Тиімділік критерийлері ретінде төмендегілер қабылдануы мүмкін:
шығындардың өтелу мерзімі;
табыстардың өсу көлемдері;
ағымдық шығындардың төмендетілуі;
табысты максималдау;
жұмыс күшіне шығындар есебінен өнім шығарылуына шығындарды төмендету жəне т.б.
Белгілі бір критерийді пайдалануға кəсіпкерліктің бағыты саралауда қолданылатын көрсеткіштерді таңдауға жəне қабылданатын шешімдерді негіздеуге итермелейді. Бұдан басқа ескеретін жайт, алыс перспективаға есептік бағалау көп жағдайда уақыт факторы (инфляциямен, салық саясатының анықсыздығына жəне т.б. байланысты) қиындығына кездеседі.