Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Көңіл-күй (эстетикалық)  тәрбие



Pdf көрінісі
бет71/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Көңіл-күй
(эстетикалық) 
тәрбие
– тәрбие мақсаттары 
мен тәрбиелiк жүйеде қалыптасатын оқушылардың
эстетикалық мұраттары, қажеттерi мен талғамдар дамуын
қорытындылаушы тiрек бірлігi. Эстетикалық тәрбие мiндет-
терiн шартты екi топқа бөлуге болады – а) теориялық бiлiмдердi 


101
игеру; б) тәжірибелік ептiлiктердi қалыптастыру. Мiндеттердің 
бiрiншi тобы оқушыларды эстетикалық құндылықтарға 
жақындатады, ал екiншiсi – эстетикалық iс-әрекетте белсен-
дiлiк көрсетуге баулиды. Құндылықтарға жақындатудың мәнi:
- эстетикалық бiлiмдердi игеру;
- эстетикалық мәдениет тәрбиелеу;
- аталардың 
эстетикалық 
және 
мәдени 
мұрасын 
қабылдау;
- болмыс 
шындығына 
эстетикалық 
қатынас 
қалыптастыру;
- эстетикалық сезiм оятып, дамыту;
- оқушыларға өмiр, табиғат, еңбек сұлулығын таныту;
- өмiр мен қызметтi сұлулық заңдарына орайластырып, 
iске асыру қажеттiгiн дамыту;
- эстетикалық мұрат қалыптастыру;
- адамға тән ойлау, қызмет, қылық, сыртқы кейiп, яғни бар-
ша тұрғыдан әсем болуға ұмтылыс қалыптастыру.
Эстетикалық iс-әрекетке араласудан әрбiр тәрбиеленушiде 
әсемдiктi өз қолымен жасауға белсендiлiк пайда болуы 
тиiс. Баланың сурет өнерiмен, ән-күймен, бишiлiкпен, 
шығармашылық бiрлiктерде, топтарда, студияларда қызыға 
шұғылдануы осы эстетикалық тәрбиенің жемiстi нәтижесi. Мек-
тепте атқарылуы қажет эстетикалық тәрбиенің жобасы өнер 
(искусство) iргетасына негiзделуi тиiс. Оқу-тәрбие үдерiсiнде 
көркемөнер пәндерi беделдi орын иелемегенше, мектепте гу-
манизация қадамдары бiрде алға iлгерлемейдi, басқа пәндерге 
деген адамилық қатынас өрiстемейдi. 
Мектептегi жаңа көкейкестi мәселелердің арасында 
оқушылардың экономикалық тәрбиесi
маңызды орын 
ала бастады. Мемлекет саясаты, нарықтық қатынастар, 
күнделiктi өмiрдің нарықтық бәсекелестiкке өтуi мектеп пен пе-
дагогтарды оқушылар ынтасын саналы бағыттап, тауар-қаржы 
мәселелерiне дұрыс бағдар қалыптастыруға, ең бастысы 
– тұтыну аймағындағы адамдардың қылық-әрекетiне адамгер-
шiлiк тұрғысынан баға беруге үйретудi мiндеттейдi. Бұл салада 
қиыншылықтар әлi бола бермек, себебi айтылғандардың бәрi 
бiздің қоғамымыз үшiн жаңа құбылыстар. 


102
Қазіргі кезеңде күрделi де аса қиын мәселелердің бiрi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет