97
– танымдық белсендiлiк қалыптастыру;
– ұдайы өз бiлiмдерiн толықтырып бару және жалпы бiлiмдiк
дайындық деңгейiн жетiлдiру қажеттiктерiн дамыту;
– оқушыларды танымдық iс-әрекет әдістерiмен қарулан-
дыру;
– ойлау тәсiлдерi мен шығармашылық қызмет тәжiрибесiн
қалыптастыру.
Мектептің аса маңызы мiндеттерiнің бiрi болған ақыл
тәрбиесiнің қажеттiгi ешбiр күмән келтiрмейдi, бiрақ оның
мазмұны жеке тұлға дамытуға бағдарланбай, бұрынғыша
– қалыптасқан желiмен бiлiм, ептiлiк және дағдылар тобын
игерудi ғана көздейдi. Бiлiмдендiру аймағында кей уақыттары
оның аса маңызды болған бiрлiктерi - әрқилы форма және
түрдегi iс-әрекеттер және қоршаған дүниеге болған көңіл-күй
– құндылықты қарым-қатынастар тәжiрибесi, т.б. еленбей
қалды. Нәтижеде бiлiм гармониясы ғана жойылып қалмастан,
сонымен бiрге мектептің өзiнің де бiлiмдiк деңгейi төмендейдi.
Алдыңғы қоғам қайраткерлерi, дүниедегi барша елдердің
ғалымдары, соның iшiнде бiздің де зиялыларымыз бiлiмдi
идеологияға бағындыру әрекеттерiне, жастарды идеологиялық
күресте субъективизмге жетелейтiн тарих, әдебиет бойынша
бiлiмдердің шынайы мазмұнын бұрмалап беруге қарсылық
бiлдiруде. Педагогтардың көпшiлiгi ауыспалы өмiр өзгерiстерiн
ескерумен бiлiм бағыттарын өмір шындығы негізінде ұдайы
жаңалап баруды талап етуде.
Достарыңызбен бөлісу: