Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Мұғалімнің психология-педагогикалық құзіреттілігінің диагностикасы»


Кіші және орта мектеп жасындағы балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері



бет49/68
Дата06.02.2022
өлшемі145,66 Kb.
#80482
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68
Байланысты:
34c8778b-4d17-11e4-973d-f6d299da70ee3
Жаспанова М.Ж кмж үлгісі, Жаспанова М.Ж кмж үлгісі
Кіші және орта мектеп жасындағы балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.
Кіші мектеп оқушыларын психодиагностикалау ерекшеліктері.
Кіші мектеп оқушыларының танымдық процестерінің даму ерекшеліктері.
Мектепте оқуға даярлық параметрлері. Кіші мектеп оқушыларының тұлғалық және өзара жеке бастық қарым-қатынас ерекшеліктері
Мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамуларымен ажыратылады. Олар психологиялық-педагогикалық зерттеулерге әр түрлі жауап көрсетуі мүмкін. Сондықтан қандай да болмасын психологиялық диагностикалық әдістемені қолданбас бұрын, оның осы жастағы баланың оқыл-ойына түсініктілігін, және тым жеңіл еместігін ескеру керек. Балаға белгілі бір мөлшерде қиын, түсінікті, бірақ аз қызықтыратын психологиялық тест ұсынсақ, ол бұл тапсырманы орындай алмайды. Бұл баланың ақыл-ой қабілетінің жоқтығынан емес, оның жекелей-психологиялық дамуының жеткіліксіз деңгейінің себебінен. Егер, керісінше, осы тестік тапсырманы ойын түрінде, істей және сырттай қызықты формада өткізсе, тестік тексеру нәтижесі біршама жоғары болар еді.
Осы жағдайды практикада балалар психологиялық-диагностикасында міндетті түрде ескеру керек, әсіресе бірінші және екінші сынып оқушыларымен.
3-ші 4-ші сынып оқушыларына келетін болсақ оларға ересектер тестерін пайдалана беруге болады, тест тапсырмалары балаларға түсінікті болса.
Түсініктілік деп тұрғанымыз, осы тапсырмалардың балада бар қабілеттерге сәйкес келуі.
Ересектер тестерін бастауыш мектеп оқушыларына қолдануда белгіленген шектеулер бар. Ол ойлауды, жеке басты және өзара қатынастарды зерттеуге жасалған және қолданылатын тестерге бағытталған шектеулер. Ересектерге арналған ақыл-ой тестері сөз-логикалық ойлауды бағалайды, ал бастауыш мектеп оқушыларында бұл ойлау түрлі даму жолында болады. Оларда көрнекі-бейнелі, көрнекі-қимылдың ойлау басым болады.
Сонымен бірге ересек адамдар үшін жасалған тестерде, ақыл-ой міндеттері ересек адамдардың өмірлік тәжірибесін көрсететін ұғым мен тіл жүйесін пайдалануды қажет ететін сөз формасында жасалған. Олар көп жағдайда балаларға түсініксіз яғни ересектерге арналған ақыл-ой тестерін балаларға қолдану үшін күрделі бейімдеу жұмысы жүргізілуі қажет.
Кейде бұны жасау мүмкін емес, онда белгілі тестің балалар үшін жаңа нұсқасын жасау қажеттілігі туады. Мысалы, Векслердің ақыл-ой тесті, Кеттел тестінің балалар нұсқасы.

Ересектерге арналған жеке бас тестерін қолданудағы шектеулердің өте маңызды сипаты бар. Ересек адамды бағалайтын тестегі жеке бас қасиеттері балаларда мүлдем болмауы мүмкін, немесе керісінше балаларда ересек адамдарда жоқ жеке бастың жастық ерекшелігі болуы мүмкін. Сондықтан ересектер тесті үлгісімен жасалған балалар тесті жеткілікті сенімді болмауы мүмкін, яғни бір жағынан балаларда әлі жоқ қасиетті бағалайды, ол екінші жағынан оларды бар нәрсені бағаламайды.


Осында ұсынылған психологиялық-педагогикалық әдістемелер мектепке баратын және бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму деңгейін комплексті бағалауға бағытталған. Танымдық үрдістеріне, жеке басына және өзара қарым-қатынастарына, оларда бар практикалық іскерліктер мен дағдыларына мінездеме береді.
Осы әдістемелер жүйесін пайдалану негізінде балалардың мектепке оқуға психологиялық даярлығын, олардың бастауыш сыныптарда оқу барысындағы психологиялық дамуын бағалауға болады.
Осы комплекстегі әдістемелерді пайдаланып баланың психологиялық дамуында алған жылжуына көмектесетін, оқу-тәрбиелеу жұмысын тиімді бағалауға көмектеседі. Әдістемелерді 6-7 жастан 10-11 жас аралығындағы балаларды зерттеп, салыстыратын нәтижелер алуға болады.
Балаларды психологиялық-педагогикалық әдістемелер мына міндеттерді шешеді:

  1. Баланың қалай дамығаны анықталады.

  2. Балада бар нышан мен қабілеттерді дер кезінде анықтау.

  3. Баланың оқуда артта қалу себептерін немесе жаман тәрбие себептерін анықтайды.

  4. Мұғалімдерге, ата-аналарға ғылыми негізделген нұсқаулар беру.

Осы берілген әдістемелер көмегімен балаларға зерттеу жүргізуге кететін уақытты үнемдеу тәсілдерінің бірі – бұл балаларды топтық зерттеу мүмкіншілігі. Осындай мүмкіншіліктер мен шарттар туралы әрбір әдістеме берулеріне айтылған. Егер ондай берілулер болмаса онда бұл әдістемені жекелей де, топта да жүргізуге болатынын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет