Phd докторанттарының Ғылыми тағылымдамасын ұйымдастыру туралы келісім-шарт №



бет1/10
Дата06.09.2022
өлшемі122 Kb.
#148803
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Договор на стажировку Краснодар 2022 Казахстан, правки Новикова

PHD ДОКТОРАНТТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ-ШАРТ № ____________


Краснодар қ.


«____»____________ 2022 ж.

«Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті» жекеменшік мекемесі, Қазақстан Республикасы (аккредиттеу туралы куәлік IA – A №0110 от 23.12.2019ж.), Жарғы негізінде қызмет ететін, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы ректор атынан, (әрі қарай – Тапсырыс беруші), және «И.Т. Трубилин атындағы Кубан аграрлық университеті» ФМАБМ ЖБ (мемлекеттік аккредиттеу туралы куәлік 90А01 №0003665 тіркеу №3447), 06.05.2020 ж. № 01-253 сенімхат негізінде қызмет ететін халықаралық және жастар саясаты жөніндегі проректор Татьяна Николаевна Полутина атынан, бұдан әрі Орындаушы деп аталатын, осы келісімді келесідей жасайды:



  1. КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Орындаушы шартта белгіленген мерзімде инновациялық технологиялармен және жаңа өндірістік тәжірибе түрлерімен танысу мақсатында Тапсырыс берушінің PhD докторанты үшін ғылыми тағылымдаманы (бұдан әрі-қызметтер) ұйымдастыруға және өткізуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарына сәйкес 8D04103 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының докторанты: Аубакирова Жанна Болатбековнаны (әрі қарай «Тыңдаушы») жіберуге міндеттенеді.


Ғылыми тағылымдамаға мыналар кіреді:
- PhD докторанттарының тақырыптарына сәйкес шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен танысуға мүмкіндік беру;
- тыңдаушының Тапсырыс берушінің кітапханалық-ақпараттық ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- қабылдаушы Тараптың ішкі ережелеріне сәйкес ғылыми тағылымдама кезінде дәрістер мен семинарларға қатысуды ұйымдастыру.
1.2. Осы келісім-шарт бойынша Қызмет көрсету мерзімі: 2022 жылдың 15-28 мамыр аралығы.
1.3. Орындаушы ғылыми тағылымдама жетекшісі ретінде экономика ғылымдарының докторы, профессор Белкина Елена Николавнаны тағайындауға міндеттенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет