Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет190/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Сабақ дайындығы
Сабақ тиiмдiлiгi екi жағдаятқа тәуелдi: 
мұқият дайындық 
және 
шеберлiкпен өткiзу.
Жоспарлы қаланбаған, жеткiлiк-
тi пайымдастырылмаған, асығыс жобаланып, оқушылардың 
мүмкіндiктерiмен үйлестiрiлмеген сабақтан ешқандай сапа 
күтуге болмайды. 
Сабақ дайындығы
– бұл алдын ала бiр 
топ шараларды көздестiрiп, нақты жағдайда ең жоғары соңғы 
нәтиженi қамтамасыз ете алатындай оқу тәрбие үдерісінің 
ұйымдасу формасын таңдап бiлу.


260
Мұғалiмнің сабаққа дайындығы үш кезеңге бөлiнедi: айқындау, 
болжастыру, жобалау (жоспарлау). Кезеңдерде орындалатын 
бұл жұмыстар, әлбетте, мұғалімнің сабақ мазмұнына байла-
нысты материалдарды нақты бiлуiне және оқу әдістемесiнен 
жан-жақты хабары болуына тәуелдi. Дайындық жұмысындағы 
мұғалiм мiндетi – оқу материалын балалар мүмкіндiктерiне 
икемдестiру, жоғары тиiмдiлiгiмен пайда келтiретiн танымдық 
қызмет пен ұжымдық бiрлiктi оқу еңбегiн ұйымдастырудың жол-
дарын iрiктей бiлу. Сабақ жүргізудің ең тиiмдi деген бағдарын 
таңдау үшiн алдағы дәрiстің бүкiл жобасы мен есеп шотын 
ойдан өткiзу қажет. Бұл орайда сабақтың 
дайындық алго-
ритмi
негiзге алынады: алгоритм қадамдарын бiрiздi орындау 
– сабаққа байланысты маңызды жағдаяттар мен шарттардың 
бәрiн ескерiп барудың кепiлi.
Алгоритм шарттарын iске асыру сабақ төңірегiндегi нақты 
жағдайларды 
анықтаудан
(нақтама) басталады. Осыған 
байланысты мұғалiмнің орындайтын қызметi: балалар 
мүмкіндiктерiн, олардың әрекет-қылықтарының сеп-түрткілерiн, 
сұраныстары мен бейiмдiлiктерiн, қызығулары мен қабiлеттерiн, 
қажеттi бiлiм және ептiлiк деңгейiн, оқу материалының сипа-
ты мен оның ерекшелiктерiн және тәжірибелік маңыздылығын 
айқындап алу. Сонымен бiрге сабақ жұмыстарының барша 
түрлерін – тiрек бiлiмдердi қайта жаңғырту, жаңа материалды 
игеру, оны бекiту мен ептiлiктердi бақылау және түзету – зер-
делi талдауға салу. Егер мұғалiм нақтама шарттарын орындай 
алмаса, сабақтың табысты болуына сенiм арта алмайды.
Сабақ жұмыстарының дамуы мен оның барысы алдын 
ала 
болжастыруға
(прогноз) тәуелдi. Болжаумен мұғалiм 
алдағы сабақты ұйымдастыру мен өткiзудің әрқилы жол-
дарын саралап, олар арасынан ең тиiмдiсiн таңдап алады. 
Болжастырудың қазiргi заман технологиясы сабақ тиiмдiлiгiнің 
сандық көрсеткiшiн келесi тәсiлмен анықтауға мүмкіндiк бередi. 
Сабақ мақсатымен белгiленген бiлiм (ептiлiк) ауқымы – 100% -ға 
теңеледi. Кедергi жағдаяттар, әлбетте, бұл мұратты көрсеткiштi 
кемiтедi. Шығын көлемi осы мұратты көрсеткiш санынан алы-
нып, нәтижеде көзделген педагогикалық сұлба бойынша 
өткiзiлетiн сабақ тиiмдiлiгiнің шынайы көрсеткiшi анықталады. 
Егер бұл көрсеткiш педагогты қанағаттандыратын болса, ол 


261
сабақ дайындығының соңғы кезеңiне – жоспарлауға кiрiседi, ал 
олай болмаса – дәрiс ұйымдастырудың жетiліңкiреген жолын 
iздестiруге мәжбүр болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет