Сабақ Тақырыбы: «О» дыбысы және әрпі Өткізген: Манекей Шынар



Дата04.05.2017
өлшемі40,52 Kb.
#15562
түріСабақ
Ақмола облысы Есіл ауданының

3 орта мектебінің бастауыш сынып



мұғалімі Манекей Шынар

Есіл қаласы №3 орта мектебі


Ашық сабақ


Тақырыбы: «О» дыбысы және әрпі

Өткізген: Манекей Шынар

2014жыл

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі;

Мақсаты: 1) О дыбысы мен әрпін таныту;

2) Балалардың ой өрісін дамыту, О әрпінің баспаша түрін жазуға үйрету, өтілген дауысты, дауыссыз дыбыстардың еске түсіру, қайталау, буын туралы түсінігін кеңейту, балалардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

3) Балаларды имандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Слайд, суреттер, дидактикалық материалдар т.б;

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, дидактикалық ойын;

Сабақ түрі: аралас сабақ;

Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру кезеңі


  • Кәне балалар бүгін біздің топта қонақтар.

Қуыршақтың сиқырлы

Естіледі сыңғыры

Қолыңды бер дейді

Шеңберге кел дейді;



  • Шеңбер құру;

  • Сәлемдесу;

  • Балалар сендер қандай балаларсыңдар?

Жабырқауды білмейміз

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан

Үлгі аламыз жақсыдан.



  • Өте жақсы балалар, олай болса орнымызға отырып талантымызды көрсетейік.

II Өткен сабақты қайталау;

  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді, қалай аталады?

  • Әріп деп нені айтамыз?(дыбыстың таңбасы)

  • Әріптерді не істейміз?(көреміз жазамыз)

ә) Мына сурет бойынша аттарын ата;

«Қай дыбыстан басталады?» дидактикалық ойын;

Алма, телефон, шана, піл, нан, радио, лақ, йогурт, уық, ғарыш.

б) Соңғы өткен қай әріп? (й)

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

III Жаңа сабақ: «Бауырсақ» ертегісін білесіңдерме?



  • Әрине ертегіде бауырсақты түлкі қайтеді?

  • Әрине жеп қояды.

  • Ал бүгін біз, бауырсақты жегізбей құтқарып алуымыз керек. Олай болса тапсырмаларды орындаймыз.

Суретті слайд:

  • Балалар мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

  • Бұл үйде кімдер тұрады?

  • Әрине атай мен әжей, атай әжеге не пісіртті? Бауырсақ орманға қалай кетті?

  • Оған нелер көрінеді?

  • Иә аңдар. Олай болса біз бүгін осы аңдардан бауырсақты құтқарып алуымыз керек.

  1. «Не артық?»

Заттарды атау; ойыншықтар және алма.

Не артық екен? – Әрине алма артық.

Қоян жаңа әріпті тану үшін бізге жұмбақтар әкеліпті. Ол мына сандық ішінде.

Оюда бармын

Допта бармын

Түнде жоқпын

Мен сонда қандай дыбыспын? (О)


  • Өте жақсы балалар.

О әрпі неге ұқсайды екен?

  • Әрине, дөңгелек, доп т.б.

  • Математикада қай цифрға ұқсайды? (О)



  1. Қасқырдың тапсырмасы: «Орнын тап?»

О әрпі орнын табу үшін алдымен слайд суреттегі заттар атын атау, орнын тапқызу.

Ою, орындық, орамал, моншақ, доп, домбыра;

О-әрпі сөз басында ортасында кездеседі екен;

О әрпін айтып көрейік, қалай айтылады?



  • Әрине созылып айтылады, О дауысты дыбыс екен.

Аюдың тапсырмасы: Дәптермен жұмыс;

О-әрпін жазу; ауада жазу;

Дәптерде О, О әрпінің 2 жолын жазғызу.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Түлкінің тапсырмасы:

Дәптердегі оюды салу; тарақ, қошқар, мүйіз оюларының қайсысы тараққа ұқсайды?

Дәптерден тарақ оюын салу, бояту; Түлкі сендерге мына буынды оқу керек дейді.

Ой, той, ойна, ойла, ор, тол, т.б.



  • Өте жақсы балалар түлкіден бауырсақты құтқардыңдар. Енді бауырсақты үйіне апарайық

«Кім зерек?» ойыны.

А О У – Т П Н Г Р Л Й Ш







  • Өте жақсы

Қорытынды: - Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

  • О дыбысы қандай дыбыс екен?

  • Әріп таңбасы неге ұқсас?

  • О дыбысына байланысты « сөз ойла, тез ойла» ойнынын ойнаймыз.

Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет