2. Қарым-қатынасты ұйымдастыру - "коммуникативті шабуыл" кезеңінде жүзеге асады:
- сыныппен бастапқа байланысты ұйымдастыру;
- сыныптағы әлеуемттік-психологиялық бірлікті жедел қолға алу, "біз" деген ортақ сезімді қалыптастыру;
- сыныппен тұтастай байланыс жасауды ұйымдастыру;
- өзара әрекеттің сөздік және жазбаша құралдарын жүзеге асыру, мимиканы, көзқарас байланысын барынша енгізу;
3. Педагогикалық қарым-қатынасты басқару кезеңінде:
- коммуникативті міндеттер шешіледі;
- оқушылардың зейіндерін шоғырландырады;
- қарым-қатынас жасап отырған оқушылардың мінездеріндегі жеке типологиялық ерекшеліктерді ескеру;
Педагогикалық тәжірибені талдай отыра тәрбие және оқыту міндеттерін шешуде туындайтын қиындықтар қарым-қатынасты дұрыс орната алмаудан туындайтынын көрсетеді.
4. Өткен қарым-қатынасты талдау және келесі педагогикалық міндеттерді шешу үшін оны модельдеу
- қарым-қатынастың басым және осал жақтарын айқындау, кеткен кемшіліктердің себептерін анықтау;
- өз іс-әрекетін талдау, оқушылардың әрекетіне қаншалықты қанағаттанғандығына талдау жасау;
- болашақтағы қарым-қатынасты модельдеу және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |