Тақырыбы: Сапаға қатысты ұлттық мадақтаулар
және олардың белгіленуі
Жаңа заман нарығы бәсекелестіктің шиеленісуімен және өнім мен қызмет көрсетудің сапасына деген талаптардың жоғарлауымен сипатталады.
Қазіргі кезде тұрақты жетістерге сапаны басқару тәжірибесін жетік меңгерген кәсіпорындар ғана жете алады. Осындай тәжірибелерді енгізуде кәсіпорындарды ынталандырудың тиімді әдісі сапа бойынша мадақтаулар тағайындау болып саналады.
Сапа бойынша көптеген мадақтар бар. Олар екі категорияға бөлінеді.
Бірінші категорияға «Берлин алауы», «Бриллиантты жұлдыз», «Европа қақпасы» жатады. Бұл мадақтаулар тұтынушылардың кәсіпорындарға берген бағасына, яғни олардан алынған сауалнама немесе сол кәсіпорындарға сарапшының берген бағасы бойынша тағайындалады. Мадақтаудың көпшілігі Шығыс және Батыс Европада кеңінен таралған басқа дамыған елдерде онша дамыған емес.
Екінші категорияға «Идеалды» кәсіпорындарды үлгі ету аркылы бағаланатын мадақтаулар жатады.
Идеалды кәсіпорын көрсеткіштері кәсіпорынды бағалауға жағымды және жағымсыз жақтарды айкындауға мүмкіндік береді. Сапа бойынша мадақтау бірінші ұлттык мадақтау 1951 жылы Жапонияда (Деминг сыйлығы) тапсырылды. Ол кезде мадақтау тек сапаны бақылайтын статистикалық әдістерді қолданған кәсіпорындарға тапсырылды. 1987 жылы АҚШ-та сапа бойынша Болдридж атындағы ұлттық сыйлық тапсырылды. ¥лттык мадақтаулар белсенділігі 1993-1996 жылы байқалды. 23 ұлттық мадақтаулар тапсырылған.
Жапонияда Деминг сыйлығы, АҚШ-та Болдридж атындағы ұлттық сыйлык, Европада - сапа бойынша Европалық сыйлық орын алады.
Деминг сыйлығы. Демингтің дәрістер жинағы кітабының авторлық гонорары Жапонияда Деминг атындағы сыйлық болып тапсырылады. Демингтің алтын алқалары жекеленген тұлгаларға және кәсіпорындарға тапсырылды. Деминг сыйлығын тапсырушы комитет фирманын жағдайын 48 көрсеткіштен құралатын он бағытқа топтастырылған:
- Сапа аймағындағы саясатты жүргізу;
- Кәсіпорынның қызметін ұйымдастыру және басқару;
- Сапа бойынша акпараттарды жинақтау, өндеу, тарату;
- Сапа аймағында біліктілікті және білімді жоғарлату;
- Сапа мәселелерін зерттеу және сараптау;
- Стандарттау;
- Сапаны бақылау;
- Сапаны қамтамасыз ету;
- Нәтижелер;
- Жоспарлары.
Конкурсқа қатынасушыларды арнайы мамандандырылған сарапшылар жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысушылардың бағасы 100 балдық жүйесімен жүргізіледі: Демингтің сыйлығын алу үшін 70 баллдан төмен жинамау керек.
АҚШ-тағы сапа бойынша Болдридж атындағы ұлттық сыйлык жыл сайын ең үздік үш фирмаға қараша айының екінші бейсенбісінде АҚШ президенті тапсырады, бұл күн бүкіл әлемдік сапа күні болып саналады.
Конкурсқа қатысушылар 100 балдық жүйеленген 7 бағытка топтастырылған 32 көрсеткіш бойынша бағаланады.
Бірінші нәтижелерді қамтамасыз ету (100 балдың 50% )
- Жетекші басшы рөлі (9%);
- Ақпарат және сараптама (7,5%);
- Стратегиялық жоспар (5,5%):
- Персоналдарды жұмылдырү (14%);
- Процестерді басқару (14%);
- Екінші нәтижелер (50%);
- Бизнес нәтижелері (25%);
- Тұтынушылар талабын қанағаттандыру (25%).
Европалык сыйлық. 1992 жылдан бері сапамен басқару туралы Европалық қор (ЕФУК) және сапа бойынша Европалық ұйым (ЕОК) сапа бойынша Европалық сыйлық әзірледі. Конкурсқа қатысушылар 1000 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
Бірінші нәтижелер (50%)
Фирма басшысының рөлі (20%);
- Персоналдарды басқару (9%);
- Саясат және стратегия (8%);
- Қор және оны қолдану (9%). Екінші нәтижелер (50%)
- тұтынушының қанағаттануы (20%);
- фирма персоналдарының қадағалануы (9%);
- қоғамға әсері (6%);
- бизнес нәтижесі (15%)
Осылайша қарастырылатын сыйлыктардың өзінің ерекшеліктері болады. Мысалы, Деминг сыйлығы статистикалык мәдениет және стандарттауды кеңінен қолдануға негізделеді.
Отандық өнімнің сапасын және бәсекелістік қабілеттілігін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды жандандыру үшін өнімді сертификаттаудан сапаны баскару жүйесін сертификаттауға өту мақсатында 2001 ж 26 наурызында №384 ҚР Үкіметінің «сапа аймағындағы байқау туралы» деген жарлығына байланысты ҚР Үкіметінің «Сапа аймағындағы жетістіктер үшін және «Қазақстанның ең жақсы тауарлары» сыйлықтарына байқау жарияланады.
ҚР Үкіметінің «Сапа аймағындағы жетістіктер үшін деген сыйлығы» байкауының және моделінің шарттары сапа бойынша Европалық сыйлық моделіне негізделген осылайша Қазақстандық ұйымда өз қызметтеріне өздік баға беруге әлсіз және күшті жақтарын анықтауға, басқа ұйымдарға қарағанда сапаға қол жеткізудің қай сатысында тұрғандықтан анықтауға мүмкіндіктері бар.
Конкурсқа 65 баллдан төмен жинамағандар босатылады. Конкурс материалдарын сарапшы топтар сараптайды. Олардың негізгі мақсаты конкурсқа қатысушылардың ұсынған материалдарында өздік баға беру тиімділігін тексеру болып саналады. Сапаның арттыру мәселелігі белсенділікті жоғарлатуға ҚР-нда жүргізілетін аймақтық конкурстар үлгі бола алады. Мысалы, 1999 жылдан бастап «Сараптау, сертификаттау» ұлттық орталығы ААҚ Алматы қаласы филиалының және Алматы облысы қалалық және облыстық әкімшілігінің бастауымен «өндірісті және өнім сапасын ең жақсы ұйымдастырылуы үшін» деп аталатын конкурс өткізіліп жатыр.
№ 12-13 дәрістер (2 сағат)
Достарыңызбен бөлісу: |