Коммерциялық идея (өтімді ой, зат) табыңыз. Сіз базарға қандай тауар шығара аласыз?
Тұтынушыға қандай қызмет көрсете аласыз? Осыны елестетіңіз. Ойланыңыз. Тауарды
өндіріп
алып, енді қалай сатамын деу қателік. Жасағаныңызды қалай сататыныңызды алдын
ала ойластырыңыз.
Кәсіпкер 2. Сіз қандай белгілі іскер адамдарды танисыз?
ОҚЫЛЫМ Мәтінді түсініп оқыңыздар:
Экономиканы нығайтып, халықтың әл-ау-
қатын көтерудің бір жолы – жеке кәсіпкерлікті
дамыту. Сондықтан ҚР экономикасын дамыта-
тын, халықты қажет тауарлармен, азық-түлік-
пен қамтамасыз ететін жеке кәсіпкерлікті қол-
дайды және қорғайды. Мемлекет тарапынан
кәсіпкерлікке жеңілдіктер жасалып, мемлекет
қорынан қарыз беріледі. Қазақстанда жеке
кәсіпкерлік туралы арнайы заң қабылданған.
Осы заңға сәйкес мемлекет органдарының жеке
кәсіпкерлердің жұмысына тікелей араласуға құ-
қығы жоқ. Лауазымды тұлғалар жеке кәсіпкер-
лердің құқығын бұзған жағдайда заң алдында
жауапқа тартылады.
Сонымен, жеке кәсіпкерлік – түрлі тауарларға (қызметке, көмекке) деген тұтыну-
шылардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған азаматтардың қызметі. Мұн-
дай қызметті жеке адам немесе бір топ адам бірігіп атқара алады.
Қазір жеке кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны күннен-күнге өсуде. Пайда
тауып, баю үшін, әрине, нарықтың заңдарына сүйенген дұрыс.
АҚШ азаматы Я.Гофман «Мен кәсіпкермін» деп аталатын кітабында жеке кәсіп-
керлікпен айналысатындарға төмендегідей кеңес берген екен:
Коммерциялық идея (өтімді ой, зат) табыңыз. Сіз базарға қандай тауар шығара
аласыз? Тұтынушыға қандай қызмет көрсете аласыз? Осыны елестетіңіз. Ойланы-
ңыз. Тауарды өндіріп алып, енді қалай сатамын деу қателік. Жасағаныңызды қа-
лай сататыныңызды алдын ала ойластырыңыз.
Бәсекелестіктен қорықпаңыз. Бұл зат базарда көп деп уайымдаудың қажеті жоқ.
Сіздің бәсекелестерге қарсы 3 қуатты қаруыңыз бар. Олар – сапа, баға, жарнама.
Бизнес-жоспар құрыңыз. Қайта оны тым жоғарылатып жіберуден сақтаныңыз. Пайда
екі затты қымбат сатудан түспейді. Ол екі мың, тіпті, екі миллион сатып алушыға
тауар өткізуден немесе сонша адамға қызмет көрсетуден түседі.
Бағаны төмендетуден қауіптенбеңіз. Қайта оны тым жоғарылатып жіберуден сақ-
таныңыз. Пайда екі затты қымбат сатудан түспейді. Ол екі мың, тіпті, екі миллион
сатып алушыға тауар өткізуден немесе сонша адамға қызмет көрсетуден түседі.
Тауарға жарнама жасаңыз. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін пайдала-
нып, өз ісіңіз туралы көпшілікке ақпарат таратыңыз.
Барлық адамдарға тілектес болыңыз. Өйткені кез келген шенеунік, іскер әріптес,
қол астыңыздағы жұмысшы – өзіңіз сияқты адам. Сізге қандай адаммен қызметтес
болған ыңғайлы? Міне, өзіңіз де сондай болыңыз. Адамдардан бәрін бірден талап
етпеңіз.
Бар жұмыртқаны бір кәрзеңкеде сақтамаңыз. Ісіңіз жүріп кетсе, оған қоса тағы бір
іс бастаңыз. Бірі «тынса», екіншісі демеу болады.
Сіздің басты байлығыңыз (капитал) ол – өзіңіз. Осы капитал 24 сағат тиімді жұ-
мыс істеу керек. Арақ ішпеңіз, темекі тартпаңыз. Бұлар сізді кері кетіреді, азып-
тоздырады. Ең бастысы, денсаулығыңызды күтіңіз.
Сапа – тек жақсы бұйым, тамаша қызмет көрсету емес. Тұтынушыға тек қана
бұйым қажет емес. Оған басқа да толып жатқан мәселелерді шешу керек. Мәсе-
лен, үй тұрғызу үшін қажет қабырға блоктарын жасап сатуға болады. Алайда са-
тып алушыға дайын үйдің кілтін ұсыну үшін бар күш-жігерді жұмсаған дұрысырақ.
Бұдан түсетін ақша да,
пайда да көп.
«Қазақ елі» газетінен