Жылқы ұшаларындағы лимфа түйіндерінің топографиясы.
Қанат асты лимфа түйіндері- қаптар 7см дейін болады, 12-20 түйіндерден тұрады, қанат асты тамырлар өрімінің ортасында, үлкен дөңгелек бұлшық еттің ішкі бетінде орналасады.
Шынтақ лимфа түйіндері- тек жылқыларда болады, 5-30 түйіндерден тұратын, ұзындығы 5 см дейін жететін қап түрінде болады, шынтақ буынының жанында, иық сүйегінде, иық бұлшық етінің екі басты және үш басты бұлшық етінің ішкі бастарының аралығында орналасады. Лимфаны білектен бастап тұяққа дейінгі бұлшық еттерден, сүйектерден, байламалардан және сіңірлерден жинайды. Шығарғыш өзектері қанат асты түйіндеріне барады.
Тізе үсті лимфа түйіндері (тізе қатпары, мықын асты)- терінің астында, санның кең фасциясының ширықтырғышының алдында, сыртқы мықын төмпегінің сызығының ортасында, тізе тостағаншасына жақын, ұзындығы 6-10 см қап түрінде орналасады.
Тізе асты лимфа түйіндері- балтыр бұлшық етінде орналасады және санның екі басты бұлшық етімен және жартылай сіңір бұлшық етімен жабылған. Лимфаны артқы аяқтардың санының төменгі бөлігінен тұяққа дейінгі тері, бұлшық ет, сүйек, буын, сіңірлерден жинайды. Шығарғыш өзектері терең шап лимфа түйіндері барады.
Қой, енеке (буйвол), түйе ұшаларындағы лимфа түйіндерінің топографиясы.
Қойларда перде аралық түйіндерден зерттеу барысында вентральді, ортаңғы және дорсальді түйіндер табылмайды, ал каудальді түйіннің (6,0-9,0 см) зерттеу кезінде маңызы бар. Қойларда әсіресе шажырқай лимфа түйіндерінің топтарының саны көп.
Енекелердің лимфа түйіндерінің анатомо-топографиялық шекаралары және саны ірі қаранікінің мөлшерімен сәйкес келеді, ал көлемдері бойынша ірі болып келеді. Түйіндер негізінде жалғыз түзілістер түрінде болады, тек кейбіреулері ғана 2-6 түйіндерден тұратын топ ретінде болады. Ерекшеліктері, енекелерде тіл асты сүйегінің қөмейлік бұтағының астында орналасқан тіл асты лимфа түйіні болады. Енекелерде ортаңғы терең мойын лимфа түйіндері, қабырға – мойын лимфа түйіндері, бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері, сонымен қатар оң және сол перде аралық лимфа түйіндері тұрақты емес.
Түйелердің лимфа түйіндерінің анатомиялық құрылысы ірі қара лимфа түйіндерімен және аздап жылқылардың лимфа түйіндерімен бірдей ( кейбіреулері бөлшектенген және олар қап ретінде болады). Сойған кезде түйелерде жақ жұтқыншақ және бірінші қабырға лимфа түйіндері табылмайды. Тізе қатпарының лимфа түйіндері ірі (10 х 6 см) болып табылады, ал ортаңғы және артқы аралық перде лимфа түйіндері ұзындығы 30 см дейін, ені 2 см дейін бір түйінге біріккен.
Ірі қара және шошқаның кеуде қабырғасының және кеуде мүшелеріндегі лимфа түйіндерінің топографиясы
Ірі қараның бронхиальді оң жақ лимфа түйіні - In. bronchialis dexter – ұзындығы 1-3 см, оң жақ бронхтың бұтақтанған жерінде, оң жақ өкпенің үстіңгі және жүрек бөліктерінің арасында орналасады. Лимфаны өкпенің үстіңгі бөлігінен, өңештен, кеңірдектен және бронхтардың бастамаларынан жинайды. Лимфаны аралық перде лимфа түйіндерінің өзектеріне өткізеді.
Бронхиальді сол жақ лимфа түйіні - Inn. bronchialis sinister – ұзындығы 2,5-3,5 см, сол жақ бронхтың түбінің алдыңғы жағында орналасады, аорта доғасымен жабылған. Лимфаны кеңірдек және өңештің кеуде бөлігінен, бронхтардан, жүректен, өкпеден жинайды. Лимфа кеуде өзегіне немесе перде аралық лимфа түйіндерінің шығарғыш бағанасына келеді.
Кеңірдек – бронх түйіні - In. tracheobronchialis – ұзындығы 2-3 см, оң жақ өкпенің үстіңгі бөлігінің кеңірдектік бронхысына вентральді орналасады. Оны сонымен қатар оң жақ өкпенің үстіңгі бөлігінің лимфа түйіні деп атайды. Лимфаны оң жақ өкпенің үстіңгі бөлігінен және жүрек бөлігінен, жүрек қабынан жинайды. Шығаратын тамырлары алдыңғы аралық перде түйіндеріне барады.
Дорсальді аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales dorsales – аортаның дорсальді бетінде, омыртқа денелерінің астында орналасады. Лимфаны белдемеден және кеуде қабырғасының бұлшық еттерінен, аралық перде және перикардтан, көкет бетінен, бауыр және талақтан жинайды; лимфаны кеуделік лимфа өзегіне береді.
Алдыңғы аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales craniales – ұзындығы 0,5-2,5 см, аортаның алдыңғы жағында аралық пердеде, өңеш пен кеңірдектің сол жағында орналасады (кейбіреулері кеуде қуысының кіреберісінде), саны 10-ға дейін болады. Лимфаны қалқанша безден, кеңірдек пен өңештің кеуде бөлігінен, өкпе мен плевраның төбесінен, кеуде қуысының алдыңғы бөлігінен, перикардтан және жүректен жинайды, сонымен қатар бронхиальді және қабырға аралық лимфа түйіндерінің шығарғыш өзектерін қабылдайды.
Ортаңғы аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales mediales – 0,5-5 см, өңештен жоғары, аорта доғасының оң жағында орналасады, олар 2-5 болады. Лимфаны кеңірдек пен өңештің кеуде бөлігінен, өкпе мен плевраны ортаңғы бөлігінен жинайды. Лимфаны кеуделік өзекке береді.
Артқы аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales caudales – өкпенің артқы бөліктерінің араларында орналасады, аралық перде лимфа түйіндерінің ең үлкендері, олардың біреуінің ұзындығы 9-11 см (және одан жоғары) болады. Лимфаны өкпенің артқы бөлігінен, өңештен, плеврадан, көкеттен, бауыр мен талақтың көкет бетінен жинайды. Шығаратын өзектері кеуде лимфа түйіндерімен бірігеді.
Шошқаның бронхиальді лимфа түйіндері- үш түйін ретінде болады: сол, ортаңғы және оң. Сол жақ бронхиальді түйін аорта доғасымен жабылған, бифуркацияның алдыңғы бетінде, май қабатында жатады. Ортаңғы бронхиальді лимфа түйіндері бифуракцияның орнында орналасады, кейде сол жақ лимфа түйіндерімен бірігіп, лимфа түйіндердің бірыңғай конгломератын құрайды. Оң жақ бронхиальді лимфа түйіндері оң жақ бифуркацияның түйінде орналасады.
Перде аралық лимфа түйіндерінен шошқаларда ортаңғы және каудальді түйіндер болмайды, ал зерттеулерде дорсальді және краниальді перде аралық түйіндердің практикалық маңызы бар.
Перде аралық дорсальді лимфа түйіндері- ұсақ, омыртқа денелерінің және аортаның жоғарғы қабырғасының аралығында орналасады. Лимфаны өкпеден, костальді плевраның жоғарғы және төменгі бөлігінен, арқаның төменгі бетінің және белдің бұлшық еттерінен, диафрагмадан, қабырға аралық бұлшық еттерден жинайды.
Перде аралық краниальді лимфа түйіндері- саны 1-5, оң және сол жақ өкпенің аралығында жүрек алды бөлігінде, кеңірдек бифуркациясында орналасады. Лимфаны өңештен, кеңірдектен, өкпеден, жүрек қабынан, алдыңғы және артқы аортадан, плеврадан, диафрагмадан жинайды.
Ірі қара және шошқаның құрсақ, жамбас қабырғасы және жамбас қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы
Ірі қараның белдеме лимфа түйіндері – Inn. lumbales – олардың біреудері (ұсақтары) омыртқа аралық саңлаулардың маңында жатады (кейде болмайды), басқалары (сыртқылары) ұзындығы 0,5-4,0 см. аортаның оң жағында немесе дорсальды орналасады. Лимфаны бел және арқа бұлшық еттерінен жинайды да, оны жамбас лимфа бағанасына береді.
Ортаңғы мықын лимфа түйіні – Inn.iliaci mediales – сыртқы мықын артериясының алдында, белдеме лимфа түйіндерінің артқы қабына жықын орналасқан. Олар 2-5 болады, біреуі ірі, домалақ, диаметрі 7-9,5 см дейін болады. Лимфаны бел, жамбас, мықын бұлшық еттерінен, ен және енбаудан, жұмыртқалықтан, жұмыртқа жолынан және жатырдан, бүйректен және қуықтан, сонымен қатар шеткі мықын, терең шап және құйымшақ лимфа түйіндерінен жинайды. Шығарғыш өзектері бел лимфа цистернасымен бірігеді.
Шеткі мықын лимфа түйіні–Inn.iliaci lateralis – жұп, ұзындығы 1,5-2 см (ірі қарады кейде болмайды), ортаңғы мықын лимфа түйіндерінен латеральды және аздап краниальды орналасады, жамбас-мықын буыны және құрсақ бұлшық еттеріне қызмет етеді және лимфаны ортаңғы мықын лимфа түйініне және жамбас бағанасына береді.
Терең шап лимфа түйіні –In. inguinalis profundis –жұп, терең мықын артериясының басында, үлкен жамбасқа кіреберістің жанында орналасады. Ірі қарада, қойларда және шошқада бұл лимфа түйіндері жоқ деп есептеледі, ал оларға ортаңғы мықын лимфа түйіндерінің тобына жататын екі ірі түйін сәйкес келеді
Тізе қатпарының лимфа түйіні - In. subiliacus – жұп, ірі, ұзындығы 6-12 см, тізе қатпарының (шапмай) майлы қабатында, мықын төмпегінің аймағында, тізе тостағаншасының алдында орналасады. Лимфаны теріден, белден, арқадан, құрсақ және кеуде қуысының артқы бөлігінің қабырғасынан, жамбас бөлігінен, мықыннан және сирақтан жинайды.
Құйымшақ лимфа түйіні - Inn. sacrales – аортаның ішкі мықын артерияларына бөлінетін жерінде орналасады (бұл түйіндерді сонымен қатар алдыңғы жамбас түйіндері деп атайды). Лимфаны бел, бөксе және құйрық бұлшық еттерінен, жамбас қабырғасынан, жатырдан, қынаптан, қуықтан, уретрадан, енбаудан, шонданай және шеткі мықын лимфа түйіндерінен жинайды. Шығаратын өзектері ортаңғы мықын түйіндерімен байланысты.
Шонданай лимфа түйіні - Inn. ischiadicus – жұп ұзындығы 2-3 см, құйымшақ-шонданай вырезкасының сыртқы бетінде орналасады. Лимфаны жамбастың, құйрықтың, жамбас-мықын буынының бұлшық етінен және терісінен, тік ішек және анустан, жыныс мүшелерінен және тізе асты лимфа түйіндерінен жинайды
Беткі шап лимфа түйіндері - Inn. inguinales superficiales – жұп, айтарлықтай ірі, ұзындығы 2-5 және тіпті 6-10 см, желіннің үстіңгі жағында орналасады (желін үсті), сиырларда әр жағында 1-2 түйін болуы мүмкін, ал бұқаларда 1-3 түйін, және олар терінің астында енбаудан каудальді, ұшаның артында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасының артқы бөлігінің төменгі бетінің терісінен және бұлшық етінен, сирақ және мықынның терісінен және ішкі бетінің бұлшық ет қабатынан, сыртқы жыныс мүшелерінен жинайды.
Тізе асты лимфа түйіні - In. popliteus – жұп, ұзындығы 3,0-4,5 см, балтыр бұлшық етінде, мықынның енбасты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің сайында орналасады және май қабатымен қоршалған. Лимфаны табанның сүйегінен, сіңірінен, бұлшық етінен және терісінен, сирақтан, аяқтардың артқы бөлігінің терең бұлшық еттерінен жинайды. Бұл түйіннің шығарғыш өзектері ортаңғы мықын, алдыңғы жамбас, ал кейде шонданай лимфа түйіндерімен бірігеді. Бұл түйіндерді табу үшін мықынның енібасты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің арасын тізе буыны деңгейінде, 6-8 см тереңдікте тіледі. Түйін тізе тостағаншасына қарсы орналасады.
Тізе қатпарының лимфа түйіндері- сыртқы мықын төмпегі мен тізе буының аралығында, санның төрт басты бұлшық етінің алдында, май қатпарында орналасады (2-5 үлкен емес түйіндер). Лимфаны құрсақ қабырғасының бұлшық етінен және терісінен, арқадан, сауырдан, бөксе бұлшық етінен жинайды; оның тамырлары ортаң жіліктің жоғарғы бөлігіне дейін жайылған.
Беткі шап лимфа түйіндері- аталықтарда жыныс мүшесінің бір жағында, шап сақинасының алдында орналасады; аналықтарда емшектердің бір жақ шеттерінде май қабатында қап ретінде орналасады (кейде олар емшектердің жанында болады).
Бұл қаптар 5-8 үлкен емес түйіндерден тұрады. Лимфаны құрсақ қабырғасының жанындағы және төменгі бетінен, сүт бездерінен, ұшадан жамбас белдеуінің беткі және терең қабаттарынан жинайды.
Терең шап лимфа түйіндері- бірнеше түйіншектер түрінде (қап) жамбасқа кіреберістің бір жағында, ортан жілік каналының қасында, санның терең артериясынан жоғары орналасады. Лимфаны сауырдың және артқы аяқтардың бұлшық еттерінен, жамбас қуысының мүшелерінен және артқы аяқтардың лимфа түйіндерінен жинайды.
Жамбас лимфа түйіндері- саны 1-2, аортаның ішкі мықын артерияларына бөлінетін жерінің артында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасының артқы бөлігінен, бел, жамбас және құйрық омыртқаларының бұлшық еттерінен жинайды.
Тізе асты лимфа түйіндері- беткі және терең болып бөлінеді. Тізе буынының артында, жоғары, санның екі басты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің аралығында, май ұлпасында орналасады. Беткі лимфа түйіндері шошқаларда болмауы да мүмкін.
Ірі қара және шошқаның құрсақ және жамбас қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы
Ірі қара бауырының, бүйрек, шажырқай, жуан ішек, аноректальді лимфа түйіндерінің тапографиясы
Шошқаның жамбас, тізе, шап лимфа түйіндерінің тапографиясы
Ірі қара бауырының лимфа түйіндері - Inn. portales – 6 және одан да көп, ұзындығы 1-7 см, бауырдың кіреберіс қақпасында орналасады; ұйқы безімен қапталған (кейде май ұлпасымен). Лимфаны бауырдан, ұйқы безінен, он екі елі ішектен, ұлтабардың лимфа түйіндерінен жинайды. Лимфа ішек бағанасымен бірігетін шығарғыш өзектермен ағады. Түйіндердің беті жетілгенде қошқыл-сұр түсті, қара дақты.
Бүйрек лимфа түйіні – Inn. renales - ұзындығы 1-5 см түйіндер тобы, бүйрек артериясының артқы аортадан шығаберісінде орналасады. Лимфаны бүйректерден жинайды. Шығарғыш өзектері белдеме лимфа цистернасына құяды.
Ұзындығы 1-4 см, ұлтабардың кіші және үлкен қисығында және мес қарын, тақия қарын, кітапша қарынның бетінде орналасады. Лимфаны асқазан бөлімдерінен, он екі елі ішектен, талақтан жинайды. Лимфаны белдеме лимфа цистернасына береді.
Шажырқай лимфа түйіндері- шажырқайда, оның ішекке бекінген жерлерінде жатады (он екі елі ішектің, ащы, мықын, соқыр ішектердің түйіндер тобын құрайды). Лимфаны ішек қабырғасының ұлпа аралық кеңістігінен, ішек бүрлерінің лимфа синустарынан жинайды. Соңғысы, ұлпа аралық лимфамен араласып, оған сүт сияқты түс береді: шығарғыш өзектен лимфа мен оның қоспасы жалпы жиын тамырына барады, ол «сүтті цистерна» деп аталады. Кеуде қуысына барғанда ол жалпы кеуделі өзек деп аталады.
Жуан ішек лимфа түйіндері- лимфаны ішек қабырғаларынан жинайды және құрсақ цистернасына береді. Жуан ішектен лимфа ободочная ішегінің иректерінің араларында орналасқан лимфа түйіндеріне барады.
Аноректальді лимфа түйіндері- тік ішек бойында орналасады. Лимфаны тік ішектен және жамбас қуысының үстіңгі қабырғасынан жинайды. Лимфа құйымшақ ( алдыңғы жамбас ) түйіндеріне қарай ағады.
Шошқаның жамбас лимфа түйіндері- саны 1-2, аортаның ішкі мықын артерияларына бөлінетін жерінің артында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасының артқы бөлігінен, бел, жамбас және құйрық омыртқаларының бұлшық еттерінен жинайды.
Тізе асты лимфа түйіндері- беткі және терең болып бөлінеді. Тізе буынының артында, жоғары, санның екі басты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің аралығында, май ұлпасында орналасады. Беткі лимфа түйіндері шошқаларда болмауы да мүмкін.
Тізе қатпарының лимфа түйіндері- сыртқы мықын төмпегі мен тізе буының аралығында, санның төрт басты бұлшық етінің алдында, май қатпарында орналасады (2-5 үлкен емес түйіндер). Лимфаны құрсақ қабырғасының бұлшық етінен және терісінен, арқадан, сауырдан, бөксе бұлшық етінен жинайды; оның тамырлары ортаң жіліктің жоғарғы бөлігіне дейін жайылған.
Беткі шап лимфа түйіндері- аталықтарда жыныс мүшесінің бір жағында, шап сақинасының алдында орналасады; аналықтарда емшектердің бір жақ шеттерінде май қабатында қап ретінде орналасады (кейде олар емшектердің жанында болады).
Бұл қаптар 5-8 үлкен емес түйіндерден тұрады. Лимфаны құрсақ қабырғасының жанындағы және төменгі бетінен, сүт бездерінен, ұшадан жамбас белдеуінің беткі және терең қабаттарынан жинайды.
Терең шап лимфа түйіндері- бірнеше түйіншектер түрінде (қап) жамбасқа кіреберістің бір жағында, ортан жілік каналының қасында, санның терең артериясынан жоғары орналасады. Лимфаны сауырдың және артқы аяқтардың бұлшық еттерінен, жамбас қуысының мүшелерінен және артқы аяқтардың лимфа түйіндерінен жинайды.
Портальді лимфа түйіндері, асқазан, шажырқай лимфа түйіндері және тік ішек лимфа түйіндері- ірі қараның лимфа түйіндерімен бірдей жерде орналасқан және бірдей қызмет атқарады.
Жылқының құрсақ, жамбас қабырғасы және жамбас қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы
1. Жылқының құрсақ қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы
2. Жылқының жамбас қабырғасындағы лимфа түйіндерінің топографиясы
3. Жылқының жамбас қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы
Тізе үсті лимфа түйіндері (тізе қатпары, мықын асты)- терінің астында, санның кең фасциясының ширықтырғышының алдында, сыртқы мықын төмпегінің сызығының ортасында, тізе тостағаншасына жақын, ұзындығы 6-10 см қап түрінде орналасады.
Тізе асты лимфа түйіндері- балтыр бұлшық етінде орналасады және санның екі басты бұлшық етімен және жартылай сіңір бұлшық етімен жабылған. Лимфаны артқы аяқтардың санының төменгі бөлігінен тұяққа дейінгі тері, бұлшық ет, сүйек, буын, сіңірлерден жинайды. Шығарғыш өзектері терең шап лимфа түйіндері барады.
Беткі шап лимфа түйіндері- аталықтарда екі қаптан тұрады: алдыңғы, құрсақ қабырғасының төменгі бетінде, енбаудың алдыңғы жағында орналасады және артқы, енбаудың артқы жағында, жыныс мүшесінің бір жақ шетінде, жамбас қабырғасының төменгі бетінде орналасады. Аналықтарда бұл түйіндер желін мен іштің төменгі және жанғы беттерінің терісінен, артқы аяқтардан, желіннен және сыртқы жыныс мүшелерінен жинайды. Шығарғыш өзектері терең шап лимфа түйіндеріне барады.
Терең шап лимфа түйіндері- қап түрінде (20-25 түйіндер) сан каналының үстіңгі бөлігінде, терең сан артериясының бастамасының маңында орналасады. Лимфаны артқы аяқтардың терісінен, фасциясынан, жамбас пен санның бұлшық етінен, құрсақ бұлшық етінен және іш пердеден, жалпы қынап қабынан, еннен, жыныс мүшесінен және жатырдан жинайды. Шығарғыш өзектерді беткі шап және тізе асты лимфа түйіндерінен қабылдайды.
Ортаңғы мықын лимфа түйіндері- жамбас және бел аймағында, сыртқы мықын артериясының бастамасының жанында орналасады, іш пердемен жабылған. Лимфаны қабырға плеврасынан, іш пердеден, бел бұлшық етінен, жамбас белдеуінің бұлшық етінен және сүйектерінен, несеп-жыныс мүшелерінен жинайды. Шығарғыш өзектерді сыртқы мықын және терең шап лимфа түйіндерінен қабылдайды. Ортаңғы мықын лимфа түйіндерінің шығарғыш өзектері бел лимфа түйіндеріне барады.
Кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарының лимфа түйіндері- ірі қаранікіндей, атаулары да бірдей. Шығарғыш өзектері лимфаны жолдағы лимфа түйіндеріне немесе сәйкес келетін лимфа бағанасына береді.
Лимфа түйіндерінің топографиясы туралы айтыңыз
Мүйізді ірі қараның лимфа түйіндері
Шошқаның лимфа түйіндері
Ұсақ малдардың лимфа түйіндері
Енеке (буйвол) мен түйенің лимфа түйіндері
ӘДЕБИЕТТЕР
Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.43-45
Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.84-88.
Дәріс 3.
Ұша мен ішкі мүшелерді тексеру әдістері және оны ұйымдастыру.
Жоспар:
Ұша мен ішкі мүшелерді сойғаннан кейін ветеринариялық- санитариялық сараптаудың маңызы
Әртүрлі малдардың ұшалары мен органдарын конвейерлі жүйеде тексеру әдістемесі
Сойылған еттің ұшалары мен органдарына ветеринариялық – санитариялық сараптау арнаулы мал соятын, малды алғашқы өңдеуден өткізетін орындарда (ет комбинаты, қасапханалар, мал соятын алаңдарда) және колхоз базарында (ветеринариялық – санитарлық сараптау лабораториясында) ет және ет өнімдерінің асқа жарамды, не жарамсыз екенін анықтау үшін жүргізіледі.
Малдәрігерлік – санитарлық сараптаудың нәтижелерінде келесі міндеттер шешілуі тиіс:
Сапалы және зиянсыз ет өнімдерін асқа пайдалануға рұқсат беру.
Кейбір күмәнді деген ет және ет өнімдерін экономикалық тиімді әдістер мен зарарсыздандыру.
Адамға зиянды ауру малдың еті мен ет өнімдерін тамаққа қолдануға жібермеу.
Жарамсыз деп табылған органдар арқылы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын таратпау және қоршаған ортаны қорғау.
Жарамсыз деп танылған органдарды арнаулы санитарлық және технологиялық өндеуден өткізіп, не малға азыққа, не техникалық бағытта, не мүлдем жойылуы тиіс.
Ал осындай міндеттерді орындау ет комбинаттарында арнаулы малдәрігерлік нүктелер, ал қасапханаларда, алаңдарда – жұмыс орындары, көк базар малдәрігерлік – санитарлдық сараптау лабораториясында байқау алаңдарын ұйымдастырады.
Мұндай жұмыстарды жүргізу үшін малдәрігері арнулы киіммен (халат пен бас киім), пышақпен, шанышқы мен, егумен және лупамен жабдықталуы тиіс.
Малдәрігерлік – санитарлық сараптауға міндеті түрде мыналар жатады: бас, ұша, ливер (кеңірдек, өкпе, жүрек, диафрагма, бауыр), бүйрек, желін, жатыр.
Белгілі бір малдың ұшасына, басына, ливеріне және терісіне бір реттік сан (номер) белгілейді.
Ол үшін қағаздан жасалған нөмірлер (көлемі 3-4 см) қолданылады, оларды ұша мен органдардың үстіңгі жағына бекітеді.
Мал дәрігерлік – санитарлық сараптауға жататын, жоғарыда айтылған барлық объектілерді бір жерге орналастырып, зертеуге дайындайды: Ірі қараның басын ұшадан айырады, тілін жақаралық кеңістіктен еркін шығып тұратындай етіп үстіңгі жағы мен екі жағынан кеседі. Жылқының басын ұшасынан айырып, бүтін етіп, кеңсірік желбезегін шауып алады.Шошқаның терісін түсірген соң немесе ыстық сумен қылын жидіткеннен кейін жақ астының кеңістігінен тілін кесіп, оны кеңірдек пен бірге қалдырады, мойнының төменгі бөлігінің терісінде ұсталып қалатындай етіп басын кеседі.
Тексерілген өнім мөлшерін есепке алу сондай-ақ ұшалар мен органдарды бракка (жарамсыз өнімге) шығаруға себепкер болған патологиялық процесстерді тіркеу журнал болуы керек.
Ет комбинаттарында алдымен басты, сонан соң ішкі органдарды, соңында ет ұшасын зерттейді.
Сондықтан да мал дәрігерлік – санитарлық сараптауды төмендегідей схема бойынша өткізу қажет.
Басты тексеру.
Басты тексергенге қолайлы болу үшін, оны күршекке іліп қояды не үстелге қойып тексереді. Шошқаның басын тексергенге дейін ұшасынан айырмайды. Әр малдың басын тексергенде өзіндік ерекшеліктері болады.
Ірі қара, жылқы, түйе конвейерінде 4 мал дәрігерлік нүкте бар:
Бас.
Ішкі мүшелер.
Ұша.
Соңғы нүкте.
Ірі қара малының басын тексеру. Еріннің, танау тесігінің кілегей қабығын тексереді. Тілді бастан айырып бөлек алады. Пышақтың қыры мен тілдің үстіңгі жағынан кілегейді қырып тастап, онда уытты жараның, эрозияның (аусыл, ақбайпақ) бар жоғын тексереді, мұқият қолмен басып қарайды (актиномикоз, яғни боғмала). Еріндерін қолмен басып тексереді. Одан соң тілді қолмен ұстап, оны өзіне қарай төмендете тартады, ткандерді тілдің түбінен ұзына бойына оң және сол жақтарына, ал көмекей – жұтқыншақ маңынан – көлденеңінен келеді. Осылайша кескіндегеннен кейін екі ортаңғы жұтқыншақ түйін ашылады, оларды жарып тексереді.
Бастың оң және сол жақтарынан сыртқы күйіс бұлшық еттерін 2 рет ішкі күйіс бұлшық еттерін 1 рет жарыстыра кеседі (финноз, яғни таспа құрт ауруы). Құлақтың төменгі жағынан, алқым және шеткі жұтқыншақ лимфа (без) түйіндерін жарып кеседі. Сонымен қабат астыңғы және үстіңгі жақ сүйектерді, тағы басқа сүйектерді (актиномикоз) қолмен басып тексереді.
Осындай рет пен ұсақ малдың (қой мен ешкі) басы да тексеріледі.
Шошқаның басын тексергенде жақ асты бездерін, сыртқы және ішкі күйіс бұлшық еттерін кесіп тексереді, алқым, құлақ қасы (шықшыт) бездерін жарып, тексереді. Тілді қолмен басып тексереді.
Топалаңның созылмалы түрімен ауырғанда әсіресе жақ асты бездеріне, жұтқыншақ пен көмекейдің кілегей қабықтарына аса назар аудару қажет.
Жылқы есек қашыр және түйе бастарын тексергенде, әсіресе танау қуысын бөліп тұратын пластинканы тексеру үшін танау сүйектерін жарып кесіп, маңқаға қарсы тексереді. Жоғарыда айтылған бездерді (лимфа) түгелін жарып көреді (жақ асты, тіл асты, құлақ маңы, шеткі жұтқыншақ). Күйіс бұлшық еттерін кеспейді.
Ішкі мүшелердің ішінен ең бірінші сараптауға көкбауыр жатады.
Көкбауырды (талақ) тексеру. Көкбауырды тексеру барлық малда бірдей. Сыртынан көлемін, түсін, жұмсақтығын, шеттерін қарап тексереді. Ұзынынан кесіп көкбауырдың ішкі құрылысына назар аударған жөн (түсі, жұмсақтығы) т.б.
Ливерді тексеру.Өкпені кеңірдегі мен, жүрек пен, бауыр мен, көк шандыр (диафрагма), өңешпен қоса ілгекке іліп немесе столға қойып тексереді.
Ең алдымен өкпе ткандерін қолмен басып тексереді, нығызданып, қатайғаны байқалса, сол жерлерінің тұсынан кеседі (паразиттер, эхинококктар, пневмония, яғни өкпенің қабынуы). Одан кейін өкпенің лимфа түйіндерін: сол жақ бронхылық, оң жақ өкпенің қосымша жарнағының түйінін, оң жақ бронхылық және барлық көкірек қуыстық лимфа түйіндерін жарып тексереді. Жылқы ливерінде міндетті түрде бүкіл кеңірдекті жарып, әрбір өкпеден ұзына бойына бірнеше кескіндер жасайды (сап, яғни маңқа).
Достарыңызбен бөлісу: |