Ешкі сүті Құрамында май, көмірсутек, ақуыз үш есе көп. Темір, кальций, А,
В дәрумендері бар. Ешкі сүті бездерге, рахит, бронх демікпесі, өт жолдары сырқа-
тына, бас сақинасына, ас қорыту жолдарының бұзылуына қарсы шипалы ем.
Жылқы еті Мұнда 75,3% су, 21,7% нәруыз, 2,5% май, 0,5% көмірсутегі бар.
Жылқы етінің майы жеңіл балқитын болғандықтан ол ағзаға жақсы сіңеді. Етке
гликогеннің (жануар крахмалы) бөлінуі оған өзгеше дәм береді.
Түйе еті
Жануарлар майын шектелген ем-дәмге (диетаға), пісірілген тағамдарда
қолданбайды. Өйткені жануарлар еті ішкі майлардың қабатын құрайды. Түйе етіндегі
май қой, сиыр етіне қарағанда көбірек. Өркешті ерітіп, жоғары сапалы ақ түсті май алуға
болады және ол сиыр мен қой малына қарағанда бағалы. Түйе етінде 75-80% су, 18-21%
нәруыз және 1-2% май бар. Одан басқа кальций, магний, фосфор, темір, тағы да басқа
бірқатар дәрумендер кездеседі.
(
https://massaget.kz»)
«Мейрамханада» тақырыбында досыңызбен әңгіме-сұқбат құрыңыз. Сіз
қазақтың ұлттық тағамдарын дайындайтын мейрамханаға келдіңіз. Қандай
тапсырыс бересіз? Даяшымен қалай сөйлесесіз?
Біле жүріңіз!
76
Біле жүріңіз!
№
Жасалатын табақ
түрлері.
Табаққа салынатын ет мүшелері.
1
Бас табақ
Бас, жамбас салынады. Басты мал арнайы сойылған қонақтың ең
жасы үлкені немесе оның ұсынуы бойынша басқа бір беделді кісі
ұстайды.
2
Сый табақ
Сый табаққа да бас, жамбас салынады, сыйлы қонақтың алдына
қойылады.
3
Орта табақ
Асық жілік, кейде жамбас та түседі.
4
Аяқ табақ
Еттің басқа мүшелерінен жасалып, ауыл адамдарына қойылады.
5
Күйеу табақ
Күйеу табаққа бір сан жілік пен төс салынады.
6
Келін
табақ.(беташар
табағы)
Келін табаққа ұлтабар және жүрек салынады.
7
Қыздар табағы
Қыздар табағына жүрек, бүйрек, жақ пен тіл салынады.
8
Құдағайлар
табағы
Құдағайлар табағында жамбас немесе асық жілік пен сүбе
болады.
9
Жерік асының
табағы.
Жүкті
әйелдерге арнап мал сойып, тамақ жасап жерік асын
апарған. Жерік асының табағына кексе әйел болса жамбас, жас
әйел болса асық жілік, төс, ұлтабар салынып үстіне жаңа
соғылған болат кездік(пышақ)салып апару салты болған.
Достарыңызбен бөлісу: |