2. ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨЛЕУ ЕРЕЖЕСІ
2.1. Ғылыми тағылымдамадан өту құны бір тыңдаушы үшін 16 000 рубльді құрайды және барлық салық және таксаларды қамтиды.
2.2. Қызметтер құнына көлік шығыстары, тұру және тамақтану шығындары қосылмайды.
2.3. Осы Келісім-шарттың 2.1-тармақта көрсетілген шығындарды төлеу осы Келісім-шартқа қол қойылған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде Орындаушының есептік шотына қаражат аудару арқылы Тапсырыс беруші тарапынан толық көлемде жүзеге асырылады. Осы қаражаттарды Орындаушы аудару/беру үшін барлық шығындарды Тапсырыс беруші өз мойнына алады.
2.4. Осы Келісім бойынша барлық төлемдер Орындаушының жеке шотына рубль арқылы жүргізіледі.
2.5. Орындаушыға ақша аударымдарын жүргізу барысында, Тапсырыс беруші төлем құжатын шот-фактураға сәйкес дәлме-дәл түрде жасайды: Тапсырыс берушіні нұсқаумен, Орындаушының реквизиттермен, осы Келісім-шарттың нөмірі мен күні, сондай-ақ аяқталған жұмыс актісі.
2.6. Төлем фактісі Орындаушының шотына қаражаттың түсуі болып табылады.
2.7. Тыңдаушылардың ғылыми тағылымдамадан өту жоспарын орындалмаған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушіге Тыңдаушыларды даярлауға арналған қаражаттарын қайтармайды.
3. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
3.1. Тапсырыс берушінің міндеттері:
3.1.1. Орындаушы қызметтері көрсетілетін Тыңдаушылардың толық қатысуын қамтамасыз ету.
3.1.2. Осы Келісім-шарттың талаптарына сәйкес келетін қызметтерді қабылдау.
3.1.3. «И.Т. Трубилин атындағы Кубан аграрлық университеті» ФМАБМ ЖБ Жарғысының, бекітілген оқу үрдісінің кестесін, осы келісім-шарттың әрекет етунің барлық кезеңінде мінез-құлықтың жалпы қабылданған нормаларын барлық Тыңдаушылардың сақтауын қамтамасыз ету.
3.2. Орындашының міндеттері:
3.2.1. Осы Келісім-шарттың 1-бабының 1.1, 1.2, 1.3-тармақтарының талаптарына сәйкес Қызметтерді орындау.
3.2.2. Қызмет көрсету аяқталғаннан кейін және тыңдаушы ғылыми тағылымдама бағдарламасын табысты игерген жағдайда тыңдаушыға ғылыми тағылымдамадан өткені туралы Сертификат берілсін.
3.2.3. Ғылыми тағылымдама шеңберінде тыңдаушыларға өздерінің қаражат есебінен сатып алынған оқу әдебиеті мен оқу құралдарын / материалдарын ұсыну.
3.3. Осы Келісім-шарттың Тараптарының міндеттері:
3.3.1. Тараптар осы Келісім-шарт бойынша Қызметтерді көрсетумен байланысты барлық қажетті құжаттарды рәсімдеуге міндетті.
3.4. Тараптардың құқықтары:
3.4.1. Орындаушының және Тапсырыс берушінің/тыңдаушылардың құқықтары Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасымен, «И.Т. Трубилин атындағы Кубан аграрлық университеті» ФМАБМ ЖБ Жарғысымен, ішкі тәртіп ережелерімен және басқа да нормативтік актілерімен анықталады.
3.4.2. Тапсырыс беруші Орындаушыдан оқу, үлгерім, мінез-құлық мәселелері, Тыңдаушының оқуға деген қатынасы туралы ақпаратты беруді талап етуге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |