Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


оқушылардың үйдегi өзiндiк жұмысы



Pdf көрінісі
бет192/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

оқушылардың үйдегi өзiндiк жұмысы
. Онық мақсаты – 
сабақта игерiлген бiлiм мен ептiлiктердi кеңейту мен тереңдете 
түсу, қайта жадқа салып, ұмытудан сақтандыру, шәкiрттердің 
жеке бейiмдiлiктерiн, дарынын әрi қабiлеттерiн дамыту. Үйдегi 
өзiндiк жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарына сай 
түзiлiп, оқушылардың қызығулары мен қажеттерiне, олардың 
даму деңгейiне орайластырылады. Бұл жұмыс балалардың өз 
дербестiгiне, саналылығына, белсендiлiгi мен ынтасына негiз-
деледi. Дұрыс ұйымдастырылған өзiндiк үй жұмысының есесi, 
сыныпта орындалатын оқу жұмыстары есесiнен бiрде кем бол-
майды. 
өзiндiк үй жұмысы аса маңызды дидактикалық қызметтердi 
орындайды. Дәлiрек айтсақ:
– сабақта қабылданған бiлiмдер мен ептiлiктердi бекiту;
– сыныпта өткен оқу материалын кеңейту және тереңдету;
– жаттығуларды өзбетiнше орындау ептiлiктерi мен 
дағдыларын қалыптастыру;
– бағдарламалық материал шеңберiнен ауқымды көлемде, 
бiрақ оқушы мүмкіндiктерiне сай келетiн жеке-дара тапсырма-
ларды орындау арқылы дербес ойлау қабiлетiн дамыту;
– жеке-дара бақылаулар, тәжiрибелер орындау; сабақта 
жаңа тақырыпты өту үшiн табиғи материалдар, гербарийлер, 
суреттер, газет және журнал кесiндiлерi және т.б. негiзiнде оқу 
құралдарын жинау және дайындау;
Әдетте, өз бетiнше орындалатын оқушылардың үй 
жұмыстары 
оқу тапсырмалары
түрінде берiледi. Мұндай үй 
тапсымаларының түрлері:
– оқулық мәтiнiмен жұмыс iстеу (оқу, түсiну, түсiнiксiз 
сөздердi, тiркестердi терiп жазу);
– жаттығуларды орындау, мәселелердi шешу;
– графикалық жұмыстар орындау (сурет салу, контур карта-
ларды сызу және т.б.);
– жануарларды, өсiмдiктердi, табиғат құбылыстарын 
бақылау бойынша тәжірибелік жұмыстар;
– қарапайым дербес тәжiрибелер өткiзу;


263
– қажет материалдарды жаттап алу.
Мектеп тарихы қай жағдайда да үй жұмыстарын тапсырудың 
оқушылар үшiн пайдалы екендiгiн дәлелдеп келе жатыр. 
Сабақта өтiлген бiлiмдер үйде жүйелi қайталанып тұрмаса, 
тез ұмытылады. Ал дербес үй жұмыстарынан бас тарту мiн-
деттi түрде оқу сапасының төмендеуiне әкелiп соқтырады. 
Педагогтың мiндетi үй жұмысынан бас тарту емес, ал оған 
орынды, тиiмдi басшылық жасау. Үй тапсырмалары тек бiрiн-
шi сыныптағыларға ғана берiлмейдi, себебi пәндiк сабақтар әр 
күнi өтетiн болғандықтан бiлiмдер ұмытылмайды. Мұғалiмнің 
парызы 
екiншi-төртiншi 
сыныптағы 
оқушылардың 
үй 
тапсырмаларының орындалуына жәрдемдесу, сонымен бiрге 
оқушылардың үй жүктемесiн мүмкін болған жоғары нормативтi 
деңгейде алып бару. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет