Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені психология барлық мамандықтағы магистранттарға арналған


Мақсаты. Магистранттарға жоғары мектептегі психодиагностикалық білім беру, оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру. Дәріс жоспары



бет28/47
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#57449
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47
Мақсаты. Магистранттарға жоғары мектептегі психодиагностикалық білім беру, оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.
Дәріс жоспары
1.Білім беру жүйесіндегі психодиагностиканың атқаратын негізгі қызметтері.
2.Психодиагностикалық эдістердің жіктемесі.
3.Студенттер мен оқытушыларга психологиялық консультация беру.
Психологиялық сөздікте психодиагностикаға келесі анықтама беріледі: «Психодиагностика – жеке тұлғаның жеке–психологиялық ерекшеліктерінің шығу әдістерін және өлшемін өңдейтін психология ғылымдарының аймағы».
Екі типті диагноз жайында айтуға болады. Біріншіден қандай да бір белгінің бар немесе жоқ болуын болжау негізіндегі диагноз. Екіншіден, сол немесе басқа да қасиеттерінің көрсетілуіне байланысты «континуум осінде» зерттелуші топтың немесе зерттелушінің орнын табуға көмектесетін диагноз.
Психологиялық диагноз – бұл жеке тұлғаның бір-бірімен байланысты психикалық қасиет - тәсілдерінің, мотивтерінің, тұрақты ерекшеліктерінің жинағын құрылымды суреттеу.
Н.Ф. Талызина білім берудің қазіргі деңгейінде психодиагностиканың негізгі функцияларын: «Психодиагностика өзінің болжамалық рөлін белгілі бір шектерде сақтаса да, дискриминационды тағайындалуын жоғалтады. Оның негізгі функциясы болып белгілі адамның ары қарай дамуына қолайлы жағдай тұғызатын, шарттарды анықтау функциясы болу керек».
Формализацияның жоғары деңгейдегі әдістеріне тесттер, анкеталар және сұрақтар жинағы, жобалау техникалары және психо-физиалогиялық әдістер жатады.
Бүгінгі күнде ең көп тараған әдіс болып тест саналады – жеткілікті қысқа, стандартталған үлгі, сынақ, шектелген уақыт аралығында белгілі бір параметрлер бойынша адамның жеке-психологиялық ерекшеліктерінің мінездемелерін алуға мүмкіндік береді. Тесттер жекелей және топтық, ауызша және жазбаша, пәндік, аппаратуралық және компьютерлік, вербалды және вербальды емес болуы мүмкін.
Психодиагностикалық әдістің сапасының негізгі көрсеткіші сенімділік және нақтылық болып келеді. Психодиагностикалық әдістің сенімділігі жауаптарының біркелкілігін және қайталанатындығын, олардың тұрақтылығын күәландырады. Ол психодиагностикалық өлшемдер қаншалықты нақты шығарылатынын, қаншалықты алынған жауапқа сенуге болатындығын көрсетеді. Психодиагностика гылымының атақты маманы К.М. Гуревич сенімділіктің үш типін бөліп көрсетеді: өлшеу құралының сенімділігі, зерттелетін белгінің тұрақтылығы және константтілік немесе шешімдердің зерттеушінің тұлғасына байланысты еместігі.
Әдістеменің сапасы оның қаншалықты жақсы құрылғандығымен, қаншалықты біртектілігімен анықталады. Бұл бір қасиет, белгінің диагностикасына бағытталуының куәсі болады. Біртектілік көрсеткіші құралының біртектілігін тексеру үшін бөлшектеу әдісі қолданылады – ол үшін психодиагностикалық құралдың барлық тапсырмалары жұп және тақтарға бөлінеді, жекелей өңделеді, содан соң осы қатарлар арасындағы корреляция коэффициенті есепетеледі.
Егер тесттік нормалар оқушыларды таңдауда шығарылып қойса, онда бұл нормаларды автоматты түрде студенттерге көшіруге болмайды. Тесттің рестандартизациясын жасау, оны студенттерде сынап, олар үшін тесттік нормаларды шығару керек.
Статистикалық тесттік нормалардан басқа, критериалды нормалар да жиі қолданылады. Демек, адам профессионалды маңызды психологияның қасиеттің дамуының керекті деңгейіне жетті ме. Критериалды тесттерде баллдардың өлшеуіш орталығынан ауытқу дәрежесін емес, өлшеуіштегі белгілі –бір критикалық деңгейге жету немесе жетпеуді есепке алады.
Кез келген психодиагностикалық әдістеменің сапасы оның стандартталуы, сенімділігі және тұрақтылық дәрежесіне тәуелді.
Кез келген психодиагностикалық әдістемені құру барысында оның авторлары пайдаланылуы туралы нұсқаулықта алынған нәтижелер туралы хабарлап, сәйкес тексеру өткізу қажет.
Психодиагностикалық әдістемелерді зерттеуші – диагносттың алған нәтижелеріне әсер ету дәрежесіне қарай «объективті» немесе «субъективті» деп бөлуге болады. «Объективті» әдістемелер жағдайында орындаушы диагносттың нәтижелерге әсер етуі минималды, ал «субъективті» әдістеме жағдайында орындаушы-диагносттың тәжірибелігі мен іскерлігіне тәуелді.
Экспертті бағалаудың субъективті әдістеріне: контент-анализдің, сұхбат, интервью, рольдік ойындар, жобалық әдістемелердің бақылау әдістері жатады.
Бақылау әдісі келесі принциптердің орындалуын талап етеді: біірншіден, бұл максималды объективті сыртқы көріністердің мүмкін болатын фиксациясы; екіншіден, жеке бөліктерін емес үзіліссіз құбылысты бақылау; үшіншіден, жазбаларды таңдау, зерттеушімен қойылған тек белгілі бір мақсатқа жеткізетін көрсеткішін белгілейді.
Субъективті әдістер класынан азформалданатын әдіс әңгімелесу және сұрау әдісі болып табылады.
10 Жоғары мектептегі оқытушылардың педагогикалық іс-әрекетінің психологиялық сипаттамалары
Мақсаты. Магистранттарға жоғары мектептегі оқытушылардың педагогикалық іс-әрекетінің психологиялық сипаттамалары туралы білім беру, оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет