Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет115/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

белсендiлiк арттыру
(активизация) 
атамасын алған. Бұл құбылысты үздiксiз жүріп жататын оқып-
үйренуге мүдделi, енжар және еліктегіш iс-әрекеттердi, ақыл-
ес жұмыстарындағы тоқырауды жеңуге бағдарланған пәрмендi 
үдеріс ретiнде бағалауға болады. Белсендiлiк арттырудағы 
басты мақсат – оқушылардың оқуға деген құштарлығына нәр 
берiп, оқу-тәрбие үдерісінің сапасын көтеру. Педагогикалық 
тәжiрибе 
белсендiлiк 
арттырудың 
әртүрлі 
жолдарын 
пайдалануда. Олардың iшiнде – оқытудың әрқилы формалары, 


155
әдістерi, құрал-жабдықтары, оларды әрқилы жағдайлардың 
туындауына сәйкес бiр-бiрiмен ұштастырып, оқушылардың 
белсендiлiгi мен дербестiгiне дем беру. Сабақ жағдайларында 
оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға келесi әрекеттер тиiмдi: 
– өз пiкiрiн қорғап қалу;
– талқылаулар мен пiкiр сайыстарына қатысу;
– жолдастары мен мұғалiмдерге сұрақ қойып бару;
– жолдастарының жауаптарына пiкiр бiлдiру;
– сыныптастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын 
тексеру және бағалау;
– үлгерiмi төмен жолдастарына көмектесу;
– оқуы төмен оқушыларға түсiнiк көмегiн беру;
– өз әлi жететiн тапсырмаларды таңдастыра бiлу;
– қойылған мәселелердi шешудің әрқилы жолдарын iздестi-
ре бiлу;
– өз бiлiмдерi мен тәжірибелік әрекеттерiне өзiндiк талдау 
және тексерiс ұйымдастыра бiлу;
– өзіне белгiлi тәсiлдердi бiрлiктi қолдану жолымен танымдық 
мәселелердi шеше бiлу.
Сонымен, сеп-түрткілер – бұл оқушыны оқуға, әрекет етуге, 
қандай да қылықтарды жасауға ықпал етушi ниеттер, себептер. 
Оқу барысында көптеген сеп-түрткілер бiрдей тең араласады. 
Қандай да сеп-түрткілердің оқу барысында басымдылығын 
мұғалiм оқушылардың оқуға болған қатынасынан байқайды. 
Сеп-түрткілер заңдылықтарын бiлу – көптеген мектептiк 
мәселелерді шешудің көзi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет