Персоналды басқарудың мәні мен түсінігі


Кәсіби бейімделу дегеніміз –



бет9/38
Дата27.06.2020
өлшемі336,09 Kb.
#74601
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
Персоналды басқару ГЭ

Кәсіби бейімделу дегеніміз – кәсіпорын ұжымының және маманның өзара бейімделуі, нәтижесінде жұмысшының: ол үшін жаңа әлеуметтік – кәсіби және ұйымдасқан экономикалық жағдайда өмір сүруге үйренуге; белгілі бір класс міндеттерін шешуге қабілетті маман ретінде кәсіпорын құрылымында өз орынын табуға; кәсіби мәдениетті меңгеруге және оның келуіне дейін қалыптасқан тұлға аралық байланыстар және қатынастар жүйесіне енеді.

Бейімделудің біріншілік және екіншілік деген түрлері бар:



  • біріншілік –бұл кәсіби іс-әрекетте тәжірибесі жоқ (ЖОО түлектері) жас мамандардын бейімделуі 

  • екіншілік – кәсіби іс-әрекетте тәжірибесі бар (жұмысты мәжбүрлі ауыстыру жағдайында) мамандардың бейімделуі. 

Бейімделудің негізгі түрлері: психофизиологиялық, әлеуметтік-психологиялық және кәсіби бейімделу.

Психофизиологиялық бейімделу дегеніміз – бұл ағза үшін жаңа физикалық және психофизиологиялық жүктемеге, режимге, еңбек темпі және ритмге, өндірістік ортаның санитарлық-гигиеналық факторларына, тамақтану және демалыс режимін ұйымдастыру ерекшеліктеріне үйренуі.

Жұмысшының жағымсыз психофизиологиялық жүйеге бейімделу реакциясы стресске апаратын психикалық қысымды тудырады. Психофизиологиялық бейімділік синдромын сәтті шешу көрсеткіштері: маманның комфортты, эмоционалдық күйі, жұмыс ритміне және еңбек режиміне үйрену, оптималды жұмысқа қабілеттілікті қалыптастыру болып табылады [1].

Әлеуметтік-психологиялық бейімделу дегеніміз – жаңа әлеуметтік ортаға бейімделу, кәсіби тұлға аралық байланыстар мен қатынастар жүйесіне қосылу, жаңа әлеуметтік рөлдерді, мінез-құлық нормаларын, топтың норма және құндылықтарын меңгеру, өзін кәсіби ортаға теңестіру.

Кәсіби бейімделу – бұл кәсіби тәжірибесі және кәсіби іс-әрекет стильі бар адамдардың жаңа жұмыс орыны талаптарына бейімделуі, қызметкерлердің ол үшін жаңа кәсіби қызметтерді және міндеттерді меңгеруі, талап етіп отырған дағдылар мен ептіліктерді қайта өңдеу, кәсіби әріптестікке және серіктестікке қосылуы, бәсекеге қабілеттіліктің біртіндеп дамуы.

Алайда кәсіби бейімделу әрқашанда сәтті жүзеге аса бермейді. Кәсіби бейімделу барысында маман түрлі қиындықтарға соқтығысуы мүмкін. Осыған қатысты бейімделудің әрбір түрінде мекемеге келген маманда пайда болуы мүмкін келесідей қиындықтарды атап өтуге болады:



  • жаңа жағдайға бағдарлануға және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін қажетті ақпаратты уақытында ала алмау немесе жетіспеушілігі

  • қажетті кәсіби тәжірибенің және біліктіліктің жоқ болуы; 

  • бір уақытта бірнеше өте маңызды міндеттерді шешу қажеттілігі: жағдаятты зерттеу, шешім қабылдау, өзінің жаңа міндеттерін орындау, пайдалы байланыстарды орнату, іс-әрекеттің жаңа элементтерін меңгеру, өзінің мінез-құлқын қалыптастыру; 

  • кәсіби мінез-құлық нормалары жөнінде түсініктердің жеткіліксіздігі және өзін маман ретінде көрсете алмауы; 

  • қоршаған ортаның өзі туралы позитивті пікірді қалыптастыру қажеттілігі, бағалау зонасында үнемі болуы, кейде басқалардан, ол туралы жағымсыз пікірлерін өзгерту қажеттілігі. Осындай қиындықтарды басынан өткізген мамандарды кәсіби бейімсізденуге әкелуі мүмкін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет