ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет3/5
Дата05.11.2016
өлшемі1,7 Mb.
#937
1   2   3   4   5

Лекция №7

Тақырыбы: Органикалық эволюция объекті процесс. Эволюцияны зерттеу әдістеір

Мақсаты: Органикалық әлемнің эволюциясы, жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

    1. Тіршіліктің негізгі қасиеттері. Жер бетіндегі тіршіліктің геохимиялық рөлі. Тіршіліктің құрылым деңгейлерінің арасындағы байланыстық және арақатынастық.

    2. Химиялық және биологиялық эволюцияның негізгі дәірлері. Тіршіліктің пайда болуы биогенез. Энергетикалық процестің эволюциясы. Көпклеткалылардың пайда болуы. Эволюцияның дәлелдемелері. Және оны зерттеу әдістері.

    3. Микроэволюция және макроэволюцияны зерттеу әдістері.

Тіршілік өзі қалай дамыды? Тірі затты құрайтын элементтер бір-бірімен қалай - ақ көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым көпшілігімен мақұлданған. бірікті? Қазіргі таңда бұл сұрақтар бойынша дәйекті жорамал құруға мүмкіндік беретін мәлімет көп және жеткілікті. Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияны Пфлюгер, Дж. Холдейн және Р. Бейтнер ұсынды. Бірақ толық түрде бұл теория биохимик, академик А.И.Опариннің 1924 жылы жазылған “Тіршіліктің пайда болуы” деген еңбегінде қарастырылды. Бұл теория бойынша тіршіліктің пайда болуы – Жердегі ұзақ эволюцияның - алдымен атмогидросферадағы химиялық, одан кейін биологиялық эволюциялардың нәтижесі. Бұл концепция қазіргі кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай

Жер бетіндегі тіршілік жоғары саналы жануарлар, қарапайым жалғыз клеткалы организмдерден бастап, түрлі вирустар болып табылатын жалғыз белокты молекулалардан құралған нысандардан құралған. Вирустар инертті кристалдық нысанда немесе қозғалмалы жағдайда өмір сүреді. Белоктық молекуланың өзі болса, оларға қарағанда қарапайым  бөліктерден – бір-бірімен түрлі химиялық байланыстар арқылы байланысып, амин қышқылдарын құрайтын көміртегінің, сутегінің, азоттың, оттегінің, қосылыстарынан тұрады.

1953 жылы С.Л.Миллер мен Г.К. Юри деген америкалық ғалымдар Опариннің теориясы негізінде жасанды атмосферамен бірінші болып тәжірибе жасады. Олар Жердің алғашқы атмогидросферасының құрамында болған сутегі (H2), метан (CH4), аммиак (NH3) пен су буының (Н2О)  қоспасынан амин қышқылын алды. Газдардың бұл құрамы вулкан газдарының құрамдарына толық сәйкес келетіндігі белгілі. Газдардың осы қоспасына күшті электр тоғы беріліп, содан соң конденсациялады. Алынған сұйықтың құрамынан амин қышқылдары, түрлі көмірсутегілер мен тірі материяға тән компоненттер табылды. Басты  факторлардың бірі тотығу - қалпына келу үрдістері белсенді жүруіне мүмкіндік беретін бос оттегінің болмауы және энергияның  жеткілікті мөлшері еді.
Осындай тәжірибелерді ҚСРО мен Жапонияның ғалымдары да қайталады. Нәтижесінде Жердің алғашқы атмосферасында амин қышқылдарының синтезделуінің мүмкін болғандығы дәлелденді. Бастапқы газдардың түрлі вариациялары мен энергияның көздері синтезделу реакцияларының нәтижесінде түзілген өнімдердің арасында көптеген табиғи амин қышқылдары –лейцин, изолейцин, серин, треонин, аспарагин, лизин, фенилаланин, және тирозин табылды. Синтезделіп алынған амин қышқылдарының ішінде қазіргі кездегі тіршілік иелерінің құрамына кірмейтін түрлері де болды.

Жоғары молекулалы қосылыстарды құрайтын мономерлердің синтезделу реакцияларына қажетті энергия көздері болып электр разрядтары табылуы мүмкін. Қазіргі кезде Жерде әрбір секунд сайын мыңнан аса найзағай жарқылы байқалады. Әлі толық суынып бітпеген Жерді  қоршап тұрған бу секілді алғашқы гидроатмосферада мұндай найзағай жарқылдары қазіргі кездегіден әлдеқайда көп болған болуы да мүмкін. Бұл кездегі энергия алғашқы мұхиттың үстінде бөлініп, синтезделу өнімдерінің суда еріп кету ықтималдылығы жоғары.

Бізді қоршаған тіршіліктің барлық түрлері небәрі азғана  мономерлер блогынан (төменгі молекулалы қосылыстар) тұрады. Ол 20 амин қышқылдарынан (белок молекулаларын құрайтын), 5 азотты қосылыстардан (нуклеин қышқылдарының құрамдас бөліктері), энергияның қайнар көзі - глюкозадан, клетка мембраналарын құрайтын құрылыс материалы және энергия сақтаушы- майлардан тұрады. Кез келген тірі организмнің биохимиялық құрылысын небәрі 29 мономер сипаттайды.

Көміртекті қосылыстар “бастапқы сорпа” түзгеннен кейін, биополимерлер – өздерін - өздері көбейту қасиеттері бар белоктар мен нуклеин қышқылдарының түзілу мүмкіндігі пайда болды. Биополимерлер түзілуге қажетті концентрациялы заттар Күн сәулесімен қыздырылған сулардағы минералдық бөлшектерде, мысалы, саз немесе темір гидрооксидтеріне шөккен органикалық заттар есебінен пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, органикалық заттар мұхит бетінде жұқа пленка түзіп, олар жел мен толқын арқылы жағалауларға жинақталуы ықтимал.



Заттардың концентрациялануы коацерваттық, яғни қоршаған ортамен диффузиялық түрдегі зат алмасу арқылы байланысатын құрылымдарды, тамшыларды түзуі мүмкін. Коацерваттық тамшыларды лабораториялық жағдайда да алуға болады. Мысалға Опарин әртүрлі полимерлерден осындай тамшыларды алған. Коацерваттық тамшылар ұқсас қосылыстарға өзінен өзі бөлінеді. Бұл қосылыстар белгілі бір массаға жеткенге дейін ғана өмір сүре алады. Массаның көбейуі  және қарапайым реакцияларды катализациялауға деген мүмкіндігі, полимерлерге тән болып келетін суспензиялар мен микросфераны бөліп тұратын шекараның нығаюына әсер етеді. Органикалық заттарды құрайтын негізгі химиялық элементтер жоғарыда айтылып кеткендей, көміртегі, оттегі, сутегі және азот болып табылады. Яғни олар гидроатмосфераның бастапқы құрамындағы химиялық элементтер. Осы төрт элемент органикалық заттардың 99% құрайды. Осылармен қоса органикалық заттардың құрамына күкірт, фосфор және аздаған мөлшерлерде жиырмаға жуық элементтер кіреді. Болжанып отырғандай, осы  ондаған элемент белок -  полимерлердің құрамына кіріп, бастапқы мұхиттың  жағалауларында органикалық заттардың жиналуы кезінде биологиялық реакциялардың катализаторы болған. Бұл құрамдас элементтер қосылыстардың көптеген түрін құрайды. Сандық мөлшермен алғанда биотаның құрамына кіретін химиялық элементтердің жалпы құрамы теңіз суының құрамына жақын. Биотаның құрамында тек тірі жәндікке ғана тән бір де бір элемент жоқ, сондай – ақ бейорганикалық  материяда кездеспейтінде бір де бір элемент жоқ. Биотаның құрамындағы заттардың химиялық құрылысы гидросфера, атмосфера және литосфераның жоғарғы қабатының химиялық құрамынан сұрыптау мен негізгі компоненттерді ұйымдастыру бойынша өзгешеленеді. Қазіргі кездегі белок молекулаларын құрайтын 20 амин қышқылдары миллиондаған жылдар бойы эволюция процесінің барысында сұрыпталып, қалдырылған. Басқа амин қышқылдарының жиынтықтарының кодтары жойылып, оларға сәйкес эволюциялық линиялар бірте-бірте жойылып кеткен. “Тіршіліктің басы қашан басталады”, деген сұраққа жауап беру үшін, “тіршілік дегеніміз не” деген сұраққа жауап беруіміз керек. Тіршілік дегеніміз - “кез келген организмнің өзінің орнына ұрпақ қалдыру, өзгеру және  осы өзгерістерді қайта өндіру қасиеті” дегеніміз дұрыс болар. Бұл қасиеттер энергия мен информация беруді жүзеге асырады. Органикалық заттардың молекулалары органикалық емес заттарға қарағанда ірілеу және күрделірек, сондықтан олар түрлі өзгерістерге тез ұшырай алады. здіксіз өзгерістер мен осы өзгерістердің сақталып, жаңарып отыруы Жердегі тіршіліктің ерекше қасиеті болып табылады. Органикалық емес заттар болса өздерін - өздері қайта жасай алмайды. Геологиялық жыныстардан табылған қазба қалдықтар осыдан 3.3 млрд жыл бұрын теңіздерде қарапайым өсімдіктер – көк-жасыл балдырлардың болғандығын көрсетіп отыр. Жердің базальтты литосферасының жасы 4.5 млрд жыл деп саналады. Сол кездерде де  жоғарыда айтылғандай құрамында оттегі жоқ алғашқы атмогидросфера қалыптаса бастаған. Басқа сөзбен айтқанда, бір клеткалы ядросыз организмдер пайда болғанға дейін 1 млрд жылдай үзіліс болған. Пайда болған алғашқы мұхит органикалық қосылыстардың химиялық реакциялары жүретін және тіршіліктің химиялық эволюциясы үшін қажетті тамаша орта болды. Оның үстіне, бос оттегі мен озон қабаты болмағандықтан Күннің ультракүлгін сәулелері құрлық пен мұхит беттеріне жақсы түсті. Бұл сәулелер мен найзағай жарқылдарынан алғашқы атмогидросферада аминқышқылдарының түзілуіне қажетті энергия бөлінді, ал үздіксіз түзілген аминқышқылдары алғашқы мұхитты “сорпаға”айналдырды. Түзілген амин қышқылдарының молекулалары бір-бірімен соғылысып, қосылып белок молекулаларын, ал олар одан да күрделі көмірсутектерді түзді. Дәл осылай химиялық эволюция биохимиялық эволюцияға ұласты деп жорамалдануда. Ғалымдардың басым көпшілігі белок молекулаларының түзілуінің себебі алғашқы мұхиттағы амин қышқылдарының “кездейсоқ” соқтығысулары деп есептейді. Бұл жерде “кездейсоқ” деген сөзді “ықтималдылығы өте төмен” немесе “тіпті мүмкін емес” деген мағынада қарастырмау қажет. Алғашқы атмосферада амин қышқылдарының түзілуіне жеткілікті концентрациясының қалыптасуы жайлы сөз қозғағанда, бұл процесті статистикалық заңдылық ретінде қарастыруымыз қажет. Кез келген кездейсоқ жағдай, ықтималдылығы қандай да төмен болғанның өзінде, оның болу мүмкіндігі әрекеттер көбейген сайын артады. Егер белгілі бір құбылыстың орын алуының ықтималдылығы бір тәжірибеде 1000-ның 1 болса, 1000000 тәжірибеде ықтималдылық 9999 ға тең. Сондықтан алғашқы мұхиттың амин қышқылдарының қоспасынан тұратын “сорпа” болғандығын қарастырсақ, онда олардан белок молекулаларының түзілуі кездейсоқтық емес, тіпті заңдылық деп қарастыру қажет. Ал егер бұған 1 млрд жылдан асатын уақыт мерзімін қоссақ, Жердің пайда болғанынан бастап организмдердің палеонтологиялық қалдықтары табылғанға дейін амин қышқылдарынан белок молекуларларының түзілу мүмкіндігін болжау  аса қиын. Белок молекулалары  оттегісіз ортада бір-бірімен қосылып, күрделеніп, прокариоттар деп аталатын алғашқы тірі бір клеткалы ядросыз организмдерді түзді. Алайда, ең маңыздысы ферментация процесі пайда болуы болды. Қазіргі кезде біз бақылап отырған ферментация үрдісі, оттегісіз ортада өмір сүретін қарапайым ағзаларда жүреді.Ферментация кезінде көмірсутегілер бөлініп, қайта құралады. Бұл кезде жылу түрінде аздаған энергия бөлінеді, осы реакция кезінде пайда болатын өнімдердің бірі – көмірқышқыл газы болып саналады. Осы көмірқышқыл газы ферментация не басқа химиялық реакциялар нәтижесінде түзілген жоқ па?
Алғашқы мұхиттағы заттарға қосылған көмірқышқыл газы организмдердің тіршілік ету ортасына жаңа қасиеттер беруі мүмкін. Фотосинтез процесіне де мүмкіндік беруі мүмкін. Барлық жасыл өсімдіктерге тән бұл үрдіс су, көмірқышқыл газы мен өсімдіктер сіңірген күн сәулесінің энергиясынан түрлі органикалық қосылыстар түзеді. Алайда алғашқы фотосинтездеуші организмдер қазіргі кезде жер бетінде тіршілік ететін, шын мәнінде балдырлар емес, бактериялар болып саналатын көк-жасыл балдырлар сияқты болса керек. Дәл қазір Жерде олардың ролі айтарлықтай емес, ал ол кезде Жерде тек сол балдырлар мен оларға жақын организмдер көптеп тіршілік еткен. Біртіндеп олар фотосинтез процесінің нәтижесінде қоршаған.

Тіршілікке анықтама берудің бір жолы – олардың негізгі қасиеттерін жүйелеп баяндау. 
1.Тірішіліктің құрылымы. 
2. Қоректену. Ағзалар өмір сүруіне қажетті энергия мен заттарды қоректену арқылы алады. Жануарлар мен саңырауқұлақтар басқа ағзалардағы органикалық заттарды ферменттердің көмегімен ыдыратып қорытады, оны қоректену дейді. 
3. Тынысалу. Ағзалар тыныс алғанда кейбір көп энергиялы қосылыстар ыдырап, соның нәтижесінде энергия бөлінеді. Бұл энергия аденозинтрифосфот (АТФ) молекуласы түрінде сақталады. 
4. Өсу. Өлі табиғат (мысалы, кристалдар) сыртқы қабатына жаңа заттар қосу арқылы өссе, тірі ағзалар қоректік заттардың есебінен өседі. 
5. Даму. Уақыт өткен сайын ағзалар күрделеніп өзгереді. Ондай өзгерісті даму дейді. 
6. Тұқымқуалаушылық. Тіршіліктегі тұқым қуалайтын молекулалардың құрамы бірдей және ол молекулалар ағзалардың өзінен бөлініп, ұрпақтарына беріледі және ата-енелерінің негізгі белгілерінің ұрпаққа берілуін, түрлердің сақталып қалуын қамтамассыз етеді. 
Геохимиялық эволюция. Жер бетiнде тiршiлiктiң пайда болуының доминантты гипотезасы тiршiлiктiң өлi материядан пайда болуына негiзделген, сондықтан бiздi геохимиялық эволюция да қызықтыруы керек.

Жерде тiрi заттың түзiлуiнiң алдында атмосфераның химиялық құрамының ұзақ та күрделi эволюциясы жүрдi, оның соңынан органикалық молекулалар түзiлдi. Бұл молекулалар кейiн тiрi заттың түзiлуi үшiн кiрпiштер қызметiн атқарды. Планеталар алғашқы газды – шаңды субстанциядан түзiледi, ал олардың химиялық құрамы Күн және жұлдыздардың химиялық құрамымен бiрдей. Олардың алғашқы атмосферасы негiзiнен космостағы көп элемент – сутегiнiң қарапайым қосылыстарынан тұрады. Бәрiнен де көп H2, H2O, CO2, NH3 және CH4 молекулалары болды. Сонымен бiрге алғашқы атмосфера инерттi газдарға, әсiресе гелий мен неонға бай болуы керек. Алғашқы атмосфера тотықсызданған, яғни оттегiсi болған жоқ. Қазiргi жердегi атмосфера астрономиялық консенс немесе басқаша айтқанда ғажайып. Қазiргi атмосферада өте активтi газ – оттегiнiң 21% -i бар. Көмiрқышқыл газының мөлшерi аз, бiрақ оны жердегi белсендi вулкандық қызметi және техногендi процестерi атмосфераға көп мөлшерде бөледi. Шамамен 3.5 млрд жыл бұрын жерде оттегi түзiлдi және бiртiндеп оның мөлшерi көбейдi. Жер бетiнде тiршiлiк, атмосфера оттегiге байыған кезге дейiн түзiлдi, өйткенi оттегi өсiмдiктiң фотосинтезiнiң өнiмi болып табылады. Атмосферада оттегiнiң түзiлуiн бастаған көк-жасыл балдырлар, олардың жасы 3.5-3.8 млрд. жыл.

Сонымен, химиялық және органикалық заттардың келесi кезеңдерiн бiлуiмiз керек:

Кiшi молекулалардың күрделi ұйымдасқан молекулаларға дейiнгi эволюциясы

Полимерлердiң түзiлуi (глицин, аланин, басқа да аминқышқылдары, органикалық қосылыстар)

Катализдiк қызметтiң пайда болуы

Молекулалардың өздiгiнен жиналуы

Пребиологиялық химия саласындағы негiзгi жетiстiк деп нуклеотидтер мен полинуклеотидтердiң абиогендi синтезiн айтады.

Бұл өзгерiстердiң негiзгi әсерлерi: электрлiк разряд, соғу толқындары, күннiң ультракүлгiн сәулесi, вулкандық жылу, радиоактивтi ыдырау екенiн айтуымыз керек.

Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар

Орыс биохимигі Александр Иванович Опарин (1894-1980) 1922 жылы тіршіліктің Жер бетінде шығу тегінің табиғи теориясын тұжырымдады. Содан бері ол ең дұрыс және арнайы ғылым ретінде мойындаған тұжырым болып есептеледі. А. И. Опарин 1970 жылдан бастап тіршіліктің шығу тегін зерттеу жөніндегі Халықаралық қоғамды басқарды. А. И. Опарин коацерваттардың - сулы ерітіндідегі ағзалық заттардың тұрақты конгломераттарының (ұйығының) пайда болу мүмкіндігін сынақтәжірибе арқылы дәлелдеді. Олар химиялық (ағзалық) заттардың құрам бөлігі бола тұра кейбір тірі нәрсенің қасиеттерін көрсете алады (карапайым жарғақшалардың түзілуі, ұдайы өсу қасиеті, энергетикалықалмасу). Сөйтіп коацерваттар протобионттар, яғни «тіршілік жолашары» деп атай бастады.

Ағылшын биологі Джон Холдейн 1925-1929 жылдары Опариннің ойын одан әрі дамытты. Ол коацерваттардың тұрақтылығын көрсетіп, ағзалық заттарды қалыптастырудағы энергия көзі ретінде ультракүлгін сәуле шығарудың рөлі туралы болжам айтты.

Америкалық жас ғалым Стенли Миллер 1953 жылы Опарин мен Холдейннің болжамын сынақтәжірибемен тексеру мақсатында тәжірибелер топтамасын жүзеге асырды. Ол осы заманғы жанартау (вулкан) газдарын негізге алып, аузы дәнекерленген кұты- да Жердің 4,5 млрд бұрынғы алғашқы атмосферасын жасап көрді. Онда тиісті температура мен қысым сақталды. Осы қоспа арқылы найзағай разряды сияқты 1000 вольтқа дейін электр заряды жіберілді. Бұдан басқа құты алғашқы мұхитты елестететін (имитация) суы бар тағы бір ыдысқа жалғастырылды. Буы «атмосфераға» барып, салқындағанда, конденсацияланғанда құтыға «жаңбыр» түрінде «кайта оралу» үшін мезгіл-мезгіл қыздырылды. Бар болғаны бір аптада кұтыдағы «мұхитта» ұсақ ағза «құжынап» кетті. Бұдан несепнәр (мочевина), ағзалық май қышқылы, құмырсқа және сірке қышқылдары, ең бастысы бірнеше аминқышқылдар тәрізді ағзалық қосылыстарды көруге болады. Кейін кептеген зерттеушілер сынақтәжірибе шарттарын біраз өзгертіп, бірақ алғашқы Жер атмосферасының үлгісі бойынша шынайы деректерді қолдай отырып, Миллердің тәжірибесін қайталады. Олар бастапқыда «Миллер құтысында» синтезделмеген өзге де көптеген қосылыстар алды.

Зерттеу тізбегінде бір «осал орын» шешімін таба алмай қалды. Сулы ортада аминқышқылдардың пептидтерге, нәруызға «бірікпейтіні» айқын еді. Бұл проблеманы америкалық зерттеуші Сидней Фокс шешті. Ол аминқышқылдардың құрғақ қоспасын 130°С-ге дейін қыздырып, 200-ге дейін аминқышқылы бар өте тұрақты полимер алды. Оны протеиноид деп атады. Сөйтіп алғашқы рет тірі жасушадан тысқары полипептидтердің бастамасыз (матрицасыз) синтезі жасалды. Фокс қолдан жасаған жағдайлар алғашқы мұхит суы кайтып суалған кезде қалған ұсақ шалшықшалар суында түзіле алады. Ол кезде Жер бетіндегі температураның жанартау атқылауы және Күн сәулесінің белсенділігінен күшті жоғарылауы тұтас алғанда 80°С-ге жуық болуы мүмкін екенін естен шығармаңдар.

Су көтерілген кезде даяр нәруыздар мұхитқа қосылды. Алынған протеиноидтардың кейбіреулерінде әршітпелі белсенділік болды, яғни дұрысырақ айтқанда, фермент десе де болады. Фокстан кейін өзге зерттеушілер де жоғары температура орнына төменгі температурада, өршіткінің орнына саз алып, ұксас тәжірибелерді ойдағыдай қайталады. Мұндай полипептидті тізбектер XX ғасырдың 70-жылдары метеориттік заттардағы өзге ағзалармен бірге табылды. Биополимерлердің түзілуі және эволюциясы

Жердің алғашқы тарихындағы әр түрлі су айдындарында түзілген органикалық қосылыстардың құрамы және олардың жиынтығы да түрлі дәрежеде болды. Мұндай қосылыстардың абиогендік жолмен түзілуі тәжірибе арқылы дәлелденді. Америкалық ғалым С.Фокс 1957 жылы аминқышқылдары судың қатысуынсыз-ақ өзара косылып пептидті байланыстар түзуі мүмкін деген пікір ұсынды. Ол құрғақ аминқышқылдарының қоспасын қыздырып, сосын суытқанда аминқышқылдарының нәруыз тектес молекулалары өзара байланыс түзетінін байқады. С.Фокс Жердің суы тартылған аймақтарында, лава ағыстарының жылуынан және күн сәулелерінің әсерінен аминқышқылдары өзара қосылған. Олардың осындай қоспаларынан алғашқы полипептидті қосылыстар түзілген деп қорытынды жасады.

Фотосинтезбен тыныс алу. Ендігі кезекте фотосинтез бен тыныс алу процестерінің арасындағы байланысты қарастырайық. Барлық көп жасушалы организмдер сияқты өсімдік жасушаларының құрамында аэробты тыныс алудың жасуша орталығы — митохондрия  бар. Сондықтан барлық өсімдік жасушалары тыныс алады және тыныс алу кезінде оттекті сіңіреді. Тыныс алу фотосинтезге қарама-қарсы процесс. Тыныс алу кезінде органикалық қосылыстар ауадағы оттектің көмегімен тотығып, энергия және көмірқышқыл газы бөлінеді. Тыныс алу жасушаның энергетикалық қажеттілігін өтеу үшін керек. Әсіресе ол өсімдіктің фотосинтезге қатыспайтын мүшелері — тамыр, сабақ және гүлдері үшін маңызды. Тыныс алу және фотосинтез процестерінің энергетикалық қарқындылығын салыстырамыз. Қалыпты күн жарығында өсімдіктер оттекті сіңіргеніне қарағанда 20—30 есе көп мөлшерде бөліп шығарады. Фотосинтез нәтижесінде бөлініп шығатын энергия мөлшері тыныс алу нәтижесінде бөлінетін энергиядан ондаған есе көп болады. Ал жарық жоқ кезде өсімдіктер оттекті көп сіңіреді. Сондықтан да дәрігерлер өсімдігі көп бөлмеде ұйықтауға болмайтындығын ескертеді.

Фотосинтез процесінің нәтижесінде 1 м2 жапырақта 1 сағ ішінде 1 г органикалық зат түзіледі. Жер бетінде бір жылдың ішінде 400 млрд т органикалық зат өндіріледі. Көмір, шымтезек (торф), мұнай фотосинтез процесінің нәтижесінде осыдан миллион жыл бұрын пайда болған. Біраз жыл өсіп түрған 10—12 ағаш, бір адамды жыл бойына оттекпен қамтамасыз ете алады екен.



 Макроэволюция - түрден жоғары деңгейде (туыс тұқымдас, отряд, класс, т.б.) қалыптасуына ықпал ететін эволюциялық өзгерістер макроэволюция терминінің тұңғыш рет ғылымға, орыс ғалымы Ю.А.Филипченко енгізген (1927 ж.). Қазіргі кездегі зерттеулерде макроэволюцияның механизмі жоқ, тек микроэволюция процестерінің негізінде ғана  жүзеге асады деген тұжырымдар жасалды. Микроээволюция деңгейінде көрінбейтін эволюцияның жалпы заңдылықтары мен бағыттарын макроэволюцияда байқауға болады.  Микроэволюциядағы процестер жинақтала келіп, макроэволюциялық құбылыстардан сырттай көрініс табады. Макроэволюция деңгейінде микроэволюция кезінде байқалмайтын органикалық дүние эволюциясының бағыттары мен заңдылықтары белгілі болады. Кейбір биологـғалымдар (Р.Вальтерек, Р.Гольдшмидт) жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында макроэволюция терминінде өзгергіштіктің екі түрі: түраралық өзгергіштік (Мендель заңына бағынатын), ерекше өзгергіштікке (Мендель заңына бағынбайтын) де қолданылады. Эволюцияның дамуыды зерттеуші көптеген ғалым ـ биологтар  туыс, тұқымдас, отряд, класс, т.б. микроэволюция негізінде дамитынын айтады.

Микроэволюция - бір туыс жататын популяциялар ішінде жүретін әрі популяциялардың гендік қорының өзгеруіне және жаңа түрлердің пайда болуына  алып келетін эволюциялық процестердің жиынтығы. Микроэволюция терминін ғылымға енгізген Ресей ғалымы, Н.В.ТимоффевـРесовский (1938 ж.). Микроэволюция мутациялық өзгергіштіктің негізінде табиғи сұрыптаудың нәтижесінде жүзеге асады. Микроэволюция негізінде эволюциялық факторлардың (мутация, миграция, оқшаулану,тіршілік үшін күрес, сұрыпталу, т.б.) әсерімен популяциялы  генотиптік  құрамның өзгеруі нәтижесінде сол популяцияда жаңа түр пайда болады. Микроэволюция процесінің жүзе.е асуына популяция санының ауытқуы, олардың арасындағы генетик ақпараттардың алмасуы, оқшаулану және гендердің ығысуы (дрейфі) әсер етеді. Микроэволюция тұтастай алғандағы биологиялық түрдің бүкіл гендік қорының өзгеруіне немесе кейбір популяцияның оқшаулануы кезінде атаـаналарынаң өзгеше жаңа бір түрдің пайда болуына алыпкеледі. Микроэволюциялық зерттеулер нәтижелі болуы үшін популяцияның генетикалық құрылымы және оның динамикасы құрастырылады. 
Қолданылған әдебиеттер:

  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  3. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  4. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  5. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  6. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  7. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  8. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986



Лекция №8

Тақырыбы: Микроэволюция ілімі

Мақсаты: Микроэволюция туралы ілім, өзгергіштіктің түрлері мен Харди-Вайнберг заңы туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

  1. Микроэволюция туралы ілімнің қалыптасуы, оның міндеттері және эволюцияны зерттеудің әдістері. Эволюцияның генетикалқ негіздері.

  2. Өзгергіштік – тірі организмдердің ортақ қасиеттері. Фенотиптік, генотиптік және паратиптік өзгергіштік. Генотиптің реакция мөлшері.

  3. Мутациялардың формалары. Харди-вайинберг ережесі.

Жаңа түрлер және олардың ұсақ (түрішілік) санаттары – түршелер мен популяция түзу үдерістері микроэволюция деп аталады. Микроэволюция – түр түзу көбінесе оқшаулануға негізделеді. Осыған орай ол негізгі екі: географиялық және экологиялық түр түзу типтеріне бөлінеді. Географиялық тип кезінде аналық түрдің таралу аймағы бөлініп қалады екен, яғни оның популяциясы географиялық тұрғыда оқшауланады. Мысалы, бірнеше ондаған жылдарға созылған қуаңшылық салдарынан Австралия орталығында өмір сүруге мүмкіндік іс жүзінде болмай қалғандықтан, бір кездері бірегей болған бұйра тотылар мекендемейтін, жеңіс бермейтін шөл орналасты. Қуаңшылықтың беті қайтқан кезде тотылар таралып, қайтадан материктің ортасынан орын тепті. Сөйтіп олар оқшауланған биолгиялық дербес түр шықты. Анықтар айтқанда шағылыса алмайтын дербес түрлер пайда болды.

Экологиялық түр өзгеруде жаңа формалар бір аумақта пайда болады, яғни таралу аймағы қалпында қалады. Экологиялық түр түзу үдерісінің мәні бастапқы түр популяцияларының әртүрлі орта жағдайларына бейімделуінде, олардың оқшауланып, дербес түрлер сапасына ие бола бастауында. Сірә бұл үдеріс географиялық оқшауланудан сирегірек өтетін болуы керек, алайда бұлда іске асады. Мәселен, шымшықтардың арнаулы қорекке бейімделуінен бөлінбеген алғашқы таралу аймағына дербес бес түр қалыптасқан. Түр түзудің мұндай типіне көл экожүйесінен көптеген мысалдар келтіруге болады. өйткені көл бір ғана географиялық нүкте ғой, оның ішінде табиғи кедергі жоқ және болуы да мүмкін емес. Алайда сонымен бірге қандайда біркөлдің әр бөлігінің эколгиялық шамаластығы әр түрлі болып келеді. Мәселен, судың түбі мен беткі қабатындағы су температурасы және химиялық құрамы ерекше, сондай-ақ жағалау және орталық аумағындағы тірі ағзалар мөлшері мен типінде айырмашылық болады. Солардың әрқайсысында арнаулы қорек ресурстары – біреуінде сан алуан балдырлар, екіншісінде балықтардың уылдырықтарыжәне шшабақтары болғандықтан, қорек түрлері де өзгешеболып келеді. Зерттеушілер Ланао көлінде бұдан 10 мың жыл бұрын бес туысқа жататын балықтардың 18 жаңа түрінің бастапқы балық түрінен түзілетінін дәлелдеді.

Бұдан 10 млн жыл бұрын пайда болған Байкал көліндегі жәндіктердің орасан көп эндемик түрлері сипаттап жазылған. Эндемик дегеніміз – бұл ғаламшарда тек бір орында ғана өмір сүретін ағзалар.

Белгілі түрлердің қалыптасуы кезінде бұл түр түзу типтері бірін – бірі алмастырып, толықтырып, бірлесе әрекет етеді.


МИКРОЭВОЛЮЦИЯ




Түр түзілу типтері Нәтижелері:

1. тіршілік формаларының сан

алуандығы

2. жаңа түрлер мен

түршелердің пайда болуы Географиялық Экологиялық 3. тірі ағзалардың

салыстырма бейімделушілігі

Өзгергіштік – тірі ағзалардың өз ата – енелерінен айырмашылығындағы ортақ қасиеті. Дарақтар көбею кезінде ата тектерінен ешкімнің көшірмесін толық бере алмайды. Шындығына келсек, дарақтардың жыныссыз көбею кезінде де аналық формалардың дәлме – дәл көшірмесі болмайды. өзгерістерді математикалық талдау арқылы есептеп шығаруға болады.

Тұқым қуаламайтын өзгергіштік – қоршаған ортаның әрекетіне қарай тікелей тәуелді. Мәселен, таудағы өсімдіктер мен жануарлар аласа болады. Бұл олардың икемділік сақтап, денесі қатты салқындаған кезде энергиясын жоғалтып алуынан құтқарады. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік құбылысы генетикалық жағынан біркелкі ағзалардан жақсы бақыланады. Сынақтәжірибе ретінде, мысалы, өсімдіктердің өсімді көбеюі кезінде ұрпақтар саны көбірек алынады. Тағы бір мысал, адамның бір жұмыртқадан туған егізінен тұқым қуаламайтын өзгергіштік айқын көрінеді.

Тіпті арнайы екі термин де бар. Олар: айқындылық – геннің әрекет ету күші, белгілердің фенотивтік пайда болу дәрежесі. Енгіштік – популяцияда геннің фенотивті пайда болу жиілігі. Ол % арқыл өрнектеледі. Барлық дарақтардың популяциясындағы барлық гомозиготалылар басыңқылығы бойынша фенотипі басылыңқы болып, басым аллель таратушылары болғанда генотип фенотип тура келген енгіштік толық болады.

Тұқым қуалау өзгергіштігін генотип, яғни тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері: хромосомалар, гендер қамтамасыз етті. Тұқым қуалау өзгергіштігі эволюциялық үдерісте орасан зор рөл атқарды. Тұқым қуалау өзгергіштігінің негізгі үш түрі бар. Ұрпақтың үйлесімді өзгергіштігі кезінде ата тектерінің белгілері жаңаша үйлесіп, қиыстырылады. Мысалы, бір еркектің 20 млн сперматазоиды 20 млн мұмыртқа жасушаларын ұрықтандыратын елестетіп көрсек, тіпті осы жағдайда да мүлде ұқсас екі ұрпақтың пайда болатынына снеу қиын. өйткені әрбір мейоз кезінде сәйкес хромосомалар тек еншілес жасушалар бойынша бейберекет таралып қана қоймай, айқасады да. 1 мейоздың әрбір профазасынан соң қайта қиысатын әр түрлі үлескілері бар, демек аталық және аналық гендердің түрлі – түрлі үйлесімі бар жаңа хромосомалары қалыптасады. Үйлесімді өзгергіштік – бір түрдегі дарақтардың сан алуан болуының негізгі себебі. Бірақ ол бұрыннан бар гендердің, яғни белгілердің жаңа үйлесіміне ғана апарады. Сөйтіп ата тектердің ешқайсысына тән емес мүлде жаңа қасиет пайда болу үшін мутация пайда болуы қажет.



Мутация. Мутация формалары.

Мутация – қандайда бір белгіге әсер ететін генетикалық материалдың кенеттен, секірмелі өзгеруі. Бұл құбылыс еселену кезінде жиі өтеді. Ең ұсақ мутациялық өлшембірлік –мутон. Бар болғаны бір нуклеотид мутон бола алады. Бұл бір амин қышқылды өзгертеді, сөйтіп бүкіл нәруыздың тұтас қасиетін өзгерте алады.

Мутация ДНҚ-да біршама сирек өтеді. Жасуша өзінің тұқым қуалау материалын сақтауға тырысады. Мутациялар кезінде ДНҚ-дағы бірлі –жарым негіз немесе тұтас гендер немесе хромосомалардың өзгеруі мүмкін. Атап айтқанда үлескінің мутагендік мөлшері оларды жіктеу негізіне жатады.

Гендік немесе нүктелік мутация – ген құрылымы шегіндегі өзгерістер. Бұл нәруыздың бір молекуласын өзгерте алады.

Хромосомалық мутация – хромосома құрылымындағы өзгерістер. Бүтін хромосоманың мөлшері мен пішінін өзгерте алады.

Геномдық мутация – хромосома санының өзгеруі, яғни құрам санының ауытқуы.

Бұдан басқа мутациялардың әрбір осы типтерінен өзгерген тип бойынша тағы да бөлінеді. Сөйтіп гендік мутация мыналарды қамтиды:



Нуклеотидтің сусуы. Тұтас ген бір нуклеотидке жылжып қысқарады. Осындай өзгеріс нәтижесінде бүкіл код ауысады да есептеу шеңберінен сусын жылжиды.

Нуклеотидтердің еселенуі – жаңа гендердің пайда болуында рөл атқаратын үдеріс. Мұнда нуклеотидтің сусуы кезіндегі әрекет қайталанады, яғни есептеу шеңбері сусын жылжиды.

Ендірме нуклеотид. Генетикалық код жазбасында аналық ДНҚ-ға тән емес артық нуклеотидтің пайда болуы. Бұл еселену формаларының бірі.

Алмасу – бір нуклеотидтің екіншісімен алмасуына байланысты өзгеру.

Пайда болу дәрежесі бойынша алмасу 3 топқа бөлінеді:



Мәнсіз мутациялар. Нуклеотидтің алмасуы нәтижесінде нәруыздағы аминқышқыл сол мөлшерінде қалады.

  1. Ағат мутациялар – аминқышқылдарды алмастыратын өзгерістер.

  2. Ерсі мутациялар – аминқышқылдардың орнына тоқтатқыш триплет код тұрған кездегі өзгерістер, яғни нәруыз үзіледі.

Хромосомалық мутация гендік мутацияға ұқсас болады. Мұнда тек бірнеше нуклеотидтер ғана емес, бірнеше генднрді қосып алатын әлдеқайда үлкен үлескі өзгерістерге ұшырайтындығымен ғана ерекшеленеді.

Бөліну – тапшылық. Хромосомада қандайда бір үлескінің жоғалуы.

Дупликация – үлескінің еселенуі.

Инверсия – үлескінің 180 градусқа төңкеруі.

Транслокация – сәйкес емес екі хромосомалар арасындағы үлескілердің алмасуы.

Мейоз кезінде бөлінген шүйке жібі үзілген кезде геномды мутация болады. Соның нәтижесінде хромосома санына тән емес гаметалар түзіледі. Егер олар ұрықтануға қатысса, хромосомалар саны өзгерген зигота пайда болады. Бұлар да 3 тип тармаққа бөлінеді.



  1. Анеуплодия – бір немесе бірнеше хромосомаларды жоғалу немесе қосып алу.

  2. Гаплоидия – қалыпты хромосома жиынтығының 2 рет кемуі. Сонда хромосома жиынтығы 1 n болады.

  3. Полиплоидия – 2n-1n; немесе 2n+2n, 2n+3n және тағы басқа зигота түзген кезде хромосома жиынтығының екі еселеніп өсуі.

Мутацияның себептері өте көп, кейбірі толық зерттелген жоқ. Оның – сыртқы, сондай-ақ ішкі сипатта болуы мүмкін. Мутагенді факторлар немесе мутагендер дегеніміз – мутация санын арттыратын химиялық немесе физикалық әсер.

Тұтастай алғанда мутацияның рөлі өте зор. Теріс мутациялардың орасан жиі кездесетініне қарамастан, олардың тірі ағзалардың жаңа сапалары мен қасиеттерінің пайда болуына бірден бір қайнар көз екенін атап айтқан жөн. Тірі жүйелер эволюциясының мутациялық үдеріссіз жүзеге асуы мүмкін емес. Бір кезде пайда болған тіршіліктің өзгермей қалуы мүмкін емес. Сондай-ақ тіпті егер мұндай ағзалар өзгеретін қоршаған ортада сақталып қалған күннің өзінде де олар өз көшірмесін ғана ұрпаққа қалдыратын жаңа формаларды ешқашан бере алмас еді. Тіршілік мутациялары арқасында жер бетіндегі өздерің көріп жүрген әр алуан ағзалар өмір сүруде.



Харди – Вайнберг ережесі.

1908жылы Г.Харди мен В.Вайнберг бір біріне тәуелсіз еркін өсіп өнетін популяцияда генотиптердің таралуын көрсететін формуланы ұсынды. Оны Харди – Вайнбергтің формуласы деп атады. Бұл формуладан еркін өсіп өнетін популяция, егер онда ешқандай сұрыптау жүрмесе, тепе – теңдікте болад, яғни ұрпақтан ұрпаққа өзгермейді және генотиптердің бір қатынасы болады деген қағида шығады.

p²AA + 2pqAa + q² = 1, мұнда pA –м популяциядағы А гаметасының қатынасы немесе шоғырлануы; qA – а генінің жиілігі. Аталық – аналығының гаметаларында А немесе а гені болатындықтан pA + qA=1.





pA

Qa

pA

p²AA

PqAa

qA

pqAa

q²aa

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  3. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  4. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  5. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  6. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  7. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  8. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986

Лекция №9

Тақырыбы: Популяция-эволюцияның элементарлы құрылымы

Мақсаты: Популяция ұғымы оның критерилары және популяцияның генофонд ұғымы туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

  1. Популяция ұғымы. Популяцияның критерилері. Популяцияның түрлері.

  2. Популяцияның генофонд жайлы ұғымы. Поппуляциялар генофонтарының интеграцяилығы.

Жаңа биологияның жауапты міндеттерінің бірі- популяциялар мен түрлердің эволюциясын саналы түрде басқарып қажетке қарай бағыттау болып табылады.Түрлермен популяциялардың эвалюциясы табиғаттың заңдылығына байланысты,олжануарлар,өсімдіктер,микроорганизмдер мен вирустарда адам сана – сезіммен басқарылып бағытталуы тиіс. Эвалюция мен селекция өте күрделі фактырлардың жиынтығынан негізделген,олардың ішінде ең бастылары: табиғи және қолдан сұрыптау, ортаның әсеріне немесе адамның мақсатына сәйкес, топтардың генетикалық жүйелігі өзгереді.

Бүгінгі күнге дейін анықталып суреттелген жарты миллионға таяу жануарлар түрі бар, ал әлі ашылып суреттелмеген түрлердің саны кем дегенде 1 – 2 миллионнан асады. Ғалымдардың есебі бойынша, бір кезде жер бетінде өмір сүріп кеткен, қазір жоқ өсімдіктер мен жануарлардың түрірлері қазіргіден 5-9 есе көп. Түрлер эвалюциялық жолмен табиғи сурыптау арқылы соңғы 3млрд. жыл бойы пайда болды деген 100жыл бұрын айтылған пікір биологиядағы ашылған елеулі жаңалықтардың бірі болып табылады. Мал тұқымын асылдандыру, одан алынған өнімді арттыру үщін тек жеке өкілдердің ғана емес топтық бүкіл тұқымның генотипінің жүйесін білу керек. Тұқым қуу, өзгергіштіктің заңдылығын, оларды туғызатын, анықтайтын факторларды білудің табиғи жағдайлардағы жануарлардың өсіп өнуін, ондағы генетикалық процестердің зертеудің эвалюцияны толық біліп оны басқаруда маңызы өте зор.

Популяция дегеніміз Н.В Тимофеев-Ресовскийдің анықтауы бойынша өмір сүретін ортақ мекені бар, сол жердің беімделген, туыстас жиынтықтардан оқшауланған (аралық кеңістікте, мезгілдік, физилогиялық генетикалық) және өзара шағылыса алатын бір түрге енетін организимдердің жиынтығын айтады. Мысалы, колгуев аралындағы бұғылар Қиыр Солтүстік материктегі бұғылардан теңізбен бөлінген. Осының нәтежесінде колгуев бұғыларының ерекше популяциясы пайда болған, олар осы түрдің қалған бұғылармен салыстырғанда генотипі де, фенотипі де өзгеше ірі және өмір сүргіштігі жоғары. Популяция түрдің бір бөлігі. Ол тағы, мәдени өсімдіктерде және үй жануарларында кездеседі. Популяция ретінде "таза күйінде" өсірілетін ауыл шуашылық малдарының тұқымын келтіруге болады. Егер бір шаруашылықта малдың екі түрлі тұқымын бір – бірімен шағылыстырмай жеке өсірсе, онда екі тұқымдағы малдар екі популяцияға жатады. Әдетте популяция тұйық топ. Оған басқа жерден әкелмейді сондықтан популяцияда жұп таңдау өз ішінде жүреді. Әрбір популяция өзінің белгілі генофондымен, яғни құрамына кіретін ген аллельдерінің жиынтығымен сипатталады.

Популяциялар Эвалюцияның қозғаушы үш факторы: тұқым қуушылық, өзгергіштік және сұрыптаудың өзара әрекеттесу негізінде тіршілік жағдайларының әсерімен қалыптасады. Олардың құрылуы түрді мекеннің нақты жағдайларына "лайықтаудың" тәсілі болып табылады. Популяциялардың қалыптасу процестері мен олардың өскелен дамуы микроэвалюция құрайды.

Популяцияның құрылымын генетикалық және статистикалық әдістермен зерттеуді алғашқы рет 1903 жылы В. Иоганнсен қолданды. Тұқымның көлеміне қарап үрме бұршаққа сұрыптау жасаған Иоганнсен олардың ұрпақтарының тұқым көлеміне қарай ауытқуларын бақылады. Атап айтқанда егер ірі тұқым себілсе ұрпағы ірі, кішкене тұқым себілсе ұрпақтарының көлемі кішірейтінін байқады.

Аналық тұқымның салмағына қарай әр кластағы ұрпақтардың өзгергіштігі (Иоганнсен бойынша)

Аналық тұқымның кластары (мг)

Тұқымның саны

Орта мөлшері және (мг)

X±m



150-250

250-350


350-450

450-550


550-650

650-750


жиынтығы

180

835


2238

1138


609

494


5494

437,8±0,56

444,7±0,31

461,7±0,19

489,4±0,28

518,7±0,42

560,3±0,45

479,2±0,13


7,47

9,03


8,93

9,34


10,24

10,02


98,7

Ол тұқым белгілері көп гендермен анықталатын және сыртқы ортаның әсерінен қатты ұшырайтын бұршақ тұқымының салмағы мен көлемін зерттеді. Бұл белгілерден модификациялық өзгергіштіктің сипаты айқын көрінеді. Ол үрме бұршақтың тұқымын өлшеп, көрсеткіш бойынша варияциялық қатар жасады. Массасы 150-750 мг-ға дейін болды. Онан әрі массасы 250-350 және 550-650 мг болған тұқымдар бөлек өсіріліп әр өсімдіктің тұқымы қайта өлшенеді. Популяция құрайтын сорттан таңдап алынған ауыр және жеңіл тұқымдар жеке егіліп олардан массасы әр түрілі өсімдіктер алынды.

Эвалюцияның негізгі факторларына мутациялар, табиғи және жасанды сұрыптаулар, көшпенділік мигратция гендер дрифі ауытқылар жатады.

Мутация тұқым қуатын өзегергіштіктің эволюциядағы бастапқы қайнар бұлағы болып табылады және әрбір геннің спонтанды (өздігінен) мутацияға сирек ұшырайтыныны қарамастан гендер санының орасан көп болуына байланысты әр түрлі мутациялардың жалпы саныкөп болуы мүмкін. Популяциядағы организмдер генотиптерді түрлі мутацияларға қаныққан болады, олар көбінде гетерозиготалы күйде кездеседі. Популяцияда мутациялардың шоғырлануы артқан сайын гетерозиготалы өсімдіктердің бір-бірімен шағылысуы нәтежесінде гомозиготалы қалыпқа түсу мүмкіндігі көбейе береді. Мұндай қаныққандық мәдени өсімдіктер мен үй жануарларына ғана емес, С.С Четвериков алғаш рет көрсеткендей, табиғи популяциялардың бәріне тән.

Әрбір ұрпаққа генофонд көптеген жаңа мутациялармен толықтырылып отырады. Бұл процесс мутациялық қысым деп аталады. Демек, популяциядағы әр түрлі гендер аллельдерінің жиілігі мутациялық қысымға, яғни тіке және кері мутациялар жиліктерінің қатынасына қарай өзгеріп отырады.

Мутацияның популяцияда таралуы осы локустың мутабильділігіне ғана емес сонымен бірге осы организмдердің өмір сүргіштігі мен өскелегендігіне қандай әсер ететіндігіне де байланысты болады. Жаңадан пайда болған мутацияның қайсысы болсын генотиптің біртұтас жүйесіне өзгеріс енгізеді. Осыған орай мутациялардың басым көпшілігі алғашында зиянды болады, өте сирек жағының өзі түр үшін бірдей пайдалы болып кетуі мүмкін.

Организм генотиптің орта жағдайына неғұрылым бейімделгіштігін қамтамасыз етуі арқалы сақталу процесін сұрыптау деп атайды. Сұрыптаудың негізгі үш түрі бар. Тұрақтандырғыш немесе қалыптастырушы сұрыптау ауытқуларды жойып мутация популяцияны бір қалыпта ұстайды. Қозғаушы сұрыптау, керісінше, бұған дейінгі қалыптасқан организдерді жоя отырып популия тепе-теңдігін бұзады. Ақырында дизруптивті сұрыптау популяцияда фонетивтердің шеткі вариантарын сақтап (үзіліс басталғанша) аралық формаларды жойып отырады. Организимнің тірі қалуы және ұрпақ беру мүмкіндігі оның ортаға бейімделу дәрежесіне байланысты боллады. Организмдердің бейімделу қабілеті неғұрлым кең болған сайын, олардың сақталу және популяциядағы мүмкіндігі молая түседі. Генотиптері тіршілік ету жағдайларына бейімделуі неғұрлым жақсы қамтамасыз ететін организмдер бейімделуді шамалаларға қарағанда көбірек ұрпақ береді, ал осыған байланысты белгілі бір геннің популяциядағы шоғырлануы да табиғи сұрыптаумен анықталады. Қолдан қолдан сұрыптағанда басты маңыз өнім беретін белгілерге беріледі.

В.И Власовтың айтуынша табиғи сұрыптау онтогенездің барлық кезеңінде гаметадан есейген организмге дейін жүреді. Сонымен қатар ол қолдан сұрыптаудың жылдыамдығында ықпалын тигізеді, оның қарама-қарсылық жұмысы өнімді жоғарылататын сұрыптауда түрдің биологиялық шегіне тән емес қасиетін байқағандай. Осы жағдайда малдары сұрыптағанда, олардың өнімділік белгілерін ғана емес, қоршаған ортаға бейімділігін де ескеру керек.

Популяцияның генетикасын білу түрлі генотиртердің селекциялық бағалылғын анықтауға мүмкіндік береді.

Әр түрлі популяциялрдан мутацияның таралуы миграция « орын ауыстыру » арқылы мүмкін. Мал шаруашылығында көптеген түрлерін басқа мемлекеттерден акеліп пайдаланумен сипатталады.



« Генофонд » жөнінде ұғым.

Табиғи мутациялық процестің және сұрыптаудың нәтижесінде әрбір популяция өзіне тән нәсілдік қасиеттерімен, хромосома құрылымымен сипатталады. Осы тұқым қуатын бірліктердің популяциядағы жиынтығын А.С. Серебровский генофонд деп атады. Генофонд деген теориялық қана емес практикалық маңызы өте зор.

Малдардың әрбір тұқымы басқа тұқымдардан ең бірінші генофонды арқылы ерекшеленеді. Әр тұқымның өнім дәрежелері, сыртқы пішіні, физиологиялық ерекшеліктері және анатомиялық құрылысы осы гендер жиынтығымен анықталады. Егер тұқымның генофонында бағалы нәсілдік бастама болмаса немесе құнды гендер шоғыры өте аз болса, онда бұл тұқымды қажетті бағытта жетілдіру өте қиынға түседі. Мысалы, сүттілігі, ырт пішіні және салмағы өте жақсы қара ала тұқымды сиырлардың сүті өте сұйық, жоғары майлылығы сирек болады. Ал осы белгі бойынша тұқымды жақсарту үшін сүт майлылығы жоғары басқа тұқыммен шағылыстыру керек. Бұл жұмыс зоотехникті көп ойландырады, себебі жаңа тұқым шығару үшін қажетті бастапқы материалды ( тұқымды ) дұрыс алу қажет.

Популяция құрылымына туыстас шағылысудың ықпалы.

Өздігінен ұрықтанатын организимдер популяциясына қолдануға Харди-Вайнбертің формулалары әрине жарамсыз. Ондай ұрықтанудың немесе туыстас шағылысудың генетикалық мәні, В.Иоганнсен көрсеткендей, популяцияны генетифтері әр түрлі линнияларға ажырат. Бұл кезде гетерозиготалы гендер гомозиготалы қалыпқа ауысады.Нақтылы популяцияның соңғы саны тағы бір маңызды нәтежеге әкеліп тірейді.

Популяция құрылымы.

Популяция деп өмір сүру ортасы бір және оған бейімделу қабілетіде бірдей, бір- бірімен будандасып, ұрпақ бере алатын бір түрге жататын дарақтарды атайды. Қолдан сұрыптау жолымен алынатын жануарлар тұқымдарымен өсімдіктер сорттары да жекелеген популяцияға жатады. Популяцияның қалыптасу процессі және оның динамикасы микроэволюция болып есептеледі.

Популяцияның генетикалық құрылымын анықтау селекционерлерден басталады деуге болады. Себебі олар қандай болмасын бір сорт не тұқым шығару үшін будандастыратын ата-ана жұбын таңдап алумен қатар, бір неше буын бойы олардың ұрпақтарын зерттейді. Бірақ популяцияны генетикалық тұрғыдан зерттеудің ғылыми негізгі тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары, яғни Мендель заңдары ашылғаннан кейін салынды.

Популяция құрылымын ең алғаш стстистикалық және генетикалық әдістер қолдана отырып зерттеген дат генетикі В. Иоганнсен. Оның 1903 жылы " популяциядағы және таза линялардағы тұқым қуалау " деген еңбегі жарық көрген.

Организимдердің эволюциясы барысында сапасы жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар генотифтердің өзгергіштікке ұшырауна байланысты бір генотип үнемі бір генотиппен алмасып отырады. Оны популяцияның генетикалық құрылымының динамикасы дейміз. Популяциядағы генотиптік өзгергіштіктің негізіне мутациялық және комбинативтік өзгергіштік жатады.

Панмиксиялық популяциядағы генотиптердің тепе-теңдігі тұрақты әсер ететін факторларға байланысты өзгеріп отырады. Ол факторларға мутациялық процесс, сұрыптау, популяцияның мөлшері, изоляция т.б жатады.



  1. мутациялық процесс

Гендердің популяцияда тұрақты түрдеқайталанып отыруы үшін олар мутацияға ұшырамауы керек. Бірақ ондай өзгеріс үнемі болып отырады. Әрбір жеке ген мутацияға сирек ұшырағанмен, генотиптегі гендердің саны көп болғандықтан, түрлі мутациялардың жалпы мөлшері де сәуір көп болып келеді.

Популяциядағы генетиптері гетерозиготалы организмдер түрлі мутация мутация мутацияларға бай болады. Мысалы, жүгерінің әр түрлі сорттарында "жасыл өскінді " мутация бойынша гетерозиготалы өсімдіктер 34-66 пайызға дейін кездеседі.

Әрбір буын сайын генофонд (тектік қор) жаңа мутациялардың жиынтығымен т мутацияолықтырылып отырады. Ол процесті мутациялық қысым деп атайды. Қандай болмасын жаңа пайда болған мутация түрге тән генотиптің тұтастығында өзгеріс тудырады. Сол себепті генотип системасында сұрыптаудан өтпеген мутация жеке даму барысында организм функцияларының тарихи қалыптасқан корреляциясын (бір-біріне сәйкестілігін) бұзады. Сондықтан да мутация алғашқыда көбінесе зиянды болып келеді.

Популяцияның мөлшері

Гендер концентрациясы популяцияның мөлшеріне байланысты болады. Популяцияның мөлшері неғұрылым аз болса, гетерозиготалы дарақтардың бір-бірімен будандасып, рацессивті гемозиготалы ұрпақ беруінің мүмкіндігі солғұрылым мол болады. Керісінше популяцияның мөлшері көп болса, рацессивті гемозиготаның болу мүмкіндігі азаяды. Аз санды популяцияда сұрыпталу нәтежесінде пайдасыз гендер кеміп, пайдалы гендер артып отырады.

1931 жылы Н.П Дубинин сан жағынан популяцияның өзіндде, кейде кейбір кездейсоқ факторлардың әсерінен, гендер концентрациясының өзгертетіндігін көрсетеді. Кейінен популяцияның саны артқан сайын ол гендердің мөлшері де арта түседі. Бұл құбылысты генетикалық-автоматты процесс немесе гендердің дрейфі /шайқалуы/ деп атайды.

Изоляция

Жалпы түрдің әртүрлі популяциялардан құрылатындығы белгілі. Егер бір популяция дарақтары екінші бір популяция дарақтарымен біраз уақыт будандаса алмай қалса, ондай популяция изоляцияға /оқшаулану/ ұшырайды. Ал мұндай оқшаулану бірнеше буынға созылса, онда популяция жіктеле бастайды. Болашақта ондай популяция жаңа түр тармағының немесе тіпті түрдің бастамасы бола алады.

Түр ішіндегі популяцияның изоляциясы /оқшаулануы/ геграфиялық (тау немесе өзен, көлдердің пайда болуы), экологиялық және биологиялық факторлардың әсерінен болады.

Геологиялық өзгерістерге байланысты болатын оқшаулану географиялық изоляция деп аталады. Экологиялық факторларға территориялық-климаттық, микроклиматтық, маусымдық-климаттық т.б өзгерістер жатады, олар бір түрге жататын организимдердің бір-бірімен будандасуына бөгет жасауы мүмкін. Мысалы, теңізде тіршілік ететін балықтар көбею кезінде, яғни уылдырық шашарда өзендерге шығады. Сонда әрбір өзеннің өзіне тән ерекше популяциясы қалыптасады.

Биологиялық изоляцияға генетикалық және физиологиялық факторлар жатады. Генетикалық факторға көбінесе мейоз процесінің өзгеруі нәтежесінде пайда болатын полиплоидия немесе хромосомдық өзгерістер жатады. Бұдан дарақтардың еркін будандасуына кедергі келеді, соған байланысты гендер бір-бірімен комбинациялана алмайды.

Физиологиялық факторларға жануарларға болатын шартты рефлектің өзі изоляция тудыра алатындығын айтуға болады. Мысалы, кейбір жануарлар мен жәндіктер жұптақанда бірін-бірі таңдайды.

Сонымен популяцияның генетикалық құрылымына әсер ететін жоғарыда көрсетілген факторларға б популяцияайланысты генетикалық дианамика, яғни микроэвалюция процесі жүріп отырады.

Генетикалық гомеостаз

Кез-келген биологиялық системаның мейлі клетка, организм, биологиялық семья немесе тұтас генетикалық популяция болсын өзінің адаптивтік механизмі болады. Соның көмегімен олар тіршілігін сақтап отырады.

Популяцияның сыртқы орта факторлары әсерінен өзінің генетикалық құрылымын сақтау қабілетін генетикалық гомеостаз дейді. Бұл ұғымды ең алғаш қалыптастырған С.С Четвериков (1926 ж).

Генетикалық гомеостаз механизимдеріне Харди-Вайнберг формуласына сәйкес популяциядағы түрлі генетиптік тепе-теңдік қалыпта сақталуы, мутациялық процестің белгілі бір бағытқа және белгілі бір қарқынмен жүретіндігі жатады.

Популяцияда мутациямөлшерінің көп болуы тұқым қуалайтын өзгергіштіктің резервін жасайды. Бірақ, мутация көбінесе рацессивті гендерде болатындықтан популяция өзгеріске тез бейімделе алады. Соған байланысты гетерозиготалардың, гомозиготаларға қарағанда тіршілік қабілеті жоғары болып келеді.

Бірақ популяциядан әртүрлі генетикалық формалардың шығуын полиморфизм деп атайды. Н.В Тимофеев- Ресовский мен Я.Я Лус деген оқымыстылар ұзақ жылдар бойы хан қызы жәндігінің қанатының үсті қызыл және қара дарақтардан тұратын полиморфты популяциясына зерттеу жүргізді. Сонда бұл популяцияда жыл сайын бір ғана жағдай байқалған, күзде қоңыздардың көпшілігі қара, қыстап шыққанан кейін қызыл түске айналып отырған. Бұл популяцияда полиморфизмнің болатындығын көрсетеді.

Сөйтіп, полиморфизм популяцияның бір система ретінде сақталып тұруын қамтамасыз ететін механизм болып есептеледі. Сондықтан оны эволюция барысында қалыптасқан генетикалық гомеостаздың көрінісі деп айтуға болады.

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  3. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  4. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  5. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  6. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  7. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  8. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986


Лекция №10

Тақырыбы: Эволюцияның элементарлы факторлары

Мақсаты: эволюцияның элементарлы факторлары, генофонл туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

  1. Популяцияның генофондына ықпал жасайтын факторлар- мутациялар, орын ауыстыру, гендер ағымының ауытқуы, табиғи сұрыптау.

  2. Оқшауланудың популяциялар өзгешеленген үдететін факторы ретіндегі рөлі.

  3. Оқшаулану типтері, олардың сипаттамсы және маңызы.

  4. Популяция толқынының типтері және олардың эволюциядағы рөлі.

Популяция- (латын тілінде populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын организмдер тобы. Популяция- эволюцияның өзіндік төменгі құрылымы түр, түрасты, бірнеше жақын популяциялық топтарда өзіндік эволюциялық тағдырға ие, бірақ олар тіршіліктің элементарлы бірлігі емес. Популяция- экологиялық, морфологиялық және генетикалық бірлік болып табылады. Популяция- өзіндік эволюцияға бейім, типтердің ішіндегі ең кішісі. Популяцияда дарақ- эволюцияның негізгі факторының қызмет көзі- сұрыптау, ал түр эволюциялық процесстің сапалы кезеңі. Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі организмдердің өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады. Сондай-ақ, популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиграция процестері де әсер етеді. Популяция саны өсуінің біртіндеп тежелуі логистикалық теңдеу арқылы өрнектеледі. Әдетте, жануарлар мен өсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты болғанымен, олар әлсін-әлсін күрт өзгеріп отырады (мысалы, тоқалтіс тышқандар, леммингтер, т.б.). Кейбір жануарлардың (шегіртке, бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі. Жануарлар популяцияларының саны мен тығыздығы күрделі мінез-құлықтық (аумағын белгілеу, қору, көші-қон), физиологиялық механизмдер арқылы (гормондар қызметі, стресс) және лементарлы эволюциялық құбылыс- ұзақ, қайтымсыз және бағытталған популяцияларның генофондының өзгерісі. Бұндай генофондық өзгеріс эволюциялық мағызы аз болып табылады. Сондықтан, элементарлы эволюциялық құбылыс.

Элементарлы эволюциялық құбылыс- эволюциялық әлі процесс емес. Популяцияның генотиптерінің құрамының тұрақты өзгерісі тек табиғи сұрыптау жұмысыпопуляцияның генетикалық құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады.

Эның нәтижесінде- жалғыз белгілі эволюциялық бағыттаушы факторға беглілі. Табиғатта тіршілік ететін популяция экологиялық- морфофизиологиялық, генетикалық қасиеттері эволюция процесінің элементарлы бірлігі болып табылады. Бұл оның генетикалық бірлігімен және шектелмеген ұзақ тіршілік етуімен байланысты.

Элементарлы эволюцияның бірліктерін бөлу- элементарлы эволюция құбылыстарын түсіндіруге жағдай жасайды- популяцияның генотипінің құрамынының тұрақты өзгерісі және элементарлы эволюциялық факторлар қызметтерін мазмұндау және шекаралау.



Элементарлы эволюция факторлары

Жалпы эволюциялық факторлар саны үлкен болуы мүмкін. Өйткені, әртүрлі сансыз жағдайлар әртүрлі жолдармен популяцияның генотиптік құрамына әсерін тигізуі мүмкін. Эволюциялық факторлар: мутациялық процесс, популяцияның толқындары, изоляция- оқшаулану, табиғи сұрыптау.

Табиғи сұрыптау маңыздылығы басқа эволюциялық факторлардан өте жоғары.

Топтық бірігу ретіндегі популяция өзіне ғана тән қасиеттермен қатар әрбір жеке дарақтардың өзіне тән қасиеттерге де ие. Топтық ерекшеліктер дегеніміз - бұл популяциялардың негізгі сипаты. Оған мыналар жатады:



  1. 1) жалпы есебі (сан) - болінген аумақтағы дарақтардьщ жалпы саны;

  2. 2) тығыздық - популяция мекендеген кеңістіктің ауданына немесе көлеміне келетін дарақтардың орташа саны;

  3. 3) өсімталдық - кебею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа дарақтар саны;

  4. 4) өлім-жітім - белгілі уақыттың бір бөлігінде дарақтар популяциясында өлгендердің мөлшерін көрсететін көрсеткіш;

  5. 5) популяция өсімі - туу мен өлім-жітім арасындағы айырма; өсімнің пайдалы да, пайдасыз да болуы мүмкін;

  6. 6) өсу қарқыны - уақыт бірлігіндегі орташа өсім;

  7. 7) жыныстық құрам — берілген популяциядағы еркек және әйел жынысты дарақтар арақатынасы;

  8. 8) жас құрамы - бұл дарақтарды жасы бойынша бөліп тарату.

Популяция терминін 1903 ж. Дания биологы В.Иогансен (1857 — 1927) енгізді. Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар популяцияны микроэволюциялық процестің ең шағын бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар популяцияны түр аралық әсерлесу мен өнімділік тұрғысынан зерттейді. Популяцияны зерттеудегі микроэволюциялық, генетикалық, экологиялық бағыттарды біріктіретін биологияның жаңа саласы — популяциялық биология қалыптасты. Жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу, зиянды түрлердің санын тежеу, экожүйе құрамына жаңа түрлерді енгізуде (интродукция) популяцияны зерттеудің маңызы зор.

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  3. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  4. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  5. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  6. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  7. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  8. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986



Лекция №11

Тақырыбы: Табиғи сұрыптау- эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы факторлары

Мақсаты:Табиғи сұрыптау, формалары, тіршілік үшін күрес ұғымы туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

1. Табиғи сұрыптау ұғымы. Табиғи сұрыптаудың негізгі формлары: тұрақтандырушы, қозғаушы, ажыратушы, жыныстық, теңестіруші, жекелік және топтық.

2. Тіршілік үшін күрес. Тіршілік үшін күрестің және элиминацияның формалары. Табиғи сұрытаудың сандық сипттамасы: сұрыптаудың коэфициентті, тиімділігі, жылдамдығы. Сұрытау әдістерінің мысалдары. Сұрыптау әдістерінің статистикалық сиптаттамасы

Бұған дейін, организмдерде қалыптасқан генетикалық қасиеттер негізінде болатын тұқым қуалайтын өзгерістердің пайда болуын қарап өттік. Органикалық табиғаттың біртіндеп ілгері қарай дамуында, алдыңғы ұрпақтарында болмаған, генотиптердің өздерінің ерекше маңызы бар екендігінде дау жоқ.

Тұқым қуалайтын жаңа қасиетті организмдердің пайда болуындағы себепші негіздердің бірі гендердің комбинациялануы мен олардың өз ара әрекеттесу нәтижесінде туатын комбинациялық өзгергіштік. Гендердің мұндай комбинациялары екі процесс негізінде орындалады. Оның бірі – клетканың редукциялы бөлінуінде хромосомдардың бір – біріне байланыссыз ажырасып кетуі, бұл одан кейін ұрпақта белгілердің ажырауына себеп болатын хромосомдардың айқасуы, яғни буданда гаметалар түзілуі кезінде гендердің қайта топталуы. Қайта комбинациялануұрпақта белгілердің жаңа үйлесімді шумақтарының пайда болуына соқтырады.

Комбинациялық өзгергіштік түр көлеміндегі әр қилы индивидуумдарда тұқым қуалайтын қасиеттердің әр түрлі үйлесімді шумақтарын туғызады, сөйтіп, бұл сұрыптауға қажет бастапқы материалды молайтады. Сонымен қатар, бұл өзгергіштік ұрпақта ата –анасында жоқ жаңа қасиеттер пайда болуына себепкер болуы мүмкін. Бұған жоғарыда айтылып кеткен бұршақ тәрәзді және роза тәрізді айдарлы тауықтар тұқымдарын будандастырудың нәтижесі мысал болады. Мұнда аллельді емес доминаттық екі геннің өз ара әрекеттесуінен будандық ұрпақта жаңа белгі – жаңғақ тәрізді айдар пайда болады.

Комбинациялық өзгергіштікте гендердің құрылымына ешқандай өзгеріс енбейді; хромосом саны да өзгермейді. Мұнда, тұқым қуалайтын өзгерістердің басқа жолдарымен- мутациялық процеспен және полиплоидиямен салыстырғанда генотип өзгерістері едәуір кем болады.

Ч.Дарвин табиғатта жаңа түрлердің қалай пайда болатынына ерекше көңіл бөлді. Ол организмдердің табиғи жағдайда қалай көбейетіндігіне де назар аударды. Барлық организмдер артына ұрпақ қалдыру үшін өте қарқынды көбейетіндігіне көптеген мысалдар келтіріп, өсімдіктер мен жануарлардың кез келген түрлері табиғатта геометриялық прогрессиямен көбеюге қабілеттілігін дәлелдеді. Әрбір организм өте көп ұрпақ бергенімен, олардың жыныстық жетілуге дейін өмір сүретіндері аз болатындығын байқады. Дегенмен көбею кезіндегі ұрпақтардың басым көпшілігі әр түрлі әсерлерден (қоректің жетіспеуі, қоршаған орта жағдайларының қолайсыздығы, т.б.) көптеп қырылады. Табиғатта ұдайы тіршілік үшін күрес жүретіндігін айта келе, Дарвин бір даралардың көбейіп артына ұрпақ қалдырып, екінші даралардың жойылып отыратындығы табиғи сұрыпталудың әсерінен болатынын дәлелдеді.

Табиғи сүрыпталудың нәтижесінде, тіршілік еткен орта жағдайына пайдалы тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар дараларды сақтап, ондай өзгергіштігі жоқ дараларды жойып отырады деген кортындыға келеді.  Ч.Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар:


  1. өзгергіштік

  2. тұқымқуалаушылық

  3. табиғисұрыпталу

Табиғи сұрыптау жолымен эволюция теориясы 1858 жылы Лондондағы Линней қоғамының мәжiлiсiнде Чарлз дарвин мен Альфред Рассел Уоллес бiрлесе  отырып жасаған баяндамасында ұсынылды. Жоғарыда айтып кеткендей, Дарвин мен Уоллес эволюция туралы айлар айтқан алғашқылар емес. Олардың есiмдерi эволюция идеясымен байланысы – табиғи сұрыпталу теориясын эволюция жүргiзетiн механизмдердiң бiрi екенiн ұсынуда болып табылады. Тек постулаттаудан гөрi жүру жолы белгiлi процесс бiзге сенiмдi болады.

Дарвин бұл жағдайда «сұрыптауды» сөзбе – сөз мағынада түсіну және оған тәңірлік бастама түріне ұғым беру дұрыс болмайтынын ескертеді. Бұл физикадағы «әлемдік тартылу» немесе химиядағы «талғамды қосылыс» сияқты метофоралық ұғым. Дарвин табиғат деген сөзді көптеген табиғи заңдардың әрекетінің жиынтығы және продуктысы есебінде қараймын, ал заңдар деген сөзді құбылыстардың дәйектілігінің дәлелділігі деп түсінді.

Егер, қолда өсіру процесінде жануарлар мен өсімдіктерде адамға пайдалыкөптеген өзгерістер пайда болатын болса, табиғиат жағдайларында организмдердіңөздері үшін пайдалы басқаша өзгерістер пайда болып орыратындығына күмәндануға болмайды. Егер ондай згерістер пайда бола қалса, онша елеулі болмаса да ,басқаларына қарағанда артықшылығы бар особьтардың сақталып қалу және өсіп – ну мүмкіншілігі мол болады. Екінші жағынан азды – кпті зиянды згерістердің қандайы болса да особьтардың құрып кетуіне себеп болатындығына да күмән келтіуге болмайды. Пайдалы жеке ерекшеліктердің не өзгерістердің сақталып зияндыларының жойылып отыруын Дарвин табиғи сұрыптау немесе те бейімдіректердің тіршілік етіп қалуы деп аталады.

Табиғи сұрыптауда – көрінген көрінбеген белгілеріне байланыссыз, өмірге қажет белгілердің бәр түрі сақталады. Табиғи сұрыптаумен жасалған белгілер организмге де, түрге де пайдалы. Адам органикалық түрлерді бір ортадан екінші ортаға көшіріп организмдерді зорлап қатты өзгеріске түсіреді. Табиғат орта жағдайларында ондай кенет өзгеріс болмайды. Табиғи сұрыптау процесіндегіден гөрі адам жаңа органикалық формаларды тез жасап ала алады.

Табиғи сүрыпталудың нәтижесінде, тіршілік еткен орта жағдайына пайдалы тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар дараларды сақтап, ондай өзгергіштігі жоқ дараларды жойып Ч.Дарвин органикалық дүниенің тарихи отырады деген кортындыға келеді.

Дарвиннің органикалық мақсатқа сәйкестілікке табиғи сұрыптау тұрғысынан тұңғыш рет материалистік түсінік берді. Табиғатта тіршілік жағдайларына мүлдем абсолютті бейімделген формалар жоқ. Табиғаттағы әрбір түрлі зейін қойып зерттегенде бұған оңай – ақ көзді жеткізуге болады. Организмдердің дағдысы құрылысына сәйкес келмейтін жағдайда, бұл ерекше көзге түседі. Қаздар мен үйректердің жарғақ табанды болуы жүзуге бейімділік; демек бұл мақсатқа үйлесімділік екеніне күмән келтіруге болмайды. Солай бола тұра, жарғақ табанды тау қаздары суда сирек болады.

Фрегат деген құс мұхиттардың үстінде қонбай қалықтап ұшып жүреді. Солай тіршілік ете тұрса да оның барлық төрт саусағының арасын жалғастырып жатқан жарғағы болады. Тау қазы мен фрегаттың аяқтарындағы жарғақ бұл құстарға пайдалы деп айтуға болмас, бірақ біз олардың бұл белгілерін тұқым қуалаушылыққа байланысты деп қараймыз. Тау қазының немесе фрегеттың арғы аталарында жарғақты табан, қазіргі су құстарындай пайдалы болған. Олардың ұрпақтарында жүзу органдары сақтала тұрса да, олар жаңа жағдайларға бейімделу процесінде бұрынғы жүзу дағдысын жойған.

Бейімділіктің салыстырмалы сипатта екендігіне көптеген жануарлардағы рудименттер, яғни дамымаған, көбінесе пайдасыз органдардың болуы дәлел. Жоғарғы сатылы организмдердің бәрінде дерлік кейбір органдары рудимент түрінде болады. Мысалы жыландардың өкпесінің бір жақ бөлімі рудиментті; кейбір құстардың барлық қанаты рудимент түрінде, ұшу қызметін атқара алмайды.

Редиментті органдарын зерттеу, организмдегі әрбір белгі,тек нақтылы бір жағдайда ғана үйлесімді болатындығын көрсетті. Сол белгілерді қалыптастырған жағдайлар өзгеріп кетсе, бұрын пайдалы болып келген белгілер енді зиянды болып шығады. Бұған органикалық дүниедегі бейімділік салыстырмалы түрде деген қазіргі ұғым туады. Мақсатқа сәйкестік бұл организмдегі барлық органдардың бір – біріне үйлесімділігі мен функцияларының белгілі орта жағдайларында өмір сүруіне бейімділігі. Мақсатқа сәйкестілік табиғи сұрыптау нәтижесінде пайда болып сондықтан да эволюциялық процесс әрқашан да бейімдеу сипатында болады. Табиғатта мақсатқа сәйкес бейімділіктердің салыстырмалы түрде болатындығын төменгі жағдайлардан жақсы түсінуге болады.

Орта жағдайларына байланысты табиғи сұрыптаудың әсері әр түрлі болады. Айталық, бір қолайлы жағдайда пайда болған тұқым қуалайтын өзгеріс тиімді болса, онда сұрыптау белгілі бір бағытта жүреді. Бұл фенотиптің бірте-бірте өзгеруіне және өзгергіштіктің реакция нормасының бір бағытқа қарай ауысуына апарып соғады. Сұрыптаудың мұндай түрін қозғаушы сұрыптау дейді. Мысалы, ірі өндіріс орталықтарында түтін мен ыс көп болғандықтан, сол маңда өсетін ақ қайыңның діңгегі қоңырқай-күңгірт болып өзгереді. Соған байланысты қайыңда тіршілік ететін ақшыл көбелектердің арасында кейде күңгірт  түсті мутанттар пайда болады. Егер мұндай құбылыс ауасы таза ауыл жағдайында болса, сұрыптау арқылы жойылып кетер еді. Себебі, ақшыл қайыңдағы күңгірт түсті көбелектер тез көзге түседі. Сондықтан оларды құстар жеп құртады. Ал түтінмен ысталған қайыңдағы көбелектер көзге көп түспейді, яғни табиғи сұрыптау оларды сақтап қалады. Сонда мұндай сұрыптауды жүзеге асыратын фактор — көбелектерді жейтін құстар. Егер сұрыптау өте жылдам қарқынмен жүрсе, тез арада күңгірт түсті популяция пайда болады. Мысалы, Манчестер қаласының маңындағы қайың көбелегінің күңгірт түсті түрлері ақшыл көбелектерді 20 жылдың ішінде ығыстырып шығарған. Қозғаушы сұрыптау эволюцияда басты рөл атқарады. Бұған жылқының эволюциясы барысында оның аяғының саусақтылықтан тақ тұяқтылыққа дейінгі өзгерісі де дәлел бола алады.

Қозғаушы сұрыптаумен қатар, табиғатта тұрақтандырушы сұрыптау да кеңінен таралған. Біршама тұрақты орта жағдайларында тіршілік ететін түрлерде болатын өзгерістер жағымсыз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда аз өзгерістерді тудыратын мутациялар сақталып, керісінше көп өзгеріс тудыратын мутациялар жойылып отырады.

Тұрақтандырушы сұрыптауда, мысалы, жәндіктер арқылы тозаңданатын өсімдіктер гүлінің бір шағын бөлігі ғана өзгереді. Бұл сол жәндіктің мөлшеріне ғана шақ келеді, ал олай болмаған жағдайда тозаңдануға жағымсыз әсер еткен болар еді.

Мезозой дәуірінде пайда болған саусақ  қанатты балықтарға жататын латимерия осы күнге дейін өзгеріссіз тіршілік етіп келеді.

Сол сияқты Қазақстанда кең тараған ақбөкен Кайнозой дәуірінен бері қарай орта жағдайларының түрлі өзгерістеріне қарамастан сақталып келеді. Бұларды тұрақтандырушы сұрыптаудың нәтижесі деп білеміз.

Қозғаушы сұрыптау мен тұрақтандырушы сұрыптау бір-бірімен тығыз байланысты. Қозғаушы сұрыптау қоршаған ортаның ауыспалы жағдайында түрлердің өзгеруіне ықпал етеді. Ал тұрақтандырушы сұрыптау біршама тұрақты орта жағдайларында тиімді өзгерістерді сақтап, тұрақтандырып отырады.

Сонымен, популяциядағы генетикалық тұрғыдан талдау жасау микроэволюция мен түр пайда болуының негізгі факторы — табиғи сұрыптаудың механизмдерін түсінуге мүмкіндік береді.

Барлық тірі организмдерде белгілі дәрижеде жеке өзгерістер болып отырады. Қазір бұл фактыға таласатын натуралист бола қоймас. Алайда табиғатта жаңа түрлер қалайша пайда боады, организмнің органдары бір – біріне соншалықты үйлесімді немесе организм сыртқы тіршілік ортасына неге ұйлесімді болады деген мәселелерді аталған жеке өзгергіштік болуымен және бірнеше түршелердің пайда болуымен түсіндіре алмаймыз. Қысқаша айтқанда, организмдердегі мақсатқа сәйкес бейімділіктерді қалай түсінуге болады? - деген сурақ туады.

Бұл көрсетілген сұрақтарға жауап бере отырып Дарвин бір жағдайға зейін аударды. Ол тірі организмдердің геометриялық прогрессия бойынша көбейіп отыру тенденциясы еді. Бұл заңдылық бойынша әрбір түрде особьтар санын шексіз кбейту мүмкінігі бар. Линней қандай да бір жылдық өсімдік жылына екі ғана тұқым беріп отыратын болса, жиырма жылдың ішінде оның ұрпағы миллионға жеткен болар еді деген болатын. Дарвиннің айтуы бойынша ең баяу ұрпақ беретін жануар пілдер, олардың бір пары 740 – 750 жыл ішінде өсіп – қнсе, особьтарының саны тоғыз миллионға жетер еді.

Бірақ, еш уақытта табиғатта геометриялық прогресті көбею болмайды. Шынында әрқашан да организмдер шексіз көп ұрпақ береді, ал олардың тірі қалатыны аз болады. Бұлардың шексіз көбеюлеріне «тіршілік үшін күрес» бөгеу болады. Бұл терминді Дарвин кең, метафоралы түрде қолданады: тіршілік үшін күрес – ол дамып келе жатқан организмдердің сыртқы ортаның физикалық факторына және басқа тірі организмдерге тәуелділігі, сондай – ақ особьтардың «өзіне ұрпақ қалдырып» отыру қабілеті. Осы жайында шөлді жерде өсетін өсімдіктердің қуаншылықпен күреседі деп айтуымызға болар еді, «бұған гөрі олар ылғалдыққа тәуелді деген дұрысырақ». Бұл тәуелдәләктер өте күрделі бірі – бірімен тығыз байланысып, шырмалып жатыр. Олардың бірі организмге қолайлы, оның дұрыс тіршілік етуіне себеп болады, екіншілері, керісінше түрдің дамып келе жатқан особьтарына теріс әсер етеді, олардың санының көбіне бөгет болады.

Түрлер санының реттелуі жөнінде маңызды роль атқарады, сірә өте төмен температуралы кезеңдер немесе қуаншылық өсіп – өнуге өте зор бөгеу болса керек. 1854 -1855 жылдардың қысында дарвин өз имениесіндегі құстарпдың 4/5 қырылып қалғандығын айтады. Егер адамда кездесетін індет аурудан 10% қазаны көп деп танысақ, аталған қырғын шын мәнінде төтенше екенін түсіну қиын емес. Климаттың қолайсыз жағдайлары осы жөнінде аталған қатты суықтар, организмге тікелей әсер етіп қана қоймай оның азық қорын азайту арқылы жанама да әсерін тигізеді

Дарвин бірге мекендеуші организмдердің арасындағы қарым – қатынастың күрделілігі жайында көптеген мысалдар келтіреді. Өсімдіктердің өскіндерін әр түрлі жануарлар көптеп құртып отырады. Дарвиннің есебінше 0,5м2 көлеміндегі жерде пайда болған 357 өскіннің 295 – ін моллюскалар мен насекомдар жойып жіберген.

Көптеген жағдайларда, органикалық баспалдақтарда бір – бірінен алшақ жатқан өсімдіктер мен жануарлар бір – біроімен өз ара тығыз жейелі байланысқан қарым – қатынаста болады. Бұған ара тозаңданатын, қызыл жоңышқа мысал бола алады. Аралардың саны,олардың ұяларын және балауызын талқандап балын жеп кететін дала тышқандар санына бірсыпыра байланысты. Дамып келе жатқан организмдердің қоршаған ортасымен қарым – қфеынасын талдай келгенде әрбір түрге, оның тіршілігінің әр кезеңде әсер етуші алуан түрлі кедергілердің ықпалы тиелі деген жалпы қорытынды шығады. Ақырында түрдің орташа саны немесе тіпті түрдің өмір сүріп қалуы аталған әсерлердің біртұтас әрекеттеріне байланысты болады. Тіршілік үшін күрес, яғни организмдердің орта жағдайларына тәуелділігі органикалық формалардың өгергіштігіне ықпал етеді.

Табиғи сұрыптау жайындағы ілім – органикалық дүниенің тарихи дамуының обьективтік заңы ретінде Ч. Дарвин теориясының негізгі бөлімі болып саналады. Қазіргі кезде биология да Дарвиннің негізгі жағдайларының дұрыстығын дәлелдеуші көп және жан – жақты материалдар қорланды. Дарвин теориясында табиғи сұрыптау табиғатта жүріп жатқан процесс мағынасында түсініледі, бұл процесте орта жағдайларының дамып келе жатқан организмдерге тигізген әсерлерінің нәтижесінде өмір сүруі және дамуы үшін пайдалы белгілерге ие болған индивидумдар сақталып қалып отырады.

Бұл процесс организмдермен оны қоршап тұрған орта жағдайларының өз ара қарым – қатынасының нәтижесі. Табиғи сұрыптауға қажетті материал организмдердің өзгергіштігі болып табылады. Құбылмалы сыртқы орта жағдайлары организмдерде өзгеріс тудырып отырады. Пайда болған өзгерістердің кейбіреулері озгерістерге пайдалы, екіншілері зиянды болады. Пайдалы белгісі бар организмдердің тірі қалуы және ұрпақ қалдырып өркендеу мүмкіндігі мол болады. Бұған керісінше, қандай да болса организмге зиянды өзгеріс, оның тіршілігіне теріс ықпал етеді, ондай өзгерісті особьтар ең алдымен құрып кетеді (элиминация) немесе өсіп – өне алмайды.

Элиминация ортаның әр түрлі факторларына байланысты. Табиғатта мұндай процесс болатынына бақылау фактылары дәлел болады. Осы кезде құстарда болатын элиминация себептері біршама толық анықталады.

Бұл жөнінде бір қатар қызғылықты мынадай бақылаулар бар: топ құсқа жыртқыштар шабуыл жасағанда, ең алдымен олардың ішінен қандай да бір кемістігі бар құстар қолға түсіп жем болады. Швециядағы бақылаулар бойынша қырғи 50 шамалы бір топ торғайлардың ішінен бір көзі соқыр торғайды соқыр жағынан келіп ұстап алған. Екінші бір жағдайда осы түрге жататын жыртқыш құс 20 көкшіл торғайдан жарақаттанған біреуін, 100 шымшықтан әлсіздеу біреуін ұстаған. Осы сияқты талғамдылық көптеген басқа жыртқыштарда да байқалады. Бұл аталып өткен фактылар, құстардағы элиминация түр үшін бағасы кем особьтарда болатындығына дәлел. Бір жағынан өзгергіштіктің сипаты, ал екінші жағынан элиминация сипаты өз ара тығыз байланысты екенін түсіну қиын емес. Осыған орай табиғи сұрыптауға қандай жағдайлар қолайлы екендігін айтуымызға болады. Ең алдымен түрдің пайда болатынын особьтарыныңсаны мен олардың мекендейтін ортасының жағдайы әр түрлі болуының үлкен мәні бар. Особьтар саны көп болып, олардың мекендейтін ортасының жағдайлары алуан түрлі болса, өзгеру варианттары да көп болады, демек табиғи селексия үшін бастапқы материал да – мол болады. Организмге пайдалы өзгерістің қандайы болса да, ол ұрпаққа берілетін болса ғана сұрыптау үшін мәні болады. Ең соңында табиғи сұрыптау процесі бір бағытта қанша ұзақ уақыт жүріп отырса, соншалықты нәтижелі болып шығады.

Табиғи сұрыптаудың алғашқы сандық сипаттамасыпопуляцияда гендердің жиелігінің өзгеруі, жаңа мутациянын пайда болуы, доминантты және рецессивті гендердің элиминадция жиілігімен сипатталды.

Сұрыптаудың коэффиценті. Элиминация жиілігін анықтау үшін


m- бастапқы дарақтар саны;n- келесі ұрпаққа дейін тірі қалған дарақтар саны.

А вариантында бастапқы дарақтар саныm-нан n - тірі қалған дарақтар, ал В вриантында В-n+nS дарақ. Сұрыптаудың коэффицентіS. Енді бұны қарапайым математикалық тұрғыдан есептеп көрейік. Мысалы: әр вариантта 1000 дарақ бар, А вариантында 50 дарақ тірі қалса, В вариантында 75 дарақ. В вариантында тірі қалғандар саны 50+50S75. Бұдан

шығады. Сұрыптаудың коэффицентісұрыпталу құндылығы екі варианттада бірдей болса өзгеру мүмкіндігі 0; ал бір вариант еіншісін толығымен ығыстырса 1ге дейін барады.

Сұрыптаудың тиімділігі. А және Варианттарының бейімделудегі қатынасы әр варианттың тірі қалған дарақтардың санына қатынасымен анықталады. Мына формула бойынша:

Жоғарыда келтірілген мысалға байланысты сұрыптаудың тиімділігі былай анықталады:



сонымен А вариантына қарағанда В варианты 1,5 есе жақсырақ бейімделген.

Сұрыптаудың жылдамдығы. Бір уақыт аралығында алынған варианттын өсу ауқымымен анықталатын сұрыптау.

бұнда  – тандалған варианттын концентрациясы; - элимирацияланған варианттын концентрациясы. Ереже бойынша 

Қорыта отырып, мынаны айтуға болады:

1.     Кез келген популяцияда әр ұрпақтың дараларында өзгергiштiк байқалады.

2.     Бұл өзгерiстердiң кейбiреуiнде генетикалық негiз бар.

3.     Жынысты жетiлу мен көбеюге дейiн тiрi қалатындармен салыстырғанда, көп даралар туылады.

4.     Кейбiр гендерi бар дараларда басқа генi бар дараларға қарағанда, тiрi қалып, ұрпақ беру мүмкiншiлiгi жоғары.

Қорытынды: айтылғандарды қорыта отырып, тiрi қалу және көбею мүмкiншiлiгiн арттыратын генетикалық белгiлер популяция iшiнде ұрпақтан ұрпаққа жиi кездесе бастайды.

1845 жылы Дарвин “Биглдегi саяхат” жұмысын Путешествие на “Бигле”, жарыққа шығарды, онда топографиялық сунаға түсiру және коллекция жинаумен шұғылданған, британдық әскери немедегi 5 жылдық жүзудегi өзiнiң алған әсерiн өте қызықты жазды. Бұл кiтапта оның сол кезде-ақ эволюция мен сұрыптау қалай жүретiнiн түсiнгенi көрiнедi. Галаногосс аралдарында ғана кездесетiн кептерлердiң (вьюрок) көптеген түрлерi туралы былай жазды: “құстар жабының тығыз байланысқан бiр туыс iшiндегi құрылыстың әртүрлiлiгi мен бiртiндеуiн байқай отырып, бұл архипелагта құстың 1 түрi алынып, әртүрлi мақсатта өзгеруiн көзге елестетуге болады”.

Сол кiтапта ол табиғи сұрыптау туралы:”iрiктеушi фактор табиғи күйдегi санның өте тез артуына үнемi кедергi жасайды. Саны орташа шамамен тұрақты болып қалады; бiрақ әр жануарда санның өсуiне тенденциясы геометриялық прогрессияда болады” деп айтады.

Дарвин кейiнiрек “табиғи сұрыптау” деп атаған “белгiсiз күш” организмдер санының потенциалды жарылысына үнемi кедергi жасайды. Бұл ой оған Томас Роберт Мальтус жазған халық туралы очеркiн оқығаннан кейiн түзiлдi. (Thomas Malthus). Дарвиннiң арқасында мальтустiң “тiршiлiк үшiн күрес” деген бейнем сөзi кең тарады. Бұл түсiнiктi екеуi де популяцияның тез өсуi мен қоректiн ресурстар арасындағы сәйкессiздiк нәтижесi деп есептедi.

Дарвин өзiнiң теориясын соңғы түрде “табиғи сұрыптау жолымен түрлердiң пайда болуы” кiтабында жазып шығарды, ол 1859 жылы жарыққа шығып, кең таралды.

Бұл кiтапта Дарвин тiрi және тiршiлiгiн жойған организмдерге жасаған өзiнiң және көзқарасын дәлелдейтiн басқа да зерттеушiлердiң материалдарын келтiрдi. Кейбiреулер Дарвин теориясын жақсы ықыласпен қарсы алды; олар оның организмдер мен әрқайсысының өзiне тән белгiлерi арасындағы көптеген ерекшелiктерiн түсiндiре алатынын ұқты. Басқалар, бұрынғы көзқарасты сақтады, тек ХХ ғасырда көптеген биологтар эволюцияның болатынын және табиғи сұрыпталуды оның негiзгi механизмi екенiн толығымен мойындады.

Табиғи сұрыпталу теориясына қарсы кең тараған және негiзгi келiспеушiлiк негiзiнде тұқымқуалау факторларының әсерi туралы қате түсiнiктер жатты: ата-аналардың тұқымқуалау факторлары олардың ұрпағына қосылады деп есептелдi. Бұл түсiнiктер бойынша популяциядағы тұқымқуалайтын өзгергiштiк ұрпақтан ұрпаққа өткенде азаяды, соңында популяцияның барлық мүшелерi бiрдей болады, сөйтiп табиғи сұрыптау әсер етпей қалады. Ендi бiз гендер қосылмайтындығы жөнiнде бiлемiз, бiрақ Дарвин мен ХIХ ғасырдың көптеген биологтары , гендер қосылады деп есептедi. Бiрақ Грегор Мендель (Gregar Mendel) 1866 жылы өзiнiң нәтижелерiн жарыққа шығарды, оның жұмыстары 1900 жылға дейiн, бұл заңдар қайтадан ашылып, дәлелденбейiнше белгiсiз болып қалды, бұл заңдар, яғни гендер бiр-бiрiне тәуелсiз тұқымқуалайды және ұрпақтарда олар қосылмайды. Сонымен, өзгергiштiк әр ұрпақта сақталатынын дәлелдеi. Табиғи сұрыптау теориясын қабылдауға тағы бiр кедергi, Дарвин сұрыптауды мәдени өсiмдiктер мен үй жануарлары селекциясының саласынан алынған мысалдарды келтiрдi. Мол шаруашылығы мамандары iрi қара мысалы, малды сүттiлiлiгн көбейту (гомитин породасы) сүтiнiң майлылығын арттыру (жерсей породасы) ет мөлшерi бойынша сұрыптау жүргiздi. Мұндай жасанды сұрыптау бiрнеше ұрпақ сонында күрт өзгерiстер туғызады және эволюцияның нақты дәлелi болып табылады. Бiрақ, бұл эволюция белгiлi нәтижелер алуға ұмтылатын, селекционерлер жағынан арнайы жұмыстар нәтижесiнде жүредi. Дарвин табиғатта сұрыптаудың жүретiндiгi жөнiнде нақты бiрде-бiр дәлелдемелер айтпады. Оның қарсыластары табиғатта не сана, не ұмтылыс, не мақсат жоқ деп айтты. Табиғатта алатын орындарына ғана арнайы жасалған организмдер кездейсоқ жағдайлар нәтижесiнде қалай түзiледi? Келесi бөлiмде жазылған, табиғи популяциядағы сұрыптау мысалы бiрнеше жылдан соң ғана ашылды.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

  2. Яблоков А.В.Эволюционное учение.М, 1976.Ст .21-50.

  3. Канаев И.И.Жорж Кювье.М.1976г.

  4. Равинович А . И Чарльз Лайель.М, 1976г

  5. Парамонов А . А Дарвинизм М, 1976. Ст 41-58.

  6. История биологии с древнейших времен до наших дней М,1972.

  7. Георгиевский А. А. Дарвинизм М,1985г.

  8. Правдин Н.В. Дарвинизм М,1986




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет