Жалпы педагогикалық(жалпыдидактикалық) деңгей: бұл деңгейдегі технология бір өңірдегі, оқу орнындағы, нақты бір оқыту сатысындағы тұтас білім беру үрдісімен сипатталады. Бұл жерде педагогикалық технология педагогикалық жүйе ретінде қарастырылады.
Жеке әдістемелік (пәндік) деңгей: бұл деңгейдегі технология «жеке пәндер әдістемесі» немесе бір пән, сынып көлеміндегі оқыту мазмұнын жүзеге асырудың әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қолданылады.
Локальды (модульдік) деңгейдегі технология оқу-тәрбие үрдісінің жеке бөліктерінің дидактикалық немесе тәрбиелік міндеттерін (өздік жұмысты ұйымдастыру технологиясы, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру технологиясы, білімнің меңгерілуін тексеру технологиясы, т.с.с.) шешуімен сипатталады.
Г.К.Селевко педагогикалық технологиялардың өзiндiк жiктеуiн ұсынады:
Педагогикалық қарым-қатынасты iзгiлендiру мен демократияландыруға негiзделген технологиялар (ынтымақтастық технологиясы, Ш.А.Амоношвилидiң iзгiлiктi-тұлғалық технологиясы, Е.Н. Ильинаның әдебиеттi адам қалыптастыру пәнi ретiнде оқыту жүйесi, т.б.);
Достарыңызбен бөлісу: |