Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет1/19
Дата06.02.2022
өлшемі487 Kb.
#81086
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
41f0b16e-bd76-11e3-b0bc-f6d299da70eeУМКД СМЖ матер.каз


ПОӘК 042-18-9.1.49/03-2013

18.09.2013 ж. № 1 басылым

54 беттен -бет






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-9.1.49/03-2013



ПОӘК
«Сапа менеджмент жүйесі» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар

18.09.2013 ж.


№ 1 басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В070100 «Биотехнология» мамандығы бойынша

«Сапа менеджменті жүйесі» пәнінен

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



Семей

2013




Мазмұны





1

Дәрістер

3

2

Тәжірибелік сабақтар

42

3

Курстық жұмыс

48

4

Студенттердің өздік жұмысы

51












1 ДӘРІСТЕР

№1 дәріс (1 сағат)


Тақырыбы: Сапаны қамтамасыз етудін даму кезеңдері

Дәріс жоспары:


1 Сапаны қамтамасыз етудің даму кезеңдері

Сапаны жақсарту әдістерін іздеп табу жөніндегі жұмыстар көне заманда да жүргізілетін болатын, бірақ бұл жұмыстар күшіне II Дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа елдерінде енді деуге болады. Өйткені Еуропа мамандарының ол кездегі біліктілігі жоғары болатын, ал компаниялар жоғары сынау және өлшеу әдістерін қолдана білген болатын.


Сапаны қамтамасыз етудің даму тарихын 4 кезеңге бөлуге болады: . сапаны бақылау; сапаны баскару; сапаны үздіксіз жоғарылату (арттыру); сапаны жоспарлау.
Сапаны бақылау кезені капитализмнің жаңа туып келе жатқан шағында басталған болатын. Бұл кезеңде жинакталған тәжірибені американдык Ф. Тэйлор өз жұмыстарында жалпылап көрсеткен. Ол ғылыми менеджметтің концепциясын, жауапкершілікті орындаушылар мен басқарушылардың арасында бөлу идеясын, еңбекті ғылыми нормалау идеясын ұсынған. Тэйлор мекемені басқарудың иерархиялык құрылымы туралы идеяны да ұсынған.
Бұл кезендегі сапаны қамтамасыз етудің негізгі концепцияны былай айтуға болады: тұтынушының қолына тек жарамды өнімдер түсуі керек.
Бұл концепцияны іске асыру XX-ғасырдың 20-жылдары жоғары технологиясы өндірістерде бақылаушылардың саны 40 %- іне дейін құруына апарып соқты. Бұл концепция бойынша сапаны арттыру әр жағдайда оны қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындардың өсуіне апарып соғатын болды, яғни өндірістің тиімділігін жоғарылату мен өнімнің сапасын көтеру бір-біріне қайщы келетін нысандар болып шыкты.
Сапаны басқару кезеңі 20-жылдарда бақылаудың статистикалық әдістері әзірлене және енгізіле бастады. Шухардтың бақылау карталары және таңдамалы бақылау пайда болды. Егер бұган дейін сапаны арттыру жұмыстары жарамсыз өнімдерді тауып алып, оларды өнімді тұтынушыларға жібермеуге бағытталған болса, статистикалық әдістерді қолдану өндірістік процестен жарамды өнімдердің шығымын арттыруға мүмкіндік беретін болды.
Бұл кезеңде сапаны қамтамасыз ету концепциясының негізін мыналар құрады:
а) негізгі мақсат-тұтынушы тек жарамды, яғни стандарттарға сәйкес жасалған өнімдер алу керек;
б) өнімді бакылау қамтамасыз етудің маңызды әдісі ретінде сақталады (орын алады); бірак бар күшті өндіріс процестерін басқаруга жұмсау қажет, сонда жарамды өнімдердің шығу пайызын жоғарылату қамтамасыз етіледі.
60-жылдары өнімнің сапасын арттыру қоғамдық өндірістің маңызды факторына айналды, үлкен әлеуметтік маңызга ие болды. Сонымен бірге әр өндірістік процестен жарамды өнім шығуының шегі бар екендігі және осы шек процестің жеке өзінен ғана емес - жүйеден, яғни өнеркәсіптің қызметінен, еңбекті ұйымдастырудан - осы процесс жүретін жағдайлардың жиынтығынан тәуелді екендігі жөнінде түсінік қалыптасты. Нәтижесінде I- кезеңдегі қиын жағдай - өндіріс тиімділігін жоғарылату және өнім сапасын арттыру арасындағы қайшылықтың сақталды.
Сапаны үздіксіз арттыру кезеңі - бұл кезеңнін басталуын Деминг, Джуран атты мамандардың жұмыстарымен байланыстырады. Бұлар жасаған бағдарламаның негізгі идеясы: өнім сапасының негізі - еңбектің сапасы және барлык деңгейде жүргізілетін сапалы менеджмент, яғни адамдар коллективтерін әр жұмыскер өз жұмысынан рахат алатындай қылып ұйымдастыру болып табылады. Бұл жерде, бағдарлама өндірістік процестерді жетілдіруде ғана емес, бүкіл жүйені жетілдіруде, сапа проблемаларын шешуде фирманын ең жоғарғы басшыларының тікелей қатысуында, фирманың барлык қызметкерлеріне жаппай сапаны қамтамасыз етудің негізгі әдістерін оқытуда негізделеді.
Тұтынушыга ақаулы өнімдерді жібермеу концепциясының және жарамды өнімдер шығымын жоғарылату концепциясының орнын «Ноль ақаулар» концепциясы алды.
Бұл жағдайда сапаны арттыру және өндіріс өнімділігі жоғарылату арасындағы қайшылык жойылды. Басқарудын жана идеяларын қолдану бір мезгілде өнім сапасын арттыру және өндіріске жұмсалатын шығындарды төмендетуге қол жеткізілді.
Сапаны жоспарлау кезені - бұл кезең алдыңғы (3) кезеңнің тұтынушылардың қажеттерін бұрынғыдан да толык қанағаттандыру бағытында логикалык дамуы болып табылады. Бұл кезең бір жағынан эксперименттерді жоспарлаудың сенімділігі теориясының дамуымен және екінші жағынан, есептегіш техниканың және САПР автоматты жобалау жүйесін өнімді зерттеп-дайындау және шығару процесіне енгізумен байланысты.
Бұл жерде негізгі концепциялар мыналар болып табылады:
1 Жобалау жұмыстарының сапасы жеткілікті болуының салдарынан өнімнің сәйкессіздіктерінің үлкен бөлігі өнімді зерттеп-дайындау сатысында қалыптасады.
2 Өнімді жасау жұмыстарының акцентін тәжірибелік үлгілерді сынаудан өнімнің қасиеттерін математикалык моделдеуге, сонымен бірге өнімді дайындаудың технологиялык процестерін моделдеуге аудару. Бұл жерде конструкторлык және технологиялык сәйкессіздіктерді өндіру сатысының басталуына дейін табу (анықтау) және жоюға қол жеткізіледі.
3 «Ноль акаулар» концепциясының орнын тұтынушыны қанағаттандыру концепциясы алады.
4 Жоғары сапалы өнімді тұтынушыга қолайлы бағамен беру керек, баға үнемі төмендеп отыруы керек, өйткені нарыкта бәсекелестік өте жоғары болып табылады.
Бұл кезенде сапа мен өндірістің тиімділігі арасындагы қайшылыктың қазіргі замандагы формалары толық жойылады. Бұл кайшылыктың жаңа формасының пайда болуы жаңа кезеңнің дүниеге келуіне апарып соғады.
Мысалы, тұтынушынын өнім ғана емес, өндірістік процесте экология талаптарына сәйкес болуын, яғни қоршағаң ортаға зиян келтірмеуін талап етуі. Қазіргі кезде бұл кезең жаңа калыптасып келеді және оның концепциясы әлі толық қалыптасқан жоқ.
Бүгінгі сапа менеджменті ірі шетелдік корпорацияларда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде пайда болды. Бұл зерттеулер Ф.Б. Кросби, Э. Деминг, А. Фейгенбаум, К. Исикава, Дж. Джуран; П.Л. Чебышев сиякты зерттеушілердің сапаны баскару жөніндегі еңбектеріне сүйенеді.

№ 2 дәріс (1 сағат)


Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесі

ИСО 9000 Халықаралык стандартына сәйкес сапа менеджменті - ұйымды жетекшілікке алу және басқару бойынша сапаға қолданылатын жүйеленген әрекет.


Сонымен, сапа жүйесіне ұйым менеджентінің сапаға қойылатын талаптарды орындауға бағытталған бөлігі кіреді.
Сапа жуйесі - тұтынушыға өнімнің тұракты жоғары сапасы және оның стандарттар мсн келісім-шарттардың талаптарына сәйкестігіне берілген кепілдікті қамтамасыз етуге қажетті ұйымдык және техникалык шаралардың жиынтығы.
ИСО 9000 ХС негізінде құрылған сапа менеджментінің жүйесінің бас мақсаты - өнімге тапырыс берушінің оның сапасына қойған талаптардың орындалуын қамтамасыз ету және кәсіпорынның осы жұмысты орындай алатынынына көз жеткізу. Кәсіпорында ИСО 9000 ХС сәйкес сапа жүйесі бар екендігін сапа жүйесіне берілген сертификаттың бар болғандығы көрсетеді.
Сапа жүйесіне сертификаттың болмауы кампанияның сыртқы нарыкқа шығуына кедергі болып табылады. Ұлтаралық кампаниялар субподрядчиктерден олардың кәсіпорындарында міндетті түрде ИСО 9000 ХС енгізілген болуын талап етеді.
ИСО 9000 сериялы Халықаралық стандарттар сапа жүйесі қандай болуы керек екендігі жөніндегі әдістемелік нұскау болып табылады, ал оны қалай кұру керек екендігін кәсіпорын басшылады өздері шешуі керек.
Сапа жүйесі кәсіпорынның негізгі бағыттары, максаттары мен міндеттерін іке асыру сайманы болып табылалы. Сапаға қол жеткізу бағытындагы алғашкы қадам - сапа облысындагы саясаттаты қалыптастыру болып табылады.
Сапа жүйесінің жұмысы сапа бағытындағы іс-әрекеттерге фирманың персоналын, жұмысшыларды қосып түгелдей тартуды талап етеді. Сапа жүйесінің мақсаттарын қол жеткізу шығарылатын өнімнің сапасына әсерін көрсетуші техникалық, әлеуметтік және адаммен байланысты факторлармен қамтамасыз етіледі.
Өнімнің сапасын басқару жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, әдетте, арнайы құрылған бөлімше немесе кәсіпорын бөлімшелерінің біріне жүктеледі.

№ 3 дәріс (1 сағат)


Тақырыбы: Сапа менеджментінің қазіргі заманғы концепциялары
Сапа менеджментінің қазіргі замандағы формасы нарық жағдайында сапаны басқару жүйелері болып табылады. Бұл жүйелер табыстарға сапа деңгейі тұтынушылар талаптарына сәйкес келетін өнімдерді шығару арқылы қол жеткізуге бағытталған.
Сапа менеджменті теориясының негізін қалаушылардың бірі Э. Деминг тапқандай, өнімнің сапасы төмен болуының негізгі себептерді арнаулы (4 %) және жүйелік (96 %) деп бөлуге болады. Осының негізінде ол өнімнің сапасын тек жүйелік себептерді жою арқасында көтеруге болатындыгы туралы қорытынды шығарған. Сапа проблемасын шешуді тек арнаулы сапа менеджменті жүйелері қамтамасыз ете алады деп көрсеткен.
Әлемдік сауда нарығында үнемі ұлғайып келе жатқан бәсекелестік күресі фирмаларды өнімнің сапасын үнемі жетілдіріп отыруға мәжбүр етеді. Бұл жерде технологиялық аспектіге экономикалық аспектте қосылады және сапа жүйелерінде «сапаға жұмсалған шығындар» категориясының маңызы ұлғаяды.
Жаңа концепциялар, оның ішінде шет елдерде кеңінен тараған ТQМ және QS 9000 концепциялары дүниеге келеді. Бұл екі концепция ИСО 9000 сериялы стандарттарга қайшы келмейді және сапаны басқару жүйесінің ары қарай дамуы және тереңдетуі деп қарастырылуы мумкін. Олардың алдындағы концепциялардан айрықша ерекшелігі - олар сапаны басқару мен бірге сапаны қамтамасыз етуді де ауқымдайды.
TQM (Total Qualiti Management) - бұл концепция әрекеттердің барлык аймақтарында - зерттеп дайындаудан бастап сатудан кейінгі қызмет көрсетуге дейін басқару жүйелері мен тәсілдерін жан-жақты және жақсы үйлестірілген түрде қолдануды қарастырады. Сонымен бірге, бұл жұмысқа барлық деңгейдегі басшылар және қызметкерлердің қатысуы және техникалык ресурстардың рационалды қолданылуы қарастырылады.
TQM жүйесінде мақсаттарға сәйкес сапаны баскару әдістері қолданылады. TQM ИСО 9000-ға қарағанда сапаны басқарудың кеңірек тәсілдемесі болып табылады және өнімнің бәсекелестік қабілетін жоғарылатуга, бүкіл бизнесті өркендетуге мүмкіндік береді.
TQM -нің негізгі идеологиясы - «жақсартудың шегі болмайды». Сапаға қатынасты мыналарды ұмтылу қажет деп танылады: «0» ақауға ұмтылу; «0» өндіріске қатысы жоқ шығындарға ұмтылу; тура мерзімнің өзінде жеткізуге ұмтылү. Бұл жерде бұндай жағдайларга' жету мүмкін емес екендігі түсініледі, бірақ оған ұмтылу керек деп есептелінеді. Бұндай идеологияга арнайы термин тағайындалған «сапаны ұдайы жақсарту».
TQM -ға кіреді:
- жаңа өнімді зерттеп дайындау кезінде бақылау;
- тәжірибелік үлгінің сапасын бағалау, өнім және өңдірістік процестің сапасын жоспарлау, сатып алынатын материалдардың сапасын бақылау және жоспарлау:
- шикізат және материалдарды енгізер алдында бақылау;
- дайын өнімді бақылау;
- өндірістік процестің сапасын бағалау;
- өнім және өндірістік процестің сапасын бақылау;
- арнаулы процестерді талдау (сапа облысындағы арнаулы зерттеулер);
- өнім сапасы жөніндегі ақпаратты қолдану;
- өнім сапасы жөніндегі ақпарат беруші құралдарды бақылау;
- сапаны қамтамасыз ету әдістерін үйрету, персоналдың біліктілігін жоғарылату:
- кепілдік бойынша қызмет көрсету;
- сапа аясындағы жұмыстарду үйлестіру;
- жеткізушілермен бірігіп сапа жөнінде жұмыс жасау;
- РDCA циклын қолдану;
- сапа үйірмелерінің жұмысы;
- фирмада, жеткізуші фирмаларда, босату және қызмет көрсету бөлімшелерінде, акционерлер мен тұтынушыларда қанағаттандырарлық атмосфера тудыру арқылы адам факторын басқару;
- сапа саласында функция аралық әдіс бойынша жұмыс істеу;
- сапа аясындағы саясатты қалыптастыру (сапа аясындағы саясатты экономикалық әрекеттердің жалпы стратегиясымен үйлестіру, әкімшілік, шаруашылық және экономикалық әрекеттердің барлық аспектілеріне сапаға қол жеткізу мақсатын енгізу, фирмада сапа аясындағы саясатты түсінуді қамтамасыз ететін шаралар қолдану;
- қызметкерлердің қаржылық әрекеттерге (пайдаға, акционерлік капиталға) қатысуы, сапаға ұғынысты көзқарасты тәрбиелеу, әлеуметтік атмосфераны және хабарлы болуын жетілдіру:
- сапа мәдениетін қалыптастыру жөніндегі шаралар жүргізу;
- сапа аясындагы әрекеттерді басқарушы кадрлерді әзірлеу (дайындау);
- сапа аясындагы әрекеттер үшін жауапкершілікті ең жоғарғы басшыларға жүктеу. Фирмада TQM мына 4 баскару сферасында: сапаны басқару; процестерді баскару; персоналды басқару және ресурстарды баскару сферасында белгілі тәсілдер мен құралдардың жиынтығын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

№ 4 дәріс (1 сағат)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет