Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет58/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Берілген мәтінді түсініп оқыңыз. Сілтемеде бейнетүсірілімі бар, қосымша 
көріңіздер.
https://www.youtube.com/watch?v=zWeYHF8TqQA&feature=share
Құрт – асыл тас
Сталиндік репрессияның кезі. Шаш ал десе бас 
алатын шолақ белсенділердің құтырып тұрған 
шағы. АЛЖИР лагеріндегі бір топ әйел Жалаңаш 
өзенінің бойынан барак салу жұмысына қажетті 
қамыс шабу жұмысында жүреді. Қызылдар өкіметі 
үшін бұлар бар болғаны тегін жұмыс күші ғана. 
Сондықтан олардың денсаулығы, ауқаттануы-
на дұрыс көңіл бөлінбейді. Ашқұрсақ жандар ала 
таңнан тұрып, қас қарайғанша суыққа тоңып, саз 
кешіп, қамыс шабады. Аштық пен ауыр жұмысқа 
төзбеген тұтқындар күн сайын қырылып жататын.


70
71
Сөйтіп жүрген күндердің бірінде, сол маңдағы Жаңашу деп аталатын ауылдан 
бір топ кәрі-құртаң шал-кемпір мен жас балалар тұтқындарға жақын келіп, онсыз 
да тағдыр тауқыметін тартып жүрген әйелдерді таспен атқылай бастайды. Ал күзет-
шілер болса балалар мен қариялардың бұл әрекеттеріне риза болып, күле қарайды 
және әйелдерге: «Көрдіңдер ме, сендерді Мәскеу ғана емес, осы жақтағы ауылдың 
балалары да жек көреді» дейді. Онсыз да тағдырдың тауқыметіне ұшырап, жазық-
сыз қудаланып, барынан айырылған әйелдерге жергілікті қазақтардың бұл қылығы 
жығылғанға жұдырық болып тиеді. Ал ауыл адамдары тас атқылауын тоқтатпай, 
үнемі келіп тұруды әдетке айналдырған. Бірде тұтқындағы Гертруда Платайс өзіне 
қарай құлаш сермей лақтырылған кесектен жалтармақшы болып бұғып қалғанда 
аяғы сүрініп жерге құлап түседі. Ол құлаған жерде ауыл балаларының бірнеше күн 
бұрын лақтырған кесегі жатқан еді. Өмірге әбден налып, көз жасы көл болған әйел 
әлгі жерде ірімшік пен құрттың исін сезеді. Кесекті ұстап, дәмін көрген кезде оның 
тас емес, жеуге келетін тамақ түрі екендігін бағамдайды. Әлгі кесектерден бірнеше-
уін жинап алып, кешке баракка алып келеді. Тұтқында отырған қазақ әйелдеріне 
көрсетеді. Олар мұның тұздалып, күн астында кептірліген сүт тағамдарының бір түрі 
құрт екендігін айтады.
Сөйтсе өздері де бір кездері аштықты бастарынан өткерген жергілікті тұрғындар, 
тұтқын әйелдерге жандары ашып, көмектесуді ойластырған екен. Бірақ, түкірігі 
жерге түспей тұрған Сталиндік саясаттың қырына ілінуден корқып, амал-айла ойла-
стырады. Ақыры шешімін табады. Тұтқындарды жек көріп, оларға тас атқан тәрізді 
бола отырып, күзетшілерді алдайды. Осы арқылы тағдырдың талқысына түскен әй-
елдерді тамақтандырады. Олардың осы бір аз көмегінің өзі тұтқындарға демеу бо-
лып, өлімнен аман қалуына септігін тигізген.
(http://qasym.kz)
Біле жүріңіз!
Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Тарба-
ғатай аймағының Дөрбілжің қазақ ауданында «Қазақ ұлтының дәстүрлі тағамда-
ры» жәрмеңкесінде Гиннестің рекордына қазақтың қазысы ұсынылды. Бұл қазыны 
жасаған - Емілдің іскер азаматы Жарқын Бармақұлы. Қазының жалпы ұзындығы 
- 1111 метр. Ал салмағы - 4572 кг. Диаметрі 6.5 метр, алып табаққа қойылған кезде 
айналма қабаты 71 қатар, ал биіктігі 4 метрге жеткен. Жалпы қазыны жасап шығу-
ға 44 жылқының еті кеткен көрінеді.
http://el.kz/kz/news/
Германияның Вальдбрун аймағында өткен қымыз фестивалінде саумалдан жа-
салған косметикалық өнімдер, дәрумен және балаларға арналған тағамдар сатыл-
ды. 400-ге жуық жылқысы бар фермер Ганс Цольманның отбасы 1959 жылдан бас-
тап жылқы бағуды қолға алған.
(https://www.azattyq.org)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет