дәмі мен иісі болуы керек. Сүттегі май мөлшері 3,2 % , тығыздығы 1,034-1,038 г/см 3, қышқылдығы 16-20 0Т. Қышқылдылығы 16 0Т төмен сүт сатуға жіберілмейді. Егер бруцеллезге күдікті аймақтардан әкелінген сүтті сақиналы реакция қою арқылы тексереді, егер сараптаудан өткен сүт оң немесе күдікті болса, бұндай сүтті ветеринарлық маманның бақылауымен жояды және екі данада акт жасалынады.
Балық және бал өнімдерін ветеринарлық –санитарлық сараптау
Сараптауға балғын, мұздатылған, қақталған, кептірілген, тұздалған балықтар әкелінеді. Әкелінген өнімдерді органолептикалық зерттеу жүргізіледі, сатуға сапалы балық және балық өнімдері жіберіледі. Егер өнім сапасыз, жарамыз болса, онда бұл өнімді жойып, акт жасалады.
Балды ветеринарлық-санитарлық сараптау. Балға органолептикалық және (сыртқы түсіне, консистенциясына, иісі мен дәміне) лабораториялық зерттеу (қышқылдығы, су мөлшері, құрғақ қалдығы, диастаза саны, әртүрлі қоспалар) нәтижесі бойынша баға береді.
Ветеринарлық – санитарлық сараптау зертханаларында № 5 формалы ветеринарлық-санитарлық сараптау журналы болады. Әрбір өнімнің сараптаудан кейінгі қорытындысы осы журналдарда тіркеледі. Бұл журнал жыл көлемінде сақталады.
Бақылау сұрақтары:
Мүйізді ірі қара малын цистицеркозға қалай тексереді?
Ұшадағы қандай лимфа түйіндері тексеруге жатады?
Мүйізді ірі қара мен шошқаның басын тексеру ерекшеліктері неде?
Бауырды тексеру кезінде неге назар аудару қажет?
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі :
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.517-523.
2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.1.
3. Сенченко Б. С. «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения». Ростов на Дону, 2001 г.с. 14-25.
Қосымша:
4.Макаров В. А. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства». Москва, 1991 г.с. 463.
5.Макаров В.А. «Практикум по ветсанэкспертизе» М.-1987г.с. 42-49.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ 8.
ЕТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДЕРІН БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Жануарлар мен құстардың әртүрлі ауруларында бұлшық ет пен ішкі органдары микроорганизмдермен сирек зақымданады. Осы сойыс жануарларының (құстың) өнімдері адамда инфекциялық және тағамдық аурулар туғызуы мүмкін.
Сабақтың мақсаты: Бактериологиялық зерттеу міндетті болған жағдайды және тағамдық токсикоинфекция мен токсикоздарды тудыратын еттегі микробтар туралы сұрақтарды анықтау.
Жұмыс жоспары:
Бактерологиялық зерттеу үшін қажетті жағдайларың ретін реттеу
Бактериологиялық зерттеу үшін сынама алу
Сараптау үшін сынама алу реті
Құрал - жабдықтар: етті бактериологиялық зерттеу сызбасы
Методикалық нұсқаулар
Ет және ет өнімдерін бактериологиялық әдістермен тексеру төмендегідей жағдайларда іске асырылады:
- жіті түрде өтетін жұқпалы індетті ауруларға күдіктенгенде (топалаң, тырысқақ, қарасан т.б.);
- аусылмен ауырған мал етінен өлі ұлпалар табылғанында;
- ішкі ағзаларында патологиялық өзгерістер байқалмаса да, шошқа обасымен, тілме, Ауески ауруымен ауырғанында;
- ет орташа қоңдылық категориясында болса да некробактериозбен (шірік тұяқ, бақай құрт, жегі) ауырған малдың ішкі ағзалары зақымданса;
- бұлшық еттерінде патологиялық өзгерістер байқалмаса да лейкозбен ауырған малдың бездері немесе ішкі ағзалары зақымданғанында;
- сақау, ақ ет (беломышечная болезнь) және кетозбен ауырған малдан алынған етте немесе ішкі ағзаларда патологиялық - анатомиялық өзгерістер кездескен жағдайда;
- жұқпалы ринотрахеит, парагрип-3, вирусты диарея (іш өту), жұқпалы аденовируспен ауырған малдың етінде және ішкі ағзаларында патологиялық- анатомиялық өзгерістер кездескен жағдайда;
- стахиоботритоксикозбен ауырған малдан алынған етте патологиялық- анатомиялық өзгерістер болғанында;
- онхоцеркоздың асқынған түрімен ауырған малдан алынған еттен іріңді-өлі үлпалар табылған жағдайда;
- желінсау, эндометрит, парометритпен ауырған қой, сиыр етін қолданғанда;
- себебіне қарамастан малды лажсыз сойған жағдайда;
- мал уланғанда;
- салмонеллезбен ауырған деп күдіктенген де және асқорыту ағзаларының аурулары байқалған жағдайда;
- тыныс алу ағзалары ауруларының асқынған түрінде;
- мал денесінің көп бөлігі күйген, бездері қанталап ісінген және септикалық үрдістің белгілері тері астында, ішкі ағзаларда, кілегей қабықтарында болып, қан құйылғаны байқалған жағдайда;
- ішкі ағзаларда, ұшада ісік байқалған жағдайда;
- бауырда майдың қайта туындауы (амилоидоз) байқалған жағдайда;
- бауырда, бүйректе, көк бауырда және өкпеде іріңді жара болғанында;
- еттің сарғайғанында және ол түс екі тәулік ішінде кетпеген жағдайда;
- шошқаның жүрек қабының қабынуы байқалған жағдайда;
- малдың септикопиемиялық ауруларында;
- малда іріңді нефрит, нефроз байқалған жағдайда;
- ішек қарынды, малды сойғаннан кейін 2 сағаттан соң аластаған жағдайда;
- ұлпалы ағзаларда іріңді жара байқалған жағдайда;
- базарға әкелінген сойыс өнімдеріне мал дәрігерінің рұқсат қағазы болмаған жағдайда;
- ұша сапасы күдік тудырса;
- органолептикалық зерттеулермен еттің сапасын анықтау мүмкін болмағанда және ветеринариялық тексеру нәтижесінде өнімге санитариялық баға беруге жеткіліксіз болған жағдайда
- ветеринариялық және санитариялық ұйымдар талап еткен жағдайда;
Жалпы бактериологиялық тексерумен қатар биохимиялық зерттеулер де жүргізіледі.
рН, пероксидаза реакциясы, ал сиыр етіне формалин реакциясы қойылады.
Бұл тексерулер етті бактериологиялық зерттеумен қатар малдың сояр алдындағы күйін және етті әрі қарай қолдану мүмкіншіліктерін анықтауға көмегін тигізеді.
Бактериологиялық зерттеу үшін сынама алу
Жобаланған ауру диагнозына және патологиялық анатомиялық өзгерістерге байланысты ветеринариялық зертханаға бактериологиялық зерттеулер үшін сынама жіберіледі:
бұлшық еттен 2 сынама - мал қолы мен санының бүгілдіргіш немесе жазылдырғыш еттерінен сыртқы қабығымен қоса, көлемі 8 х 6 х 6 см, екі ет сынамасы;
лимфа түйіндері (кем дегенде 2) - жоғарғы мойын немесе қанат асты және шап лимфа түйіні; шошқа ұшасынан жақ асты және дорсалды жоғарғы мойын немесе бірінші қабырғаның қанат асты безі мен шап безі алынады. Лимфа түйіндері бүтіндей айналасындағы май және дәнекер ұлпаларымен қоса;
ішкі мүшелер – көк бауыр мен бүйрек тұтастай, бауырды лимфа түйінімен,өт қабымен;
қуысты жілі
Жарты ұша, не төртке бөлінген ұшадан ет кесегін, лимфа түйінін және қуысты жілік.
Тұздалған еттің әр тұсынан екі сынама, лимфа түйіні және бар болса қуысты жілік.
Сараптау үшін сынама алу реті. Талаптар.
Сынаманы стерилді аспаптармен алады. Әрбір сынаманы пергамент қағазына орап, пакеттерге салады. Оның сыртына сынама алған уақыты, ұшаның реттік саны жазылып, пломба салынып, темір жәшікпен ветеринариялық зертханаға бағыттайды.
Егер зертхана қашықта орналасса, немесе 24-30 сағатта жеткізілмесе сынаманы консервациялау қажеттігі туындайды. Консервант ретінде 30% глицериннің сулы ерітіндісі қолданылады. Суды алдын ала қайнатып алады. Консервант ретінде вазелин майын да қолдануға болады.Консервант ерітіндісін сынаманың үстіне 4-5 есе көлемінде құяды.
Өңделген сынаманы қалайы жәшікке салып, дезинфекциялағыш заттар сіңдірілген ағаш ұнтақтарымен нығыздайды. Жәшікке мөр соғып, пломба қойылады.
Жолдама қағазда ет түрі, қай түлікке жататыны, сынама тізімі, қысқа патологиялық - анатомиялық деректері, жобаланған диагноз, сынама алу уақыты көрсетіледі, сынама жіберген тұлғаның қолы қойылады.
Оған қоса, ұшаны, ішкі мүшелерді тексеру деректері, ұша әкелінген орынның ветеринариялық құжатының негізгі сипаттамасы және қандай зерттеулер жүргізу қажеттігі екендігі жазылады.
Базарларға әкелінген жарамсыз ұша мен ішкі мүшелерді иесіне қайтарып беруге болмайды. Оны базардың оқшаулығышында, тоңазытқышта зерттеудің қорытындысы келгенінше 0-4 С температурасында сақтайды. Ет сақталған оқшаулығышты құлыптап, пломба соғылады, етті аластаған соң міндетті түрде дезинфекция жасалады.
Сынама алынған шаруашылықтарда материал жіберілгеннен кейін барлық сойыс өнімдері зерттеудің нәтижесі келгенінше 0-4 С температурасында сақтайды.
Бақылау сұрақтары:
Ұшадан ішекті ажыратқаннан кейін қанша уақыттан соң бактериологиялық зерттеу жүргізу қажет?
Сараптауға арналған үлгіні консервілеу қандай жағдайда жүргізіледі?
Сынаманы зертханаға жіберген жағдайда жолдама хатта қандай мәліметтер көрсетіледі?
Сынаманы консервілеу үшін қандай материалдар қолданылады?
Ветеринариялық зертханаға бактериологиялық тексеру үшін не жібереді.
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі :
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.517-523.
2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.1.
Қосымша:
3.Макаров В.А. «Практикум по ветсанэкспертизе» М.-1987г.с. 42-49.
3 модуль. Сойыс өнімдерін трихенеллез және цистицеркоз ауруларын анықтау
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ 9.
СОЙЫС ӨНІМДЕРІНДЕ ТРИХИНЕЛЛЕЗ АУРУЫН АНЫҚТАУ
Трихинеллез - етқоректі жануарларда, сонымен қатар адамдарда Trichinellidae туысына жататын нематодтар тудыратын инвазиялық ауру. Трихинелланың екі түрі: Trichinellа spiralis және Trichinellа pseudospiralis, жіті және созылмалы түрде өтеді. Екі түрдің де барлық циклі бір ғана иенің организмінде өтеді - сақа құрт - ішекте, балаң құрт - бұлшық етте.
Адамдарда трихинеллез ауыр түрде (лихорадко) және жиі асқынған (миозит, менингит, бас аймағындағы аллергиялық ісіктер және т.б.), түрде өтеді, кейде өліммен аяқталады.
Trichinellа pseudospiralis дамуының ерекшелігі, толық даму циклі сүтқоректі жануарлар мен адамдарда ғана емес, сонымен қатар құстарда да кездеседі.
Трихинелла личинкаларының дамуына қолайлы жағдай көлденең жолақты бұлшықет болып табылады, алғашында олар тұрақты түрде өседі, 17-20 күнде инвазиялы түрде болып, микроскоппен анықталады.
Біздің елімізде трихинеллез ауруын диагностикалаудағы жалғыз әдіс шошқа етін, тағамға қолданылатын жабайы жануарлардың (жабайы қабан, аю және т.б.) еттерін, сонымен қатар теңіз сүтқоректілерінің еттерін трихинеллоскопиялау. Торай ұшаларын трихинеллезге 3 апталық жасында тексереді.
Сабақтың мақсаты: етті трихинеллаға қарапайым әдіспен және қосымша бұлшық ет кесінділерін қосымша өңдеу арқылы зерттеу
Жұмыс жоспары:
сынама алу ретімен танысу;
бұлшық ет кесінділерін дайындау техникасы;
бұлшық ет кесінділерін өңдеусіз етті трихинеллоскопиядан өткізу;
бұлшық ет кесінділерін өңдеу арқылы етті трихинеллоскопиядан өткізу;
трихининеллез кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы;
трихинелланы ауа қапшықтарынан, цистицерктерден, саркоцистерден ажырату;
жұмыс нәтижесін рәсімдеу, белгілеу, трихинелланың қандай пішінді екенін анықтау, етті қолдану туралы қорытынды беру.
Материалдармен қамтамасыздандыру: ет кесінділері; трихинеллоскоп « Стейк»; компрессориум; пинцет; скальпель; қайшы; 0,5 % тұз қышқылы ертіндісі немесе метилен көгі ертіндісі ( 5 мл 195 мл дистилденген судағы 5 мл қаныққан спирт ертіндісі); сумен теңдей ертілген глицерин.
Методикалық нұсқаулар
Зерттеу үшін үлгі алу
Зерттеу мақсатында бұлшық ет кесінділерін дайындайды, ол үшін, бұлшық еттің ұзына бойынан, иілген қайшының көмегімен тырнақ көлеміндей етіп кесінді алады. Қайшының иілген жағын бұлшық етке қаратып ұстау қажет, сонда кесінде қайшының сыртында қалады. Кесіндіні бұлшық еттің әр тұсынан алып, компрессориумның төменгі шынысына салады. Зерттелетін ұшадан кемінде 24 кесінді дайындалады. Кесіндінің үстінен жапқыш (жоғарғы) шыныны жауып, кесінді арқылы газет әріптерін оқуға мүмкіндік болғанша, екі шыныны бір-біріне қысады. Дайын болған кесіндіні трихинеллоскоппен не микроскоптың 60-70 есе үлкейтілген жағдайында зерттейді.
Капсуламен қапталған (қабықтанған) трихинелла – қабық ішіндегі қуыста иректелген (бұратылған) паразит. Қабық пішіні сопақ, дөңгелек және лимон тәрізді болуы мүмкін. Қабық ішіндегі қуыс түссіз сұйық және әдетте бір, кейде екі не үш паразит болады.
Осы әдіспен жас етті (балауса), суыған және салқындатылған етті зерттеуге болады. Ал мұздатылған, тұздалған, тұздап қақталған етті және шошқаның тері асты майын зерттеу жоғарыда келтірілген.
Көк базардың және мал соятын қасапханалардың ветеринариялық-санитариярлық сараптау зертханасында етті трихинеллезге тексеру үшін компрессориум қолданылады. Ол үшін шошқа ұшасының көк етінің етек жағынан (диафрагма) әрқайсынан 60 гр. екі бөлек ет кесіп алады. Егер көк еттен алуға мүмкіншілік болмаса басқа бұлшық еттерден кесіп алады (көк еттің қабырға жағынан, қабырға арасынан, бел, шайнау немесе мойын етінен алуға болады). Содан соң осы алынған сынамалардан кесінділер дайындайды.
Бұлшық ет кесінділерін дайындау техникасы
Ол үшін басы иілген қайшымен бұлшық ет талшықтарының бойымен жұқа ғана тарының көлеміндей ет кесіндісі кесіп алынады. Қайшының иілген жағын етке қаратып ұстау керек, сонда кесінді оның сыртында қалады. Әр ұшадан кем дегенде 24 кесінді жасалады.
Бұлшық ет кесінділерін өңдеусіз етті трихинеллоскопиядан өткізу
Трихинеллоскопиядан булы, салқындатылған және суытылған еттерді өткізеді. Компрессориумге басылған кесінділерді трихинеллоскоп арқылы қарайды.
Шошқа бұлшық ет тканіндегі трихинелла капсуласының пішіні лимон тәріздес, ал жабайы жануарлардың бұлшық ет ткандерінде (тышқан, қасқыр, түлкі) - домалақ.
Көбінесе диафрагма, содан кейін бұлшық ет диафрагмасы, тіл, шайнау, мойын, қабырғаралық және құрсақ бұлшық еттері зақымдалады.
Бұлшық ет кесінділерін өңдеу арқылы етті трихинеллоскопиядан өткізу;
Трихинелла личинкасын анықтау кезінде қиындықтар туындаса, кесіндіні қосымша өңдеуден өткізеді:
1. Кесіндіні ағарту үшін, компрессориумның жоғарғы шынысын босатып, қысылған кесінділерге І тамшыдан 50 % глицерин ертіндісін тамызады.
2. Трихинелланың әктелген қабығын еріту үшін 10 % тұз қышқылы ерітіндісінің 2 тамшысын тамызып 2-3 мин. ұстайды.
3. Мұздатылған ет сынамасын 0,5 % тұз қышқылы ертіндісімен өңдейді. Осындай өңдеулер нәтижесінде:
- бұлшық ет талшықтары түссізденіп, сұрғылт тартады, трихинелла қабығы күміс түске боялады, ал сұйық түссізденеді.
-1-2 % метилен көгін қосқанда кесінді көгілдір түске боялады. Капсула ішіндегі сұйық - әлсіз көк түске боялып, тоғышар құрт өзгеріссіз қалады.
Барлық кесінділерді компрессориумның төменгі шынысындағы тор сызықтардың ішіне орналастырып болған соң, екінші шынымен үстінен бастырып, кесінділер жұқарғанша қысады. (Кесінділердің жұқалығы сондай, олардың астынан газеттің ұсақ жазулары көрініп тұруы керек). Дайын препаратты трихинеллоскоп арқылы немесе микроскоптың шағын үлкейткіші арқылы трихинеллалардың бар-жоғына назар аударады.
Трихинелланың балаң құрттары (личинкалары) шиыршықтанып оралып, қабықшамен (капсула) қоршаған қуыста жатады. Қуыстың ішінде сұйық зат болады. Шошқаның бұлшық етіндегі трихинелл қабықшасының пішіні сопақша лимон тәріздес, ал жабайы аңдардың еттерінде (қасқыр, түлкі, т.б). домалақ болып келеді.
Мұздатылған шошқа етін жібітеді. Еттен қалыңдығы 1,5 мм-ден аспайтын кесінді дайындап, компрессориумның астыңғы шынысына орналастырады да, жоғарғы шынымен ақырындап қысады. Сонан соң жоғарғы шыныны босатып, әрбір кесіндіге 0,5 %-тік тұз қышқылының ерітіндісін, не метилен көгін тамызып, микроскоппен зерттейді. Егер тұз қышқылының ерітінді қолданылса – кесінді түссіз не сұрғылт түсті, ал трихинелла қабығы – күміс түске, трихинелла ішіндегі сұйық – түссіз болады. Егер де, метилен көгін қолданса – кесінді көк түске, ал трихинелла ішіндегі түс – қою көк түске боялады. Трихинелла жақсы көрінеді, боялмайды.
Сақталынған етке қарағанда мұздалған шошқа етінен екі есе жұқа кесінді жасалады. Компрессориум арасына салып, аздап қысады да, үстіңгі шыныны босатып, кесіндіге глицериннің 5 %- сүт қышқылы ерітіндісімен тең қосылған қоспа ерітіндімен, не тең қосылған су ерітіндісімен бір тамшы тамызады. Әрі қарай зерттеу, мұздатылған ет өнімдерін зерттеуге ұқсас.
Тері асты майын (шпик) тіліп, ішкі қабатынан кемінде 5 кесінді алады. Қалыңдығы 0,5 мм кесіндіні күйдіргіш натрийдің 5 %- ерітіндісін не фукциннің 1%- су ерітіндісіне батырып қояды. Зерттеудің одан әрі зерттеу сатысы жалпыға бірдей әдістер ретімен зерттеледі. Бірақ та, бұлшық ет ұлпасына қарағанда тері асты майын компрессориум арасында тым қатты қыспайды. Микроскоп пен қарағанда боялмаған май жасушаларының арасында ашық-қызыл не қызыл-сары түсті трихинелла байқалады, ал трихинелла сыртындағы қабық өте жақсы көрінеді.
Трихинелла табылған етті ветеринариялық- санитариялық
тұрғыдан бағалау
Компресориумдағы 24 кесіндінің біреуінен өлі не тірі трихинелла табылса, онда ұшаны тұтасымен, ішкі мүшелерді, бас- сирақтарды, тік ішек пен өңешті техникалық тұрғыдан қайта өңдеуге жібереді. Тері асты майын (шпиг) ерітіп, 100 °С -та 20-25 минут қайнатады.
Іш майы бөгетсіз қолданылады. Ішектерін (тік ішектен басқасын) жақсылап жуғаннан кейін қолдана беруге болады. Терісінің етін сылып тастап қолдануға рұқсат етеді.
6. Трихинелланы ауа қапшықтарынан, цистицерктерден, саркоцистерден ажырату;
1. Ауа қапшықтары - дөңгелек, не сопақша болады, ал шеті анық қара шеңбермен қапталынады. Егерде шыныларды бір-біріне қысса, олар жоғалады.
2. Цистицерктер трихинелладан ірі, оның көлемі 2 мм және одан да үлкен болады. Цистицерктер қалыпты жағдайда бұлшық ет арасындағы жіпшелерде орналасады. Микроскоппен қарағанда құрылысы анық көрінеді.
3. Саркоцистер (Мишер қапшықтары) сопақша, ұзындау келген, бұлшық еттің ішінде орналасады. Олардың денелері споралар орналасқан камераларға бөлінген. Трихинелладан айырмашылығы әктену үрдісі ортасынан басталады және әктену сыртында дәнекер ұлпалы қабық болмайды. Көршілес орналасқан бұлшық ет жіпшелерінің көлденең жолақты қасиеті сақталынады.
Әк басқан трихинелланы әк басқан саркоцистадан және де басқа жолдармен пайда болған конкременттерден (өсінділерден) кесіндіні П.М.Ямщиков әдісімен бояп, ажыратуға болады.
Бақылау сұрақтары:
Трихинеллезды компрессорлық әдіспен анықтау үшін еттен қанша бұлшық ет кесінділерін дайындау қажет?
Адамдардың трихинеллезбен зақымдануының жалғыз көзі не?
Трихинелланы цистицерктерден қалай ажыратады?
Трихинелланы тұз қышқылымен өңдегенде тринеллоскопиядағы бұлшық ет кесінділері қалай көрінеді?
Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ 10.
СОЙЫС ӨНІМДЕРІНДЕ ЦИСТИЦЕРКОЗ АУРУЫН АНЫҚТАУ.
Цистицеркоз (финноз) инвазиялық ауруларға жатады. Бұл аурудың екі түрі - мүйізді ірі қара (Taeniarinchus saginatus) және шошқа цистицеркозы (Taenia solium) адамға қауіпті деп есептелінеді. Қойлардың цистицеркозы адамға аса қауіпті ауру емес.
Цистицерктер домалақ немесе сопақша келген, ақшыл - сұрғылт түсті көпіршіктер. Бұлличинкаларды финналар деп те атайды. Сондықтан да цистицеркоз кейде финноз депте аталады. Цистицеркалардың шоғырланатын орындары ірі қарада: жүрек, тіл, шайнау бұлшық еттері, бел және мойын бұлшық еттері болса, шошқада: шайнау, жүрек, тіл, жауырын, мойын және бел бұлшық еттері деп саналады.
Цистицеркозға тексеру үшін бұлшық еттерге тіліктер жасалады, өнім мөлшері 40 см² - тан кем емес тілік көлеміндегі цистицерктер санына байланысты ветеринариялық-санитариялық бағалаудан өткізіледі.
Сабақтың мақсаты: етті цистицеркозға тексеру
Жұмыс жоспары:
цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы;
цистицеркозды ауа қапшықтарынан, трихинелладан және саркоцистерден ажырату
жұмыс нәтижесін рәсімдеу, цистицерктердің қандай формасы екенін белгілеу; етті қолдану туралы қорытынды беру.
Құрал - жабдықтар: цистицерктері бар ет кесіндісі; трихинеллоскоп «Стейк»; компрессориум; пинцет; скальпель; иілген қайшы.
Тапсырманы орындауға арналған методикалық нұсқаулар
Аурудың диагностикасы сойғаннан кейін ұша мен органдардан цистицерктерді табуға негізделген.
Бовисті цистицерктер (финналар) - бұл домалақ не сопақша келген мөлдір көпіршіктер, сұрғылт - ақ түсті, көлемі түйме не бұршақтай. Олар сырт жағынан нәзік капсуламен қапталған. Цистицерктер ұшаны тексергенде, сонымен қатар бұлшық еттерді кескенде байқалады.
Мүйізді ірі қарада цистицерктерді көбінесе жүрек бұлшық етінде, сирек массеторда, тіл бұлшық етінде, бел, мойын және құрсақ бұлшық еттерінен анықтайды.
Финдердің көлемі әртүрлі органдар мен бұлшық еттерде бірдей емес. 1айлық кезінде зақымдалған бұзау және 4 айлығында сойғанда ірі цистицерктерді массеторда, құрсақ, кеуде бұлшық еттерінде, сонымен қатар көз бұлшық еттерінде анықтауға болады.
Целлюлярлы цистицерктер - жартылай мөлдір шар тәрізді немесе элипсті формалы, пішіні 0,5-0,8 см көпіршіктер. Көпіршіктердің ішінде сколекс болады.
Шошқаларда әсіресе массетор, жүрек бұлшық еті және тіл, бел, мойын және жауырын бұлшықеттері қатты зақымдалады. Ұшаның алдыңғы бөлігінің бұлшықеттері қатты зақымдалады, ал артқы бөлігі аз зақымдалады. Ал шошқаларда бас миында балаңқұрттарды сирек табуға болады.
Цистицеркозбен зақымданған сиыр және шошқа етін ветеринарлық-санитарлық тұрғыдан бағалау.
Бас және жүрек еттеріндегі алақан көлеміндей (40см2) тіліктен және ұшаның бір ғана тілігінен табылған личинкалардың саны үштен көп болса, онда ұшаны тұтасымен, басымен, ішкі ағзаларымен (ішегінен басқасын) техникалық тұрғыдан қайта өңдеуге жібереді. Іш және тері асты майын (шпиг) ерітіп алады. Егер бас және жүрек еттеріндегі алақандай тіліктегі личинкалардың саны үштен көп болып, ал ұшада аз немесе мүлдем жоқ болса, онда басы мен жүрегін техникалық тұрғыдан қайта өңдеуге жібереді, ал ұшасы мен басқа ағзаларын қайнату, тоңазыту немесе тұздау арқылы залалсыздандырған соң қолдануға рұқсат етіледі.
Цистицеркозбен зақымдалған қой етінің санитарлық бағасы
Ұша мен органдардың цистицерктермен 40 см2 аймағында 5 тен артық емес балаң құрттар табылса және бұлшық еттерде өзгерістер жоқ болса - ұша мен органдарды мұздату арқылы залалсыздандырып шұжық өнімдеріне фарш ретінде қолдануға бағыттайды.
Егер ұшада 6 не одан да көп балаң құрттар анықталса немесе бұлшық еттерде патологиялық өзгерістер анықталса ұшаны техникалық утилизацияға жібереді, ал майын ерітеді.
Бақылау сұрақтары:
Цистицеркозды компрессорлық әдіспен анықтау үшін еттен қанша бұлшық ет кесінділерін дайындау қажет?
Цистицеркозды трихинеллезден қалай ажыратады?
Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы?
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі :
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.517-523.
2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.1.
Қосымша:
3.Макаров В.А. «Практикум по ветсанэкспертизе» М.-1987г.с. 42-49.
6 «Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау» пәніне арналған емтихан сұрақтары
Сойыс өнімдерінің сальмонелламен зақымдалғандығын тексеру үшін қандай жағдайда,олардан сынама алуға қажеттілік туады.
Ірі қара және ұсақ малдардың цистицеркозының сойғаннан кейінгі диагностикасы және ұшалары мен органдарының санитарлық бағасы
Уланған малдардың сойыс өнімдерін ветеринариялық –санитариялық сараптау және олардың санитариялық бағасы.
Токсикоздар және токсикоинфекциялар туралы түсінік.
Малдардың листериозының сойғаннан кейінгі диагностика және ұшалары мен органдарының санитарлық бағасы.
Еттің жас екендігін анықтау әдістері. Қолданылатын әдістердің мәні.
Ауру болғандықтан амалсыз сойылған малдардың сойыс өнімдерін сау малдардың ұшалары мен органдарынан ажырату әдістері.
Токсигендік стафилококкалар мен стрептококкалар тудыратын тағамдық токсикоздардың алдын алу шаралары.
Цистицеркоз анықталған сиыр және шошқа етінің санитарлық бағасы және оларды залалсыздандыру әдістері.
Малдардың лептоспирозының сойғаннан кейінгі диагностикасы және ұшалары мен органдарының санитарлық бағасы.
Қой және ешкінің бруцеллезі кезінде органдармен ткандерде болатын патологоанатомиялық өзгерістер.Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.
Ауру малдың еттің анықтау әдістері.
Ауыл шаруашылығы малдарының инфекциялық және инвазиялық аурулары диагностикасындағы сойыс өнімдеріне санитарлық баға беру принциптері.
Этиологиясы бактериялық емес тағамдық уланудың қысқаша сипаттамасы.
Уланған малдардың сойыс өнімдеріндегі негізгі патологоанатомиялық өзгерістер.Химикотоксикологиялық зерттеу үшін сынама алу реті.
Шошқа туберкулезінің негізгі патологоанатомиялық белгілері. Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.
Ірі қара цистицеркоз ауруының сойғаннан кейінгі диагностикасы.Ұшалар мен органдарының санитарлық бағасы.
Базарда құс сойыс өнімдерін малдәрігерлік санитарлық сараптау методикасы.
Қойлардың эхинококкоз және диктиокаулез ауруларының сойғаннан кейінгі диагностикасы.Ұшалары мен органдарының санитарлық бағасы.
Ірі қара малының көк бауыр мен бауырын сойғаннан кейін тексеру.
Ірі қара бруцеллезіндегі негізгі патологоанатомиялық өзгерістер. Санитарлық бағасы.
Цистицеркалармен зақымданған ұшаларды залалсыздандырудың негізгі әдістері.Технологиясы және режимдері.
Улануы себепті амалсыз сойылған малдардың ұшалары мен органдарының санитарлық бағасы.(удың уыттылығы мен қалдық мөлшері бойынша)
Мүйізді ірі қараның өкпесі мен бауырының лимфа түйіндері.
Ірі қара және ұсақ малдың сібір жарасы кезіндегі негізгі патологоанатомиялық белгілер. Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.
Суық қасапханалар мен сою пунктерінде ірі қара малдарының сойыс өнімдерін тексеру методикасы.Басты тексеру реті.
Сальмонеллездің негізгі патологоанатомиялық белгілері.Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.
Союға дайындалған ауылшаруашылық малдарына қойылатын мал дәрігерлік санитариялық талаптар.
Ұсақ малының көк бауыры мен бауырын сойғаннан кеиін тексеру.
Ауыл шаруашылық малдары трематодының сойғаннан кейінгі диагностикасы. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
Ірі қара малының басын сойғаннан кейінгі тексерудің реті.
Шошқа тілмесіндегі негізгі паталогоанатомиялық белгілер.Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
Тірі күніндегі диагностикасы бойынша союға тиым салынатын ауыл шаруашылығы малдарының, қояндардың және құстардың инфекциялық аурулары. Тиым салыну себептері.
Базарда жылқы сойыс өнімдерін тексеру методикасы.
Ауыл шаруашылық малдары эхинококкозының сойғаннан кейінгі диагностикасы. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
Ауруы себепті амалсыз сойылған малдардың етін анықтауға арналған зерттеу әдістері.
Ірі қара малының оба ауруындағы негізгі паталогоанатомиялық белгілер. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
Шошқа цистицеркозының сойғаннан кейінгі диагностикасы. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
Еттегі қажетсіз өзгерістер (көгеру, қоңырқайлану).Олардың пайда болу себептері,санитариялық бағасы, алдын алу шаралары.
Шошқаның классикалық обасындағы негізгі патологоанатомиялық белгілері. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
Бруцеллездің клиникалық белгісі бар және оған нәтижелі реакция берген ұсақ малдардан алынған сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
Еттін жас екендігін анықтауға арналған зерттеу әдістері.Қолданылатын реакциялардың мәні.
Жылқының маңқа сақау ауруларындағы негізгі патологоанатомиялық белгілері. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
Қой, ешкі және бұғылар цистицеркозының сойғаннан кейінгі диагностикасы. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
Шошқаның басы мен мойынындағы лимфа түйіндері.
Шошқа, саз құндыз және жабайы ет қоректі аңдар трихинеллезінің (компрессорлық әдісі бойынша).
Ірі қара малының ұшаларын сойғаннан кейінгі малдәрігерлік санитарлық тексеру реті.
Ірі қара және шошқа бастарындағы лимфа түйіндерінің құрылымы.
Ет комбинаты жағдайында шошқа сойыс өнімдерін тексеру методикасы.Шошқаның басын тексеру реті.
Трихинеллезді топтық компрессорлық әдістер арқылы тексеру үшін сынама алу реті.
Етті бактериологиялық зерттеуге қандай жағдайда қажеттілік пайда болады. Зерттеу үшін сынама алу реті.
Қой шешегіндегі негізгі патологоанатомиялық белгілер. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
Еттің қандай малдыкі екендігін анықтауға арналған зерттеу әдістері.Қолданылатын реакциялардың мәні.
Шошқаның басын сойғаннан кейін малдәрігерлік санитариялық тексеру реті.
Ет өңдеу өнеркәсіптерінің мал жинақтайтын орындарында малдардан инфекциялық аурулар табылған жағдайдағы малдәрігерлік санитариялық шаралар. (Сібір жарасы, қарасан, сіреспе).
Қой листериозындағы патологоанатомиялық өзгерістер. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
Этиологиясы сальмонеллездік тағамдық токсикоинфекция (пайда болу себептері,алдын алу шаралары).
Брадзот ауруы. Сояр алдындағы диагностика, негізгі патологоанатомиялық белгілер.Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
Ірі қара және шошқа бастарындағы лимфа түйіндерінің құрылымы.
Ұсақ малдардың ұшасын сойғаннан кейінгі тексеру реті.
Ірі қара туберкулезіндегі негізгі патологоанатомиялық өзгерістер.Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
Этиологиясы бактериялық тағамдық токсикоздар (пайда болу себептері,алдын алу шаралары.)
Ет өндіру өнеркәсіптерінің мал жинақтайтын орындарында малдарды сояр алдында зерттеу.
Биогенді және техногенді ластауыштар табылған жағдайдағы мал өнімдерінің санитарлық бағасы.
Еттің қай түліке жататындығын анықтау әдістері. Қолданылатын реакцияның мәні.
Ірі қара және шошқаның кеуде қабырғасының және кеуде мүшелеріндегі лимфа түйіндерінің құрылымы.
Токсикоздар және токсиноинфекциялар туралы түсінік.
Шошқа етін мұздату және пысыру арқылы залалсыздандыру режиміне сипаттама бер.
Малдардың лейкоз, ісіктер, жүдеп-жадаған кезіне тән болатын органдар мен ткандердегі патологоанатомиялық өзгерістер.
Аусыл ауруының сойғаннан кейінгі диагностикасы. Ұша мен органдарының санитариялық бағасы және жүргізілентін шаралар.
Радиоактивтік заттармен зақымданған етке және сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бағалау.
Қой мен ешкіні өңдеу жылжымасында тексеру әдістері.
Қозының анаэробты дизентериясы. Сойяр және сойғаннан кейінгі диагностикасы. Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы және жүргізілетін шаралар.
Радиациямен зақымдануға ұшыраған малдардың сойыс өнімдерін ветерианриялық-санитариялық сараптау
Еттің балаусалығын анықтау әдістері.
Ірі қара малының қарасан ауруындағы негізгі патологоанатомиялық белгілер. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
Еттің жетілуі,оның мәні іс жүзінде қолданылуы.
Сойылған жылқының басы мен өкпесін ветеринариялық санитариялық сараптау ерекшеліктері.
Етті сақтау кезіндегі жағымсыз өзгерістер (еттің қызуы, шіруі, көгеруі, шырыштану).
Ауыл шаруашылығы малдарының пастереллезіндегі негізгі патологоанатомиялық белгілер.Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.
Мүйізді ірі қара ұшасының лимфа түйіндері (ұшаның ішкі беті).
Фасциолез және дикроцелиоз ауруларының сойғаннан кейінгі диагностикасы. Ұшалары мен органдарының санитарлық бағасы.
Әртүрлі малдардың етінің сүйектері мен ағзаларының құрылымы.
Бұлшық еттің бозғылтануы қай уақытта болады. Сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.
Саркоцистоз, токсоплазмоз ауруларының сойғаннан кейінгі диагностикасы. Ұшалары мен органдарының санитарлық бағасы.
Арықтау, уремия, механикалық жаралар урдістері кездескеніндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.
Үй қояны мен мысық етінің ерекшеліктері
Ірінді қабыну, ірінді ісік, бітеу жаралар кездескеніндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.
Адамға қауіптілігіне байланысты инвазиялық аурулардың классификациясы.
Қой және ит еттерінің ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |