Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет107/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

мектептiк бiрлiкке
кiретiн бiлiмдер тобы оқушылар, 
олардың ата-аналары, аймақтық (жергiлiктi) оқу департамент-
терi тарапынан анықталады. Оның мақсаты – нақты аймақтың 
қажеттерiн қамтамасыз ету, оқушылар қызығулары мен тап-
сырыстарын орындау, қажет болған жағдайда оқуды жікте-
мелеуде көмек беру. Мектеп тарапынан енгiзiлген пәндерге 
жалпы уақыт қорының 20-дан 60% дейiн бөлiнедi. Бұл пәндер 
бiрлiгi нақты аймақтағы балалардың дамуы үшiн маңызды 
және қажеттi болған пәндердi: ұлттық тiл, тарих, аймақ геогра-
фиясы, шет тiлдер, этика, валеология, салауаттық сақтау және 
с.с. қамтиды. Мектеп қабылдаған пәндердің оқылуы жергiлiктi 
мүмкіндiктерге байланысты жүргізіледi. 
Оқу жоспарының бiрнеше баламасы (варианты) болуы 
мүмкін. Олар мектеп типi, балалардың жас мүмкіндiктерi, оқу 
уақытының көлемi, бiрiздiлiк және түсiнiктiлiк принциптерiн 
сақтауға орай түзiлген тұғырла жоспар негiзiнде жасалады. 
Мектептердің өздерiне қолайлы оқу жоспарларын таңдап алуы 
– демократия мен гуманизация бағытындағы iзгiлiктi қадамдар. 
Бұл құжатты мектеп өзiнің педагогикалық және ата-аналар 
кеңестерiнің бiрлiктi отырыстарында бекiтедi. 
Оқушылардың 
жеке-дара оқуы
өз алдына бөлек түзiлген 
оқу жоспарларымен ұйымдастырылады. Кейбiр мектептер, 
өкiнiшке орай, күндiзгi және апталық жүктемелердi ұлғайтуға 
ынталы. Олардың көздеген қосымша оқу қызметтерi, мысалы, 
шет тiлдерiн үйрену – балалардың денсаулығына үлкен зиян 
тигiзуде. Бұған жол беруге болмайды. 
Оқу жоспарлары негiзiнде 
пән
оқу бағдарламалары
түзiледi. Оқу бағдарламасының мазмұндық құрамы келесiдей: 


145
1) белгiлi пәндi оқытудың мақсаттары, оқушылар бiлiмi мен 
ептiлiктер деңгейiне қойылатын негiзгi талаптар, оқу фор-
малары мен әдістерi жөнiндегi түсiнiктеме хат; 2) оқылатын 
материалдың тақырыптық мазмұны; 3) кейбiр тақырыптарды 
игеруге жұмсалатын оқу уақытының салыстырмалы көлемi; 
4) мазмұнның негiзгi элементтер тiзiмi; 5) пәнаралық байла-
ныстарды iске асыру бойынша көрсетпелер; 6) оқу жабдықтары 
мен көрнекi құралдар тiзiмi; 7) қосымша оқуға қажет әдебиеттер 
тiзiмi. Оқу, бiлiмдену жүйесiнің бұдан былайғы жiктелуiн (диф-
ференциациясын) тереңдету мақсатында оқу жоспарларының 
көптеген баламалары ұсынылуда. Оқу орындарының қай-
қайсысында да бұл күнде тек бiр пәннің өзi бiр уақытта бiрнеше 
бағдарламалар бойынша оқылуы мүмкін. Бұл оқушылардың 
қызығулары мен мүмкіндiктерiне байланысты. Жiктел-
ген бағдарламалар және тереңдетiле немесе жеңiлдетiле 
оқылатын пәндердің енгiзiлуi жөнiнде мектеп кеңестерi шешiм 
қабылдайды әрi бекiтедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет