183
Саналылық және белсендiлiк принципi
Аталған принциптің негiзiнде ғылым тарапынан анықталған
заңдылық тұжырымдары жатыр – бiлiм мәнi өз ақыл ой
белсендiлiгi арқасында игерiлген терең де әрi өз бетiнше
ұғынылған бiлiмдерден құралады. Бiлiмдердi саналы игеру
бiрнеше шарттар мен жағдаяттарға тәуелдi: оқу сеп-түрткілері,
оқушылардың танымдық белсендiлiгiнің деңгейi мен сипа-
ты, танымдық iс-әрекеттi басқару және оқу – тәрбие үдерісін
ұйымдастыру, мұғалiм қолданған әдістер мен оқу жабдықтары
және т.б. Оқушының өзiндiк таным белсендiлiгi оқудың маңызды
жағдаятының бiрi есептеледi, ол оқу материалын терең әрi берiк
игеруде пәрмендi ықпал жасайды. Оқудың саналылық және
белсендiлiк принципiн iске асыру барысында келесi маңызды
оқу ережелерi сақталуы тиiс:
–
Алдағы жұмыстың мақсаттары мен мiндет-
терiн анық түсiну
– саналы оқудың қажеттi шарты: олар-
ды оқушыларға көрсетіңiз, маңызы мен мәнiн түсiндiріңiз,
болашақтағы қажетiн бала санасына жеткiзе бiліңiз.
–
Оқыту барысында оқушы не, нелiктен және
қалай iстеу керектiгiн түсiнетiн болсын,
сонымен оқу
жұмыстарын қарадүрсiн орындамай, алдын-ала олардың
терең мән, мағынасын ұғынсын.
–
Оқу барысында танымдық iс-әрекеттің барша
түрлері мен формаларын пайдаланыңыз,
талдауды бiрiктi-
ру тәсiлiмен, индукцияны дедукциямен, салыстыруды қарама-
қарсы қоюмен бiрiктiріңiз, сәйкестiктi жиi пайдаланыңыз,
балалардың жасы неғұрлым кiшi болса, индукция тәсiлiн жиi
қолданыңыз.
–
Оқушылар әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мән-
мағынасын түсiнетiн болсын:
оларды қолдануда
оқушылардың өтiлген бiлiмдерi мен тәжiрибесiне сүйеніңiз,
бейнелi салыстыруларды пайдаланыңыз. Мән-мағынасы жете
ашылуы мүмкін болмаған ұғымдарды сабақта қолданудан
аулақ болыңыз.
–
Достарыңызбен бөлісу: