ПӘннін оқУ-Әдістемелік кешені «Мәдени-суықтыру қызметін ұйымдастыру және сахна мәдениеті» Мамандық үшін 5В010600 «Музыкалық білім»


Тақырыбы: Өзін-өзі сүйемелдеп ән айту тәжірибелері



бет7/7
Дата26.06.2018
өлшемі0,55 Mb.
#45166
1   2   3   4   5   6   7

Тақырыбы: Өзін-өзі сүйемелдеп ән айту тәжірибелері.
Жоспар:

  1. Орындаушының естуді бақылау ән айту мен сүйемелдеу кезінде дыбыстық теңдікті сақтау мүмкіндігін қалыптастыру.

  2. Орындаушылық дағдыға сәйкес болып келетін вокальды аспапты іс- әрекеттің нақты үйлесімділігін жасау.

  3. Сүйемелдеу партиясын бірте-бірте күрделендіру.

Музыка туралы әңгіме тыңдай отырып, балалар композитордың өмірі, шығармашылығымен танысады. Осылайша муызкаға деген қызығушылығы, эмоциялық көзқарасы, қалыптасады. Және шығарманың мәнерлік құралдары болатынын ажырата алатын болады.

Халқымыздың музыка тілін терең түсінетіндігі ертеден –ақ аңыз болып тараған. Оған мысал ретінде «Ақсақ құлан» т.б. көптеген күй аңыздарын алуға болады. Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдында тұрған мәселелердің бірі осы ата-бабаларымыздай музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзінің рухани азығы етіп, адам өмірін нұрландыруға, ат салысатын музыканың білімді азамат тәрбиелеу. Оның түп-тамыры, негізі музыканы қабылдай білуде жатыр.

Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға, баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты болып есептеледі.

Музыканы тыңдаған кезде бала еркін отыруы керек, бұл тәсіл орындалып, жатқан шығарманы қозғалмай байсалды тыңдауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ музыка тыңдап отырған кезде, сөйлеуге, мұғалімге сұрақ қоюға болмайтынын білу керек. Бірте-бірте мұғалім балалардың музыканы тыңдай білу мәдениетін қалыптастырады. Музыка тыңдау барысындағы мұғалімнің жүріс-тұрысы, өзін ұстауы өте үлкен рол атқарады.

Мұғалім тыңдауға ұсынған шығарманы өзі орындаса, мүмкіндігінше нотасыз ойнауға тырысу керек.




ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 54/ 62
Вокальдық педагогикалық талаптарына сай балаларды ән өнеріне баулуда тәжірибеде қолданылатын арнайы ән жаттығуларының алатын орны ерекше. Сабақтың мақсатына сай өз орнын тауып қолданылған. Жаттығулар тек дауыс аппаратын ән айтуға дайындап қана қоймай, белгілі бір орындаушылық шеберлікті дамытуға байланысты дағдылы қалыптастырады.

Музыкалық шығарманы игеру, оның мәніне терең бойлай ену дәйекті де ұзақ процесс. Музыкалық шығарманы ұжымдық үйренуге

кірісе отырып, шығарманың музыкалық тексін дәлме-дәл орындау, шығарманың жалпы сипатын формасын, ладтық-гармониялық негізін, ритм мен әуенінің сипатын анықтау, музыка дыбысын шығарудың барлық тәсілдерін белгілеу, бүкіл пьесса бойына дыбыс күшін бөлу, вокальдық және аспаптық топтарының және топтығы әрбір партияның дыбысының тепе-теңдігіне қол жеткізу, ансамбльдің орындаушылық шеберлігінің дәлдігіне жету қажет.

Шығармашылық мазмұнын ашу бөліп-бөліп орындаудан біртіндеп негізгі мағынасын және оның көркемдік детальдарын тұтас біріктіруге дейін жүреді. Осыдан келіп шығарманы үйрену методикасы мынаған саяды. әдеби және музыкалық тексті, шығарманың әсерлілік құралдарын, музыкалық образдың сипатын талдау; шығарманы орындаудағы қиын тұстарды анықтау; ансамбльдің орындаушылық мүмкіндігімен оны «өлшеп-пішіп» көру; қиын тұстарды ойлап үйрену жөніндегі жұмыс әдістемесін анықтау; көркемдік – орындаушылық ой-тұжырымды әзірлеу.

Шығарманы үйрену үстінде оның ұлттық ерекшелігін оның ұлттық ерекшелігін анықтап алу қажет. Бұл көркем образдың мәніне терең бойлай ену үшін маңызды. Халық музыкалық творчествосының элементтерін; халық аспаптарының өзіндік ырғақтарын, ладтарын, тембрларын, халықтық орындаушылық өнер тәсілдерін пайдаланып үйрену керек.

Сондықтан біз халық-музыкалық творчествосын үйренуді шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлеміз. Вокальдық – аспаптық ансамбльдің оқу сабақтары ән айтудан, вокальдық – есту және аспаптық құлақ күйі келтіруден басталады. Шағын жаттығуларды, репертуардағы әндерден үзінділерді әндету, ансамбльдік орындау дағдыларын жетілдіруді көздейді.



Тақырып: Репертуармен жұмыс.
Жоспар:

1.Шығарманы талдау оның мазмұнын шығармашылық тұрғыдан сараптау.

2. Репертуарға қойылатын талаптар.
Жоғарыда аталған тәрбие міндеттерін шешу едәуір дәрежеде вокальдық-аспаптық ансамбль қызметінің мазмұнына репертуар саясаты мәселесінің дұрыс шешуіне байланысты.


ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08..2015 ж.

Бет 55/ 62
Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының вокальдық-аспаптық ансамбльдері мен оқушы жастарды біріктірген ансамбльдердің репертуарына талдау жасау репертуар саясатының көптеген

ансамбльдерге тән мынадай бірқатар оңды тенденцияларын көрсетіп берді.



  1. Көкейтесті тақырыптарды игеруге, қатысушылардың адамгершілік және эстетикалық мұраттарға көзқарасын бейнелеуге ұмтылуы

  2. Вокальдық- аспаптық ансамбль мүшелерінің творчестволық және қоғамдық белсенділігі, жергілікті тақырыптарға шығармалар тудырып, орындауға ұмтылыс.

  3. Музыкалық білімге құлшыныс; музыкалық сауат негіздерін игеруден кәсіптік мектепте білім алуды жалғастыра беруге дейін ұмытылыс.

  4. Көптеген вокальдық-аспаптық ансамбльдердің халық әндерін орындауға зейін қойды.


Тақырыбы: Дайындық өткізудің әдісі мен түрлері. Эстардалық музыкалық репертуарды дайындау.

Жоспар:

1. Жұмыс жоспарын құру.

2. Музыка материалымен және ән мәтінінмен танысу.

3. Шығарманы орындауды талдау.


Эстрадалық қатысушыларға музыкалық – эстетикалық тәрбие берудің толық құндылығы оқу процесінің мазмұын мен ұйымдастырылуына тікелей байланысты екені белгілі. Олар бірқатар жалпы педагогикалық және дидактикалық талаптарға сай келуі тиіс. Атап айтқанда бүкіл оқу процесінің нысаналы жүргізілуі. Оның жүйелілігі, түсініктілігі, дәйектілігі, көрнекілігі, өмір мен байланыстылығы, оқыту мен тәрбиедегі сабақтастығы, әрбір адамды терең құрметтей отырып, ұжымның барлық мүшелеріне қойылатын талаптардың бірлігі, творчестволық ізденіс, өзін-өзі көрсету үшін оңтайлы жағдайлар жасау және ұжымның оның жетекшісінің талаптарына міндетті түрде бағыну, жоғары тәртіптілік.

Ансамбльде орындау дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіну – тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауға қажетті техниканы игеруге бастар жол. Ансамбльдік орындау - күрделі қызмет, өйткені онда білім жатады. Ал творчество көркемөнер міндеттерін шешу жолдарын ой елегінен өткізуден жаңа оңтайлы әдістерді табудан, ең бастысы –инициатияға көрсетуден, халық музыкасы негізінде жатқан бай қазыналы пайдалану арқылы өзін-өзі көрсетудің неғұрлым жақсы формаларын әрбір қатысушының өз бетімен іздестіруінен көрінеді.

Қазіргі заманғы әндер туралы мәселені талқылаған кезде текстердің көркемдік сапасы туралы образдардың салалығы, көркемдігі туралы, теңеулердің саналылығы, жаттандылығы туралы көп жағдайда қызықты


ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015ж.

Бет 56 62
пікір-сайыстар туды, бірақ қайсыбір өзінің музыкалық әсерлілігі туралы, оның көркемдік артықшылығы, оның идеялық және солай бағыты туралы мәселелер өте көп.

Халықтың музыкалық творчествосын игеру, оның мәніне бойлай ену- қыруар еңбекті талап ететін дәйекті де ұзақ процесс. Мұны жүзеге асыруда түрлі әдістерді пайдалануға болады. Мысалы: қазақ күйлерінің үлгілерімен танысу домбырада ойлаған және қазақтың көне халық аспаптарын қоса отырып, вокальдық-аспаптық ансамбльде ойнаған фотожазбаны зерттеуден басталды.

Педагог ұйымдастырушы тәрбиеші ретінде жетекші өзінің педагогтық шеберлігін арттырып, барлық жағынан үлгі болуға міндетті. Ол дайындықты ұйымдастырудың барлық мәселелерін шешуге, оның жоспарын жасауға, музыкалық шығармамен жұмыс істеудің мазмұны мен әдістерін, жеке-дара және топтың сабақтардың формаларын, тәсілдері мен әдістерін құралдарын динамикалық келісімділігін және т.б. мұқият ойластыруға тиіс.

Концерт қойылымдарын ұйымдастыру, байқауларға, конкурстарға, көркем өнерпаздар үйірмесінің фестивальдарына қатысу – «кері байланысты» жүзеге асырудың, қол жеткен нәтижелерді бақылаудың білімді іске жаратудың, оқыту мен тәрбие тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық тиімділігі есепке алудың маңызды жолы.

Теориялық практикалық оқу, репетициялық сабақтарды және т.б. ұйымдастыру арқылы түрлі ұйымдық формаларда өтетін музыкалық бөлімдердегі оқу процесі педагог пен тыңдаушылар қызметінің алуан түрлерін қамтиды.

Педагог-музыкант студенттердің білімді, шеберлік пен дағдыларды игеруде белсенділік пен дербестікті дамыту және халық музыкалық творчествосының негіздерін оқып үйреніп, оларды оқумен көркемөнер практикасында қолдануы жөнінде жүйелі жүргізуді қамтиды.

Педагог эстетикалық тәрбие ретінде вокальдық -аспаптық ансамбльдің музыка өнеріндегі алатын орны мен ролін анықтап, вокальдық- аспаптық жанрдың көркемдік атқару бағыты мен стилін ашуы, вокальдық және аспаптық топтардың жеке-жеке ансамбльдік орындау дағдыларына ие болуы үшін жүйелі жұмыс жүргізеді. Бұл орайда оқу-тәрбие шараларын ұйымдастыру мен өткізудің көпқырлы және маңызды мәселелерін шешіп, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен формаларын нақтылайды, ансамбльде творчестволық және еңбек тәртібін нығайтады.

Вокальдық – аспаптық ансамбль сабақтарында қатысушының қаншалықты дәрежеде эмоциялық жағынан баурағанын, оның ой-пікірі, қиялы, есте сақтауы қалай қалыптасып, дамып отырғанын білу маңызды.

Тіпті концерт кезінде орындау сапасы шығарманы игеру, оған көзқарас дәрежесінің толық «обьективті» көрсеткіші сияқты.


ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 57/ 62
Тақырып: Концерттік қойылым.
Жоспар:

1. Концерттік қойылымға дайындық.

2. Сахнада орналасу, жарық киім, режиссер кеңестері.
Концерт қойылымдарын ұйымдастыру, байқауларға, конкурстарға, көркем өнерпаздар үйірмесінің фестивальдарына қатысу – «кері байланысты» жүзеге асырудың, қол жеткен нәтижелерді бақылаудың білімді іске жаратудың, оқыту мен тәрбие тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық тиімділігі есепке алудың маңызды жолы.

Теориялық практикалық оқу, репетициялық сабақтарды және т.б. ұйымдастыру арқылы түрлі ұйымдық формаларда өтетін музыкалық бөлімдердегі оқу процесі педагог пен тыңдаушылар қызметінің алуан түрлерін қамтиды.

Педагог-музыкант студенттердің білімді, шеберлік пен дағдыларды игеруде белсенділік пен дербестікті дамыту және халық музыкалық творчествосының негіздерін оқып үйреніп, оларды оқумен көркемөнер практикасында қолдануы жөнінде жүйелі жүргізуді қамтиды.

Педагог эстетикалық тәрбие ретінде вокальдық -аспаптық ансамбльдің музыка өнеріндегі алатын орны мен ролін анықтап, вокальдық- аспаптық жанрдың көркемдік атқару бағыты мен стилін ашуы, вокальдық және аспаптық топтардың жеке-жеке ансамбльдік орындау дағдыларына ие болуы үшін жүйелі жұмыс жүргізеді. Бұл орайда оқу-тәрбие шараларын ұйымдастыру мен өткізудің көпқырлы және маңызды мәселелерін шешіп, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен формаларын нақтылайды, ансамбльде творчестволық және еңбек тәртібін нығайтады.

Вокальдық – аспаптық ансамбль сабақтарында қатысушының қаншалықты дәрежеде эмоциялық жағынан баурағанын, оның ой-пікірі, қиялы, есте сақтауы қалай қалыптасып, дамып отырғанын білу маңызды.

Тіпті концерт кезінде орындау сапасы шығарманы игеру, оған көзқарас дәрежесінің толық «обьективті» көрсеткіші сияқты.


Тақырып: Музыкалық театрдың дәстүрі мен жаңашылдығы.
Жоспар:

  1. Театр - өнер түрі.

  2. Театрдың түрлері.

  3. Қазақстандағытеатр өнерінің қалыптасуы және дамуы.


Театр (грек. Theatron – ойын – сауық орны) – қоршаған ортаны актер ойыны және драмалық іс-қимыл арқылы бейнелейтін өнер түрі.


ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.082015 ж.

Бет 58/ 62
Театр негізі – драматургия. Драматургия театр өнерінің даму бағытын, мазмұнын, оның жанрлары мен көркемдік құралдарының жетілуін айқындайды. Теарт үшін драматургия қандай қажет болса, драматургия үшін театр да сондай қажет. Драматургиялық шығарма ең алдымен көрермен үшін жазылады. Театрсыз драматургия өзінің барлық мазмұндық байлығын ашып көрсете алмайды.

Театр өнерінің туындысы – спектакль. Театрда творчестволық процесс пен оның нәтижесі – спектакльді ажырату мүмкін емес. Спектакльді кітап немесе картина, басқаша айтқанда, аяқталған шығарма деп қарастыруға болмайды, ол үзіліссіз, бітпес шығармашылық. Сондықтан актер әр спектакль сайын жаңа рөлге еніп, көрермен алдында кейіпкер образын жасайды.

'Тұңғыш театрдын шымылдығы 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында М.Әуезовтін "Енлік - Кебек" трагедиясымен ашылды. 1926-30 жылдары М.Әуезовтің "бәйібше - тоқал", "Қаракөз". Б.Майлиннің "Шаніпар молда", "Неке қияр", Ж.Шаниннін "Арқалық батыр", "Баян батыр" пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде қазақ халқының әр дәуірдегі өмір-тұрмысы, тағдыры көрсетіліп, әйел теңсіздігі мен ескіліктін кертартпа қылықтары өткір сыналды. Ол кезде эпостық тақырыптағы немесе тарихи оқиғалар негізінде жазылған драмалық шығармаларда актерлер еркінірек ойнады. Өйткені мұндай туындылардағы оқиғалар оларға бала жастан таныс еді. Эпостық тақырыптағы драмалық шығармалар бойынша қойылған спектакльдерде, әсіресе ақындық пен шешендік сайыстардағы диалогтар, оның мәні мен мазмұнын ашу, қимыл-қозғалыс, қарым-қатынас, психологиялық толғану сәттері, тіптітартысқа түскен екі жақтын жарыла отырып, бар зейін-ықыласымен беріліп, өздерінің көңіл күйін білдіруі, сөз нышанын әркімнің өзінше сезінуі, бағалауы.

928 жылы қазақ драма театры Алматыєа көшіп келгеннен кейін мұнда творчестволық жўмыс жүргізуге айтарлықтай жағдай жасалды. Театрға арнайы үй беріліп, костюм, декорациялық буйымдар жасайтын цехтар ұйымдасгырылып, дарынды да талантты жастармен театр труппасы толықтырыла тусті. Олардың ішінде тамаша әншілігі мен драмалық таланты қатар дамыған Күләш Байсейітова, бірнеше пьеса жазған Қанабек Байсейітов, биші Шара Жиенқұлова, әншілер Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жұмат Шанин болды. Бїл кезендегі театр сахнасына қойылған драмалық шығармалардың дені - қазақ ауылындаєы келенсіз жайттарды әшкерелейтін пьесалар.

1934 жылы Алматыда музыкалық театр (қазіргі опера және балет театры), Ақтөбе, Қарағанды, Петропавл, Орал, Семей және Шымкентте облыстық қазақ театрлары ашылып, халыққа мәдени қызмет көрсете басгады. Облыс орталықтарында шаңырақ қөтерген театрлар өз репертуарларын Мұхтар Әуезов драматургиясынан бастады, әрі актерлік пен режиссерлік өнер саласында жеткен биігін де осымен межеледі.

¥лы Отан соғысы жылдары театрлар репертуарынан бұрыннан қойылып келе жатқан пьесалармен қатар әскери тақырыпқа жазылған Мұхтар Әуезовтін "Сын сағатта", Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевтін "Намыс гвардиясы", Сәбит




ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 59 62
Мұқановтык "Жеңіс жыры", Әлжаппар Әбішевтің "Найзагай" мен "Қырағылық" атты және тағы басқа драмалық шығармалар орын алды.

1944жылы Алматыда Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театрының құрылуы республикадағы аса елеулі оқиғалардың бірі болды. Театр екі группадан тұрды. Қазақ группасы сахналық жолын Островскийдін "Мысыққа күндетой бола бермес" атты пьесасын қоюмен бастады. Алғашқы мектеп бағдарламасына сәйкес пьесалар мен аныз-ертегілер, инсцировкалар қойды.

50-ші жылдары аударма пьесалар мен тарихи-фольклорлық тақырыпқа жазылған драмалық шығармалар ұлттық театрлар репертуарынан мол орын алды. Осы жылдары театрлар сахнасында Ғабит Мүсіреповтін "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Ақан сері -Ақтоқты", Мұқтар Әуезовтің "Еңлік -Кебек" сияқты драмалық шығармалары сахнаға қайта қойыла бастады.

Қазақ драма театрларының 60-жылдардағы репертуарлық қоры мазмұндылығымен әрі оған енген шығармалардың әр алуандылығымен ерекшеленді. Тахауи Ахтановтын, Қалтай Мұхамеджановтың, Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Бәйсейітовтің, Қапан Сатыбалдиннің, Зейтін Ақышевтің шығармалары орын алды. Қазақ драма театрының 60-жылдардағы зор жетістігіне Шыңғыс Айтматовтын "Құс жолы" повесі негізінде қойылған "Ана '- Жер-ана" спектаклі жатады.

70-жылдардың басында Қазақ драма театрының репертуарынан ақын Құдаш Мұқашевтың қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ілиястын жастык, шағы, туып-өскен ортасы мен жаңа өмірге деген көзқарасының бірте-бірте қалыптасуы туралы сыр шертетін "Дала дастаны" атты тарихи-ғұмырнамалық драмасы орын алды.
Тақырып: Режиссер – театрдың көркемдік жетекшісі және шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырушы.

Жоспар:


  1. Музыкалық театрдың әйгілі режиссерлары.

  2. Актерлармен жұмыс.

Театрдың табиғаты жағынан – ұжымдық өнер. Режиссураның пайда болуы да театрдың осы табиғатынан туындаған. Режиссура драматургияны белгілі бір тұрғыда интерпретациялау және театр ұжымының күш жігерін

спектакльдегі идеяны, ойды ашып, іске асыруға жұмылдыру қажеттілігінен қалыптасады.

Спектакльді дүниеге келтіруші – режиссер. Спектакльді ұйымдастырушы, қоюшы, актердің талантын ашушы ретінде режиссердің алатын орны ерекше. Бірақ ол спектакльді бір өзі жасамайды. Қалай десек те, актер театр өнерінің басты тұлғасы және өнердің бұл түрінің ерекшелігі де актермен, оның шеберлігімен тығыз байланысты. Қайталанбас театр туындысы тек бір-бірін терең түсінетін, ауыз бірлігі бар ұжымды ғана дүниеге әкеледі.




ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 60 62
Тақырып: Режиссураның педагогикалық негіздері.
Жоспар:

1.Спектакльді қоюдың жоспары.

2. Пьесаны тыңдау және талқылау.

3. Театр үйірмелерін ұйымдастыру.


Мақсатқа жету жолындағы ізденіс – педагогикалық практикада негізгі методологиялық, яғни әдістемелік қиындықтардың бірі.

Мәтіннің иерархиялық құрылымы бар. Оның барлық ішкі , сыртқы жақындығы өзара белгілеп, өзара ескертіп және режиссерлық-педагогикалық шешіммен тығыз байланысты болады.

Мәтін – автордың ниетіне, ойына тереңдей түптеп бойлаудың жолы.Автордың шығармасын ынтамен оқу, авторлық мәтінді жаттау – шығармамен жұмыс жолында автордың ойына, ассоциациясына енуге талпыныс болып табылады.

Ақынның бұл өлеңін оқи отырып, алғашқы сәттен-ақ үмітсіздікті, өмірге деген, қыздарға деген ренішін, бақыт пен қуаныштың басынан кеткендігін аңғарғандай боласың.

Сонда бұл өлең не үшін жазылды? Автордың айтайын деген ойы не? Мүмкін, ақын бұл өлеңді үмітке қол созу сәтінде, жалғыздықтан шаршаған кезде жазған болар? Өлеңнің әр жолында ақын өзінің бақыт құсына қол жеткізе алмағанын жазады. Ал өлеңнің аяғында өзінің армандаған аққуына бәрібір қол жеткізетінін, соған сенетінін айтада.

Сонда ақынның кейіпкеоріне сенім қайдан пайда болды? Оған өз өмірін жалғастыруына не көмектесіп отыр?

Автордың ойын түсінуге тырысқан сайын бұл сұрақтар біздің алдымыздан кесе-көлденең шыға береді. Орындаушының алға қойған мақсаты не? Кейіпкердің мұңын қалай айқындауға болады, жалпы, өлеңді қалай оқу керек?

Өлеңнің мағынасын қалай түсінуге, кейіпкермен бірге мұң жетегіне жүруге тырысайық. Бұл өлеңде құштарлықтың, сезімнің, алаңдаушылықтың іздері, өткеннің және бүгіннің байланысы бар. Иә, өмір де, адам да өзгереді. Сондықтан бұл өлеңнің идеясы кейіпкердің мақсатына жетем деген үмітінің қашан да биік тұратындығында. Осындай шешім өлеңнің алдына қойған мақсатын тыңдаушыға жеткізе алады.




ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 27.08.2015 ж.

Бет 61/ 62



П А Й Д А Л А Н А Т Ы Н Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р

  1. Аравин П.В. народное творчество-основа реалистической музыки. А., 1959.

  2. Ахметов М.М. Песня и современность. А., 1968.

  3. Абилов З. Эстетическое воспитание учащихся средствами искусства во внекласной работе. А.,1970.

  4. Абдуллин Э.Б. Избаранные статьи о музыкальном просвещении и оброзовании. Л.,1972.

  5. Ахметова М.Традиции казахской песенной культуры. А., 1984.

  6. Әлібеков Ә. Баланың көңілі бастыста. «Егеменді Қазақстан» 27.01.2001.



  1. Балтабав М.Х. Программа и учебной план подготовки руководителей ВИА на ФОПЕ вузов. А.,1979.

  2. Балтабаев М.Х. Қазақ халық музыкасы және студент жастар. А., 1991.

  3. Вызго Т.С. Музыальные инструменты Средней Азии. Ист.очерки. М., 1980.

  4. Вопросы истории и теории музыка Казахстана. Сб.статьей.А., 1984.

  5. Гизатов Б. От кюя до симфонии. А., 1976.

  6. Гольдхылд Г. Дискомода. М., 1981.

  7. Ерзакович Б.Г. Псеннная культура казахского народа. А., 1966.

  8. елеманова С.О. О социологической специфике устного профессионального музыкального фольклора. А., 1978.

  9. Инструментальная музыка казахского народа. А., 1985.

  10. Канапин А.К. варшавский Л.Н. Искусство Казахстан. А., 1958.

  11. Культурное строительство в казахстане. А., 1965.

  12. Кабалевский Л.Б. Эстетическая культура в школе.. М.,1971.

  13. Казыханова Б. Эстетическая культура казахского народа. А., 1973.

  14. Квасница Н.Коленчук В. Дизаин дискотеки. М., 1981.

  15. Краткий солварь по эстетике. М.,1983.

  16. Кабаев Л.С. Жастардың музыкалық талғамы. А., 1989.

  17. Кабалевский Д. Музыка туралы әңгіме. А., 1989.

  18. Қазақ театрының тарихы. А., 1975.

  19. Құндақбаева Б.Уақыт және өнер. А., 1981.

  20. Қазақтың музыкалық фольклоры. А., 1982.

  21. Қазақ музыкасының мәселелері. А., 1994.

Мендіаяқова К.М. Қарамолдаева Г.Ж. Мектепте музыка тәрбисін беру әдістемесі. А., 1997.

Пайдаланған әдебиеттер

 

1.Ю.А.Васильев «Сценическая речь» С-Петербург, 2005



2.Теория и практика сценической речи. Санкт-Петербург, 2005

3.Сценическая речь «ГИТИС». Москва, 2006




ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 27.08.2015 ж.

Бет 62/ 62
4.Искусство речи «ГИТИС». Москва, 2007

5.З.Қабдолов «Сөз өнері» Мектеп, 1976

6.С.А. Қасқабасов»Ел қазынасы ескі сөз» Ғылым, 1994

7.З.Ахметов «Өлең өрнегі» Мектеп, 1976



 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет