Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Мұғалімнің психология-педагогикалық құзіреттілігінің диагностикасы»



бет48/68
Дата06.02.2022
өлшемі145,66 Kb.
#80482
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
Байланысты:
34c8778b-4d17-11e4-973d-f6d299da70ee3

САУАЛНАМА


  1. Оқимын, себебі сабақта қызықты.

  2. Оқимын, себебі ата-аналарым міндеттейді.

  3. Оқимын, себебі көп білгім келеді.

  4. Оқимын, себебі кейін жақсы жұмыс істеу үшін.

  5. Оқимын, себебі ата-аналарыма қуаныш әкелу үшін

  6. Оқимын, себебі жолдастарымнан қалмас үшін.

  7. Оқимын, себебі қазіргі дымбілмес болуға болмайды.

  8. Оқимын, себебі мұғалім ұнайды.

Берілулерді өңдеу үшін келесі таблицаны пайдаланыңдар:



Жауаптардың жалпы
Саны

Мотив жауаптарының саны

Сабақта қызықты

Ата-аналар міндеттейді

Көп білгім
келеді

Кейін жақсы жұмыс істеу үшін

Ата-аналарыма қуаныш әкелу үшін

Жолдастарымнан қалмас үшін

өз сыныбымды ұятқа қалдырмас үшін

Қазіргі кезде дымбілмес болуға болмайды

Мұғалім ұнайды































100%




























Бастауыш сынып балаларында оқу мотивтерінің басым мотивін анықтап, қорытынды жасаңдар.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының ерекшеліктерін анықтау.


Ол үшін өз сыныбыңда сауалнама жүргіз. Алдын-ала оқушыларға нұсқауда түсіндіріңдер: «Сауалнаманы аяғына дейін зейінмен оқыңдар және қай пән сендерді қызықтырады, неге соны көрсетіңдер».

  1. Қазақ тілі

  2. Математика

  3. Ана тілі

  4. Табиғаттану

  5. Еңбек

  6. Сурет салу

  7. Ән-күй

  8. Дене шынықтыру.

Берілулерді өңдеу үшін 1,2 және 3-ші таблицаларды пайдаланыңдар.
1 таблица

Сұралған оқушының саны

Жауаптардың жалпы саны

                1. Қызығушылық бағыттары

Қазақ тілі

Математика

Ана тілі

Табиғаттану

Еңбек

Сурет

Ән-күй

Дене шынықтыру

100%




























2 таблица



Сұралған оқушылардың саны

                1. Қызығушылық көрсеткен оқушылар саны

/ қызығушылық кеңдігі

Бір пәнге

Екі пәнге

Үш пәнге

Төрт пәнге

Бес пәнге

100%
















3 таблица



Сұралған оқушылардың саны

Қызығудың пайда болу себептері

Ересектердің әсері

Қабілеттер (пән жеңіл игеріледі)

Белсенді әрекет жасау мүмкіндігі

Басқа себеп-тер

Себебін көрсетпей-ді

100%
















Алынған нәтижелерді талдауда анықтаңдар:

  1. қандай да бір пәнге сынып оқушыларының басым қызығушылығын (себебін түсіндіріңдер);

  2. осы оқушыларда аз қызығушылық тудыратын пәндерін (себептерін көрсетіңдер);

  3. осы оқушылардың қызығушылықтарының кеңдігін.



Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік себебіне психологиялық талдау
Жақсы үлгеретін, орташа үлгеретін және үлгермейтін балаларда анализ және синтез тәсілдерінің қалыптасу деңгейін эксперимент әдісімен анықтаңдар.
Оқушылардан зейінмен суретті қарауды, суретте шие және алма бұтағы бейнеленген және оны толықтай сипаттап беруін сұраңдар.
Тәжірибе берулерін талдаңдар:
а) объектінің оқушы анықтаған (қасиеттерінің саны;
б) қабылданған талдауда жүйелік бар ма, жоқ па?
Әр түрлі үлгерімдегі балалар жауаптарын салыстырыңдар.
Бастауыш сынып оқушыларының жалпылау іс-әрекетінің ерекшеліктерін анықтау. Оқушыларға заттар бейнеленген суреттер көрсетіледі, онда бір ұғымға кіретін суреттер болады, оның ішінде біреуі артық.
Мысалы: комбайн, тепловоз, соқа, шөпшапқыш, сеялка. Балалар тепловозды алып тастайды, себебі ол «ауыл-шаруашылық машиналары» ұғымына кірмейді. Салыстыру үшін мынандай тәжірибе өткізіңдер – осы суреттерге теледидар бейнесін қосыңдар. Бұл жағдайда артық зат теледидар болады, қалғандары «машиналар» ұғымына біріктіріледі.
Сурет топтары: төсек, орындық, үстел, шкаф, есік, диван («есік» сөзі «жиһаз» ұғымына кірмейді); ит, сифр, қой, мысық, жираф («жираф» сөзі артық «үй жануарлары» ұғымына кірмейді).

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:



  1. Сыныптағы оқу процесінің жалпы ерекшеліктері ұғымына не кіреді ?

  2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу қызығушылықтарын қандай жолмен анықтауға болады ?

  3. Бастауыш мектепте оқу үлгермеушілігінің себептері қандай жолмен анықталады ?

Әдебиеттер:



  1. Немов Р.С. Психология. Кн.3. М., 1995. 256 бет.

  2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. Т.1. Владос, 2001. 50 бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет