Дәріс жоспары
1.Оқыту - оқу іс-әрекеті субьектісінің маңызды сипаттамасы ретінде.
2.Білім беру жүйесіндегі оқыту субьектісінің жас ерекшеліктік жэне психологиялық сипаттамалары.
3.Оқытудың психологиялық сипаттамасы. Дербес білім алу - болашақ мамандардың ғылыми жэне кәсіби іс-әрекеті тиімділігін жоғарылату кұралы ретінде.
1. Студенттің және мұғалімнің тұлғалық типологиясы.
Студенттің әлеуметтік-психологиялық суретін анықтайтын және де оқудың сәттілігіне әсер ететін факторларды екі категорияға бөлуге болады: студенттің олармен жоғарғы оқу орнына келуі- оларды тек қана назарға алуға болады, және де оқыту процесіне пайда болған олармен басқаруға болады.
Бірінші категория сондай-ақ:дайындық деңгейі,бағалықтар жүиесі,оқуға қатынасы,кәсіби болашақ туралы болжамдары жатады.
Бірінші топтың факторларының психологиялық әсер етуі әлсірейді де шешуші ролді екінші топтың факторлары ойнай бастайды. Оларға: оқу процесінің ұжымын, білім беру деңгейін, мұғаліммен студенттердің қарым-қатынас түрін жатқызуға болады.
Бұл қатынаста студенттік жастардың анализі,олардың тандаған мамандықтарына байланысты өте қызықты. Қазіргі заман студенттерінің барлық жиынтығы үш топқа бөлінеді:
Бірінші бөлімді мамандыққа бағытталған студенттер құрайды. Бұл топта студент болашақ жұмысқа деген қызығушылығы, онда өзін жүзеге асыру арманы-ең маңызды болып келеді.
Екінші топты бизнеске бағдарланған студенттер құрайды.
Үшінші топты бір жағынан «анықталмаған» студенттер деп атауға болады, ал екінші жағынан-әр түрлі проблемаларға жүктелген студенттерді айтуға болады.
Қазіргі заман студенттерінің бірнеше типтерін көрсетуге болады:
Бірінші типті шартты түрде «тұтынушы» деп атауға болады. Бұл студент бизнес саласында жетістікке жетуге ұмтылады, тұтынушының теориясын және практикасын меңгеру үшін жоғары білімді алады және т.б.
Екінші типті «эмигрант» деп атайды. Жоғары білімді «эмигранттар» көбінесе шет ел тілдерін еркін меңгеру үшін, оқу мүмкіндіктерін алу үшін,шет елде жұмыс істеу үшін алады.
Осы екі типке «дәстүршіл» қарсы болып келеді. Ол жақсы білімді, кәсіби даярлықты бағалайды, диплом алу үшін, ғылыми зернттеулер жүргізу үшін жоғары білімді алады.
Оқу және тану аумағында студенттердің үш негізгі іс-әрекет және мінез-қылық түрлерін ерекшелеуге болады:
Тұлғаның бірінші түрі жоғарғы оқу орнында оқытулардың міндеттерімен мақсаттарынан комплекстік жағынан ерекшелейді. Іс-әрекеттін осы түрі кең мамандарға жан-жақты кәсіби дайындыққа бағытталған.
Тұлғаның екінші түрі тар мамандыққа нақты бағыттармен ерекшеленеді. Бұнда студенттің танымдық іс-әрекеттері оқу бағдарламасының шегінен шығады.
Танымдық іс-әрекеттің үшінші түрі білімді меңгеруді және тәжірибеге ие болуды тек қана оқу бағдарламасының шегінде ғана болуды болжайды.
Оқуға байланысты бірнеше зерттеушілер бес топты көрсетеді:
Бірінші топқа білімді игеруге, өзіндік жұмыс істеу әдістемелеріне, кәсіби білімге ие болуға ұмтылатын студенттер жатады.
Екінші топқа оқу іс-әрекетінің барлық салаларында білім алуға ұмтылатын студенттер жатады.
Үшінші топқа, тек қана өзінің мамандығына ғана қызығушылық болатын студенттер жатады.
Төртінші топқа, жақсы оқитын, бірақ оқу бағдарламасына тандамалы қарайтын, тек қана өзіне ұнайтын пәндерге ғана қызығушылығы туындайтын студенттер жатады.
Бесінші топқа жалқау және еріншектер жатады.
Үздіктердің арасынан тек қана үш түрді ерекшеліктер болады: «жан-жақты», «маман», «универсал». Үздіктердің арасында ең кең тарағаны бірінші түрі. Бұл студенттер білуге құмар,ынталы,кең көзқарасты.
Мамандыққа бағытталатын үздіктер,ең алдымен өз назарларын профилактикалық нәндерге бағыттайды.
«Үздік-әмбебап» категориясына «жан-жақтылардың» және «мамандардың» жағымды жақтары жатады.
«Жақсы оқитындылардың» арасында екі топшаны көрсетуге болады: 1) жақсы қабілетті студенттер, бірақ жеткілікті еңбекқор емес. Көп жағдайларда олар ашушан оқиды, бірақ профилактикалық пәндерден оларда үздік бағалар болуы мүмкін, ал жалпы білім беретін пәндерден кейде «үште» болуы мүмкін; 2) орта қабілетті, бірақ үлкен еңбекқор студенттер жатады. Негізінен олар барлық пәндерден бірдей оқиды.
Үлгеріміне байланысты қанағаттанарлық оқитындардын арасынан бірнеше топшаларды көрсетуге болады: 1) жоғарғы оқу орнындағы спецификалық оқыту шарттарына бейімделмеген бірінші курс; 2) берілген ақпараттың айтылу ойын немесе сапасын қабылдай алмайтын; 3) мамандықты тандауда қателескендер; 4) оқуға қалай болса, солай қарайтындар.
Практикалық іс-әрекеттің басталған нүктелерінің анализін алып, сапалардың 4 тобы тандаған ьолатын, В.Г.Лисовскидің ойынша олар тұтас студентті сипаттауы керек, ең алдымен бағдарлануларын:
сабаққа, ғылымға, мамандыққа;
жалпы саяси іс-әрекетке;
мәдениетке (жоғары рухани);
ұжымға (ұжымдағы қарым-қатынасқа).
В.Т.Лисовскимен жасалған студенттердің типологиясы келесідей болады:
«Үилесімді». Өз мамандығын саналы түрде тандады. Жақсы оқиды, ғылыми және қоғамдық жұмысқа белсенді қатысады. Мәдениетті, тіл табысқыш, әдебиетпен терең және байсалды қызығушылық танытады. Ұжымда беделге ие.
«Маман». Өзінің мамандығын саналы түрде тандаған. Жақсы оқиды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына сирек қатысады.
«Академик». Өз мамандығын саналы тандаған. Тек қана «үздік» оқиды. Асперантурада оқуға бағдарланған. Сондықтан көп уақытты ғылыми-зерттеу жұмыстарына жібереді.
«Қоғамшыл». Оған қоғамдық іс-әрекетке жарқын түрде икемділік тән. Әдебиетпен және өнермен қызығады.
«Өнерсүигіш». Жақсы оқиды, бірақта ғылыми жұмысқа сирек қатысады, өйткені оның қызығушылықтары көбінесе әдебиет және өнер әлеміне бағытталған. Оған дамыған эстетикалық талғам, кең көзқарас, терең шығармашылық эрудиция тән.
«Ынталы». Мамандығын шын ниетпен тандамаған, бірақ шын ниетпен,максимум күш жұмсап оқиды. Ұжымда көп қарым-қатынасқа түспейді. Сабақпен көп айналасатындықтан, әдебиетпен және өнермен көп айналыспайды.
«Орташа». Сабақты қалай шамасы келеді солай оқиды, көп күш жұмсамайды. Сондай-ақ онымен мақтан етеді. Оның принципі: «Диплом алып басқалардан кеш жұмыс істемеймін». Мамандықты тандау кезінде көп ойланбайды. Сабақтан ләззат алмаса да, жақсы оқуға тырысады.
«Көңілі қалған». Шындығында адам қабілетті, бірақ тандаған мамандығы оған қызықты емес. Бірақта жоғарғы оқу орнына түскен соң оны оқу керек деген ойда.
«Жалқау». Сабақты нашар оқиды, аз күш жұмсайды. Бірақта өзіне толықтай риза. Өзінің кәсібі жайлы ойламайды. Ғылыми-зерттеушілік және қоғамдық жұмысқа қатыспайды.
«Шығармашыл». Оған кез-келген сабаққа немесе қоғамдық жұмысқа деген шығармашылық жағы тән. Бірақта, бір жерде отыратын,жинақылықты талап ететін сабақтар оны қызықтырмайды.
«Богемалық». Әйгілі факультеттерде жақсы оқиды, бірнеше мамандықтарда оқитын студенттерге жоғары қарайды. Өзі сыйақтылардың компаниясында лидерлікке ұмтылады, ал қалған студенттерге жаман көзқараста қарайды.
Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының түрлері
Оқу үрдісінен тыс студенттердің өздігінен орындайтын шығармашылық жұмыстарының түрлері
Аудиториялық оқу үрдісіндегі СМӨЖ-ның репродуктивтік және шығармашылық түрлері
Ғылыми мақала, эссе жазу
Ғылыми баяндама жазу, пікір жазу
Практикалық сабақтағы СМӨЖ
Лабораториялық сабақтағы СМӨЖ
Реферат, аннотация, тезис, конспект жазу
Курстық жұмыс жазу және ғылыми проект жасау
Семинар-пікірталас, СМӨЖ
Конференция сабақтары СМӨЖ
Әдістемелік кабинеттердегі СМӨЖ, СӨЖ
Комьпютерлік кабинеттердегі СМӨЖ,СӨЖ
Дипломдық жұмыс орындау
Оқулықпен және әдебиеттермен жұмыс жасау
Ақпараттық технологиялық кабинеттердегі СМӨЖ
Ғылыми үйірмеге арнайы курстар мен семинарларға қатысу
Арнайы секцияларға қатысу
Ақпараттық технологиялар мен жұмыс жасау
Педагогикалық және өндірістік практикаға қатысу
Кредиттік оқыту жағдайындағы студенттердің өзідігінен орындайтын жұмыстарының педагогикалық жүйесі
№ 13 Психологиялық және педагогикалық қарым-қатынас
Достарыңызбен бөлісу: |