Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет227/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Тiкелей талап 
– анық, дәл, нақты. 
Жанамалы талапта
әрекетке келтiретiн 
талаптың (кеңес, өтiнiш, сенiм, қолдау, құлақ-қағыс ж.т.б.) өзi 
емес, ал сол талаптан туындатын психологиялық жағдаяттар: 
толғаныс, күзелiс, мүдде, ұмтылыс. Жанама талаптар арасын-
да аса көп қолданылатындары:
Кеңес-талап. 
Бала санасына ықпал жасаумен педагог 
қойған талаптың қажеттiгiн, пайдасын түсiндiредi. Мұндайда 
кеңестің қабылдануы не қабылданбауы педагог беделiне, оның 
оқушымен қатынасына тәуелдi.
Ойын талап.
Әрқандай талаптарды қою үшiн тәжiрибелi 
мұғалiм баланың ойынға құштарлығын пайдаланады. Бала 


304
ойынды қызығушылықпен орындай жүріп, өзi байқамай талап-
тарды да қабылдайды. Бұл талап әдісiнің өте iзгiлiктi және тиiмдi 
формасы, бiрақ оны қолдануда аса жоғары педагогикалық ше-
берлiк қажет.
Сенiм талап.
Мұндай әдіс, әдетте, сыйластық жайлаған 
ортада iске асады.
Өтiнiш талап.
Педагог пен тәрбиеленушi арасын-
да достық, жолдастық қарым-қатынас болған жағдайда өз 
тиiмдiлiгiн бередi.
Үйретiп көндiру 
– көзделген сапаны жылдам әрi жоғары 
деңгейде қалыптастыру үшiн қолданылады. Кейде бала мұндай 
талапты ауырсынады, өжеттiкпен қарсы шығады. Солай бол-
са да, көндiру баланың өзi үшiн қажет. Гуманистiк педагогика 
адам құқына қарсы қатаң әдістердi қолданудан аулақ, деген-
мен орынды жерiнде бұл әдістi жұмсарта, басқа әдістермен, 
әсiресе ойынмен бiрлестiре пайдаланғанды жөн санайды. 
Үйретiп көндiру және ойын екеуі бiрлесе, бала табиғатына сай 
келедi.
Үйретiп көндiру тәрбие үдерiсiнің барша кезеңдерiнде де 
тиiмдi, бiрақ бала дамуының алғашқы сатысында әбден қажет. 
Бұл әдістi пайдалану шарттары:
1. Тәрбие шарттарын екi тараптың да анық, дұрыс түсiнуi. 
Егер тәрбиешi алдына қойған көндiру мақсатының мәнiн
пайдасын жете пайымдамаса, онда әдіс баланы түгелдей 
бағындырумен орындалады. Баланың өзi ненi қажетсiнетiнiн 
түбегейлi түсiнген жағдайда әдіс нәтижесiн бередi.
2. Қандай да талапқа көндiруде, айтар ойыңызды сөзбен 
анық, түсiнiмдi өрнектеңiз, ерекше пiкiріңiздi “олай бол да, со-
лай бол” деп қайырмаңыз. Дұрысы “Көршіңе сәлем берсең - 
ол да жылы сәлемдеседi”, “Салақтың болашағы жоқ, тырнағы 
өскен, құлағы кiр – адам шошытады” сияқты насихат жолымен 
ұғындырған жөн.
3. Әрбiр уақыт аралығына қонымды, оқушы мүмкіндiгiне сай 
әрекет жоспарлаңыз. Асығыстық мақсатты жақындатпайды, 
керiсiнше, алыстатады. Алғашында дәл орындауға, кейiн тез 
орындауға үйретіңiз.
4. Қалай орындалуы, одан болар нәтиженi көрсете бiліңiз. 
Салақтық пен тазалықты, ұқыптылық пен салғырттықты 


305
нақты мысалмен көрсете түсiндiрiп, бала жанын қозғаңыз, өз 
тәрбиесiздiгiнен ұялып, оқушы өзiнің келеңсiз әрекетiнен жер-
кенуiне мәжбүр етіңiз.
5. Көндiрудің бiрiздi және қатараса пайдалану жолын 
қолданыңыз. Егер тұлға сапаларын бiртiндеп, кезегiмен 
тәрбиелейтiн болсаңыз – уақыт жеткiзе алмаймыз. Барша са-
паларды қатар қалыптастырып болмайды. Сондықтан, қай 
сапалар өзара табиғи байланысты болатынын анықтап, олар-
ды бiрқатар тәрбиелеңiз, екiншiде қай сапа қандай қасиетке 
негiз боларын бiлiп алып, оларды бір-бiрiне байланыстыра
қалыптастырыңыз.
6. Көндiру тiлектестiк пен мүдделiлiкке негiзделген, бiрақ 
бiрқалыпты мұқият, үздiксiз бақылау бар жерде нәтижесiн бе-
редi. Бақылау оқушының өзiндiк бақылауына ұласуы қажет.
7. Көндiрудің педагогикалық тиiмдi нәтижесi ойынмен бiр-
ге келедi. Бала белгiлi қағидаларды ойын барысында еш 
зорлықсыз-ақ, өз қалауымен орындайды. Көндiру үшiн бала-
ны ойынға тартудың себептерi: 1) қажеттi iс-әрекет мақсаты 
оқушылар үшiн тартымсыз болса; 2) мақсатқа жету жолы iс 
қисынына орай баланы жалықтыратын, қолайсыз болса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет