Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет109/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

оқу құралынан
бағдарламаға толық сәйкес 
мазмұнды қамтуымен ажыралады, ал оқу құралы бағдарламадан 
бiршама ауытқуы да мүмкін. Оқу құралдарына қойылатын та-
лаптар оқулықтарға белгiленген талаптармен бiрдей. Қай оқу 
кiтабын негiзге алу – мұғалiмнің қалауы, шешiмi. Дәстүрлi 
оқу материалдарымен қатар қағазсыз оқу ақпараттары жиi 
қолданымға түсуде, бұлар – бейне дискiлер, бейне таспалары 
және т.б. Бұл соны да тосын оқу құралдарының дидактикалық 
бағамы қазiрше қарама-қарсылықты – бiр жағынан, бiлiмдену 
жолындағы революцияны дәрiптеген ұрандар болса, екiншi 
жағында – өте төмен нәтиже мен пайдасыздығын дәлелдеушi 
түңілiс ақпараттары. Әлбетте, бейнелi, эмоционалды матери-
алдарды жеткiзуде бейнелi оқулықтардың пайдасы орасан, 
бiрақ олар жәрдемiмен өнiмдi ойлау дамуын, ептiлiктер мен 
дағдыларға жаттықтыру, басқа да зерделік мәселелердi ше-
шудi қамтамасыз ету өте қиын. Сондықтан оларды дәстүрлi 
оқу материалдары және жабдықтарымен бiрге пайдаланған 
орынды. 
Дерексiзденген 
ой, 
логиканы 
компьютерлi 
оқу 
бағдарламаларымен жақсы дамытуға болады. Компьютер 
арқылы қабылданған бiлiм әрдайым толық болмай, қысқа 
әрi формальдасқан күйде жинақталады. Сондықтан ком-
пьютерлi оқу құралдары қисынды ой, ес құрылымды бiлiм-
дердi игеруде өте пайдалы. Электронды машиналар үйретпе 
жаттығуларды орындауда, бiлiмдердi бақылау және реттеуде 
үлкен мүмкіндiктер бередi.
Сонымен, жақсы оқулық - нәтижелi бiлiм, ептiлiк және 
дағдылар кепiлi. Мұғалiм оларды таңдауда мемлекеттiк стан-
дартты, аймақтық талаптарды және оқушылар мүмкіндiктерiн 
ескередi. 


148
Өзіңiздi тексеріңiз
1. Оқу үдерiсiнің мән-мазмұны неден құралады?
2. Дидактика деген не?
3. Дидактиканың негiзгi категорияларын атап, оларға сипат-
тама беріңiз.
4. Дидактикалық жүйе деген не?
5. Дәстүрлi И.Гербарт дидактикасының мәнi қандай?
6. Дж.Дьюи дидактикасының ерекшелiгi неде?
7. Қазіргі заман дидактика жүйесiнің негiзгi белгiлерi 
қандай?
8. Оқу үдерісi қандай кезеңдерден тұрады?
9. Әр кезеңдегi мұғалiм және оқушы қызметтерiнің мазмұны 
қандай?
10. Оқу үдерiсiнің мазмұны деген не?
11. Оқу мазмұнының қандай элементтерiн бiлесiз?
12. Оқу мазмұны қалай қалыптастырылады?
13. Мемлекеттiк стандарт деген не?
14. Оқу мазмұнына қойылатын талаптар қандай?
15. Оқу мазмұнын түзудің қандай сұлбасын бiлесiз?
16. Оқу жоспары деген не?
17. Оқу жоспарларына қойылатын талаптар қандай?
18. Оқу жоспарының қай бөлiгiне өзгерiстер енгiзуге болады?
19. Оқу бағдарламасы деген не?
20. Оқулықтарға қандай талаптар қойылады?


149


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет