Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет112/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

 
 
Ахмет Байтұрсынұлы
Оқу әрекеттерiн қозғаушы күштер
Сеп-түрткiлер 
(мотивация, мотив - қозғау) – оқушыны 
белсендi танымдық iс-әрекетке ниеттеушi үдерiстер, әдістер, 
шаралардың жалпы атауы. Сеп-түрткілер мұғалiм мен 
оқушының бiрлескен қызметтерiнің арқасында басқарылады. 
Мұғалiм тұрғысынан сеп-түрткі оқытудың қозғаушы күші си-
патында, ал оқушы тұрғысынан ол оқып-үйренуге ынталан-
дырушы жағдаяттарды аңдатады. Сеп-түрткілер үдеріс си-
патында тұлға қалпы мен қатынастарына өзгерiс ендiретiн 
нақты ниеттер, себептер түрінде iске асып, оқушыны оқуға, 
әрекетке келуге, қандай да қылықтарды жасауға ойыстыра-
ды. Сеп-түрткілер рөлiнде өзара байланысты қажеттер мен 
мүдделер, ұмтылыстар мен эмоциялар, жан қалау талапта-
ры мен мұраттар (идеалы) қабылданған. Сондықтан да бұл 
құбылыс - өте күрделi құрама. Сеп-түрткілер түрі өте көп, 
олар бiр-бiрiмен байланысты. Педагогикалық үдерiсте көрiнiс 
беретiн сеп-түрткілердің саналуандығы да осы үдерiстің жан-
жақты да көп мәндi болуынан. Оқу жүйесiнде әрекетке келетiн 
сеп-түрткілердi әрқилы сипаттарымен топтастыруға болады. 
Түрлері бойынша 
әлеуметтiк
және 
танымдық
сеп-түрткілер 
ажыралады. Деңгейлiк қырынан бұл сеп-түрткілер келесiдей 
жiктеледi: 
– ауқымды, кең әлеуметтiк сеп-түрткілер (борыш, жауап-
керлiк, оқудың әлеуметтiк мағынасын түсiну). Бұл ең алды-
мен тұлғаның қоғамдағы өз абыройын, әлеуметтiк беделін 
нығайтуға деген ұмтылысы;
– тар әлеуметтiк сеп-түрткілер (болашақта нақты лауазым 
иелеуге ұмтылыс, төңірегiндегi адамдарға беделiн таныту, 
еңбегiне сай мадақ алу);


152
– ауқымды танымдық сеп-түрткілер (оқу үдерiсiнің өзінен 
және оның нәтижесiнен қанағат табу);
– оқу-танымдық сеп-түрткілер (бiлiм iзденiсiне бағытталу, 
нақты оқу пәндерiн игеру);
– өзiндiк бiлiм иелеу сеп-түрткілерi (қосымша бiлiмдер иге-
руге бағытталу).
Оқу сеп-түрткілерi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет