Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Кiшi мектеп жасындағы оқушылардың қызығулары



Pdf көрінісі
бет116/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Кiшi мектеп жасындағы оқушылардың қызығулары
Оқу 
сеп-түрткілерiнің 
арасында 
аса 
тұрақты 
да 
пәрмендiлерiнің бiрi - қызығу. 
Қызығу
(“интерес” латын 
сөзі – мәнге ие, маңызды) – оқушы тарыпынан танылған 
iс-әрекеттердің аса маңызды, нақты себебi. Қызығу – бұл 
оқушының нысан немесе құбылысты меңгеруге ұмтылысында, 
белгiлi әрекет түрін игеруде көрiнетiн танымдық қажеттену фор-
масы. Танымдық қызығу шәкiрттің игерiп жатқан пәнiне болған 
көңіл-күй қатынасынан байқалады. Л.С.Выготский пiкiрiнше: 
“Қызығу бала әрекетiнің табиғи қозғаушы күшi, ол тумадан 
берiлген құштарлық, бала әрекетiнің оның тума қажеттерiмен 


156
сәйкестiгiн аңдатады. Сондықтан оқу үдерiсiндегi басты талап: 
барша тәрбие жүйесi дәл анықталған бала қызығуларының не-
гiзiнде құрылуы тиiс.
Педагогикалық заңды талап – қандай да әрекетке ойыстыру 
алдынан баланы сол әрекетке қызықтыру, оның бұл әрекетке 
дайын екендiгiн, бұған қажет күш-қуатының жұмылғанын 
байқауға тырысу әрi баланы ол iстi өзi орындауына мүмкіндiк 
беру. Мұғалiм мiндетi бұл жұмысты бағдарлап, оған жеткешiлiк 
жасау”. 
Оқуға қызықтыру жолдары сан алуан. Ең алдымен сол 
қызығулардың төркiнi мадақ, жаза, қорқыныш, жағыну т.с.с. 
таным үдерісiне жат ықпалдардан туындамай, тiкелей пәнді 
ұнату, онымен байланысу дәрежесiнен көрiнуi шартты. Осы-
дан қойылатын екiншi талап - қызығуды ояту ғана емес, оны 
белгiлi қажеттерге бағдарлау. Қызығуларды пайдалану негiзiн-
де жасалатын және бiр қорытынды: барша мектеп жүйесiнде 
жүргізілетін үдерiстер бала өмiрiне тiкелей қатысты болып, 
әрқандай оқу әрекетi балаларға бұрыннан таныс әрi олардың 
қызығу сезiмдерiне қозғау салып, ынта көтеретiн материалдар-
дан басталуы қажет. 
Оқу барысында iске қосылатын қызығу ықпалдарының 
жалпы заңдылықтары анықталған, олар: 1) бала қызығулары 
оның өзi игерген бiлiм деңгейi мен сапасына, ақыл-ес әрекетi 
тәсiлдерiнің қалыптасуына тәуелдi. Бұл нақты пән бойынша 
оқушының бiлiмi неғұрлым ауқымды болса, оның сол пәнге 
болған қызығуы да жоғары. Керiсiнше де болуы мүмкін. 2) 
оқушы қызығулары оның мұғалiмге болған қатынастарына 
тәуелдi. Бала өзi сыйлаған мұғалiмнің пәндерiн қызығып оқиды. 
Алдымен педагог, содан соң оның iлiмi - әрдайым әрi тұрақта 
көрiнетiн тәуелдiлiк. 
Тұрақты 
танымдық 
қызығуларды 
қалыптастыруға 
бағытталып, тәжірибеде қолданымға келген тәсiлдер және 
құрал-жабдықтар қоры келесiдей:
– ынталы оқыту;
– оқу материалының жаңалығы;
– тарихилық;
– бiлiмдердің оларды ашқан адамдар тағдырымен байла-
нысы;


157
– игерiлген бiлiмдердің оқушылардың өмiрдiк жоспарлары 
және бағыттарына байланыстыра, қолдану жолдарын үйрету;
– оқудың жаңа және дәстүрлi емес формаларын 
пайдалану;
– оқу формалары мен әдістерiн ауыстырып бару;
проблемді оқыту;
– шығармашылық (эвристикалық) оқыту;
– компьютер қолданумен оқыту;
– мультимедия жүйелерiн пайдалану;
– интерактив компьютерлiк құралдарды қолдану;
– өзара оқыту (жұптасып, шағын топтарда);
– бiлiм, ептiлiктердi тестiлеу;
– оқушылар жетiстiктерiн көрсетiп бару;
– табысқа жеткiзетiн жағдайларды жасау;
– жарыстар (сыныптастарымен, өзiмен-өзi);
– сыныпта ұнамды адамаралық қатынастар түзу;
– оқушыға сенiм арту;
– педагогтың кәсiби әдебi мен шеберлiгi;
– мұғалiмнің өз пәнiне, оқушыларына болған қатынасы;
– мектептiк қарым-қатынастарды iзгiлендiру және т.б.
Тәжiрибесiз мұғалiмнің өзi де кейде балалардың пәнге, оқуға 
болған қызығуларының өзгерiске келгенiн жеңiл байқайды. Про-
фессор А.К.Дусавицкий өзiнің “Қызығу формуласы” кiтабында 
оқуға зейiндi және селқос оқушылардың жалпы сипаттамасын 
келтiредi. 
“…Қараңызшы, өзiн қызықтырған iспен шұғылданған баланың 
әрекетiне. Қызыққанынан ләззат тапқаны сонша, екi бетi бал-
бұл жанады. Жанары нұрлы, қимылы еркiн, жеңiл де шапшаң. 
Басқаша болуы мүмкін емес те – ол өз тiлек-ниеттерiнің аясын-
да, сырттай ықпалдардан аза. Өзіне маңызды, қызық өз iсiмен 
айналысуда. Нәтижесi көрiнiп-ақ тұр. Ұнамды көңіл - қызығу 
жолдасы, ол бар жерде iс жасау – рахат, ләззат келтiредi. 
… Оның ой жұмысы айқын да дәл, мәселе шешiмi өзінен- 
өзi келiп тұрғандай, келгенде қандай, мұндай да қисынды бо-
лар ма! Жұмысқа бүтiндей жан-тәнiмен берiлген, басқа дүниенi 
ұмытқан. Осыдан оны қызықтырған iсiнен ажырату қиын…
… Ал мына баланы төңірегiндегiнің бәрi жалықтырған, 
ешнәрсеге құлқы жоқ. Кiтаптан безiнгенi сонша, тiптi қанасына 


158
симай отыр. Елерiп, елеңдеп, тағаты жоқ, тап бiреу осы iстен 
төбеден түсiп, құтқаратындай. Кейде ойына шомып, табжыл-
мас. Сабақ адыра қалды…”
Ескеретiн жәйт, оқу сеп-түрткілерiнің арасында аса маңызды 
болғаны – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет