Мақсаты. Магистранттарға психологиялық және педагогикалық қарым-қатынас оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.
Дәріс жоспары
1.Педагогикалық қарым-қатынас - білім беру үдерісі субьектілерінің өзара әрекет жасау формасы ретінде. Қарым-қатынастың қызметтері және қүрылымы. Қарым-қатынас кезіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі. Эмпатия жэне рефлекция. Қарым-қатынас барысындағы кері байланыс. Қарым- қатынас үдерісіндегі адамдарды тыңдай алу қабілеті. Тыңдай алу техникалары жэне түрлері.
2.Педагогикалық қарым-қатынас қызметтері жэне сипаты. Педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктері. Қарым-қатынас кедергілері.
3.Педагогикалық қарым-қатынастағы конфликтология негізі. Конфликт туралы түсінік жэне оның негізгі қызметтері. Конфликт теориясы. Конфликт қүрылымы. Конструктивті жэне деструктивті конфликтілер. Конфликтінің субъективті жэне объективті себептері. Конфликтінің дамуы. Конфликтіні жеңу жолдары. Конфликтіні болдырмаудың тікелей жэне жанама әдістері. Конфликт адекваттылығы мэселесі. Конфликтілі жағдайлардағы оқыту үдерісін басқару.
Қарым-қатынас ұғымы пәнаралық ғылыми категория. Бұл ұғымды философия, әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылымдар қарастырады. ХХ ғасырдың 60-жылдардың соңында әлеуметтік және педагогикалық психология ғылымдарының тоғысында “педагогикалық қарым-қатынас” ұғымы пайда болды.
ХХ ғасырдың 70-жылдары Т.Н.Мальковский қарым-қатынастың коммуникативті аспектісін, А.В.Мудрик мектептің өзара әрекеттесуі мен тәрбиелеуші әсерлерін, В.В. Течет ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін зерттеді.
ХХ ғасырдың 80-жылдары А.А.Бодалев, В.Я.Ляудис педагогикалық қарым-қатынасты ғылымның жаңа саласы деп көрсетті. Педагогикалық қарым-қатынас “педагогикалық шеберлік” пәнінің аясында оқытылды.
Достарыңызбен бөлісу: |