Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет66/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

адам мүддесiн
көздегендiктен. Сол мүдденің 
өзiндiк iске асуы үшiн жағдайлар жасалуда: құндылықты 
бағыттар жүйесi қайта түзiлуде, ең алдымен тұлға қажеттерiн 
қанағаттандырып, оның табиғи және рухани мүмкіндiктерiн iске 
асырудың алғышарттары түзiлуде. 
Бүгiнгi күнгi орта жалпы бiлiм берушi мектептің басты 
мақсаты – тұлғаның ақыл-ой, адамгершiлiк, көңіл-күй және 
дене дамуына жәрдем берiп, баланың жас ерекшелiктерi-
не орай даралығының гүлдене түсуi үшiн әрқилы жағдайлар 
және шарттармен қамтамасыз ету. Тұлғаны дамыту талабы 
– мектептің жалпы мақсатына: оқушыларда саналы азаматтық 
көзқарас баулу; өмiрге, еңбекке, әлеуметтiк шығармашылыққа 
дайындау, демократиялық өзiндiк басқарым мен ел және 
өркениет тағдырына жауапкерлi болу сынды “адамилық си-
пат” қосу. Дұрыс бағыттағы тәрбиеде мақсаттар бiрiздiлiгi мен 
жалғасы сақталуы тиiс. Әрқандай ел, соның iшiнде Қазақстан 
да өзiнің тарихи қалыптасқан ұлттық жүйедегi тәрбиесiне ие. 
Оны қандай да басқасымен ауыстыру мағынасыз. Ал жетiлдi-
ру, дұрыс қорытындылар мен қуаттау әбден керек, тұлға және 
қоғам алдынан шыққан жаңа мақсаттар мен құндылықтарға 
сәйкестендiрiп, жүйенi дамыта түсу парыз. 
Сонымен, жаңаланған мектеп адамзат даналары белгiлеген 
жан-жақты және үйлесiмдi адам дамыту мақсатын жалғастыра 
түседi. Бiрақ ол мақсат бұл күнде орынды ауқымда және iскер-
лiкпен белгiленуде, яғни бүгiнгi мектептің мiндетi – тұлғаның 
ақыл, адамгершiлiк, көңіл-күй және дене дамуына жәрдемдесу, 
оның шығармашылық мүмкіндiктерiнің ашылуына қолдау 
көрсету, iзгiлiк қатынастарын қалыптастыру, жас ерекшелiктерiн 
ескере отырып, баланың даралық қабiлеттерiнің өркендеуiне 
жағдайлар жасау. 
Тәрбие мiндеттерi
Өз алдына жүйе құрайтын тәрбие мақсаты 
құрамды 
бөлiктер 
– жалпы және нақты 
мiндеттерден
тұрады. Қоғам 


96
және мектептің тереңнен бастау алған бетбұрыс, өзгерiстерi 
тәрбиенің нақты мiндетiн белгiлеуде көптеген қарама-
қарсылықтарға жол ашты. Бұл қарсылықтар осы күнге дейiн 
шешiмiн таппай, тiптi өршелене жалғасуда. Осыдан, бiз 
дәстүрлi тәрбие мiндеттерiмен қатар өмiр талабы қажет етiп 
отырған жаңаларында көзден таса ете алмаймыз. 
Қолданымда келе жатқан дәстүрлi педагогикада тәрбие 
мақсаттарының жүйесi келесi үлкен мiндеттер тобын 
қамтиды. Бұлар – ақыл-ес (интеллектуалды), дене, еңбек 
және политехникалық, адамгершiлiк, эстетикалық (көңіл-күй) 
тәрбиесi. Қазіргі замандағы қоғамның өмiрi мен дамуы маңызды 
жеке мiндеттер қатарында оқушылардың 
экономикалық, 
экологиялық және құқықтық
тәрбиесiн өз алдына тартып 
отыр. Аталған мiндеттер ауқымы өте кең болғандықтан, олар 
педагогикалық теория мен тәжірибенің жеке мәселелер тобы-
на айналып, өз алдына қарастыруды талап етуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет