9. Қызметкерлерді оқыту
Персоналды дамыту - өндірістің табысты жұмыс icтeyiнің ең маңызды факторларының 6ipi.
Персоналды дамыту - бұл жұмыскердің біліктілігін жоғарылатуға бағытталған ic-шаралардың жиынтығы. Ол ең алдымен төмендегіні қамтиды:
- жалпы және кәсіби білімін көтеру;
- біліктілігін жоғарылату, оның мәселесі - дамушы ғылыми-техникалық прогреске байланысты кәсіби білімімен тәжірибесін жақсарту;
-жетекшілік қызметке өткенде және жетекшінің мансабын
қалыптастыруда қажет болатын танымдар мен дайындықтарды беретін басқару және жетекшілік ету мектебінде окыту;
- мағынасы бойынша басқа мамандықты игеру. Басқа мамандықты алудың мақсаты - жұмыскерлер үшін жаңа мамандықты меңгеруге мүмкіндік беру.
Кадрларды дамыту 6ipiншi кезекте тұруы қажет, ол үшін:
- оқуға ынталы жұмыскерлерді қолдау;
- жас білікті қызметкерлерді оқыту;
- кадрлар тұрақсыздығын төмендету.
Ұйымда кәсіби дамыту, жетекшілерді даярлау, мансапты дамытудың арнайы әдістері мен басқару жүйелері құрылады. Ipi корпорацияларда арнайы кәсіби дамыту бөлімдері болады. Оны осы саладағы адам ресурстарын дамытуда үлкен тәжірибесі бар мамандар басқарады. Бұл процестің маңыздылығы кәсіби даму саласындағы мақсаттар әp6ip жоғарғы жeтeкшiнiң жоспарларына енеді.
Компанияның қаржылай нәтижелеріне тікелей әсер етуден басқа кәсіби дамуға күрделі салымдар жұмсау ұйымдағы қолайлы климатты қалыптастыруға, қызметкерлердің ынтасын, ұйымға сенімділігін жоғарылатады. Кәсіби даму қызметкерлердің өзіне оң әсер береді. Біліктілігін жоғарылата отырып, олар еңбек нарығында бұдан да жоғары бәсекеге қабілетті болады және ұйым ішінде, одан тыс жерде кәсіби өсу үшін қосымша мүмкіндік алады. Сонымен қатар, кәсіби оқыту адамның жалпы интеллектуалды дамуына әсерін тигізеді, оның эрудициясы мен қарым-қатынас ортасын кеңейтіп, өзіне деген сенімділікті нығайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |