171
Жұмысқа тартымдылық сипат беріңiз.
Қиын,
ұнамайтын, осыдан тартымсыз оқу iстерiн оқушылар үшiн
қызықты әрi қалаулы етудің талай мысалдары В.Шаталов,
Н.Гузик, Е.Волков, С.Лысынкова, Ш.Амонашвили еңбектерiнде
келтiрiлген. Тiптi кейде оқушылардың қателiктерiнің өзi де оқу
iсiн ұнамды кейiпке келтiредi. Әңгіме – сол қателiктерге болған
сiздің қатынасыңызда. Оқушылар қателiктерiнен ынталанды-
рушы күш табуға тырысыңыз. “Қандай әдемi қателiк!”, “Бұл
қателiк тосын емес!”, “Мынау шындыққа жетелейтiн қателiк!”,
“Рахмет, сенің пiкiрің дұрыс болмаса да, адамға үлкен ой са-
лады”. Әрдайым оқушылар бақылауларының дәлдiгi мен
нәзiктiгiн баса айтып отырыңыз: “Менің де сендей кезiмде, …
ойлайтынмын”, “Бұрын мен … деп түсiнетiнмiн”. Әрекетіңiз
қателiктердің жеңiл түзелетiнiне дәлел болғандай, оқушыларға
ұсынып жатқан iсіңiз оларды қинамайтындай көрiнетiн бол-
сын.
Ш.Амонашвили
өзiнің 6 жасар оқушыларына әр сабақ
соңында: “Рахмет сiздерге, балалар, маған бүгiн үлкен көмек
көрсеттіңiздер” – деп алғысын бiлдiредi екен.
Достарыңызбен бөлісу: