Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет140/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

сенiм, наным деңгейiне өтiп,
оқушы 
әрекетiне басшылық болатындай дәрежеде оқытыңыз.
– Өзіңiз тәрбиелеп жатқан 
балаларды дербес, өз бетiнше 
ойлауға және әрекет жасауға үйретiп барыңыз.
Бiреудің 
атқанын қайталауға, екiншi бiреуге сыбырлап жәрдем беруге 
және ойсыз елiктеуге жол бермеңiз. 
– Оқушылардың 
шығармашылық ой-өрiсiн мәселелерді 
жан-жақты талдау жәрдемiмен дамытуға тырысыңыз, 
мәселелердi бiрнеше қисынды айырмасы бар тәсiлдермен ше-
шуге үйретіңiз, шығармашыл тапсырмаларды жиi қолданыңыз.
– 
Сұрақ қою және оның жауабын тыңдай бiлу
– бел-
сендiлiкке ынталандыру мен оны қолдаудың маңызды шарты. 
Сұрақ қандай болса – жауап сондай, мұғалiм оқушыны қалай 
тыңдаса – оқушы мұғалiмдi солай тыңдайды. 


186
Көрнекiлiкпен оқыту принципi
Бұл ежелгi замандардан қолданылып келе жатқан аса та-
нымал және сезiмдiк түсiнiктi принциптердің бiрi. Оның не-
гiзiнде келесiдей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезiм 
мүшелерi сырттай тiтiркендiргiштердi әртүрлі қабылдайды, 
адамдардың көбi көру мүшелерінің аса жоғары сезiмталдығына 
ие; қабылдағыш жүйке (рецепторлардың) орталық жүйке-
жүйесiне бағытталған байланыс оптикалық каналының 
өткiзгiштiк қабiлетi өте жоғары; көру ағзасының (оптикалық ка-
нал бойынша) миға келiп түсетiн ақпарат қайта таңбаланбайды, 
ол оқушы есiнде жеңiл, тез және берiк бейнеленiп қалады. Оқу 
тәжiрибесi көрнекiлiк принципiн қолданудың көптеген ереже-
лерiн iске асырған. Солардың кейбiрiн еске салайық: 
– Сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген 
материалдарға қарағанда, табиғи күйiнде берiлген заттар 
жақсы, жеңiл әрi тез есте қалатынын ескерiп, оларды оқу 
үдерiсiнде пайдаланыңыз. 
– Есіңiзде болсын, сәби ойы формалармен, түр-түстi бояу-
лармен, дыбыстармен, түйсiктермен өрнектеледi. Осыдан 
бала санасы жалпы дерексiзденген ұғымдар мен сөздерден 
құрылмай, оның тiкелей қабылдауындағы нақты бейнелердi 
арқау етедi.
– Оқушылар үшiн ең маңызды ереже: мүмкін болғанша 
сезiмдiк қабылдауды пайдаланыңыз, дәлiрек айтсақ, көз 
қабылдауына – көретiндi, құлақ қабылдауына – естiлетiндi, иiс, 
дәм қабылдауға – тиiстi мүшелердi. 
– Бiр көрнекiлiкпен шектелiп қалмаңыз: көрнекiлiк – мақсат 
емес, оқушының ойын дамыту және оны оқыту құралы. 
– Оқыту және тәрбиелеу барысында есіңiзде болсын: 
ұғымдар мен дерексiзденген тұжырымдар бала санасына 
нақты деректер, мысалдар және бейнелер негiзiнде жеткiзiл-
се, тез әрi жеңiл қабылданады; олардың мәнiн ашуға әрқилы 
көрнекiлiк түрлерін пайдалану қажет. 
– Көрнекiлiктi тек сурет ретiнде қолданбастан, оны мәселелiк 
жағдайларда өзбетiнше бiлiм алу көзi ретiнде де пайдаланған 
жөн. Бұл оқушылардың тиiмдi iзденiс және зерттеу жұмыстарын 
ұйымдастыруға мүмкіндiк бередi. 


187
– Көрнекi құралдар сабақта өтiлiп жатқан заттар мен 
құбылыстар жөнiнде өте анық және дұрыс ұғымдарды 
қалыптастыруға жәрдемiн беретiнiн оқу және тәрбие барысын-
да есіңiзден шығармаңыз. 
– Оқушы бақылаулары жүйелестiрiлiп, себептер және сал-
дарлармен сәйкестендiрiлсiн. 
– Көрнекi құралдарды қолдана отырып, алғашқыда бала-
ларды ондағы берiлген бейнелердi тұтастай қабылдауға, кейiн 
бастысын және екiншi дәрежелiлерiн өз алдына, содан соң - 
қайталай тұтастыққа келтiруге үйретіңiз. 
– Әртүрлі көрнекiлiктi пайдаланыңыз, бiрақ көрнекi 
құралдарыңыздың саны шектен асып кетпесiн, себебi бұл 
баланың зейiн шашыраңқылығын пайда етiп, негiзгi мән-
мағынаны қабылдауға кедергi жасайды. 
– Көрнекiлiктi пайдалануда оқушылардың сезiмдiк 
тәжiрибесiне қозғау салыңыз: бұрын қалыптасқан ұғымдарға 
арқа сүйеуден ендi игерiлiп жатқан түсiнiктер көрнекi нақтылыққа 
келедi. 
– Балалармен бiрге көрнекi құралдар жасауға қатысып 
тұрыңыз: ең жақсы және әдемi көрнекi құрал – балалардың өз 
қолдарымен жасағандары.
– 
Өзіңiз 
жеткiлiктi 
бiлмейтiн 
нәрсенi 
ешуақытта 
көрсетушi болмаңыз. Көрнекi құралды пайдалануға мұқият 
дайындалыңыз. 
– Осы заман көрнекi құралдарын – теледидар, бейнетаспа, 
экранды құралдарды және т.б. – ғылыми негiзде пайдалануға 
тырысыңыз; оқудың техникалық құралдарын игеріңiз; 
– Көрнекi құралдарын пайдалану барысында балаларды 
зейiндiлiкке, бақылаушылдыққа, ойлау мәдениетiне, құрастыру 
шығармашылығына, оқуға мүдделi болуға тәрбиелеңiз. 
– Көрнекiлiктi өмiрмен байланыстырудың бiр жолы ретiнде 
пайдаланыңыз. 
– Оқушылардың жас деңгейi жоғарылаған сайын көрнекiлiк 
орнына дерексiзденген рәміздік таңбаларды пайдалануға
көбiрек ден қойыңыз; осыған байланысты мұғалiм түсiндiрiп 
жатқан құбылыстарының мәнiн олардың болмыстағы нақты 
бейнесiмен сәйкес болуына көңіл бөлгенi жөн. 


188
– Есіңiзде болсын, көрнекiлiк – бала психикасына күштi 
ықпал жасайтын құрал. Егер ол орынсыз немесе жеткiлiк-
тi түсiнiспестiкпен қолданылса, балалардың ойын басты 
мәселелерден шеттетiп жiберуi, сонымен бiрге көзделген 
мақсат көрнекi құралдан көмескiленiп қалуы мүмкін. 
– Көрнекiлiктi шектен тыс қолдану бiлiмдi тереңнен меңгеруге 
кедергi жасап, дерексіз (абстракт) ой дамуына, жалпы және 
жалпыланған заңдылықтардың мәнiн түсiнуде зиян келтiруi 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет