Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


шығармашылық iс-әрекет тәжiрибесi



Pdf көрінісі
бет105/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

шығармашылық iс-әрекет тәжiрибесi. 
Бұл – ойлаудың 
және оқу iс-әрекеттерiнің жалпы тәсiлдер жүйесi, қоршаған 
болмысқа бағытталған эмоционалдық, ерiктiк, адамгершiлiк, 
эстетикалық қатынастар тәжiрибесi. Осыларды игере оты-
рып, оқушы – 1) өткенде игерiлген бiлiмдер мен ептiлiктердi 
жаңа салаларға, жаңа жағдайларға тасымалдайды, ауыстыра 
қолданады; 2) бұрын белгiлi тәсiлдердi бiр қорытындыға кел-
тiредi; 3) проблемді тапсырмаларды түсiнумен олардың шешi-
лу жолдарын табуға үйренедi. 
Ескеретiн жәйт, мазмұнның бұл шығармашылықпен байла-
нысты элементi бастауыш мектепте толық қолданыла бермей-
дi. Бұл сынды оқу мәселелерi оқудың үшiншi-төртiншi жылдары 
енуi мүмкін, ал игерiлген бiлiмдердi жаңа жағдайларда қолдана 
бiлуге балаларды оқудағы алғашқы қадамнан үйрете бастау 
керек. Толық көлемде iске асуы қиын және бiр элемент – бұл 
баланың дүниеге, iс-әрекетке, ғылыми бiлiмдерге, моральдық 
талаптар мен мұраттарға болған 
көңіл-күй 
(эмоционалды) - 
құндылықты қатынасы.
Мұғалiмдердің сабақ уақытында 
балалардың үйренiп, игерген материалдарын талқылап, оларға 
болған көзқарастарын сұрастыруға ешбiр уақыты қалмайды. 
Дегенмен, бұл маңызды iстi қалай да уақытын тауып, орындап 
барған пайдалы.
Педагогтар бұл күндерi оқу мазмұны мен мектеп пәндерiнің 
мақсатты бағдарланған 
тәрбиелiк ықпалын
көп әңгіме ету-
де. Мектеп сабақтарының бәрiнің де салауатты өмiр салтын, 
мiнез-құлық мәдениетiн, тұлғаның азаматтық және басқа да 
сапаларын тәрбиелеуде маңызы өте үлкен.
Сонымен, бастауыш бiлiм мазмұны көп элементтi. Ол 
жеке пәндер бойынша бiлiм, ептiлiк, дағдылар жүйесiн, сон-
дай-ақ пәнаралық оқу дағдыларын, әрекет-қылық тәсiлдерi 
мен оқылатын пәндерге, адамдарға, табиғатқа, әлемге деген 


143
қатынастарын қамтиды. Бiлiм, ептiлiк дағдылар ажыралмас 
бiрлiкте қалыптасады. Егер олар қажеттi деңгейде қаланбаған 
болса, баланың оқуды әрi қарай жалғастыруында кедергi мен 
қиыншылықтар көп болады. Сондықтан да бастауыш мек-
теп педагогы балаларға алға қойылған мақсаттарды толық 
көлемде iске асырудың жолдарын үйретуге күш-қуатын барын-
ша қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет