Қызметкерлердің еңбек өтемақы жүйесі
Өтемақы
Жеке адамға, азаматтың мүлкіне немесе беделіне келтірілген зиянның, сондай-ақ заңды тұлғаның мүлкіне және беделіне келтірілген зиянның орнын толтыру. Заң бойынша өтемақы төлеу міндеті тікелей зиян келтірмеген адамдарға да жүктелуі мүмкін (мысалы: ата-анасы мен қамқоршы жас баланың келтірген зияны үшін жауап береді; заңды тұлға не азамат өзінің қызметкері еңбек міндетін орындау кезінде келтірген зиянды өтейді). Бірлесіп зиян келтірушілер зардап шегушілердің алдында бірге жауап береді. Басқа біреу келтірген зиянның орнын толтырған адам сол адамға кері талап қоюға құқылы. Бірлесіп келтірілген зиянды өтеген адам зардап шеккен адамға төленген өтемақының осы зиянға ортақтасқан басқаларынан әрқайсысының кінәларына сай мөлшердегі үлесті талап ете алады. Кінә деңгейін анықтау мүмкін болмаған жағдайда үлес тең деп танылады. Өтемақы жеке адам мен мүлікке келтірілген зиян үшін ғана емес, сонымен бірге моральдық зиян үшін де төлеуге жатады;
Еңбек құқығында – жұмысшылар мен қызметшілерге пайдаланылмаған демалыс үшін, қызметкерлерге тиесілі аспаптардың тозғаны үшін, берілмеген арнаулы киім, т.б. үшін төленген төлемақы.[
Еңбекақы – бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбек ақыны орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелдіӘлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл- ауқатын деңгейін жоғарлататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақынын ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып табылады. Жұмыс беруші, әсіресе, бұйымның бірлігіне кететін шығындарды азайтуға тырысады.Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нысаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар.Қызметкерлерге ақша өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма, еңбекақы төлеудегі ең басты нысандарының бірі болып саналады. Еңбекақының заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлейдін мұндай нысан ақша айналымының бұзылу кезінде, экономикалық тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
Негізгі еңбекақы— жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына,яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді.
Негізгі еңбекақыға мынандай төлемдер жатады:
мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы мен мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерге және тағы басқа күндерге жұмыс жасағаны үшін төлемдер;
қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалған төлемдер,
сыйлықтар, сыйақылы үстемелер және т.б
Қосымша еңбекақыға — еңбек ету заңдарына сәйкес шарттарда атқарылып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста қызметте болмаған уақытына төленетін төлемдер жатқызылады. Мұндай төлемдер қатарына:
жұмысшалар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер;
жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер;
кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер;
жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер;
жоғары немесе арнаулы оқу орындарына және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкетлерге төленетін төлемдер.
Достарыңызбен бөлісу: |