182
тiн жағдайлар көп-ақ. Бiрақ олардың зиянды тараптары мол.
Осындайда оқу әрекеттерiн ережелердi ұстана отырып, iске
асырған жөн. Мұғалiмдерге мұндай талаптар өз уақытында
Я.А.Коменский, А.Дистервег және басқа көрнектi педагогтар
тарапынан қойылған едi.
Ережелер мұғалiмге қандай да бiр жағдайларда нақты
әрекеттердi жасауға сiлтеме берiп, белгiлi бiр талаптарды
орындауға бағыттайды. Ал бұл нұсқаулардың қалай орында-
луы тiкелей мұғалiмге тәуелдi. Мысалы, оқушы сабақ басына
кешiгiп, сыныпқа қоңыраудан соң кiрiп келдi. Мұндай жағдайда
мұғалiм ережеге сай оқушыға қандай да ықпалды әрекет жасауы
қажет, себебi тәртiп бұзу ескерусiз қалмауы тиiс. Ал бұл ескер-
ту қалай орындалады – оның жолы бүтiндей және толығымен
нақты ситуацияға, оқушы тұлғасына, мектепте қабылданған
тәртiптерге, қалыптасқан қатынастарға және көптеген басқа да
себептерге байланысты.
Ережелер саны қанша болуы мүмкін? Бұл сұраққа
К.Д.Ушинский сөздерiмен жауап берген әдiл болар: “… Бұл
ережелердің өздерi ешқандай да шекке ие емес: оларды бір
– ақ баспа парағына сыйдыруға да болады, сонымен бiрге
олардың басын құрап, бiрнеше кiтап томдарын да құрастыру
мүмкін. Басты iс – осы ережелердің бәрiн ежелеп оқып, жат-
тап алу емес, сол ережелердің негiзiн құрайтын ғылыми
тұжырымдарды түсiне игеру.
Әдетте, ережелер мұғалiмдерге принцип талаптарын
толықтай орындауға жол-жоба беретiн кеңес-ескерту форма-
ларында келтiрiледi. Ал, қалай әрекет iстеу керек деген нақты
сұраққа олар тiптi де жауап бере алмайды. Осыдан ережелер-
дi шығармашыл пайдалану қажетi туындайды.
Сонымен, бүкiл педагогикалық үдеріс ағымын реттеп,
бағдарлап отыратын заң, заңдылықтар және принциптер көп
те әрi саналуан. Дидактикалық принциптер оқу үдерiсiнің
жалпы мақсаттары мен заңдарына сай келетiн оқудың жал-
пы мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерiн
айқындаушы тiрек тұжырымдар жиынтығы. Педагогиканың
принциптiк талаптары ережелер жүйесi арқылы iске асырыла-
ды. Ереже – бұл педагогикалық iс-әрекеттің нақты жағдайларда
белгiлi мақсаттарға жеткiзу тәсiлiнің
Достарыңызбен бөлісу: