64
65
Паралимпиада
Паралимпиада ойындары – бұл физи-
калық мүмкіндігі
шектеулі жандардың
арасында түрлі спорт ойындарынан өткізі-
летін халықаралық сайыс... Жазғы Пара-
лимпиада ойындары 1960
жылдан бастап,
ал қысқы Паралимпиада ойындары 1976
жылдан бастап ұйымдастырылады. Бірақ
мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа тар-
ту ХІХ ғасырда қолға алынған. 1888 жылы
Берлинде құлағы естімейтін жандар үшін
спорт
клубы құрылса, 1924 жылы Парижде
алғаш рет Олимпиада ойындары өткізіледі.
Паралимпиадалық қозғалыстың негізін
салушы нейрохирург Людвиг Гуттман. Ол
Германияда туып, 1939
жылы Англияға
қоныс аударған. 1944 жылы Ұлыбритания
билігінің тапсырмасы бойынша Сток-Ман-
девиль қаласындағы аурухана жанынан
Жұлын жарақаты орталығын ашады. Ней-
рохирург спортқа тарту арқылы Екінші дү-
ниежүзілік соғысқа
қатысқан солдаттарға
қалыпты өмірге қайтуға көмектеспек бо-
лады. Соғысқа қатысқан солдаттарды фи-
зикалық оңалту
жұмысы уақыт өте келе
спорттық қозғалысқа ұласады.
Гуттман 1948 жылы арбаға таңылған
спортшылар арасында садақ атудан сайыс
ұйымдастырады. 1952
жылы Англия мен
Голландиядан шыққан 130 мүгедек-спорт-
шының қатысуымен бірінші халықара-
лық жарысты өткізеді. Бұл Халықаралық
Сток-Мандевиль
ойындары деген атқа ие
болады.
(Ғаламтордан)
ЖАЗЫЛЫМ
1. Ойынның қай түрлері екенін анықтап, досыңызбен «Қазақ халқының ұлттық
ойындары» тақырыбында
диалог құрастырыңыздар
Достарыңызбен бөлісу: