I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіңдер ме, студеттер! Бүгін сабақта кім жоқ? Оқу- құралдарыңды алып, үйге берілген тапсырмаға дайындалып отырыңдар.
Үйге қандай тапсырма берілді?
Семинар сабағы, тақырыбы: “Психодиагностикалық әдістерге қойылатын талаптар”.
Біз бүгін семинар сабағын пікірталас түрінде өткіземіз. Ол үшін сендер төрт топқа бөлінесіңдер. Үйге берілген семинар сұрақтары бойынша пікірталасымызды жүргіземіз.
Сендердің берген жауаптарың мынадай бағалау критерийі бойынша бағаланады:
“5” ұпай- егер жауаптарың толық, дәл, логикалық, бірізділікпен айтылса қойылады;
“4” ұпай- егер жауапты толық білсеңдер, бірақ болар-болмас кемшііліктер кетсе қойылады;
“3” ұпай- егер жауаптарың дұрыс, бірақ толық емес, айтылған жауапта кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қоылады;
“2” ұпай- егер сендердің жауаптарыңда қателер, елеулі кемшіліктер бар болса қойылады;
“1” ұпай- егер жауаптарың тақырыпқа сай келмейтін болса, толып жатқан өрескел жауапқа қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |