СӨЙЛЕСІМ Жапондар неге ұзақ өмір сүреді? Ақ жүректен ақ тілек атқақтап шыққанда, «Жам-
былдың жасын берсін» деп ұзақ ғұмыр тілейміз.
Ұзақ ғұмыр кешудің құпиясы қандай? Мысалы, жа-
пон халқы әлемнің ғасыр жасайтын тұрғыны атан-
ған. 50 мыңнан астам жапон екінші жүзжылдықта
өмір сүріп жатыр. Ғасыр жасаудың сыры неде екен?
Жапонияның 50 мыңнан астам тұрғыны екінші
жүзжылдыққа қадам басқан. Ендігі 15 жылда бұл
елде миллиондаған жапон өмір сүретін болады. Бір
қызығы, бұлай ғасыр жасап, ұзақ ғұмыр кешу бас-
қа елде тіркелмеген. Мұның сыры неде деп сұраса,
көпшілік «олар теңіз өнімдері мен балдырларды
жейді» деп жауап береді. Теңіз жағасында өмір сүретін, үнемі теңіз өнімдерін тұтына-
тын ел көп, дегенмен халқы аз. Демек, теңіз шаяндары жапондарға ұзақ ғұмыр сый-
ламайды. Әлде олар сиқырлы сусын (элексир) іше ме екен? Мұның құпиясы мынада:
жапондар ешқашан бір-бірінің де, өзінің де көңіл-күйін түсіргісі келмейді. Олар осын-
дай құндылықпен әлем халықтарынан ерекшеленіп тұрады. Олардың күріш егетін
жерлері де аз, табиғи байлықтары да көп емес. Осындай экономикалық жағдайға
қарамастан, олар рухани күшке бай. Сонымен қатар жапондар әлемдегі ең бай ұлт
саналады. Бұл елдегі орташа айлық үш жарым мың АҚШ долларын құрайды. Елдің
осындай жетістікке жетуінің басты сыры мынада болса керек: жапондар ең алдымен
өз ойларын тізгіндеуді үйренген. Олар теріс ойлар адамның көңіл-күйін түсіріп қана
қоймай, денсаулыққа, болашаққа кері әсер етеді деп түсінеді, сол себепті сөздік қор-
ларынан «жоқ» деген сөзді алып тастаған. Бұл елдің жетідегі баласынан жетпістегі
қартына дейін теріс пікірден, кері ойдан бойларын аулақ ұстайды. Әлемнің кей тұр-
ғындары болашақтың осы ойдан басталатынын ұғына бермейді: ой –болашағыңыз-
дың дәнегі, ойыңызды қалай «суарсаңыз», болашағыңыз да солай өседі.
(https://massaget.kz)