Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Мұғалімнің психология-педагогикалық құзіреттілігінің диагностикасы»


Психологиялық диагностикалық зерттеуді өткізуге кіріспес бұрын, мыналарды орындау ұсынылады



бет50/68
Дата06.02.2022
өлшемі145,66 Kb.
#80482
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68
Байланысты:
34c8778b-4d17-11e4-973d-f6d299da70ee3
Жаспанова М.Ж кмж үлгісі, Жаспанова М.Ж кмж үлгісі
Психологиялық диагностикалық зерттеуді өткізуге кіріспес бұрын, мыналарды орындау ұсынылады:

  1. Әдістеме текстімен танысу, оны толықтай түсіну.

  2. Әдістемеге берілген берілуді оқып шығу.

  3. Әдістемені өткізу үшін қажетті материалды даярлау.

  4. Осы әдістеме көмегімен бір баланы байқап көріп нәтижесін өңдеу.



Жеткіншектер мен жасөспірім балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.
Жеткіншектер мен жасөспірім балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері. Жеткіншектер мен жасөспірім балалардың танымдық процестерінің даму сипаты. Жеткіншектер мен жасөспірім балалардың өзара жеке бастық қарым-қатынасының ерекшеліктері.
Тақырыпты қарстыру барысында жеткіншектердің кіші мектеп оқушыларынан психологиялық ерекшеліктерін қарастыру қажет. Жеткіншектік шақ кіші мектеп оқушыларынан айырмашылығы: бұл кезең ең алдымен балалық кезеңнен ересектікке өтуімен сипатталады. Осы сипатқа байланысты жасөапірімдік шақ үш кезеңге бөлінеді:
Ерте жасөспірімдік кезең (9-11 сынып)
Орта жасөспірімдік кезең (17-18жастан 22-23 жасқа дейін)
Жоғарғы жасөспірімдік кезең (23-24жастан 29-30 жасқа дейін).

Жеткіншектік кезеңде бала өз мінез-құлқының барлық бағыттарында ересектерден тәуелсіз екендігін ұмтылуға тырысады. Кіші мектеп оқушылары ересектердің тілін алмаушылықты, шамадан тыс қозғалмалы болса, ал жеткіншектер неғұрлым тәуелсіз және ата-ана, мұғалімдер тарапынан сыртқы психологиялық ықпалды қабылдамайды. Бұл тәуелсіздікке ұмтылу баланың өз бетінше жасалған әрекет-қылықтары емес, ал кішкене бала сияқты ересектердің тілін алмауға ұқсас келеді.


Жеткіншектік кезең баланың өзіне, өзінің сырт кел бетіне, өзіне-өзі тануына, өзін-өзі тәрбиелеуге көп көңіл бөлуімен сипатталады. Кіші мектеп оқушылары ересектерден тәуелсіз өзіне деген көзқарасы қалыптаспаса, ал жеткіншектерге бұл көзқарас біршама қалыптасқан. Бірақ бұл көзқарастың қаншалықты деңгейде шындыққа сай екендігі жайында айтуымыз керек; Бала өзінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін бағалай алады. Мұндай көзқарас қарама-қайшыда келуі мүмкін. Бір жағынан жеткіншек өзін жақсы жақтары бар, қасиеттері бар, оларды мақтан етуге болады деп сенеді, ал екінші жағынан кемшіліктері бар, және олардан арылу керек деп санайды. Бірақ осы екі жағдайда да жеткіншектік өзін ересек адам ретінде емес, ал балалық әрекеттер жасайды.
Келесі бір ерекшелік: әрекет-қылықтарының және өзіндік-сана сезімінің нормамен басқарылуы. Егер кіші мектеп оқушылары өзінің мінез-құлқы және ішкі бағыт бағдарын ұстануда ересектер тарапынан қойылатын әлеуметтік нормаларды ұстанса, ал жеткіншектік өз құрбыларымен қойылатын талаптарды ұстанады.
Жеткіншектер үшін мінез-құлқы, адамгершілік қасиеттен басқару үшін әлеуметтендірілген нормалар болып табылады. Бұл лидерлік немесе топтық нормалар, олар жеткіншектерге тән референтті топтарға тән.
Келесі ерекшелік: жеткіншектер құрбылары арасында беделге ие болуға. Физиологиялық дамуында жақсы жақтарын көрсетуге тырысып, кіші мектеп оқушыларымен салыстырғанда өзінен жасы үлкен бір жынысты құрбылары немесе ересектерге еліктеуге тырысады. Мұны психологияда жыныстық ролдік теңестіру (полоролевая идентификация). Бұл құбылыс жеткіншектерге және ерте жасөспірімдік кезеңге тән.
Келесі ерекшелік; кіші мектеп оқушыларына қарағанда жеткіншектер ойын ролдерінен шынайы әлеуметтік ролдерді жүзеге асыруға тырысады. Егер кіші мектеп оқушылары өмірде өздерін шынайы сипатта көрсетіп, ролдік өөө тек ойын іс-әрекеттері барысында көрсетсе, ал жеткіншектер бұл ролдері әртүрлі құрбылар тобында көрсетуге тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет