Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


бойынша нүктелер мен ұйымдар



бет9/19
Дата06.02.2022
өлшемі487 Kb.
#81086
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
41f0b16e-bd76-11e3-b0bc-f6d299da70eeУМКД СМЖ матер.каз
Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу, Тапсырма 2-күн (1), ttt, ttt, темперамент, даталар, 991hjg
бойынша нүктелер мен ұйымдар

90-шы жылдардың ортасында Европалық елдерде өнімнің сапасы саласында жаңа саясат қабылданған болатын. Ол «Европалык коғамның сапа саласындағы саясат элементтері» құжатында беріледі. Оған сілтеме ретінде ортак нарыкты қалыптастыру, бағалы емес бәсекенің, сонымен қатар сапа саласында жапондык және америкалық тауарларға қатысты өсуі болып табылады.


Сапа бойынша Европалық саясат жалпы Европалық экономика кұру жолына негізделеді және «сапаның жаңа мәдениеті» даму жағдайларын қамтамасыз ету болып танылған. Ол экономикалык сыбайластыкка қызығушылыгын ескеру арқылы тұтынушыға және ортак нарыққа тек жоғары сапалы тауарлардың айналымына бағытталған.
ЕС жалпы экономикалык саясаттың кұраушысы ретінде сапа туралы саясат мақсатына жатады:
• сапа саласындагы жалпы мақсаттарға жету үшін ұлттық және ортақ нарықтың сапасына талаптардың үйлесімділігі;
• сапаны тұрақты жақсарту үшін жағдайлар жасау;
• мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың сапасына талаптардың жақындауы нәтижесінде сапаны жоғарлату;
• тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін сапага сәйкес ұйымдардың әсерін күшейтуге арналған әлемдік тенденцияларға сай өндірістік кұрылымның өзгерістері;
• Европалық экономиканы күшейту үшін және ЕС елдерінің кәсіпорындарына арналған сапаны басқарудың әртүрлі әдістерінің жеткіліктігі арқылы оның бәсекеге жарамдылығын арттыру;
• кәсіпорынның ғылыми-техникалық дамуын және инновациялық қызметтің, өндірістік потенциалдық қолданылуын жақсарту.
Сапа саясатын құру арқылы ЕС - органдардың, өндірістік компаниялар мен тұтынушылардың сапаны арттыру мақсатында рөльдерін анықтайды. Сапа саясатын жүзеге асыру мақсатында сапа жөніндегі Европалық бағдарлама құрылды (ЕQР - Еurореаn Quality Program).
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - тауарлар мен қызметтер сапасын жақсарту нәтижесінде бәсекеге қабілетін арттыруга және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған ЕС-тің экономикасын біріктіру.
Бағдарламаны іске асыра отырып, ЕС тауар мен қызметті әлемдік нарықта күшейтуге тырысады. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша қызмет сапа жүйесін сертификаттау болып табылады.
№ 15 дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Сапаны басқарудың халықаралық тәжірибесі

1920-50 жылдары жалпы менеджмент және сапа менеджментін негізін Тейлор жүйесі құраған болатын. Бұл жүйе 1905- жылдан белгілі болатын. Бұл жүйе бойынша жеткізуші және тұтынушы арасындағы қатынастар алғашқы рет формаға келтірілген және арнаулы құжаттармен бекітілген талаптар - техникалық шарттар негізінде кұрылган. Техникалық шарт талаптарының орындалуы кірісте (шикізат және т.б. кіруі кезінде) және шығыста (дайын өнімді шығару кезінде) бақылау жүргізу арқылы тексерілген.


Тейлор жүйесінің ерекшелігі - соңғы өнімнің сапасы бақыланатындықта. Жүйе бойынша сапаның жоғарғы және төменгі шегі, рұқсат ауқымы қарастырылған, шаблон және калибр сияқты рұқсат етілген жоғарғы және төменгі шегіне қойылған өлшем кұралдары енгізілген, ақаулы өнім шығарғандарга айып салу және оларды жұмыстан шығару жүйесі қарастырылған, сондай-ақ сапа жөніндегі тәуелсіз инспектор қызметінің қажеттілігі негізделген болатын.
Кадрларды даярлау кәсібі окытуға және өлшегіш, бақылау жабдықтармен жұмыс істеуді үйретуге бағытталған болатын.
Тейлор жүйесінің (принципінің) кемшілігі - сапаны баскарудың тек қана бақылау функциясына бағытталғаны болып табылады. Бұндай тәсіл бойынша ақаулар өндірістік тізбектің ең соңынан табылады және жарамсыз деп танылған өнімдер бөлініп алынады.
Осы кезеңде (1920-50 жж.) бақылаудың статистикалык әдістері зерттеп дайындалды: У. Шухарттың бақылау карталары және статистикалык бакылау кестелері дүниеге келді. Бұлар кейіннен сынамалык бақылау әдістерінің негізіне қойылды. Бұл кезде американ ғалымдары Э. Деминг, Дж. Джуран өндіріске статистикалық үрдісті белсенді насихаттаған болатын. Бұл ғалымдар ең алғашкы болып сапаны қамтамасыз етудің ұйымдык жағына көңіл аударған, ең жоғарғы басшылардың сапа мәселелерін шешудегі рөлін көрсете білген.
1917- жылы американ ғалымы А. Фейгенбаум сапаны жаппай басқару концепциясын - ТQС (Тоtаl Quality Соntrol) концепциясын ұсынды. Бұл концепция бойынша өнімнің сапасына жауаптылық сапа қызметіне ғана жүктелмейді, кәсіпорынның бүкіл басшылығы оған жауапты болып табылады.
ТQС жүйесінде персоналды окытуға, жұмыстың сапасы үшін материалдық стимулдар беруге, жұмыскердің және онын отбасының болашағын ойластыруға, фирманың беделін көтеруге аса көңіл аударылған.
Сонымен, сапа аясындағы американ тәжірибесінің ерекшеліктері мыналарда:
- шығарылған өнімнің сапасы математикалық статистика әдістерін пайдалану арқылы қатаң бақылау;
- өндірісті көлемдік және сапалық көрсеткіштер бойынша жоспарлау процесіне көңіл аудару, жоспарлардың орындалуын әкімшілік тарапынан бақылау;
- жалпы фирманы басқаруды жетілдіру.
70-жылдары Жапония экономикасының персоналды және сапаны басқару принципымен және практикасымен байланысты. II Дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония толық қиратылған (бұзылған) болатын. Өнеркәсіпті қайта кұру ғана емес, артта калған техника және технологияны жою, өнімнің сапасын көтеру қажет болатын. Бұл мәселелерді шешуде жапондықтар Батыста (Америкада) қолданылатын сапаны бақылау жүйесін қолданбай, сапаны ұдайы жақсартуға бағытталған жүйені қалыптастырып, сол жүйені қолдана бастады.
Сапаны басқару жөніндегі Жапон тәсілдемесінің айрықша элементтері мыналар болып табылады:
1) барлык өндірістік бөлімшелерде процестерді және еңбек нәтижесін ұдайы жетілдіруге көңіл аудару;
2) өнімнің сапасын баскаруға емес, процестердің сапасын басқаруға көңіл аудару;
3) ақаулардың болуына жол бермеуге, жарамсыз өнім шығуы мүмкін болмайтын жағдайларды туғызуға көңіл аудару;
4) орын алған мәселелерді өндірістің соңғы операциясынан бастап алдыңғы операциялар бағытында мұқият зерттеу және талдау;
5) «сенің тұтынушың - келесі өндірістік операцияны орындаушы» принцибын енгізу және қолдану;
6) еңбек нәтижесінің сапасына жауапкершілікті негізгі орындаушыға толығынан жүктеу;
7) адам факторын толык қолдану; жұмысшылар мен қызметкерлердің шығармашылық потенциалын өркендету.
Жапония кәсіпорындарында сапаны басқару жүйесі төмендегі 3 бас постулаттардың негізінде кұралады:
1) өнімді жоспарлау және шығарудың ең жаксы технологиясының өзіндік кемшіліктері болады, яғни оны «жақсартуға» болады;
2) әр кәсіпорында біліктілігі жоғары инженерлік-технологиялық қызметкерлердің дефициты болады (жеткіліксіз болады);
3) операцияларды дәл орындамусыз (орындамауынша) жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.
Сапа жүйесін әзірлеу кезінде Жапонияда «бес ноль» атты бағдарлама қолданылады. Бұл бағдарлама мына ережелерден кұралады:
1) ақаулар пайда болатындай жағдайлар тудырма;
2) келесі кезеңге ақаулы өнімді жіберме;
3) алдыңғы кезеңнен ақаулы өнімді қабылдама;
4) технологиялық режимдерді өзгертпе;
5) қателерді қайталама.
Егер Жапония және АҚШ-та сапаны жоғарылату бағдарламасы көп жыл бойы іске асырылатын болса, сапа мәселелері бойынша белсенді саясат жүргізілсе, көп жылдарға бағытталған сапаны жоспарлау жұмыстары атқарылатын болса, Еуропада негізінен, сапаны басқару сапаны бағалау күйінде қалып койды.
Тек 80-жылдардан бастап Еуропада ИСО 9000 сериялы стандарттардың негізінде сапа жүйелері енгізіле бастады. 90-жылдары ЕN 29000 сериялы бірыңғай стандарттар (еуронормалар) іске енгізілді. Бұл сериялы стандарттар сапа жүйелерін сертификаттауды регламенттейді.
Сапа жөніндегі мәселелерді шешу жөніндегі Еуропалық тәсілдеменің айрықша ерекшеліктері:
- барлық жұмыстарды сапаны бағалау және растаумен байланысты зандар негізінде жүргізу;
- ұлттық стандарттар, ережелер және стандарттау процедураларының талаптарын үйлестіру;
- өнімді және сапа жүйелерін сертификаттау, зертханаларды аккредиттеу, сапа жөніндегі мамандарды тіркеу және т.б. жұмыстарға уәкілеттелген (өңірлік) инфраструктура және ұлттык ұйымдарды кұру.
Батыс (АҚШ және Еуропа) және шығыс (Жапония) елдерінің сапаға деген тәсілдемелері 1 -кестеде саластырылган.

Бұрынғы Кеңес Одағында сапа мәселелерін шешуге жүйелік тәсілдеме 50-жылдары енгізіле бастады. Бұл кезде Саратов кәсіпорындарында өнімді ақаусыз шығару және оны техникалық бақылау бөліміне және сатып алушыға бірінші ұсынғаннан тапсыру жүйесі (система бездефектного изготовления и продукции - БИП) кеңінен тараған болатын. Бұдан басқа, мынадай сапаны басқару жүйелері енгізілді:


- бірінші өнімнен бастап сапа, сенімділік және ресурс жүйесі (система качества, надежности ресурсов с первых изделий - КАНАРСПИ) - Горький қаласы;
- ақаусыз еңбек жүйесі (система бездефектного труда - СБТ) - Львов;
- моторесурстарды жоғарылату жөніндегі жұмыстарды ғылыми ұйымдастыру жүйесі (система научной организации работ по увеличению моторесурсов - НОРМ) - Ярославль.
Жинакталған тәжірибені қорыту нәтижесінде 70-жылдары Львов кәсіпорындарында өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесі (КС УКП) енгізілді, содан соң Краснодар кәсіпорындарында өндірістің тиімділігін жоғарылытудың кешенді жүйесі (комплексная система повышения эффективности производства - КС ПЭП) енгізілді.
Осы екі жүйені әзірлеу негізінде (КС УКП, КС ПЭП) алғашкы рет, кейіннен сапаны баскару жүйесінің негізі болып табылған кәсіпорын стандарттары қолданылған.
КС УКП негізіне қойылған принциптер соңынан ИСО 9000 сериялы Халықаралық стандарттарда қолданылған болатын. Бұл принциптер:
- басқаруды өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде жүргізу және соңгы нәтижеге көңіл аудару;
- басшылықтың алдыңғы рөлі;
- фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау және сапаны басқаруға қызметкерлерді тарту.

1-2 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет