Пәннің оқу әдістемелік кешені (ПОӘК) 2003ж Алматы қ. Абай атындағы амудің «психология және әлеуметтік психология» кафедрасы дайындаған «Психология» типтік бағдарламасы негізінде құрастырылды



бет18/25
Дата28.01.2018
өлшемі1,62 Mb.
#34375
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

Дәрістің мазмұны :


1.Еріктің физиологиялық негізі

2.Апраксия және абулия.

3.Шешім қабылдау процесі және шешім қабылдағыштық.

Ерік патологиясында әртүрлі деңгейдегі еріктің әлсізденуінен көрінеді. Әсіресе, бұл патологиядағы үлкен рөлді абулия , яғни еріксіздік алады. Абулиямен ауырған адам қандай да болмасын іс-әрекеттерді отырғанды немесе жата бергенді жақсы көреді. Кей жағдайда ауру адам өз қажеттіліктерін қанаттандыруға бағытталған әрекеттерді (тамақ ішу, ұқыптылық) орындаудан қалады.



Апраксия- ерікті мақсатқа бағытталған қозғалыстармен әрекеттердің бұзылуы.Апраксия ми бөліктерінің зақымдалуына қарай мынадай түрлерге бөлінеді :

  1. кинестетикалық апраксия – керекті қозғалыс жиынтығының болмауы (яғни түйсінумен байланысты қозғалыстар, өз денесінің қозғалыстары бақылай алмау)

  2. кеңістіктегі апраксия - өз қозғалыстарын кеңістікте ұйымдастырудың бұзылуы

  3. Динамикалық апраксия – бірізді қозғалыстарды орындаудың қиындауы.

  4. «маңдай» регуляторлық апраксия – ерікті қозғалыстарды сөздік реттеуге бағынуының бұзылуы, күрделі персеверациялар пайда болады: эхолалия, эхопраксия.

Еркі жақсы дамыған адамдарда өз мотивтерін жан-жақты қарастырып, мақсаттарын тез құрастырады. Еркі төмен адамдар көпке дейін шешім қабылдай алмай, қабылдап алып оны тез өзгертеді,кейде мойындамайды.

Психикалық ауру адамдарда кейде іс-әрекет мотивацияларының бұзылуы кездеседі, ауру көріністері ретінде әртүрлі «еріксіз» қылықтар көрінеді. Оларға импульсивті әрекеттер және импульсивті құмарту жатады.

Импульсивті әрекеттерге ой мен сана қатыспайды. Бұндай әрекеттер кенеттен пайда болатындығымен, ойланбайтындығымен сипатталады. Ауру адам кенеттен айқайлап, бәрін сындырып, терезеден секіреді., көшемен жүгіріп бірінші кезіккен адамды құлатады т.с.с.

Импульсивті құмарту – ауру адамның санасын улап, оның мінез-құлқы өз-өзіне бағынбайды.Олардың бірнеше түрлері бар : Клептомания- ұрлап алуға ұмтылу. Клептомания ең алдымен ауру адамның өзіне қажеті, құндылығы жоқ нәрселерді иемденуінен көрінеді. Пиромания - өртеуге ұмтылу. Дромомания- қаңғыбастыққа ұмтылу. Копромания- балағат сөздер айтуға ұмтылу.

18 дәріс

Тақырып: Эмоциялардың дамуы.

Дәрістің мазмұны :


1.Эмоциямен сезімдердің сыртқа көрінуі.

2.Балада эмоция даму ерекшеліктері.

Эмоция деп біз адамның уайымын айтамыз, олар жанға жағымды және жағымсыз сезімдермен, қанағатсыздық және қанағаттықпен, сонымен қатар олардың әр түрлі рең және үйлесімділікпен бірге кездесіп отырады.Ең қарапайым эмоциялар қанағаттық пен қанағатсыздық. Эмоцияның күрделі нұсқаулары мынадай сезімдермен беріледі: қуаныш, күйініш, қайғы, қорқыныш, реніш. Эмоцияның сезімнен айырмашылығы мынада: сезім ешқандай субъектік қайғыру, мысалы қанағат немесе қанағатсыздық, жанға жағымды немесе жағымсыз сияқты куйлермен байқалмайды. Олар адамға оның ішінде және сыртқы дүниесінде не болып жатқан мәліметті береді. Ал эмоциялар адамның субъекттік жағдайын көрсетеді, олар адамға керек деген өмірлік нәрселер болып табылады. Бірақ эмоциялар мен сезімдерді бір-бірінен алыстату қиын себебі олар адамның қайғысында ортақ кездеседі, қосылады мысалы, бейнелі өнер туындылары әр уақытта қандай болсада эмоционалдық қайғымен, ойлаумен кездесіп отырады, бұдан біз адамның өнерге деген көзқарасын, сезімін байқаймыз.

Балалардың қарапайым эмоциялары туған күнінен бастап – ақ көрінеді. Бала есейген сайын эмоциялар біртіндеп дами түседі. Жақсы, жаман деген сөздердің мәнін айыра бастауы балада ұялу сезімінің қалыптасып келе жатқандығын байқатады.

Сезім және эмоция туралы түсінік. Эмоция мен сезім ерекшелігі адамның қажеттіліктерімен, талабымен, ниетімен, еркімен және мінез ерекшеліктерімен анықталады.

Сезім мен эмоция екі түрлі қызмет атқарады:1.реттегіштік. 2. сигналдық.

Сезімнің реттегіштік қызметі көңіл-күйдің тұрақтылығы мен мінез-құлқымызға бағыт беріп, оны қолдап кездескен кедергілерді жеңуге көмектеседі.

Эмоцияның реттегіш механизмі эмоциялық қозуды бәсеңдетеді. Мысал: сағыныш, торығу, қатты қуану, шаттану т.б.

Міне бұлар сөз, күлкі немесе бұлшық ет қимылдары арқылы сыртқа шықпаса қауіпті болады.(жылау 15 мин.).

Мәнді қимылдар эмоциялар мен сезімдердің сигналдық қызметін атқарады. Олар толғаныс, тебіреністі толықтырып айқындай түседі.

Дауыстық және мимикалық сигналдар, сөз, ырғақтары, дауыс реакциялары иқарым-қатынаста адамдар арасында байланысты бейнелейді. Мысалы: күлімсіреу, зілді, жасады, мұңды күйде қарау т.б.

Адам өзіне, басқа адамдарға, айналасындағы дүниеге қатемасын білдіретін, оны бейнелейтін психикалық процесті сезім деп атайды. Сезім адамның психикалық әрекетінің қандай жақтарына да белгілі түрде реңін береді. Эмоциялар мен сезімдер адамның әрекетімен, оның мінез құлқымен, жүріс-тұрысымен біте қайнасып жатады, таным процесі де сезіммен ұштасады. Эмоция мен сезім дегеніміз бұл адамның айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы. Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Осындай саналық ерекшеліктерінің бірі қарама-қарсы, полярлық сапалық ерекшеліктер деп аталады. Мысалы: сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу т.б.

Сезім мен эмоциялардың физиологиялық негіздері.

Жоғары сезімдер. Жоғарғы сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интелектік деп аталатын сезімдер кіреді.

Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдері.

Жоғарғы сезімдердің бір түрі-эстетикалық сезімдер. Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезіну.

Жоғарғы сезімдердің бұдан басқа бір түрі – интелетік сезімдер адамдардың таным прецестерімен ақыл ой әрекетімен тығыз байланыста жатады.

19 дәріс

Тақырып: Эмоцияның физиологиялық негізі және психологиялық теориялар.

Дәрістің мазмұны :


1.Эмоциялар теориясы.

2.Эмоциялардың психологиялық негізі.

3.Эмоционалдық көңіл-күй түрлері.

Адамның танымына ерекше орын алатын психикалық процестер түйсік, ес, ойлау, қиял, т.б. кіреді. Осы процестердің әр қайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын бейнелеудің түрлі формалары екені, бұлар бізге айналамызды әр қырынан танытатын, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары сізге бұрыннан белгілі. Адам реалдыдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттілігіне қарай айналасына түрлі көңіл-күйін білдіріп отырады.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атаймыз. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т.б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері болып табылады.

Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді.Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады.Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.

Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін – қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу, шаттық, ұйым т.б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.

Сезімдердің екінші ерекшелігі – олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды – стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерін – астеникалық деп атайды. Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық, т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік, т.б. сезімдер жатады.

Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі – жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу деп аталады. Студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады.

Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.

Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Адам ұдайы қинала беретін болса, онда оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануы психологияда стресс деп атайды. Организмнің күшті тітіркендіргіштермен айқаса түсуін күш салу, немесе зорлау деп атайды.

Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шырықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл-қоштық, т.б.- осындай эмоциялардың енді бір түрі жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар - белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену, т.б. жатады. Сонымен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, құмарлық эмоциялары кіреді. Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік оларды сан алуан мәнерлі. Қозғалыстардың болып отыратындығы. Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерістер жүретінін, бет әлпеті мен (мимика), бүкіл дене қимылдарына (пантомимика), сөздің интонациясы мен тембріне, дикциясы мен паузасына да өзгерістер енгізілетіндігі дәлелдейтін мысалдар көп.



Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбең кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Өз көңілін меңгере білу – мұғалім үшін аса қажет сипат. Төменгі сынып оқушыларының мұғалімнің қасымен қабағына қарап отыратыны белгілі. Егер мұғалім көңілсіз кірбің болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді.

Эмоциялардың бір түрі – аффекттер деп аталады. Аффекттер дегеніміз (аффект – латынша affectus деген сөзі, қазақша жан ұшыру, күйіп-пісу деген мағынаны білдіреді) қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффекттер кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бұзып, мәнерлі қозғалыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайында өтеді (мәселен, қорқу, зәре ұшу, қашығу т.б.). Құмарлық – адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз.

Жоғарғы сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллекттік деп аталатын сезімдер кіреді.

Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез – құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер. Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің мазмұны да, құрылымы да күрделі болып келеді. Бұлар ең алдымен қоғамдық мәнді және жеке көңіл күйге байланысты моральдық сезімдер болып бөлінеді. Бұндай сезімге адалдық, достық, ар-намыс, т.б. жатады.

Эстетикалық сезімдер дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріністерді тамашалау немесе табиғаттағы, көркем өнердегі, әсіресе, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады.

Жоғарғы сезімдердің бұдан басқа бір түрі – интеллектік сезімдер. Интеллектік сезімдер адамның тану процестері мен, ақыл-ой әрекеті мен тығыз байланысып жатады. Интеллект сезіміне біреуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, болжау, жаңашылдық т.б. сезімдер жатады.

20 дәріс



Тақырып: Эмоционалдық стресс және эмоционалдық көңіл күйді реттеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет