Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»



бет87/127
Дата08.02.2022
өлшемі212,74 Kb.
#118816
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   127
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Антропологиялық тұғыр – адамды оның әлеммен жан-жақты байланыстарында және тіршілік әрекеті көріністерінің алуан түрлілігінде қарастыруға мүмкіндік беретін бірін-бірі өзара толықтыратын компоненттер жиынтығы, ол өмір сүрудің күнделікті формасында, оның ішінде білім беруде нақты адамзат қоғамында педагог-оқытушы-тәрбиешіні абстрактілі емес, деректі оқушыны, студентті тәрбиелеуге бағдарлайды.


Гуманистік бағыт тұғыры– педагогтың тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты және дербес субъект ретінде қараудағы жүйелі қарым-қатынасы, оның тәрбие процесінде адамгершілік қарым-қатынас негізінде тұлғамен және ұжыммен өзара әрекеттесу стратегиясы.
Диалогтылық тұғыр – бір мезгілде қоғамдық мүдделер мен тұлғалық-құндылықты мақсаттарды іске асыруын сақтай отырып, басқару тәжірибесін қалыптастыру, міндеттемелер мен ынтымақтастықтарды орындау, өзіндік менеджментке қабілеттерін дамытуды қалыптастыру үшін балалардың түрлі, оның ішінде педагогтер ұйымдастырған бірлестіктерінің мүмкіншіліктерін қолдануды көздейді.
Мәденисәйкестілік тұғыр– тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделініп, жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениет нормаларына сәйкес құрылуы тиіс. Мәдениеттану тұрғысынан - ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени дәстүрлер ұлттық сананың, танымның негізі болып табылады.
Үздіксіздік тұғыр – тұлғаны тіршілік әрекетінің барлық кезеңінде жан-жақты дамыту, оның кәсіби және жалпымәдени өсуін, шығармашылық әлеуетін байыту, күші мен қабілеттерін толық іске асыру мүмкіндіктерін арттыру.
Табиғисәйкестілік тұғыр– табиғат дамуының ортақ заңдарының басымдығы; табиғи және әлеуметтік процестердің өзара байланысы; тәрбие жұмысында білім алушылардың жынысы мен жас ерекшеліктерін ескеру.
Тұтастық тұғыр - оқу және оқудан тыс қызметтердің кіріктірілуімен қамтамасыз етіледі: оқу қызметі қазақстандық сәйкестіліктің когнитивті құрамдасын қалыптастырады; сабақтан тыс қызметте эмоционалды-құндылықты мінез-құлық компоненті дамиды.
Этнопедагогикалық тұғыр – азаматтық келісім мен үйлесімге, қоғамдық қатынастарға қол жеткізу, этникалық мәдениеттердің бірігу негізінде жалпыұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал ететін мәдениетжасаушы ортаны қалыптастыру.
Тәрбиенің әдіснамалық негізі мәдениеттану, аксиологиялық, өркениеттік, жүйелілік, тұлғалық, тұлғаға ықпал ету, тұтастық, әлеуметтік, іс – әрекеттік, этнопедагогикалық т.б. тұғырлары тұрғысынан қарастырылып, тұлғаның танымын, санасын, шығармашылық дамуын қалыптастыруға үлкен әсер етеді.
Тәрбиенің әдіснамасы дегеніміз - тәрбиенің тарихилығының айқындалуы, мақсаты, міндетіне, әдіс - тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра білу, бірізді, сабақтастықта ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени дәстүрлер тәрбие үдерісіне жаңашыл көзқарастармен теориялық тұрғыда енгізе отырып, тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді оның іс – әрекеті, қарым - қатынас, мінез – құлқында көрініс табуы. Тұлғаның қоғамға бейімделуі, әлеуметтенуі, ұлы дала елінің мәңгілік ел идеясы негізінде еліміз әлемдік деңгейде білім кеңістігіне кіріктірілуі, тұлғаның бойындағы ұлттық құндылықтарды, ұлттық сананы, танымын қалыптастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет