Перспективалық жоспар Қыркүйек айы Өтпелі тақырып «Балабақша» Мақсаты


Қимылды ойын: «Туннельден өтеміз»



бет60/61
Дата17.09.2023
өлшемі0,51 Mb.
#181274
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
перспектива үлгі

Қимылды ойын: «Туннельден өтеміз»
Спорттық сайыс: «Көңілді мәре»

Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:
«Көшбасшы»
Мақсаты:
Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып,, білім деңгейін бекіту. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, балалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын жетілдіру. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Көшбасшылық қабілетін ояту, білімді, дарынды, озық болуға, алған білімдерін қолдана білуге тәрбиелеуді бекіту.


Көркем әдебиет
Тақырыбы:
«Біздің көңіл-күйіміз»
Мақсаты: Көңіл күй туралы түсініктерін бекіту. Өзінің, басқа адамдардың көңіл күйін түсіну қабілеттерін, мәнерлі сөйлеу, ым-ишара арқылы көңіл күйін бере білу дағдыларын дамыту. Ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын тәрбиелеуді жетілдіру.
Орыс тілі. Пән жетекшісінің жоспары бойынша.


Математика негіздері
Тақырыбы:
«Ойнайық та, ойлайық»
(сайыс түрінде)
Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету. Сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін
(таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу.
Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту.
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Табиғат байлықтары»
(білім сайысын өткізу)
Мақсаты: Табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп , меңгерту, танымдық қабілетін
арттыру; есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой –өрісін кеңейту.Табиғатты сүюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу; қазақ
халқының табиғатты
қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру, эстетикалық;
сезімдеріне баулу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет